Последние посты

ADYRNA.KZ
22 сент., 11:00
🟣🟣🟣🟣🟣Депутаттар кітап оқуға шақырды. «Әділет» фракциясы республикалық марафонды қолдадыҚұрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонына қолдау білдіріп, қазақстандықтарды кітап оқуға шақырды.Биыл 16 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Соның аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны бастау алды.Бастамаға қолдау білдірген «Әділет» фракциясының мүшелері өздері оқуға кеңес беретін кітаптарымен бөлісіп, кітаптың адам дүниетанымы мен ойлау қабілетін қалыптастырудағы маңызына тоқталды.Марафон
ADYRNA.KZ
22 сент., 10:26
Айыппұлды елемеген жүргізушілер куәлігінен айырылуы мүмкінІшкі істер министрі Ержан Сәденов айыппұл төлемейтін жүргізушілерге қатысты жаңа шаралар қарастырылып жатқанын айтты.Ұсыныс бойынша құқық бұзушылықтың ауырлығын ескеретін балдық жүйе енгізілуі мүмкін. Бірнеше рет және ауыр құқық бұзушылық жасаған жүргізушілердің куәлігін 1 жылға тоқтату ұсынылады.Тиісті түзетулер Құрылтайдың қарауына енгізілмек.
ADYRNA.KZ
22 сент., 07:31изменён
✍️ Қазақстан Халық Кеңесі: 126 мүшенің тізімі жарияландыТолық тізім мына жерде


ADYRNA.KZ
22 сент., 07:25
Мақсат Толықбай жаңа қызметке тағайындалдыМәжілістің бұрынғы депутаты, журналист Мақсат Толықбай Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Диас Нұрақын мәлімдеді.Оның айтуынша, Мақсат Толықбай жаңа қызметінде өңірді дамыту жұмыстарына атсалысады.
ADYRNA.KZ
22 сент., 07:13
«Жағдайды түзеңіз, әйтпесе бұл шаруамен басқа адамдар айналысады». Бектенов Қазавтожол басшысына ескерту жасадыПремьер-министр Олжас Бектенов Қазавтожол басшысы Дархан Иманашевке жолдардың жағдайына қатысты қатаң ескерту жасады. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала ішіндегі және қала маңындағы жолдардың сапасын сынға алған болатын. Бектенов бұл мәселеде Қазавтожолдың да жауапкершілігі бар екенін атап өтті.
ADYRNA.KZ
22 сент., 07:02
Айыппұл емес. Түнде шулаған жүргізушілерді қатаң жазалау тапсырылдыҚазақстан премьер-министрі түнде көлік пен мотоциклден қатты шу шығаратын жүргізушілерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырды.Үкімет отырысында премьер-министр ІІМ Ержан Сәденовтен мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.
ADYRNA.KZ
22 сент., 04:58
Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы болып Мирас Абдрахман тағайындалдыМирас Абдрахман 1992 жылы дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасында бастаған. 2020–2023 жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратында түрлі басшылық қызметтер атқарып, әлеуметтік сала бөлімін басқарды.2023 жылғы шілдеден 2026 жылғы мамырға дейін Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болды. Осы тағайындауға дейін аталған басқарманы басқарды.


ADYRNA.KZ
21 сент., 15:29изменён
🟣🟣🟣🟣🟣 “Әділет” партиясының қоғамдық қабылдауы: Абай облысының тұрғыны мәселесін сол жерде шешті“Әділет” партиясы Абай облысындағы филиалының қоғамдық қабылдауы кезінде есепшоты бұғатталған әйелдің мәселесі оң шешімін тапты.Облыс тұрғыны Назерке Бақтыбаева баласының алименті түсетін шотының бұғатталып қалғанын айтқан. Оның мәселесін Абай облысындағы жеке сот орындаушы Жанарбек Мұқанов қараған. Жеке сот орындаушы жағдайды зерделей келе, тиісті шара қабылдаған. Соның арқасында әйелдің есепшоты сол жерде бұғатталып, мәселесі оң шешімін тапты.Жалпы, “Әділет” партиясының қоғамдық қабылдауына келген азаматтар бала құқығына қатысты өзге де мәселелерін, соның ішінде, әлеуметтік көмек, жәрдемақы мен отбасылық жағдайларға
ADYRNA.KZ
21 сент., 12:02
Қаржылық қауіпсіздік: Жастар алаяқтардың арбауына түспеуі керек«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласының тоғыз жоғары оқу орнында бірінші курс студенттеріне арналған «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында бір мезетте профилактикалық кездесу өтті.Жаңа ортаға бейімделіп, өз бетінше қаржылық шешімдер қабылдай бастаған жастар үшін мұндай түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Себебі студенттік кезеңде алғаш рет банк картасын пайдалану, онлайн сауда жасау, жұмыс іздеу, ақша аудару немесе инвестицияға қызығушылық таныту сияқты қаржылық операциялар көбейеді.https://adyrna.kz/kk/post/1247113?show_without_publish=trueadyrna.kzҚаржылық қауіпсіздік: Жастар алаяқтардың арбауына түспеуі керек | “Адырна” ұлттық порталы«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласының тоғыз жоғары оқу орнында бірінші курс студенттеріне арналған «Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында бір мезетте профилактикалық кездесу өтті. | “Адырна” ұлттық порталы
