Последние посты

DALA INSIDE
21 сент., 09:18изменён
🧠🇰🇿 Қазақстан Шевронмен «ғасыр контрактын» ұзартуға қатысты өз ұсыныстарын жасақтауды аяқтап қалдыDALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, позицияларды дайындап біткеннен кейін бейресми саудаласу 2027 жылы жүрсе, нақты коммерциялық ауыр келіссөздер 2028-2030 жылдар аралығында өтеді деп жоспарланған. «Қазір контракт бітетін 2033 жылға дейін күту Chevron үшін де, Қазақстан үшін де тиімсіз», - дейді дереккөз.«Себебі Теңіз сияқты алып кен орнында жаңа инвестициялар, бұрғылау бағдарламасы, газды кері айдау, жабдықтарды жаңарту бірнеше жыл бұрын жоспарлануы керек. Оның үстіне ТШО-ның өз құжаттарында 2033–2040 жылдарға дейін жаңа горизонталды ұңғымалар бұрғылау мүмкіндігі қарастырылған. Яғни кен орнының экономикалық өмірі 2033 жылмен бітпейді. Ондағы технологиялық шешімдердің барлығы Теңізшевройлдікі. Сондықтан басқа компания келе салып, бұл жұмысты жалғастырып алып кете алмайды. Қазақстан,
DALA INSIDE
17 сент., 06:03изменён
🇺🇲 Қазақстан ФРЖ ставкасының көтерілуін мұқият бақылап отырАҚШ Федералдық резерв жүйесі өткен түнде базалық мөлшерлемені 25 базистік пунктке көтеріп, 3,75–4,00% диапазонына жеткізді. Бұл АҚШ-тың ақша-кредит саясаты қатаңдау траекториясына түскенін байқатады. Таңертең нарық бірден реакция беріп, АҚШ облигацияларының кірістілігі көтеріліп, доллар нығайды. Қазақстанның монетарлық билігі ФРЖ ставкасының өсетінін алдын-ала болжап отырған еді. Сол болжам расталғандықтан, біздің тарап бүгіннен бастап осы сценарийдегі өз жоспарын іске асыруға кірісті.«Біздікілер оған дайындалып қойған. Бірақ Қазақстанның қазіргі қорғаныс жастығы бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда мықты. Шілде соңында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері шамамен 63,7 млрд доллар болды. Оның ішінде алтынның құны 48 млрд доллардан асады. Бұған Ұлттық қордың валюталық активтерін қоссақ, резерв көлемі 120 млрд
DALA INSIDE
14 сент., 05:23
🇰🇿 Салық түсімі артса да бюджет Ұлттық қор мен қарыздан ажырай алмадыҚазақстандағы салық реформасы бюджет кірісін ұлғайта бастағанымен, мемлекеттің Ұлттық қор трансферттері мен қарызға тәуелділігін әзірге айтарлықтай төмендете алған жоқ. Мұндай қорытындыны Ұлттық банктің тамыз айындағы ақша-кредит саясаты жөніндегі баяндамасындағы деректерден көруге болады.2026 жылдың бірінші жартысында салық түсімдері нақты мәнде 5,7%-ға өскен. Өсімге негізінен қосылған құн салығы мен пайдалы қазбаларды өндіру салығы ықпал еткен. Бірақ экономиканың көлемімен салыстырғанда өзгеріс аса үлкен емес. Себебі салық түсімдерінің ЖІӨ-дегі үлесі бір жыл ішінде небәрі 17,5%-дан 17,7%-ға көтерілген. Яғни мемлекет көбірек салық жинай бастағанымен, бюджеттің өзінің тұрақты кіріс базасы сапалық тұрғыдан күрт кеңейді деуге әлі ерте.Жеті айдың қорытындысы да осы картинаны көрсетеді. Республикалық бюджет кірісі
DALA INSIDE
11 сент., 06:19
⛽ Мұнайшылар дабыл қағуда. Әңгіме бензин маржасына қатысты болып отырDALA INSIDE-қа белгілі болғандай, қазақстандық мұнай өндіруші компаниялар Мемлекет басшысына ұжымдық түрде жүгініп, жанар-жағармай нарығын либерализациялаудан түскен қосымша маржаның мемлекетке алынатын үлесін қазіргі 50%-дан 95%-ға дейін көтермеуді сұраған.Әңгіме жай ғана акциз мөлшерін индексациялау туралы емес. Егер мұнайшылардың келтірген дерегі рас болса, Үкімет нарықтық бағаға көшуден өндірушілер алған қосымша табыстың іс жүзінде барлығын дерлік фискалдық механизм арқылы бюджетке қайтаруды қарастырып отыр.Қазір механизм былай жұмыс істейді. Бензин мен дизельдің көтерме бағасы белгіленген деңгейден жоғарылаған жағдайда қосымша маржаның 50%-ы акциз арқылы алынады. Мәселен, бензин бойынша акциз формуласына көтерме бағаның шекті деңгейден асқан бөлігінің 50%-ы енгізілген. Дизельге де ұқсас механизм қолданылады.
