Последние посты

ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
18 сент., 15:25
♦️9️⃣3️⃣-ХАДИС:Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: «Алла Елшісі ﷺ: «Жеті түрлі бале бастарыңа келмей тұрып, игі істер істеуге асығыңдар! Әлде сендер естен тандырар кедейлікті, азғындыққа бастайтын байлықты, денсаулықты құртатын ауру-сырқауды, алжытатын кәрілікті, аяқастынан алқымынан алатын ажалды, ғайыптан күтілген нәрселердің ең жаманы – Тажалды, не болмаса қиямет күнінің келуін күтудесіңдер ме? Расында, осылардың ең қорқыныштысы әрі тым ащы болғаны – қиямет-қайым!» – деп айтты» – делінген.(Тирмизи: 2306 «хасан хадис»).📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
16 сент., 16:22изменён
♦️9️⃣2️⃣-ХАДИС:Зубәйр ибн Ади (р.а.): «Әнәс ибн Мәликке (р.а.) барып, Хажжаждан¹⁴ көріп жүрген көресімізді айтып шағымдандық. Сонда ол: «Сабыр етіңдер. Өйткені бұдан кейін қандай заман келсе де, одан кейінгі заман одан да жаман болады. Раббыларыңа қауышқанға дейін солай жалғасады. Мен мұны пайғамбарларыңнан ﷺ естідім», – деді», – деп айтқан.(Бұхари: 7068; Ахмад: 12162).📍¹⁴ Залым Хажжаж деген лақаппен танымал болған әмәуилік қолбасшы әрі саяси қайраткер, аты-жөні әл-Хажжаж ибн Юсуф әс-Сақафи 660-714 жылдар аралығында өмір сүрген. Әмәуилік халифа Абдул Мәлик ибн Маруанның ең негізгі қолбасшысы болған. Хажжаж өз дәуіріндегі әмәуилік билікке қарсы шыққандарды аяусыз жазалайтын болған. Сол себепті оған Залым Хажжаж деген лақап тағылған. Хажжаждың ең елеулі саяси-әскери еңбегі исламның алғашқы ғасырында, сахабалар мен табиғиндер дәуірінде пайда болып, мұсылмандар арасында үлкен бүлік
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
15 сент., 06:17
переслано из @oramal_bak
Хижаб - әйел кісіні, ер кісіден ерекшелейтін ғибадат! Сондықтан әйел, хижабын кигеннен бастап ғибадатта... Тіпті отбасымен серуенге шықса: ер кісі мубах амалда, ал әйел хижабымен құлшылықта болады!©Мухаммед Уаиль әл-Ханбәли.📌Дереккөз: Ұстаз Марат Жарылқапhttps://t.me/oramal_bak


ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
14 сент., 10:10
переслано из @napsi_tarbiesi



ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
4 сент., 06:07
📌 Пайғамбарымыз ﷺ былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі". (Әбу Дәуіт/1531) 📌 Пайғамбарымыз ﷺ: «Кім маған бір салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады», – деген (имам Муслим).
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
27 авг., 16:04изменён
♦️9️⃣1️⃣-ХАДИС:Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте Алла Елшісі ﷺ Ухуд күні қолына қылыш алып: «Менен мынаны кім алады?» – дейді. Адамдардың барлығы қолдарын созып, әрбірі: «Мен, мен», – деп қол созады. Сонда Алла Елшісі ﷺ: «Кім оны хақысымен алады?» – дегенде, бүкіл қауым іркіліп қалады. Сонда Әбу Дужана: «Мен оны хақысымен аламын», – деп оны алып, онымен мүшріктердің бастарын қақ айырды.(Муслим: 6353; Ахмад: 12235).📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
13 авг., 17:38
