gram news
Аватар канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

@mediatanym

Қазақстандағы және әлемдегі ғылым жаңалықтары. Ғылыми-танымдық ақпарат. Арна авторы: Дина Имамбай, журналист, ғылымды насихаттаушы.

1,270подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    17 сент., 06:54

    Мынау ше?
    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    17 сент., 06:17

    Бұл қандай жазу?
    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    17 сент., 05:29

    Qazaqstan AI for Science бастамасы бойынша жүргізілетін алғашқы пилоттық жобалар:1️⃣ Су және климат тәуекелдері 2️⃣ Минералдар 3️⃣ Құрғақшылыққа төзімді селекция
    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    17 сент., 05:24

    ⚡️ Qazaqstan AI for Science циклы:Ғалым ЖИ-дің алдына мақсат қояды. ЖИ ізденісті кеңейтеді. Жауапкершілік – адамда.
    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    17 сент., 05:16

    Исмаил Тоқбергенов, ҰҒА ғалым-хатшысы:– Жасанды интеллектіні пайдалану нәтижесінде зерттеуді ұйымдастырудың тұтас жүйесі өзгереді: міндеттерді айқындау; ресурстарды жоспарлау және іске асыру, мониторинг жүргізу; практикалық нәтижені растау. Әйтсе де ЖИ ғалымды алмастырмайды, тек көмекші болады.
    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    17 сент., 05:10

    Сессия аясында көрме өтуде
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    17 сент., 05:10

    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    17 сент., 05:07

    📣 ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы толық ғылыми циклді ұйымдастырудың жаңа парадигмасы — «Qazaqstan AI for Science» бастамасын таныстыру сессиясын бастады.
    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    10 сент., 10:22

    Депутат: «Амандасу әдебін ең алдымен оқушылардан бастау керек»Құрылтай депутаты Ерлан Сайыр мектептерге амандасу әдебін тәрбие жұмысының тұрақты элементі ретінде енгізуді ұсынды. Мәдениет және ақпарат министрі А.О.Қырықбаевқа, Оқу-ағарту министрі Ж. Сүлейменоваға сауалында депутат «Сынып сағаттары, мектеп ережелері, тәлімгерлік, ата-анамен жұмыс, педагогтердің жеке үлгісі және мектептің күнделікті мәдени ортасы арқылы амандасу әдебін орнықтыру тетіктерін қарастыру» керек деді.
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    10 сент., 06:20

    📣 Немістер кибершабуылға ұшыраған соң не деуге болады...Жуырда Берлин Сенаты хакерлердің шабуылына тап болған еді: олар ірі сома талап етті. Неміс билігі ақша төлеуден бас тартты.Rhysida тобының хакерлері Германия астанасы әкімшілігінен 6 терабайт дерек ұрлап, 30 биткойн (2 млн еуро) бопсалаған.Алайда Берлин бургомистрі Кай Вегнер бопсаға көнбейтінін айтты.▪️Der Spiegel журналының жазуынша, дәл осы хакерлер тобы бұған дейін Британ кітапханасына, Welthungerhilfe неміс гуманитарлық ұйымына және Штутгарт қаласы әкімшілігіне кибершабуыл жасаған.▪️Хакерлер неміс билігінің мәліметтерін ұрлап алғанын және қанша ақша талап ететіндерін даркнетте жазған. Дәлел ретінде құпия ақпараттан үзінділер келтіріп, Сенат бланкілерін көрсеткен.▪️Ұрланған құжат арасында келісімшарттар, құпиясөз файлдары, қала жоспары, ТЖ кезіндегі іс-әрекет туралы ақпарат бар. Егер талап еткен ақшаны бермесе
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    10 сент., 06:02изменён

    Құрылтай депутаттары қызметіне кірісті, сауалдар жолдау басталды.Президент Қ.Тоқаев мұғалімдердің Тамыз конференциясында 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне заң арқылы тыйым салу жөнінде айтқан еді.Осыған орай депутат Жанарбек Әшімжанов ҚР Премьер-Министрі О.А.Бектеновке 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қою, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы сауал жолдады.Депутаттың айтуынша, бұл мәселе сайлаушылармен кездесу барысында жиі көтеріледі.✔️Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы жүргізген (HBSC) зерттеуі бойынша, әлеуметтік желіге тәуелділік ұйқының бұзылуы мен психологиялық әл-ауқаттың төмендеуіне әкеп соғады.✔️Қазақстандағы 9–10 жастағы балалардың 60% және 11–12 жастағы балалардың 66 пайызының әлеуметтік желілерде аккаунты бар. Балалардың 88 пайызында жеке смартфон бар және олар ең танымал
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    7 сент., 15:58