DALA INSIDE
7 сент., 10:27изменён
🏦 Мемлекет банктерді экономикаға кредит беруге толық мәжбүрлей алмадыБанктерден ақша шықпағандықтан, Ұлттық қордан келесі жылы көбірек қаржы алып, түрлі жобаларды қаржыландыру бойынша жоспар құрылды. Оған қоса, «Бәйтерек» қоры сыртқы және ішкі нарықтан қарыз алып, оны бірнеше кәсіпорын ашуға бағыттайтын болады. Есесіне, мемлекет енді банктерге мүлде көмектеспеуге ниетті.«Банктер экономиканы қолдай қоймағандықтан, мемлекет ҚНРДА арқылы өзінің риторикасын қатаңдатты. Тіпті келесі жылы банктер ұстап отырған мемлекеттік қарызды толық қайтарып алу керек деген консенсус бар. Қазір банктер график бойынша борыштарын төлеп отыр. Бірақ ол мемлекетті қанағаттандырмайды. Банктер барлық қарызын бірден қайтарса, дәл сол ақшаны мемлекет «Бәйтерек» қорына беріп, кәсіпкерлік пен бизнесті қаржыландыра бастауы мүмкін», - дейді, дереккөз.Еліміздегі банктерде ақша қоры аз емес. 1 тамыздағы жағдай
DALA INSIDE
31 авг., 06:47изменён
🧠 Қариннің келуімен Қазақстан Think tank жүйесіне өтетін боладыВице-президент институты Қазақстанның аналитикалық қуатын күшейтуі тиіс. Ерлан Қариннің стратегиялық талдау тәжірибесі жоғары. Ол кезінде Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқарды, мемлекеттік басқару жүйесінде қоғамдық-саяси процестерді талдаумен ұзақ айналысты.Қазақстанда аналитика жоқ емес. Министрліктер, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк, ҚСЗИ, зерттеу институттары мен сарапшылар жеткілікті. Бірақ көбінде осы ақпараттың барлығы бір жерге жиналып, мемлекеттік шешім қабылдауға арналған тұтас аналитикалық өнімге айнала бермейді.Үкімет кез келген реформаның экономикалық тиімділігін есептей алса да, оның үш жылдан кейін инфляцияға, бизнеске, өңірлерге, халықтың табысына немесе қоғамдық көңіл-күйге қалай әсер ететінін кешенді бағалау әлдеқайда күрделі.Вице-президент институтының маңызды
DALA INSIDE
25 авг., 14:50
⛽ Көліктер істен шығып, жүргізушілер шығынға батуда. Энергетика министрлігі бұған дейін қайда қарады?Қазақстанның бірнеше өңірінде жүргізушілер АИ-95 және АИ-98 бензинін құйғаннан кейін көліктерінде ақау пайда болғанын айтып, жаппай шағымдануда. Бірінде қозғалтқыш тұрақсыз жұмыс істей бастаған, енді бірі көлігін жөндеуге жүз мыңдаған теңге жұмсауға мәжбүр болған.Сонда жанармай сапасын бақылауға жауапты мемлекеттік органдар осы уақытқа дейін не істеді? Энергетика министрлігі мәселе қоғамда резонанс тудырып, жүргізушілерден көптеген шағым түскеннен кейін ғана Павлодар мұнай-химия зауытында тексеру жүргізіп, бензиннен сынама ала бастаған.Сонда сапаны бақылау жүйесі тек көліктер бұзылып, халық шығынға батқаннан кейін ғана іске қосылды ма? Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов әзірге мәселенің нақты себебі анықталмағанын мәлімдеді. АЗС өкілдері зауытқа сілтейді, ал зауыт өз өнімінің
DALA INSIDE
25 авг., 07:35изменён
✋ Қош бол, Бендер-Аббас? АҚШ-тың Иранды оқшаулау операциясы Қазақстанның мұхитқа шығу жоспарын бұзып отырАҚШ Иранға қарсы «Economic Outcast» атты жаңа экономикалық науқан бастап кетті. Енді Вашингтон үшінші елдер мен шетелдік компанияларға да ескерту жасап отыр. Иран экономикасының санкцияға түскен салаларымен жұмыс істегендер АҚШ қаржы жүйесіне қолжетімділігін жоғалтуы мүмкін. Жаңа қысым ең алдымен қаржы, технология, алтын, авиация және теңіз тасымалына бағытталған.Дәл осылардың ішінен Қазақстанға теңіз тасымалы бағыты ауыр тиеді. Себебі, біздің Иранның Парсы жағалауындағы Бендер-Аббас портында терминал салуымыз теңіз тасымалы категориясына жартылай еніп тұр."Қазір Әділет және Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Бендер-Аббаста терминал салу және оған құрлық арқылы баратын логистиканы күшейту жобасы осы шектеулерге заңдық тұрғыдан қайшы ма, қайшы емес пе соны анықтап алмақ.