♦️9️⃣0️⃣-ХАДИС:Әбу һурайра (р.а.): Бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Расулалла! Қандай садақаның сауабы зор?» – деп сұрағанда, оған: «Денсаулығың мықты болғанда, кедей боп қалудан қорқып, бойыңды сараңдық билегенде және байыған үстіне байи түсуден үміттенгеніңде берген садақаның сауабы мол болады. Ал зекет пен садақаны жан алқымға келіп, «мынаншасы пәленшенікі, мынаншасы да түгеншенікі» дейтін өлім аузындағы сәтке дейін кешіктіруші болма, өйткені өлген соң жиған-терген дүниең онсыз да пәленше мен түгеншенікі болады», – деп жауап берді», – деген.(Бұхари: 1419; Муслим: 2382; Ахмад: 7159).📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
4 авг., 16:51изменён
♦️8️⃣9️⃣-ХАДИС:Жәбир (р.а.): «Ұһұд шайқасы болған күні бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Егер (осы шайқаста) жау қолынан қаза тапсам, (о дүниеде) қайда боламын?» – дегенде, оған: «Жәннатта боласың», – деді. Сонда ол бірден қолындағы әлі жеп тауыспаған құрмаларын тастай салды, содан кейін (қиян-кескі ұрысқа кірді де), жау қолынан қаза тапқанша аянбай шайқасты», – деп айтты.(Бұхари: 4046; Муслим: 4913; Ахмад: 14314).📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
1 авг., 16:15изменён
♦️8️⃣8️⃣-ХАДИС:Әбу Сируаға Уқба ибн әл-Харис (р.а.): «Бірде екінті намазын Мәдинада Пайғамбарымыздың ﷺ артында тұрып оқыдым. Сонда Алла Елшісі сәлем берді де, орнынан тұрып, отырған адамдардың арасымен тез жүріп отырып, жұбайларының бірінің бөлмесіне кіріп кетті. Ел-жұрт оның мұншалықты асығыс ісінен үрейленіп қалды. Содан көп ұзамай қайта шықты да, мұншалықты асығыс қимылдағанына сахабаларының таңғалып отырғанын көрді де: «Бізде тұрған бір кішкене алтын есіме түсіп кетті. Соның ойымды бөліп, Аллаға бет бұруыма кедергі келтіргенін қаламадым, сөйтіп, оны (мұқтаждарға) үлестіріп беруді бұйырдым», – деп айтты», – деген.(Бұхари: 851; Ахмад: 16151).Басқа бір риуаятта: «Бір кішкене алтынды садақаға берем деп үйге қойып қойған едім, соның түні бойы үйімізде тұрғанын қаламадым», – деп келген.(Бұхари: 1430).📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
13 июл., 06:12изменён
🔷1️⃣0️⃣-БАП. ИГІ ІСТЕРДЕ ЖАРЫСУ📌«Көп жақсылық жасауда өзара жарысыңдар» («Бақара» сүресі, 148-аят).📌«Раббыларыңның кеңдігі мен кешіріміне және шынайы тақуалар үшін әзірленген ені жеті қат көк пен жердей болған жұмаққа асығыңдар» («Әли Имран» сүресі, 133-аят).🔷🔷🔷♦️8️⃣7️⃣-ХАДИС:Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте: Алла елшісі ﷺ: «Игі һәм сауапты іс жасауға асығыңдар, өйткені жақын келешекте жер бетінде тас қараңғы түннің түнектеріндей көптеген бүліктер белең алады. Сол кезде кісі таңертең мүмін болса, кешке қарай кәпір¹³, кешке кәпір болса, таңертең мүмін болып, тұрақсыз күй кешеді. Еш ойланбастан болмашы дүниеге бола дінін сатады», - деп айтты» - деген.(Муслим: 313; Ахмад: 8030).📍¹³ Бұл хадистегі «кәпір» сөзі – діннен безген шынайы кәпір немесе Алланың берген нығметтеріне шүкірлік білдірмейтін, рақыметі жоқ адам мағынасында.📚 РИЯДУС-САЛИХИН
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
2 июл., 15:45изменён
🔷9️⃣-БАП. ТӘФӘККУР (ЖАРАТЫЛЫСҚА ҚАРАП, ОЙ ЖҮГІРТІП, ЖАРАТУШЫНЫҢ ШЕКСІЗ ШЕБЕРЛІГІ МЕН ҚҰДІРЕТІН ОЙЛАП, ТЕРЕҢ ПАЙЫМДАУ) ЖАЙЫНДА. Алланың ғажайып жаратылыстары, дүниенің жалғандығы, ақыреттің қорқынышты жайттары және дүние мен ақыреттегі барлық істер мен нәпсінің кемшіліктері мен тәрбиесіне ой жүгірту әрі оны туралыққа баулу жайлы тарау.📌«Сендерге бар-жоғы бір ғана қасиетті насихаттаймын: Алла үшін мейлі жұптасып, мейлі оңаша қалып ақиқатты іздеңдер, содан кейін ақылға салып ойланыңдар...» («Сәбә» сүресі, 46-аят).📌«Шүбәсіз, жеті қат көк пен жердің жаратылуында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында ақыл иелері үшін ғибратқа толы талай айқын белгілер бар. Олар тікесінен тік тұрып та, отырып та, бір бүйірлеп жантайып жатып та, үнемі Алланы еске алады, һәм жеті қат көк пен жердің жаратылысына терең ой жүгіртіп: «Уа, Раббымыз! Сен мұны бекерге, мақсатсыз жаратпадың. Сен
