gram news
Аватар канала бір пақыр

бір пақыр

@bir_paqyr

ханафи/матуриди екінші арнамыз - @yuzarsifkz

ПроектыUKРелигия

3,640подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • бір пақыр

    29 окт. 2025 г., 15:55

    Ассаламу алейкум, Қайырлы кеш бауырлар 😊Рамазан айына 111 күн қалыпты 🥹Құранға түстіңіздер ме? Дайындықтарыңыз қалай?
  • бір пақыр

    5 июн. 2025 г., 19:02

    Құрбан шалу кімге уәжіп? Бір отбасыға бір құрбандық жете ме?Ханафи мәзхабы бойынша төмендегі талаптарға сай әр адамға құрбандық шалуы уәжіп: • Мұсылман болуы керек; • Тұрғылықты (жолаушы болмау); • Ақыл есі дұрыс; • Балиғатқа толған; • Бақуатты (Негізгі қажеттілігінен тыс 85 грамм алтынға тең келер ақша немесе осы құнға тең келетін артық мүлікке ие болу).Бұл дегеніміз, бір отбасында кәмелетке толған, ақыл- есі дұрыс және өзінің жеке байлығы бар ұл- қыздары мен өзінің жеке байлығы бар зайыбы да өз алдына бір құрбандық шалуы тиіс. Әкесінің шалған бір қой құрбандығы оларға жүрмейді. Бірақ, өз дүниелері болмаса, отағасының шалған құрбанының сауабы оларға да жазылады.
  • бір пақыр

    5 июн. 2025 г., 19:02

    Құрбан айт құтты болсын 😊
  • бір пақыр

    4 июн. 2025 г., 15:38

    Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнгі дұғаАбдуллаһ ибн ‘Амрдан (р.а) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ең жақсы дұға – бұл Арафа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арафа күні айтқан ең жақсы дұға: «Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», - деген. (Тирмизи)Арафа күні айтылатын дұға: Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир.Арафа күні қажылыққа бармағандар дұға жасай ала ма?Имам әл-Баджи былай деген: «Арафа күнгі дұға – ең жақсы зікір, ол үшін берілетін сый-сауап (басқалардан) көбірек әрі ол қабыл болуға жақынырақ.Хадисте тек қажылық жасаушылар туралы айтылып тұрған болуы әбден ықтимал, өйткені, дәл солар Арафа күні дұға етіп жалбарынады». Алайда кейбір сахабалар бұл
  • бір пақыр

    4 июн. 2025 г., 15:38

    Ертең 5 маусым - Арафат күнінің оразасын ұстаймыз.Әбу Қатададан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Арафа күніндегі ораза өткен әрі осы жылдағы күнәлардың өтеуі болады», - деген. (Муслим).
  • бір пақыр

    29 мар. 2025 г., 18:01

    Айт – нағыз мұсылмандардың мерекесі!Жаңа жылды қаншама адам тойлайды, бірақ ол бізге тиесілі мереке емес. Біз үшін шын мәнінде қасиетті, қуанышты және берекелі күн – Айт! Бұл күн тек ойын-сауық емес, жүректерге иман нұрын себетін, жақсылыққа шақыратын, бауырмалдық пен мейірімге толы мереке.Айт – Алланың бізге берген ұлы сыйы. Айт – рухани жаңару, шүкіршілік пен ризашылықтың күні!Нағыз мерекемізді бағалайық, қуанышымызды шынайы тойлайық!Айт мүбәрак болсын 😊
  • бір пақыр

    24 мар. 2025 г., 20:06изменён

    Осы жылы Қадір түні наурыздың 26’сынан 27’сіне қараған түні болады. Бұл - мың айдан да қайырлы қасиетті түн. Осы түнде жасалған әрбір дұға, құлшылық, кешірім сұрау мен игі амал еселеп сауапқа жазылады.Бұл түнді қалай өткіземіз?Намаз оқу – түнгі тахажуд, нәпіл намаздарын орындау.Құран оқу – қасиетті кітапты оқып, оның мағынасын түсінуге тырысу.Дұға жасау – жүректен шыққан тілектерді айту, жақсылық сұрау.Истиғфар айту – Алладан кешірім сұрап, тәубеге келу.Садақа беру – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу.
  • бір пақыр

    24 мар. 2025 г., 20:05

    Қадір түні – мың айдан да қайырлыАлланың мейірімі төгілетін қасиетті Қадір түні жақындап келеді. Бұл – дұға-тілектер қабыл болатын, күнәлар кешірілетін ерекше түн.Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім Қадір түнін иманмен әрі сауабын үміт етіп өткізсе, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі» – деген (Бұхари, Мүслім).Осы түнді ғибадатпен, Құран оқумен, дұға жасап, истиғфар айтумен өткізейік. Жаратқаннан жүрегіміздегі ең ізгі тілектерімізді сұрап, кешірім тілеуге асығайық. Бұл түнді құр жібермейік!
  • бір пақыр

    24 мар. 2025 г., 20:02изменён

    Қараңғы бөлмеде шам қалай жарық берсе, Құран да жүрекке жарық пен тыныштық береді.
    Иллюстрация к посту канала бір пақырИллюстрация к посту канала бір пақыр
  • бір пақыр

    16 мар. 2025 г., 23:42

    переслано из @saezh_094

  • бір пақыр

    16 февр. 2025 г., 12:02

    «Кімде- кім адал ризық іздеу жолында кешке шаршап келсе, күнәлары кешірілген халде түнеп, Алла одан разы болған халде таңды атырады».📚Табарани
  • бір пақыр