DALA INSIDE
20 авг., 16:59
🔥 Құрылтайға жаңа адамдар керек. "Ескі Қазақстанның" кейіпкерлеріне ол жерде орын жоқЖурналист Самал Ибраева өз телеграм арнасына ондаған жылдар бойы Парламенттен шықпаған өкілдердің менмендік пен тәкаппарлық ауруына шалдыққаны мен мұндай ескі кодтың жаңа заманға мүлде келмейтінін жазады.Самал Ертісбаевтың тонына дәл назар аударды. Саяси бәсеке қатты болуы мүмкін, пікірталас өткір болуы мүмкін. Бірақ оппонентті кемсіту мен интеллектуалдық үстемдік көрсету басқа нәрсе. Қазақстанның жаңа саяси мәдениеті бұдан арылуы тиіс."Перуашевтің «Штрафстан» деген сөзіне қатысты да ойланатын нәрсе бар. Елдегі проблеманы сынау бір бөлек, ал мемлекетті сырт көзге кемсітетін атаумен таңбалау бір бөлек. Саясаткер айтқан әр сөзінің елдің ішкі аудиториясына ғана емес, сыртқы имиджіне де әсер ететінін түсінуі керек".Сондықтан алдағы Құрылтайдың басты жаңалығы тек атауында немесе құрылымында емес,
DALA INSIDE
20 авг., 02:54
Теңге Еуропа мен Азиядағы ең мықты валюта атандыҚазақстан теңгесі 2026 жылы Еуропа мен Азиядағы ең табысты валютаға айналды. Financial Times мәліметінше, жыл басынан бері ұлттық валюта АҚШ долларына қатысты 9,7%-ға нығайған. Бұл көрсеткіш бойынша теңге екі құрлықтағы барлық валютаны басып озды.Британ басылымы теңгенің күшеюін мұнай бағасымен емес, ең алдымен Қазақстанның мемлекеттік облигацияларына шетелдік капиталдың жаппай келуімен байланыстырады.Бір жылдың ішінде шетелдік инвесторлардың теңгемен шығарылған мемлекеттік облигациялар портфелі шамамен $2 млрд-тан $5 млрд-қа дейін өскен. Қазір олардың үлесі ішкі мемлекеттік қарыз нарығының 10%-ына жуықтап қалды.Шетелдік инвесторларды Қазақстанға бірнеше фактор тартып отыр. Біріншіден, елдегі жоғары пайыздық мөлшерлемелер теңгелік активтердің кірістілігін тартымды етеді. Екіншіден, Қазақстан халықаралық агенттіктерден
DALA INSIDE
19 авг., 17:44изменён
🟣🟣🟣🟣🟣 Заң мен тәртіп, еңбек пен жауапкершілік – әлеуметтік норма болуы тиіс«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай теледебаттың қорытынды сөзінде заң мен тәртіпті сақтау, еңбекті бағалау, білім мен ғылымды дамыту және қоғамдық жауапкершілікті күшейту қажеттігін айтты.Ол жастарды қолдауға, қоғамдық мәдениетті қалыптастыруға және әлеуметтік әділетсіздікке жол бермеуге басымдық берілетінін атап өтіп, азаматтарды 23 тамызда №1 «Әділет» партиясына дауыс беруге шақырды.Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
DALA INSIDE
18 авг., 14:20
Экраннан да, эфирден де - өз дауысымызСайлауалды үгіт-насихат науқаны басталғанда, көбіне мінберден жаттанды сөздерді оқитын кәсіби дикторлар мен жалдамалы актерлердің дауысын естуге үйреніп қалғанбыз. Алайда «Әділет» партиясы бұл жолы мүлдем басқа жолды таңдады. Олар жасандылықтан бас тартып, басты назарды шынайылыққа бұрды.Бұл науқанның басты кейіпкері де, дауысы да - партияның өз кандидаттары. Олардың көбі үшін кәсіби түсірілім алаңы мен үнді жазу студиясы мүлде жаңа әлем болса да, сайлаушылармен тікелей, өз атынан тілдесуді жөн көрді. Өйткені айтылған әр сөз бен берілген әр уәденің артында шақырылған актер емес, ертең осы бастамалар үшін жауап беретін нақты адам тұруы керек.Осылайша, әр бейнеролик пен радиоэфирден түрлі өңір мен әр салада жүрген азаматтардың өз үні шықты. Қоғам белсендісі Еділ Хамза, «Жаңа адамдар» қозғалысының жетекшісі Әсел Баденова, әлеуметтік кәсіпкер Эмин