    Балабақшада орын жетіспеушілікті 5-6 жасар балаларды мектепке “тоғытумен” шешу дұрыс емес. Мектепті балабақша жасауды тоқтату керек. Биліктегілер бала 7 жасқа толғанша балабақшада тәрбиелене алатындай жағдай жасауы керек.Бала психологиясымен, бала денсаулығымен ойнауға болмайды!
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    7 сент., 15:58изменён

    📖 Бала психологиясымен, бала денсаулығымен ойнауға болмайдыАйгүл Жұмаділ, бастауыш сынып мұғалімі, ақын:Қазіргі балаларды 5-6 жастан жылатып-еңіретіп, сүйреп әкеліп жүр ата-аналар. Ойыны қанбаған, зейіні шоғырланбаған, қабылдауы тұрақтанбаған баланың оқуға қайдан құлшынысы болсын? Ынта-ықылассыз алған білім зердеге тоқылмайды, бос уақыт өткізу. Жасына лайықсыз ауыр материал баланы жалықтырады, психологиясын бұзады, өзін қабілетсіз сезіндіреді.Бала 5 жаста күрт ширақ, пысық болып кетеді. Ата-аналар осыған “алданып” қалады. “Менің балам бәрін біліп тұр”, оқуға дайын деп ойлайды. Бірақ бұл толық тұрақтылық емес. 6 жаста балалардың қабылдауы, зейін тұрақтылығы “тоқырайды”. Баланың қабылдауы 7 жаста толық тұрақталады, білуге-үйренуге ғана емес, зердеге тоқуға да дайын болатын кезең - осы 7 жас. Бұл ғылыми тұрғыда дәлелденген. 👇🏻👇🏻👇🏻
    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    7 сент., 06:28

    Картоп сортының оригинаторлары: Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ-дің «Қайнар» аймақтық филиалы – 50%. М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институты – 50%.Жаңа сорттың авторлары: Шарипова Д.С. – 15%, Токберенова Ж.А. – 15%, Шарипов К.О. – 15%, Карпова О.В. – 15%, Қошмағамбетова М.Ж. – 10%, Сейтмұратов Б.Ж. – 10%, Қойбағаров Е.С. – 10%, Балғабаева Р.К. – 5%, Шанина Е.П. – 5%.
    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    7 сент., 06:27изменён

    «Айтхожин» – ерте пісетін, жоғары өнімді жаңа картоп сорты. Жаңа сортты әзірлеушілердің бірі, докторант, жас ғалым Меруерт Қошмағамбетова былай дейді:– Картоп – маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі, қазір елде 150-ден астам сорты тіркелген. Бірақ сорттың көп болуы тұрақты әрі жоғары өнім алуға кепілдік бермейді.✔️ Саладағы негізгі мәселенің бірі: тұқымдық материалдың фитосанитарлық жағдайы және вирустық аурулардың таралуы. Картоп дақылы вегетативті жолмен көбейетін болғандықтан, вирустар залалданған түйіндер арқылы келесі ұрпаққа беріледі. Соның салдарынан тұқымның сапасы мен жалпы өнімділігі төмендейді.Сондықтан басты мәселе – жаңа сорттың санын көбейту емес, жергілікті топырақ жағдайына бейімделген, жоғары өнімді, ауруларға төзімді отандық сорттар шығару және олардың тұқым шаруашылығы жүйесін қалыптастыру.🥔Жаңа «Айтхожин» сортының шығарылуы отандық селекция үшін ерекше
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    7 сент., 06:25изменён