    14 февр. 2025 г., 20:50изменён

    Бұрынғы әйелдер• Көздерін төмен салатын; • Үйінде отыратын; • Үйден төтенше жағдайларда шығатын; • Жұбайларын тыңдайтын; • Ең төмеңғі жағдайларда оқи беретін.Қазіргі әйелдер• Ислам психологиясын оқып алады (өзіне қажеттісін әсіресе); • Феминизмді насихаттайды; • Салт дәстүрді ұмытты; • Ашық парақшалармен тікелей эфирға шығады; • Ниқабпен рилс түсіреді.
  • бір пақыр

    13 февр. 2025 г., 12:54

    Барат түні – кешірім мен мейірімге толы түн!Барат түні - Ражаб пен Рамазанның ортасындағы қасиетті түн. Бұл түнде Аллаһ Тағала құлдарына ерекше мейірімін төгіп, олардың күнәларын кешіреді. Сондықтан мүміндер бұл түнді құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізуге тырысуы керек.Пайғамбарымыз (ﷺ ) былай деген:“Аллаһ Тағала Шағбанның он бесінші түні (Барат түні) аспанға назар салып, Өзінің жаратылыстарына мейірімін төгеді. Ол мүшріктер мен кек сақтағандардан басқа барлық адамдарды кешіреді.” (Ибн Мәжа)Бұл түнде не істеу керек?• Шынайы тәубе жасап, өткен қателіктерімізге өкініп, кешірім сұрау; • Намаз оқу, Құран оқу, зікір айту; • Аллаһтан өзімізге, отбасымызға және бүкіл үмбетке жақсылық сұрау; • Садақа беру және жақсы амалдар жасау; • Жүрегімізді тазартып, ренжіткен адамдарымызбен татуласу.Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Аллаһ Тағала бізді кешірілген құлдарының қатарына қоссын! آمين.
  • бір пақыр

    13 февр. 2025 г., 12:52изменён

    Рамазанды кешірілген күйде бастауға бірден бір жол, күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі - Бараат түні.Бұл - Шағбан айының он бесінші түні. Алла Тағала бұл түні құлдарына мейіріммен қарайды, кешірім іздеушілерге кешірім береді, кешірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Бірақ жүрегінде ашу-ызасы бар кісілерді мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да [1]Онда адам балаларының осы жылда туылатыны және осы жылы дүниеден өтетіндері жазылады. Онда олардың амалдары (Алланың құзырына) көтеріліп, ризықтары (пенделеріне) түседі (белгіленеді) [2]Бес түнді ұйықтамай құлшылықпен өткізген адам міндетті түрде жәннатқа кіреді. Олар – Тәруия, Арапа, Құрбан айт, Ораза айт және Шағбанның он бесінші түндері [3][1] - Бәйһақи [2] - Мишкат әл-Мәсабих, 115 [3] - Әт-тәрғиб уәт-тәрһиб, 2/98
  • бір пақыр

    13 февр. 2025 г., 10:05

    Насихат, ескерту жайлыБірінші сол насихатымызға амал етуіміз керек. Насихат айтпай жатып мен айтып жатқан насихатыма, ескертуіме амал етіп жүрмін бе? - деп сұраңыз. Яғни өзіңіз лайық болуыңыз керек. Өзің амал етпеген соң басқалар қалай амал етсін. Саған көп ескерту жасайтындар сені шынайы жақсы көретіндер.
  • бір пақыр

    13 февр. 2025 г., 10:04

    Егер сіз тұрмысқа шығайын немесе үйленейін деп жүрсеңіз. Сәтті отбасы құрғыларыңыз келсе. Аллаһ разы болатындай күйеу жігіт немесе қыз іздеп жүрсеңіз. Оның хафиз болуынан бұрын, қандай оқу оқығанынан бұрын. Оның 40 күндік таң намазына қараңыз. Көп нәрсе білуге болады. 40 күн бойы таң намазын қаза қылмаған бала - мүбәрәк. 40 күн бойы арнайы күндерді санамағанда таң намазын қаза қылмаған мүмін қыз- мүжәһидә. Ол- Алланың досы... Аллаһ таң намазын мұсылманшылықтың ең қымбат ісі ретінде қабылдап тұр. Және күйеуге шықпай тұрып жігіттің әкесіне қараңыз. Ал үйленбей тұрып қыздың анасына қараңыз.
  • бір пақыр

    12 февр. 2025 г., 16:23

    Пайғамбарымыздан (ﷺ) ғуроба деген кімдер? - деп сұрағанда,Пайғамбарымыз (ﷺ) : "Ғуроба деген- бұзылған кезде бұзылмай, тура жолда қалғандар"- деп жауап берген.
  • бір пақыр

    12 февр. 2025 г., 09:26

    Жақсы әйел - иманның жартысы.Ұстаз Абдуғаппар Сманов (Аллаһ рақымына алсын)
  • бір пақыр

    12 февр. 2025 г., 09:26

    Үйде әйелде дін болмаса, үйге дін кірмейді, біліп қояйық. Үйге дін әйелмен кіреді. Әйелде дін болатын болса, балашағаға дін өтеді. Әйелге дін кірмесе, еркектің тақуалығы ештеңе істей алмай қалады.Ұстаз Абдуғаппар Сманов (Аллаһ рақымына алсын)
  • бір пақыр

    9 февр. 2025 г., 19:41

    Ең бақытсыз адам - барлық кітапты оқып, бірақ Құран оқуға уақыт таппаған адам.