DALA INSIDE
18 авг., 13:48
🚜 Қазақстан калий импортына тәуелділіктен арылуға шешуші қадам жасадыҚазақстан агрохимиядағы ең осал тұсын жабуға кірісті. Елде азот пен фосфор тыңайтқыштары өндірілгенімен, калийдің 100%-ы әлі күнге дейін импортталады. Қазіргі ішкі қажеттілік жылына шамамен 14 мың тонна болып отыр.Бірақ парадокс мынада. Қазақстанның өзінде 6,6 млрд тоннадан астам расталған калий тұзының қоры бар. Негізгі база Сәтимола, Шалқар және Жилян кен орындары болып табылады. Яғни ондаған жыл бойы өз жерімізде жатқан стратегиялық шикізатты сырттан сатып алып келгенбіз.Енді осы дисбаланс жойылғалы тұр. Батыс Қазақстандағы Сәтимола кен орнында Qazaq Kalium ірі тау-кен байыту кешенін салып жатыр. Жобаға шамамен $2,4 млрд инвестиция қарастырылған, өндірістің басталуы 2028 жылдың басына жоспарланған.Қазақстан калий өндірісін жолға қойса, азот–фосфор–калий деген ауыл шаруашылығының негізгі «химиялық үштігін»
DALA INSIDE
17 авг., 14:39изменён
«Болашақты бірге құрамыз»: «Әділет сөзі» жобасында ел тұрғындары не айтты?«Әділдік деген не?» деген қарапайым сауалға әр қазақстандық өзінше жауап берді. «Әділет» партиясы ұйымдастырған ашық микрофонда жиналған пікірлердің басты лейтмотиві - адалдық, жаңа технологиялар және әлеуметтік теңдік болды.Ален Бейсенбеков:«Біз әділ қоғамда өмір сүруге лайықтымыз, ол үшін ең алдымен өзімізге адал болуымыз керек. Менің арманымдағы Қазақстан - жасанды интеллект дамыған, IT саласы озық, тіпті аэротаксиі бар заманауи мемлекет».Махаббат Мусина:«Ата-анам кішкентайымнан "сенімді ақта, әр ісіңе адал бол әрі жауапкершіліктен қорықпа" деп үйретті. Мен үшін әділдік осы қарапайым қағидалардан тұрады».Қатысушылар ел дамуын білім сапасы, тұрақты жалақы, лайықты зейнетақы және әр азаматтың жеке жауапкершілігімен байланыстырады.
DALA INSIDE
17 авг., 06:04
⛽️ Қашаған дауы Вашингтонға жетті. ExxonMobil Қазақстаннан қорғануда Конгресс лоббиін қоса бастағанға ұқсайдыҚашаған төңірегіндегі миллиардтаған долларлық дау енді халықаралық арбитраж шеңберінен шығып, Вашингтондағы саяси деңгейге көтеріліп барады. DALA INSIDE дереккөзі NCOC-дің америкалық акционері ExxonMobil корпорациясының Қазақстан билігінің үстінен Ақ үйге шағымданып, өзінің ықпал арналарын іске қоса бастағанын ескертеді.Оған себеп жеткілікті. ICIJ жариялаған жаңа тергеуде Қазақстан Қашағанды игеру кезінде жасалған жалпы сомасы 10,7 млрд доллар болатын келісімшарттарға күмән келтіріп отырғаны айтылды. Астана кейбір контрактілерде баға қолдан көтерілген, мүдделер қақтығысы болған және жемқорлық тәуекелі бар деп есептейді. Бұл талап Қашаған бойынша Қазақстан қойып отырған шамамен 160 млрд доллар көлеміндегі үлкен арбитраждық даудың бір бөлігі.Мәселенің өзегі қарапайым.
