Последние посты

Tengri.kz
22 сент., 12:47
Ержан Ертаев энергетика вице-министрі болып тағайындалдыҮкімет қаулысымен Ержан Ертаев Қазақстанның энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды.Ол бұған дейін Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетін басқарған. 41 жастағы Ержан Ертаев еңбек жолын электр механигі болып бастаған.


Tengri.kz
22 сент., 11:33
Мұнай бағасы күрт төмендеді: бұл немен байланысты?Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт арзандады. Brent маркалы мұнай барреліне 98,16 долларға, ал WTI 89,87 долларға дейін төмендеді.Бұған АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер, Ормуз бұғазының қайта ашылуы мүмкін деген ақпарат және Сауд Арабиясы мұнай экспортының артуы әсер етті.


Tengri.kz
22 сент., 09:32
+1 алтын! 🥇Қазақстандық Қадырбек Шынбаев Жапониядағы Азия ойындарында ММА-дан алтын медаль жеңіп алды.71 келіге дейінгі салмақта өткен финалда ол тәжікстандық Бехруз Хуршедзоданы 3:0 есебімен жеңді.Бұл — Қазақстан құрамасының Азиададағы алтыншы алтыны! 🇰🇿


Tengri.kz
22 сент., 08:34
Қазақстанда жол ережесін жүйелі түрде бұзатын жүргізушілер үшін айыппұлдың 50 пайыздық жеңілдігін алып тастау ұсынылды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.Ол ІІМ-ге бірқатар елде қолданылатын балдық жүйені енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар қайталанған бұзушылықтар санына қарай айыппұлды бірнеше есе арттыру ұсынылды.Мәселе жылына 10 және одан да көп құқық бұзушылық жасайтын жүргізушілерге қатысты болуы мүмкін.
Tengri.kz
22 сент., 07:27изменён
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды. Оның құрамына 126 адам енді.Толық тізімді біздің сайттан оқыңыздар.
Tengri.kz
22 сент., 06:33
Қазақстан қоржынына аралас жекпе-жектен алтын түсті!Финалда жерлесіміз Еркінғали Бүркіталин Бахрейн спортшысы Мұхаммад Набиевті жеңді.Бұл – Қазақстан құрамасының Азиададағы бесінші алтыны.Фото: Владислав Семенов


Tengri.kz
22 сент., 05:43
Белла Самашева Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. 🥉Осылайша, ұлттық құрамамыздың қоржынында қазірдің өзінде 9 медаль бар: 4 алтын, 1 күміс және 4 қола.


Tengri.kz
22 сент., 04:47
Астанада 600 миллион теңгеге үш қабатты элиталық пәтер сатылымға шығарылды.Амангелді Иманов көшесі, 12 мекенжайындағы 384 шаршы метрлік, 8 бөлмелі пәтердің бастапқы бағасы — 617,4 млн теңге. Алайда тәуелсіз бағалаушылар оның нақты құнын 205,8 млн теңге деп бағалаған.Пәтер мемлекетке қарызды өтеу аясында өткен. Сауда 22 қыркүйекте басталды.




Tengri.kz
21 сент., 14:10
Граффити үшін жаза тағайындалады – ІІМ жаңа ережелер әзірлеп жатырҚазақстанда қоғамдық ғимараттар мен нысандарға жазу мен сурет салуға толық тыйым салу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бұл талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылуда.


Tengri.kz
21 сент., 12:37изменён
“Охотзоопром” Батыс өңірлік филиалының басшысы Арман Қожахметов ұсталды. ҰҚК бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.Бұған дейін оның 5 млн теңге пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақша кәсіпкерден БҚО-да киік аулауға рұқсат беру үшін талап етілген деген ақпарат болған.Алайда ҰҚК оның ұсталу мән-жайы мен ақша сомасын нақтыламады.


Tengri.kz
21 сент., 11:07
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына кірді.Oxford Economics әзірлеген Global Cities Index 2026 рейтингінде Алматы 265-орын, Астана 281-орын алды.Екі қала да адами капитал көрсеткіші бойынша топ-100-ге енді: Алматы – 66-орында, Астана – 98-орында.Рейтингке барлығы 1000 қала кірген. Ал алғашқы үштікте Нью-Йорк, Лондон және Париж орналасқан.