    📣 Азық-түлік дақылдары арасында халық көп тұтынатын дақылдың бірі – картоп. Картоп еліміздің көптеген аймағында өсіріледі.✔️Осы тұста айта кететін жайт: Қазақстанда жалпы егіс алқабының көлемі – 23 миллион гектар. Жыл сайын 2 миллион тонна тұқым керек. Өкінішке қарай, ауыл шаруашылығына қажет түрлі тұқымдық материалдың басым көпшілігі – импорт, яғни шетелден сатып алынады. Мысалы, осы импорттың 25 пайызы Ресейге, қалғаны Қытай және т.б. елдерге тиесілі.🥔 Картоп та солай, шаруашылықтар қымбат тұқымды Ресейден, Нидерландыдан сатып алады. 100 тонна тұқым 30 гектарға жетеді екен. Шетелдік тұқымның сапасы, біздің топырақта қалай өсетіні бөлек тақырып. Вирустар, өсімдік аурулары деген де бар.Отандық тұқым сорттарының аздығы біздің селекционер ғалымдардың кінәсі емес. Бұл осы салада соңғы отыз бес жылда қалыптасқан жағдай.Кейінгі жылдары ғана селекцияға – отандық тұқым өндіруге көңіл
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    5 сент., 07:40изменён

    📣 Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері🔹Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.🔹Бала бастауыш мектепте бар пәнді тек ана тілінде ғана оқуы керек.🔹Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.🔹Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап.🔹XX ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті.🔹Сырттан бірен-саран жат сөз келсе, оны жаншып-кеміріп, өз тілінің қалпына түсіріп алған – қазақ.🔹Еділден бастап Ертіске дейін, Оралдан бастап Ауғанға шейін қазақта тіл де бір, емле де бір.🔹Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.🔹Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    5 сент., 07:23изменён

    5 қыркүйек – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніАхмет Байтұрсынұлы (1872-1937 жж.) – мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, түркітанушы, публицист, педагог, ақын, аудармашы, Алашорда өкіметінің мүшесі.1905 жылғы Қарқаралы петициясы авторларының бірі. Тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарушы. Қазақ ұлттық мемлекеті идеясын жасаушылардың бірі. Қазақ мемлекеттік педагогика институтының профессоры. Бакуде өткен Бірінші Түркологиялық Құрылтайдың төралқа мүшесі. «Әдебиет танытқыш» зерттеуі – қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми-теориялық еңбек. Қазақ ғылымы тарихындағы ұлттық әліпби авторы. «Тіл – құрал» атты қазақ тілінің тұңғыш оқулығының авторы.Ахмет Байтұрсынұлы – Академиялық орталық, ғылыми-әдеби комиссия, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамын құрушы, яғни бүгінгі ғылыми ұйымдардың негізін қалаушы.
    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    4 сент., 07:45изменён

    Жасанды интеллект «жауап беруден» жұмысты толық орындауға көшіп жатыр3 қыркүйекте OpenAI⁠ компаниясы жаңа GPT-6 Astra моделін таныстырды.Компания оны салық құжаттарын дайындау, бағдарламалау, архитектуралық визуализация, заңдық құжаттарды форматтау, іздеу және басқа көпсатылы жұмыстарды өздігінен орындайтын enterprise agent ретінде позициялап отыр.Reuters келтірген OpenAI сынағында бір жұмыс іздеу тапсырмасына адам шамамен бес сағат жұмсаса, Astra оны 2 минут 51 секундта орындаған.Бірақ осы жаңалықтың ең маңызды бөлігі benchmark емес. OpenAI Astra-ның кей жағдайда өз reasoning іздерін жасыруға бейімділігі күшейгенін, сондықтан модельдің нақты не істегенін кейін тексеру қиындай түсетінін айтты. Компания автоматты shutdown тетіктерін де әзірлеп жатыр.Неге маңызды: AI экономикасының интерфейсі тағы өзгереді. Chatbot дәуіріндегі «менің сұрағыма жауап бер» моделі біртіндеп «осы
  • ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

    2 сент., 05:37

    📣 Төр Алтайдағы Риддер қаласында көптен күткен "Шаңырақ" мектебі ашылды. Құтты болсын! Бүкіл қаладағы жалғыз қазақ мектебі.Фото: Әскерхан Ақтай.
    Иллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАРИллюстрация к посту канала ҒЫЛЫМ-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР
    3071422Открыть в Telegram