DALA INSIDE
12 авг., 17:34
Мәди Мырзағараев: Әділетсіздікке нүкте қоямызҚұрылтай депутаттарын сайлау науқаны аясында Jibek Joly телеарнасында командалық теледебат аяқталды.Пікірталасқа «Әділет» партиясының атынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев қатысты. Дебаттың негізгі тақырыбы – «Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі».Теледебаттың бірінші кезеңінде Мәди Мырзағараев заң үстемдігі, сот пен құқық қорғау жүйесінің тәуелсіздігі, мемлекеттік органдардың ашықтығы және азаматтардың қауіпсіздігі жөніндегі партияның ұстанымын таныстырды.Дайындаған: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі. «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.
DALA INSIDE
11 авг., 05:04
🚀 Киев КТК-ны Patriot-қа алмастыру операциясын сәтті жүзеге асырғанға ұқсайдыЖабық есік жағдайындағы соңғы отырыстан кейін, Украина бұдан былай Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына тиіспеуге түпкілікті гарантиясын толық растаған. Дәл сол кезде Patriot әуе қорғанысы жүйесі бойынша келіссөздер алға жылжып, Вашингтон Киевке аса қажет болып тұрған компоненттерді бірнеше партиямен беруге келіскені туралы ақпарат пайда болды. Осы аптада Украина Қара теңіздегі танкерлерге рұқсат беру алгоритмін пысықтап, іске қоспақ. Сонда қазақ мұнайын тасымалдау қауіпсіз бола түседі.Оның алдында Қазақстан билігінің қолдауымен Вашингтондағы Chevron мен ExxonMobil бастаған алпауыт мұнай лоббиі Капитолийдің Киевке кезекті қатаң демарш жасауына ықпал еткен болатын. Киев жабық каналдар арқылы әңгіменің ауаны Patriot жүйесіне тіреліп тұрғанын ыммен түсіндірген еді.Мұнай лоббиі ол бойынша да
DALA INSIDE
8 авг., 06:38
«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндеттіБұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп» бағытының таныстырылымында мәлімдеді.Оның айтуынша, соңғы уақытта қоғамда халқымыздың мәдениеті мен дәстүріне жат ұстанымдарды таңуға бағытталған әрекеттер қайта байқала бастады.«Осы тұста Әділет партиясының ұстанымын білдіремін: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біз жаңа Конституцияны қабылдадық. Бұдан былай оны мемлекет те, қоғам да қорғауы және құрметтеуі де тиіс. Жаңа Конституциямызда «Заң мен тәртіп» қағидаты нақты бекітілген. Ешқандай діни догма Конституция мен еліміздің заңнамасынан жоғары тұра алмайды. Біз кемсітушілікке, қоғамның жіктелуіне және жастар санасын улауға әкелетін архаикалық және радикалды түсіндірмелерді қоғамға таңуға жол бермейміз.
DALA INSIDE
5 авг., 19:09изменён
«Әділет» тағы да көш бастады: екінші теледебаттың қорытындысы«Әділет» партиясы көрермендердің онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша саяси партиялардың теледебатында кезекті рет жеңіске жетті.«Жетінші арнадағы» дебаттардың қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы көрермендердің 45,48% дауысын жинады. Екінші орынды 15,58%-бен «Ауыл» партиясы иеленсе, үшінші орынға 12,01%-бен Respublica партиясы жайғасты.Қалған орындар төмендегідей бөлінді:• ОСДП — 9,71%; • «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 7,98%; • Қазақстан халық партиясы — 6,96%; • «Байтақ» партиясы — 1,58%.


DALA INSIDE
4 авг., 05:08
💸 Қазақстанның мемлекеттік қарызында сыртқы борыш қысқарып, ішкі нарықтың рөлі арта бастадыҚаржы министрлігінің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,5 трлн теңгені құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 36,4 трлн теңге болған, яғни өсім шамамен 2 трлн теңге немесе 5,7%-ды көрсетті.Бірақ бұл өсімнің негізгі бөлігі сыртқы қарыз есебінен емес, ішкі міндеттемелердің артуынан қалыптасты. Мемлекеттің ішкі қарызы жыл басындағы 26,14 трлн теңгеден 28,47 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ішкі нарықтағы мемлекеттік бағалы қағаздар арқылы қаржыландыру көлемінің артқанын білдіреді.Ал сыртқы мемлекеттік қарыз керісінше қысқарды. 2026 жылдың басынан бері сыртқы міндеттемелер көлемі 3,9%-ға азайып, 8,35 трлн теңгені құрады. Оның ішінде еурооблигациялар көлемі 5,01 трлн теңгеден 4,81 трлн теңгеге дейін төмендеді."Бұл үрдіс бірнеше маңызды факторды