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
24 июн., 17:22
♦️8️⃣6️⃣-ХАДИС:Әбу Һурайра (р.а.): Алла Елшісі ﷺ: «Әрбір істе орта жол мен туралықты ұстаныңдар. Біліп қойыңдар! Ешбірің (игі) істеріңмен ғана құтыла алмайсыңдар», – дегенде, сахабалары: «Уа, Расулалла! Сіз де құтыла алмайсыз ба?» – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі ﷺ оларға: «Егер Алла мені Өзінің шексіз рақымы мен шарапатына бөлемесе, мен де құтыла алмаймын», – деп жауап берді», – деген.(Муслим: 7116; Ахмад: 10465).📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
17 июн., 17:39изменён
🔷8️⃣-БАП. ТУРА ЖОЛДА БОЛУ.📌«(Уа, Мұхаммед!) Алланың өзіңе бұйырғанындай әрдайым тура жолда бол!» («Һуд» сүресі, 112-аят).📌«Ал «Раббымыз Алла» деп иман айтқаннан кейін тұп-тура жолмен жүргендерге оқтын-оқтын періштелер түсіп: «Қорықпаңдар әрі мұңаймаңдар. Өздеріңе уәде етілген жәннатқа қуаныңдар!». «Біз дүние тіршілігінде де, ақыретте де сендердің жанашыр достарың боламыз. Жұмақта жан-тәндерің не қалап, көңілдерің неге соқса, соның бәрі алдарыңа тартылады. Онда сендерге қалағандарыңның бәрі беріледі». «Міне, бұл – өте кешірімді, мүмін құлдарына ерекше мейірімді Алладан сендерге деген ерекше сый-құрмет!» («Фуссилат» сүресі, 30,31,32-аят).📌«Алланы Раббымыз деп біліп, содан кейін тура жолға түскендер үшін (қиямет күні) ешқандай қорқыныш жоқ, әрі олар зәредей де қайғы-қасірет шекпейді. Олар жасаған игі істерінің қарымы ретінде жұмақта мәңгі-бақи қалады» («Ахқаф» сүресі,
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
22 мая, 15:19изменён
♦️8️⃣4️⃣-ХАДИС:Әнәс (р.ә.): «Пайғамбарымыздың ﷺ дәуірінде ағалы-інілі екі бауыр болған еді. Біреуі Алла Елшісінің ﷺ мәжілісіне келіп тұратын. Ал екіншісі кәсіп қылып, мал табатын. Бір күні кәсіпкер жігіт бауырының еңбек етпейтінін айтып, Пайғамбарымызға ﷺ шағымданады. Сонда Алла Елшісі ﷺ оған: «(Қайдан білесің), мүмкін саған сол бауырың себепті ризық беріліп жатқан шығар», – деп айтты», – деген.(Тирмизи: 2345).📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
5 мая, 14:57изменён
♦️8️⃣3️⃣-ХАДИС:Әнәс (р.а.): Алла Елшісі ﷺ: «Кімде-кім үйінен шыққанда: «Бисмиллә, Аллаға тәуекел еттім және Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш-қуат жоқ!» - десе, оған: «Тура жолға түсірілдің, мұң-мұқтажың өтелді және бәле-жаладан қорғалдың», - деп айтылады ¹². Сөйтіп, шайтан одан алыстайды», - деп айтты».(Әбу Дәуіт: 5095; Тирмизи: 3426; Нәсәи 9837).Әбу Дәуіт жеткізген хадис мәтінінде: «Сонда шайтан басқа бір шайтанға: «Тура жолға түсірілген, мұң-мұқтажы өтелген және бәле-жаладан қорғалған кісіні қалай азғырасың?!» - деп айтады», - делінген.Түсіндірме: Хадистегі «Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш те, қуат та жоқ!» деген сөздің мағынасы - егер Алла Тағала бізге күш-қуат бермесе, бізде нәпсі қалаулары мен күнә атаулыдан тыйылатын және игі істер істейтін күш те, қуат та жоқ дегенді білдіреді.📍¹² Бұл сөзді оған Алланың Өзі айтады немесе соған бекітілген періште айтады.