Tengri.kz
21 сент., 10:13
Президент Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне Қуанышбек Үштаевты тағайындады.Ол бұл қызметте Мереке Күшекбаевты алмастырды.


Tengri.kz
21 сент., 09:50
Қазақстандық каратеші Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалдық жекпе-жегінде 25 жастағы Шымкент тумасы қытайлық Ли Гангқа есе жіберді. Кездесу толық уақытқа созылып, 2:8 есебімен қытайлық спортшының пайдасына аяқталды.


Tengri.kz
21 сент., 09:16
Маңғыстау облысында бір отбасы үйде дайындалған ысталған балықтан кейін жансақтау бөліміне түсті.Алдын ала болжам бойынша, балық ұзақ уақыт тоңазытқышта сақталған.Дәрігерлер үш ересек пен бір баладан ботулизм белгілерін анықтаған.Қазір науқастардың жағдайы ауыр. Олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған және ем қабылдап жатыр.


Tengri.kz
21 сент., 08:13
Ақмола облысында бірден екі әкім қызметінен айырылды.Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қасенов пен Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжановты атқарып келген қызметтерінен босатты.Әкімдердің қызметтен босатылу себептері хабарланған жоқ.


Tengri.kz
21 сент., 07:34изменён
Қызылорда облысында кәмелетке толмаған спортшы қызға қиянат жасады деп күдікке ілінген бұрынғы хоккей жаттықтырушысы мен оның танысына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.Жәбірленушінің айтуынша, зорлық-зомбылық ол 14 жаста болған 2024 жылдан бері екі жылға жуық уақыт жалғасқан. Қыз бұл туралы туыстарына кейін айтқан. Осыдан соң жаттықтырушы мен оның танысына қатысты іс қозғалды.Полицияның мәліметінше, тергеу аяқталып, іс материалдарымен танысу кезеңі жүріп жатыр. Ал қыздың 18 жастағы ағасы мен анасы "Адам ұрлау" бабы бойынша тергеуге ілінген. Кәмелетке толмағанға қатысты болғандықтан, полиция істің өзге деректерін жарияламады.
Tengri.kz
21 сент., 04:43
Дональд Трамп АҚШ-та Ғарыш күштерінің үлгісімен «Жасанды интеллект күштерін» құрып, осы салаға жауапты арнайы «патша» тағайындауды жоспарлап отыр.Трамп ЖИ дамуын барынша аз реттеуді көздейтінін айтты. Жаңа құрылымның құрамы, бюджеті мен қай ведомствоға бағынатыны әзірге белгісіз. «ЖИ патшасы» қызметіне үміткер де аталмады.


Tengri.kz
20 сент., 09:32
🇰🇿 Қазақстан қоржынына тағы екі алтын түстіКаратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.🥇 Биғабыл 55 келіге дейінгі салмақта финалда өзбекстандық Хумоюнмирза Халимовты жеңді.🥇 Берульцева 68 келіден жоғары салмақта тайландтық Маниван Буцуванды ұтып, екінші рет Азия ойындарының чемпионы атанды.Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын және 2 қола бар.


Tengri.kz
20 сент., 09:25
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Азиадада қоржынға екінші алтын салды.Қазақстан құрамасының көшбасшысы қашықтықты 41:24.05 уақыт ішінде жүріп өтіп, жарыста жеңіске жетті.


Tengri.kz
20 сент., 05:12
Медальға толы қайырлы таң!Арлан Жанабай Қазақстанға Азия ойындарындағы алғашқы медальді сыйлады. Ол ерлер арасындағы триатлоннан жеке жарыста қола жүлдеге ие болды.Ал Рината Сұлтанова Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды. Ол әйелдер арасындағы шосседегі велоспорттан жеке жарыста жеңіске жетіп, Қытай спортшысын 4,86 секундқа басып озды.Фото: ҰОК/Владислав Семенов