ADYRNA.KZ
21 сент., 10:08
Қытай 45 сағатта төрт зымыран ұшырып, орбитаға 30 жерсерік шығардыҚытай 15–17 қыркүйек аралығында небәрі 45 сағат ішінде төрт сәтті орбиталық ұшырылымды жүзеге асырды. Үш түрлі ғарыш айлағынан төрт зымыран көкке көтерілгенhttps://adyrna.kz/kk/post/1247102www.adyrna.kzҚытай 45 сағат ішінде 4 түрлі зымыран орбитаға 30 спутник шығарған | “Адырна” ұлттық порталыҚытай 15–17 қыркүйек аралығында небәрі 45 сағат ішінде төрт сәтті орбиталық ұшырылымды жүзеге асырды. Үш түрлі ғарыш айлағынан төрт зымыран көкке көтерілген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ixbt.com-ға сілтеме жасап. | “Адырна” ұлттық порталы
ADYRNA.KZ
21 сент., 09:49
Украина мен Ресей келіссөзінде даулы мәселенің қысқарғаны айтылдыhttps://adyrna.kz/kk/post/1247098adyrna.kzУкраина Ресеймен келіссөздерде даулы мәселелердің қысқарғанын мәлімдеді | “Адырна” ұлттық порталыУкраина сыртқы барлау қызметінің басшысы Рүстем Умеров Ресеймен арадағы қақтығысты реттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі | “Адырна” ұлттық порталы
ADYRNA.KZ
21 сент., 04:50
Тоқаев Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтадыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Бұл туралы 21 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі айтты.https://adyrna.kz/kk/post/1247097adyrna.kzТоқаев Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады | “Адырна” ұлттық порталыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады. Бұл туралы 21 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.…
ADYRNA.KZ
20 сент., 16:23
Мәскеуге жаппай дрон шабуылдады. МӨЗ өртеніп, үш адам қаза таптыМәскеу мэрі Сергей Собяниннің мәлімдеуінше, жексенбіге қараған түні Украина Ресей астанасына бұрын-соңды болмаған ауқымды дрон шабуылын жасаған. Оның айтуынша, Мәскеуге қарай ұшқан 450-ге жуық дронның жолы кесілген.Ресей Қорғаныс министрлігі түні бойы елдің түрлі өңірлерінде, Қара теңіз бен Қырым аумағында 1110 украиналық дронның «ұсталып, жойылғанын» хабарлады.Шабуылдан Мәскеудегі Капотня ауданында орналасқан Мәскеу мұнай өңдеу зауытының аумағы зақымданған. Украина тарапы зауыттың мұнай өңдеу қондырғыларының бірнеше бөлігіне соққы тигенін мәлімдеді. Зауыт Мәскеу мен оған жақын өңірлерді жанармаймен қамтамасыз ететін маңызды кәсіпорындардың бірі саналады.https://adyrna.kz/kk/post/1247092?show_without_publish=trueadyrna.kzМәскеуге жаппай дрон шабуылдады. МӨЗ өртеніп, үш адам қаза тапты | “Адырна” ұлттық порталыМәскеу мэрі Сергей Собяниннің мәлімдеуінше, жексенбіге қараған түні Украина Ресей астанасына бұрын-соңды болмаған ауқымды дрон шабуылын жасаған. Оның айтуынша, Мәскеуге қарай ұшқан 450-ге жуық дронның жолы кесілген. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды “Адырна”.…
ADYRNA.KZ
20 сент., 09:23
😍Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль иелендіОл 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыстың финалына дейін жетті.Шешуші кездесуде Берульцева Таиланд спортшысы Манееван Буцуванды жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.https://adyrna.kz/kk/post/1247085?show_without_publish=trueadyrna.kzСофья Берульцева Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды | “Адырна” ұлттық порталыҚазақстандық каратэші Софья Берульцева Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль иеленді. Ол 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыстың финалына дейін жетті, деп хабарлайды «Адырна». | “Адырна”…
ADYRNA.KZ
20 сент., 09:22
😍Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды.Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.Финалда Жоламан Биғабыл Өзбекстан спортшысы Хумоюнмирза Халимовпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті. Осылайша қазақстандық каратэші Азия ойындарының чемпионы атанды.https://adyrna.kz/kk/post/1247084?show_without_publish=trueadyrna.kzТағы бір алтын! Жоламан Биғабыл Азия ойындарының чемпионы атанды | “Адырна” ұлттық порталыҚазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында топ жарды. Ол 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна». | “Адырна” ұлттық порталы
ADYRNA.KZ
20 сент., 08:44
😍Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.Қазақстан құрамасының көшбасшысы жекелей уақытқа жарыста жеңіске жетті. Луценко қашықтықты 41:24.05 уақытта бағындырды. Екінші орын жапониялық Сюнсукэ Имамураға, ал үшінші орын Моңғолия өкілі Жамбальямц Сайнбаярға бұйырды.https://adyrna.kz/kk/post/1247083?show_without_publish=trueadyrna.kzАлексей Луценко Азия ойындарының чемпионы атанды | “Адырна” ұлттық порталыҚазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі жариялады, деп хабарлайды "Адырна". | “Адырна” ұлттық порталы
ADYRNA.KZ
20 сент., 08:32
😍Қазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.Ол әйелдер арасындағы тасжолдағы велоспорттан жеке жарыста топ жарып, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені сыйлады.https://adyrna.kz/kk/post/1247079?show_without_publish=trueadyrna.kzАзиада-2026. Қазақстандық велошабандоз ел қоржынына алғашқы алтынды салды | “Адырна” ұлттық порталыҚазақстандық велошабандоз Рината Сұлтанова Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Ол әйелдер арасындағы тасжолдағы велоспорттан жеке жарыста топ жарып, Қазақстан құрамасына алғашқы алтын жүлдені сыйлады. | “Адырна” ұлттық…
ADYRNA.KZ
19 сент., 14:04
«Таза Қазақстан» жобасының мақсаты – елімізді көркейту, жұртымызды ортақ іске жұмылдыру арқылы ынтымақ-бірлігімізді күшейту. Бүгінде Қазақстанның әр аймағында ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Жыл басынан бері еліміз бойынша 600-ден астам түрлі экологиялық іс-шара өтті. Осы маңызды жұмысқа 7 миллион адам қатысты, 130 мыңнан астам гектар жер тазартылды. Елімізде 1,3 миллион тал егілді. Мұның бәрі аз шаруа емес, шын мәнінде көп жұмыс істеліп жатыр. Бұл – азаматтарымыздың Отанымызға деген таза ниеті, шынайы қамқорлығы және ең бастысы, еңбекқорлығы. Осы орайда, нақты іске белсене атсалысқан барлық азаматқа тағы да алғыс айтамын. Осындай нағыз отаншыл, патриот азаматтарды мемлекетіміз марапаттауы керек. Алдымызда келе жатқан Тәуелсіздіктің мерейлі тойында бұл құрметті міндетті орындаймын.
ADYRNA.KZ
19 сент., 13:15
Шымкентте World Cleanup Day халықаралық күніне және республикалық «Таза Қазақстан» бастамасына орай ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті.Қала тұрғындары, волонтерлер, жастар, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері жалпы 43 мыңнан астам тұрғын бірігіп, қаламыз бен табиғи аумақтарды таза ұстауда белсенділік танытты.Демалыс күнінің таңы Астана алаңында мыңға жуық мектеп оқушысын, студенттерді, жоғары оқу орындарының өкілдері мен волонтерлік ұйымдардың мүшелерін біріктірген жастар жиынымен басталды. Сенбілік басталар алдында қатысушыларға қоршаған ортаны қорғау, аулаларда, көшелерде және қоғамдық орындарда тазалық сақтау қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыратыны айтылды.https://adyrna.kz/kk/post/1247065adyrna.kzШымкент қала тұрғындары экологиялық акцияда белсенділік танытты | “Адырна” ұлттық порталыШымкентте World Cleanup Day халықаралық күніне және республикалық «Таза Қазақстан» бастамасына орай ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. | “Адырна” ұлттық порталы
ADYRNA.KZ
19 сент., 12:04
🟣🟣🟣🟣🟣«Ұлт болмысына озық өзгерістер әкелген бірегей жоба»: Партияластар мен Құрылтай депутаттары «Таза Қазақстан» акциясына қатыстыЕлордада «Әділет» партиясының өкілдері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты. Сондай-ақ партия Төрағасы, Құрылтай Спикері Айбек Дәдебай бастаған депутаттар қауымы да осы игі іске үлес қосты.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Таза Қазақстанды» ұлт болмысына озық өзгерістер әкелген бірегей жоба деп атауға да болады.Бұл ретте, партияластар «Мыңжылдық» аллеясында аумақты абаттандыру жұмысын жүргізіп, 70-ке жуық жөке көшетін отырғызса, халық қалаулылары Ұлттық музей тұсындағы аллеяға қарағаш пен сібір шыршасының 150 түп көшетін екті.«Президент тазалықты сақтау және табиғатты аялау