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
21 апр., 14:36изменён
♦️8️⃣2️⃣-ХАДИС:Махзум руынан болған мүміндердің анасы Үммі Сәләма, өз аты-жөні Әбу Умәйя Хузайфақызы һинд (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз ﷺ үйінен шыққанда: «Бисмиллә, Аллаға тәуекел еттім. Уа, Алла! Өздігімнен адасудан, не біреудің адастыруынан, өздігімнен жолдан таюдан, не біреудің тайдыруынан, зұлымдық жасаудан немесе зұлымдыққа ұшыраудан, наданның ісін істеуден немесе наданның ісіне тап болудан бір Өзің сақтай көр», - дейтін», - деп жеткізеді.(Әбу Дәуід 5094; Тирмизи 3427).📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
17 апр., 14:42изменён
♦️8️⃣1️⃣-ХАДИС:Өзі, әкесі және анасы сахаба болған Әбу Бәкір Сыддық ¹¹ (р.а.): «Алла Елшісімен ﷺ бірге үңгірде жасырынып жатқанымызда, саңылаудан тас төбемізде жүрген мүшріктердің аяқтарын көріп: «Уа, Расулалла! Егер мыналардың біреуі аяғының астына сәл үңіліп қараса, бізді сөзсіз көріп қояды ғой», - дегенімде, маған: «Уа, Әбу Бәкір! Үшіншісі Алла болған екі кісі жайлы (яғни, Алланың қорғанындағы екі адам жайлы) не ойлайсың? (Ол екеуінің қандай да бір жамандыққа ұшырауы мүмкін бе?)» - деп айтты», - деген.(Бұхари: 3653; Муслим: 6169; Ахмад: 11).📍¹¹ Толық аты-жөні - Абдуллаһ ибн Осман ибн Амир ибн Омар ибн Қағб ибн Сағд ибн Тәмим ибн Мурра ибн Қағб ибн Луәй ибн Ғалиб әл-Кураши, әт-Тәйми (р.а.)📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
12 апр., 14:25изменён
♦️8️⃣0️⃣-ХАДИС:Әбу Умара әл-Бара ибн Азиб (р.а.): Алла Елшісі ﷺ: «Әй, пәленше! Жатар алдында: «Уа, Алла! Шексіз мейіріміңді қалап, қаһарыңнан қорқып, (берген үкіміңе бас иіп, жазғаныңа разы болған күйде) өзімді бір өзіңе бағындырдым. Жүзімді Өзіңе бұрып, бар ісімді Өзіңе тапсырып, бір Өзіңе арқа сүйедім. Өзіңнен басқа (жамандық атаулыдан сақтайтын) қамқор да, пана да жоқ! Түсірген Кітабың мен жіберген пайғамбарыңа иман келтірдім» - деп айт. Егер осы дұғаны оқып жатқан түні көз жұмсаң, әубастағы пәк табиғатыңа сай иманды болып өтесің. Ал егер аман-есен таң атырсаң, жақсылыққа кенелесің»,- деп айтты» - деген.(Бұхари: 7488; Муслим: 6884 Ахмад: 18561).📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
27 мар., 16:07
♦️7️⃣9️⃣-ХАДИС:Омар (р.а.): «Алла Елшісінің ﷺ: «Егер Аллаға шынымен тәуекел ете білсеңдер, сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды ризықтандырғаны секілді ризықтандырар еді», - деп айтқанын естідім», - деген.(Сахих хадис «Муснад» 205).📚 РИЯДУС-САЛИХИНhttps://t.me/hadister_jinagy
ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ
25 мар., 08:27изменён
♦️7️⃣8️⃣-ХАДИС:Жәбир (р.а.): «кезінде Пайғамбарымызбен ﷺ бірге Нәжід жаққа жорыққа шыққан еді. Алла Елшісі ﷺ сол жорықтан кері қайтқанда, ол да жорықшылармен бірге кері қайтты. Жорықшылар тікенді ағашқа толы алқапқа жеткен кезде тал түс болады. Содан Алла Елшісі ﷺ сол жерге аялдау үшін тоқтайды да, адамдар ағаштарды саялап жан-жаққа тарап кетеді. Алла Елшісі ﷺ де сондағы бір үлкен ағаштың түбіне жайғасып, қылышын соның бұтағына іліп қояды. Жәбир: «Осылайша азғантай көз ілдік. Бір кезде Алла Елшісі ﷺ дауыстап бізді шақырды. Жетіп барсақ, құзырында бір бәдәуи отыр екен. Сонда Алла Елшісі ﷺ: «Ұйықтап жатқанымда, мынау қылышымды қынынан суырып алыпты. Оянсам, қынынан суырылған қылыш қолында тұр екен. Содан бұл: «Енді сені менен кім қорғайды?» - дегенде, мен үш рет «Алла!» дедім», - деп айтты. Сөйтіп Алла Елшісі ﷺ оны жазаға тартпай қайтадан орнына отырды», деген.(Бұхари: 2910; Муслим:
