gram news
Аватар канала 018.KZ — ABAI AQPARAT

018.KZ — ABAI AQPARAT

@abaiaqparatkz

018.KZ — ABAI AQPARAT - Абай облысының басты ақпарат алаңы https://018.kz/ instagram.com/abaiaqparatkz https://www.facebook.com/groups/abaiaqparatkz

ПроектыUKНовости

6,240подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    22 сент., 15:06

    🔥Семейде автожуу орнында өрт шықтыСемейдің Солтүстік ауданында бір қабатты автожуу ғимараты өртенді.Өрт сөндірушілер келгенге дейін газгольдер жарылған. Жалын жүк көлігі мен екі жеке үйге де тараған. Өрттің нақты аумағы анықталып жатыр.Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жалғастыруда.t.me/abaiaqparatkz
    263видео211Открыть в Telegram
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    22 сент., 09:31

    ⚡️2027 жылдан бастап зейнетақы кепілдігі өзгереді2027 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәртібі өзгереді. Мемлекет БЖЗҚ-ға аударылған жарналардың бастапқы мөлшерде сақталуына кепілдік береді.Қазір инфляция ескеріліп есептелген сома мен нақты жинақ арасында айырмашылық болса, ол бюджет есебінен өтеледі. Жаңа тәртіп азаматтардың зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндігінің кеңеюімен байланысты. Зейнетақы активтерін басқару жүйесі мемлекеттік бақылауда қала береді.t.me/abaiaqparatkz
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    22 сент., 07:55изменён

    ⚡️Президент Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекіттіАбай облысынан 4 адам кеңес құрамына енді.Олар Қарт Мерей Мейіртайұлы – Абай облысы мәслихатының депутаты, «Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Орынбеков Думан Рымғалиұлы – Абай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, Сабильянов Нұртай Салихұлы – қоғам қайраткері, Соловьёва Ирина Анатольевна – «Семей қаласындағы Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры.t.me/abaiaqparatkz
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    22 сент., 06:27

    ⚡️Олжас Бектенов Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аударуды тапсырдыПремьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің мәліметінше, Павлодар облысында жылу беру маусымы басталды. Осы аптаның соңына дейін Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына, ал 1 қазанға дейін солтүстік және шығыс өңірлердің қалған бөлігіне жылу беру жоспарланып отыр.Жалпы барлық өңірде жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жұмыстар толық аяқталды. Энергия көздерінде жылу беру маусымын бастауға қажетті отын қоры мен жабдықтар дайын.Осы ретте, Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында дайындық
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    22 сент., 04:58

    ⚡️Дрондар арқылы 20 мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталды✅Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, биылғы сегіз айда дрондардың көмегімен жол жүрісі қағидаларын бұзудың 20 мыңнан астам фактісі анықталды.📝Оның ішінде:• қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын бұзудың 3 198 фактісі;• көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың 2 055 фактісі;• қарсы қозғалыс жолағына шығудың 1 678 фактісі;• сыртқы жарық құралдарын пайдалану қағидаларын бұзудың 1 481 фактісі;• маневр жасау қағидаларын бұзудың 1 207 фактісі;• басып озу қағидаларын бұзудың 771 фактісі;• мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз көлік құралын басқарудың 87 фактісі.
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    21 сент., 13:40

    Кешкі Семей😍t.me/abaiaqparatkz
    468видео821Открыть в Telegram
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    21 сент., 13:14

    ⚡️@abaielibrand ұсынған галстуктарды таныстырамыз 👔Іскерлік образына өзіндік ерекшелік қосқысы келетіндер үшін таптырмас аксессуар😎Геометриялық өрнектер, ұлттық нақыштар мен түрлі түстер өз талғамыңыз бен көңіл күйіңізге сай галстук таңдауға мүмкіндік береді.Мұндай аксессуар әкеге, жарға, аға-ініге немесе әріптеске сыйлық ретінде де жақсы таңдау. Әсіресе қазақы эстетиканы бағалап, образдағы ұсақ-түйекке дейін мән беретін жандарға ұнайтыны сөзсіз.Өзіңізге ұнайтын галстукты @abaielibrand парақшасынан таңдап алыңыз ✅t.me/abaiaqparatkz
    458видео52Открыть в Telegram
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    21 сент., 12:04

    ⚡️Әлеуметтік көмекті шын мұқтаж азаматтарға беру: қандай өзгеріс боладыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев азаматтарға әлеуметтік көмек пен жеңілдіктер көрсету мәселесін баяндады. Бірінші кезең «шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетілуі тиіс» қағидатына негізделген және 36 төлемнің 14 түрін қамтитын мемлекеттік қолдаудың атаулы моделіне көшу үшін нормативтік база қалыптастыруды көздейді. Екінші кезеңде әкімдіктер көрсететін әлеуметтік көмектің 13 түрі мұқтаждық деңгейіне қарай 4 түрге біріктіріледі.2027 жылдан бастап ардагерлерге мұқтаждық қағидаты негізінде мемлекеттік қолдауды атаулы түрде көрсету жөніндегі ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ ер адамдарға бала күтіміне байланысты демалыс берілуінің орынды екені, бөбекжайлардағы орын санын көбейту, кішкентай жастағы балаларға арналған күтушілер тапшылығын шешу арқылы бала
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    21 сент., 08:16

    ⚡️ҰҚШҰ оқу-жаттығулары аясында әскери техникалар Қазақстаннан Ресейге теміржол көлігімен жеткізілмекҚорғаныс министрлігі осыған байланысты азаматтардан, БАҚ және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және ресми дереккөзде жарияланған мәліметтерге ғана сенуді сұрайды.24 қыркүйек – 3 қазан аралығында Ресей аумағында ҰҚШҰ-ның «Өзара іс-қимыл – 2026», «Іздеу-2026» және «Эшелон-2026» оқу-жаттығулары жоспарланған.t.me/abaiaqparatkz
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    21 сент., 05:58

    ⚡️Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдадыМемлекет басшысы сайлау нәтижесі Ресей халқының Владимир Путиннің стратегиялық бағытын қолдайтынын көрсеткенін атап өтті.Тоқаев жаңадан сайланған депутаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және елдің әлеуетін нығайтуға бағытталған тиімді шешімдер қабылдайтынына сенім білдірді.Сондай-ақ ол Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық ықпалдастықты одан әрі дамытуға назар аударып, екі ел депутаттарының ынтымақтастықты нығайту жолындағы бірлескен жұмысын жалғастыратынын айтты.Президент Владимир Путинге Ресейдің өркендеуі жолындағы қызметіне табыс тіледі.t.me/abaiaqparatkz
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    20 сент., 20:48

    ⚡️Семейде Қала күні кең көлемде бір апта бойы атап өтілдіСемейде Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар «Семейді сүю – тарихқа бас ию» тақырыбымен жеті күн бойы ұйымдастырылып, Республика алаңындағы ауқымды Open Air гала-концертпен қорытындыланды.Қала күні аясында 20-дан астам мәдени және спорттық іс-шара өтті. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, көрмелер, балалар фестивалі, концерттер мен «TUNGI RUN – SEMEY» түнгі жүгіруі ұйымдастырылды.Мерекелік бағдарламаның қорытынды концертінде Тұрар Ыдырыс, Айдана Меденова, AYREE, Ернар Амандық, Қырғызстаннан AMIRCHIK, Германиядан NANA DARKMAN және Молдовадан ARSENIUM FROM O-ZONE өнер көрсктті. Кеш отшашумен аяқталды.t.me/abaiaqparatkz
    479видео622Открыть в Telegram
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    20 сент., 20:15

    ⚡️Семейдің сол жағалауында «Семейді сүю – тарихқа бас ию» жазуы орнатылдыСемейде Қала күніне орай сол жағалауда орналасқан «Айзере» тұрғын үй кешенінің төбесіне «Семейді сүю – тарихқа бас ию» деген жазу орнатылды.Қаланың көркін айшықтаған бұл жазу Семейдің тарихы мен рухани құндылықтарын дәріптеп, қала тұрғындарының туған жерге деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін арттыра түсті.t.me/abaiaqparatkz
    436видео7421Открыть в Telegram
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    20 сент., 19:48

    ⚡️Семейде қала күні отшашумен қорытындыландыРеспублика алаңында өткен гала-концерттің әдемі қорытындысы ретінде Қарағайлы ықшам ауданында мерекелік отшашу ұйымдастырылды.Түнгі аспанды түрлі түске бояған жарқын отшашу қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік кештің көркін одан әрі аша түсті.t.me/abaiaqparatkz
    401видео42Открыть в Telegram
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    20 сент., 17:35

    ⚡️Аймақ басшысы Семей қаласы әкімінің жұмысын жоғары бағаладыҚала күніне орай ұйымдастырылған гала-концерттің ашылуында сөз сөйлеген облыс әкімі Берік Уәли қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.«Бүгінде Семей қаласы Мемлекет басшысының тікелей қолдауының арқасында күннен күнге көркейіп келеді. Биыл облыс орталығындағы 700-ге жуық тұрғын үйге алғаш рет жазда ыстық су берілді. Жүзге жуық көшелер жаңартылып, аулалар абаттандырылып, жолдар жөнделіп, жаңа кейіпке еніп жатыр. «Абайға құрмет» акциясы аясында көптеген мәдениет, спорт нысандары салынуда. Биыл Қала күні алғаш рет кең ауқымда, бір апта көлемінде, жоғары деңгейде атап өтілді. Туған қаламыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, әрбір игі іске қолдау білдіріп жүрген барша азаматтарға алғыс білдіремін», – деді аймақ басшысы.t.me/abaiaqparatkz
    416видео7221Открыть в Telegram
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    20 сент., 16:38

    ⚡️Семейде Қала күні кең көлемде аталып өтудеСемейде Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар «Семейді сүю – тарихқа бас ию» тақырыбымен жеті күн бойы ұйымдастырылып, Республика алаңындағы ауқымды Open Air гала-концертпен қорытындылануда.Гала-концерттің ашылуында сөз сөйлеген Абай облысының әкімі Берік Уәли семейліктерді Қала күнімен құттықтап, Семейдің тарихы терең, Алаштың астанасы болған, тұңғыштар мекені ретінде ел тарихындағы орны ерекше қала екенін атап өтті.Аймақ басшысы Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Семейдің күн санап көркейіп келе жатқанын айтып, биыл 700-ге жуық тұрғын үйге алғаш рет ыстық су берілгенін, жүзге жуық көшенің жаңартылып, аулалар мен жолдардың абаттандырылып жатқанын жеткізді.Қала күні аясында 20-дан астам мәдени және спорттық іс-шара өтті. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, көрмелер, балалар фестивалі, концерттер
    426видео632Открыть в Telegram
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    20 сент., 15:44

    ⚡️Семейде қала күніне арналған Open Air гала-концерт басталдыҚарағайлы ықшам ауданындағы Республика алаңында қала күніне арналған «Семейді сүю – тарихқа бас ию!» атты мерекелік Open Air гала-концерті басталды.Кеш барысында отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетуде. Сахнаға Тұрар Ыдырыс, Айдана Меденова, AYREE, Ернар Амандық, сондай-ақ Қырғызстаннан AMIRCHIK, Германиядан NANA DARKMAN және Молдованың O-ZONE тобының бұрынғы мүшесі ARSENIUM шығады.Мерекелік кештің жүргізушілері – Жазира Еркін мен DAKE.t.me/abaiaqparatkz
    442видео411Открыть в Telegram
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    20 сент., 08:15

    ⚡️Қазақстан құрамасының қоржынында екінші алтын медальАлексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде алтын медаль иеленді.Ол ерлер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей уақытқа жарыста жеңімпаз атанды.Азия ойындарында алғашқы алтынды велошабандоз Рината Сұлтанова алды.XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.t.me/abaiaqparatkz
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    20 сент., 06:47

    ⚜️Құрметті семейліктер!Баршаңызды Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!Семей — ұлылардың ізі қалған, Алаштың арманын асқақтатқан, тарихы терең, рухы биік қасиетті шаһар. Туған қаламыздың өткені — мақтанышымыз, бүгіні — ортақ еңбегіміз, ал жарқын болашағы — баршамызға аманат.Қаламыздың басты байлығы — оның еңбекқор, кеңпейіл, туған жеріне жанашыр тұрғындары. Семейдің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, әрбір игі бастамаға қолдау көрсетіп жүрген баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен қалаға деген сүйіспеншіліктеріңіз — шаһарымыздың дамуына серпін беретін үлкен күш.Алдымызда қаламызды көркейтіп, әрбір тұрғынға жайлы орта қалыптастыру жолында ауқымды міндеттер тұр. Бірлігіміз бен берекемізді сақтап, осы мақсаттарға бірге жететінімізге сенімдімін.Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, отбасыларыңызға қуаныш пен құт тілеймін! Сүйікті Семейіміз гүлденіп, мерейі
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    20 сент., 06:28

    ⚡️Бородулиха ауданында Еңбек күніне арналған ауқымды мереке басталдыЖаңа Шүлбі ауылында Еңбек күніне арналған үлкен мәдени-спорттық іс-шара өтті.Атшабарда Бородулиха ауданының тұрғындары мен қонақтары, ауылдық округтердің өкілдері, еңбек ұжымдары мен әр буын өкілдері жиналды. Мерекелік киіз үйлер қалашығы ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама дайындалды. Сондай-ақ, қазақ күресі бойынша ұлттық бәсекелер мен «Еуразия кубогы» үшін тартысты ат спорты жарыстары ұйымдастырылды.Күнделікті еңбегімен Бородулиха ауданының дамуына үлес қосып, дәстүрді дәріптеп, ауданның болашағын қалыптастырып жүрген жандарға деген құрмет көрсетілді.t.me/abaiaqparatkz
  • 018.KZ — ABAI AQPARAT

    20 сент., 03:20

    ⚡️Семейдің түнгі келбеті жаңарып, қала ажарлана түсудеАбай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес Семей қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, ғимараттарға сән беретін декоративті жарық шамдары орнатылуда.Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде Семейдің күндізгі ғана емес, түнгі келбеті де ажарланып, қала көшелері ерекше реңге ене түсуде.t.me/abaiaqparatkz
    412видео5211Открыть в Telegram