Последние посты

qos paraq
21 сент., 03:08
💛
qos paraq
20 сент., 15:13изменён
Ұсақ талап қоймайды сүйген адам, Айнымас махаббатты сыйла маған…✨
qos paraq
13 сент., 19:36
Жаным, жеңешемнің “қыз кезімде…” деп басталатын әңгімелерінен жүрегім азды-азды ауырып кетеді. Маған қарап, үйде еркін еркелеп жүргенімді көргенде, ол да өзінің туған үйін, әке-шешесін, бала күнгі алаңсыз шағын сағынатын шығар деп ойлап қоямын. Кейде “неге асықтым екен?” деп күрсініп қояды. Сол күрсіністің ішінде айтылмаған қанша сағыныш, өкініш, арман жатқанын сезгендей боламын. Қыз тағдыры да, ғұмыры да осылай өте береді екен-ау. Кеше ғана әкесінің еркесі болып, анасының жанында бұлаңдап жүрген қыз, бүгін біреудің жары, ертең бір үйдің анасы атанып шыға келеді. Бір күні өз үйіңдегі есіктен шығып, бөтен бір үйдің табалдырығын аттайсың. Бірақ ол үйді бөтен демей, бар жүрегіңмен өз үйің етуге тырысасың. Ең батыр кім дерсе, қыз дер ем. Ана дер ем. Себебі қыз дегенің, қанша қимаса да, туған үйінің табалдырығын аттап,жарым деп, жаным деп сенген адамына еріп, ыстық ұясын тастап ұшып кете
qos paraq
6 сент., 16:49изменён
Жұмысым, не қайғы қасыретім, не бұйырмай қалады-ау деп сары уайымға салынған түні қаза болатын намаздарымды, жүрек дертіне әсте бататынымды ойласам ауырлық үстіне ауырлығымды жүктеп аламын. Құдайымды ұмытудан ауыры жоқ сәрі. Адам баласы дүниенің бір күндік мұңын таусылмас қылып арқалап, ертеңін ойлап бүгінін жоғалтып алады екен. Бір сәттік сынақты мың сәттік қайғыға айналдырып, жүрегінің төріне дүниені отырғызып қояды. Ал сол жүрекке бір «Алла» деген сөздің сыймай қалғанын сезгенде ғана өз-өзінен шошынады.Кейде өзіме өзім таң қаламын. Несібемді беріп тұрғанды ұмытып, несібемнің аз-көбін уайымдаймын. Жолымды ашып тұрғанды ұмытып, алдымдағы жабық есікке телміремін. Кешірімі менен күнәмнен кең екенін біле тұра, өз күнәмнің салмағынан үмітімді ауырлатып аламын. Түн тынышталып, елдің бәрі ұйқыға кеткенде ғана адамның өзімен өзі қалатыны бар. Сонда күндізгі дауыстардың бәрі өшіп, жүректің
qos paraq
6 сент., 11:46
Жоқ-жітік дүниенің орнын толтырармыз. Бірақ баланың бүгінгі күнін қайтара алмаймыз. Өйткені балаға әке мен ананың тек аты емес, екеуінің де жүрегі керек. Кейде балаға үлкен нәрсенің керегі жоқ. Оған тек жанында отырған әкесі, қолынан ұстап тұрған анасы, “бәрі жақсы болады” деген жылы сөз керек. Баланың жүрегінде қалатын дүние де сол шығар. Балалық шақ қайта келмейді. Ал әкелік пен аналықтың шын өлшемі балаға не алып бергеніңмен емес, оның ең әлсіз, ең қорқынышты, ең бақытты сәттерінде жанында болғаныңмен өлшенеді.[16:02]
qos paraq
6 сент., 11:46
Балалар ауруханасының жанында әпкемді күтіп, бір жарым сағаттай отырдым. Бір жарым сағат… Асықпай қарап отырсаң, бір аурухананың табалдырығынан қанша тағдырдың өтіп жатқанын көресің екен. Бір ана баласын құшағына қысып шығады. Бірі қолынан жетектеп келеді. Бірінің қолында дәрі-дәрмек толы дорба, бірінің иығында баласының киімі. Бірі баласының маңдайын қайта-қайта сипап қояды, бірі шаршағанынан үнсіз, енді бірі дәрігердің айтқан әр сөзін жүрегіне түйіп, баласына алаңдап келеді. Сол бір жарым сағат ішінде ауруханадан шығып, қайта кіріп жатқан әкелерді санау да қиын болды. Үнсіз қарап отырып көп нәрсе ойладым. Шындығында, бала ауырғанда оның жанынан табылып, түн ұйқысын төрт бөліп, шырылдап, бар жанын баласының бір тамшы дертіне айырбастайтын көбіне ана. “Балам” деп өзегін үзетін де ана. Баласының дене қызуын түн бойы өлшеп, таң атқанша маңдайынан сипап отыратын да ана. Дәрігердің әр сөзін
qos paraq
6 сент., 05:36
✨
qos paraq
5 сент., 04:59
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді, аса Рақымды Алланың атымен бастаймын. Алла, Сенің атымен басталған махаббатым қайырлы, шексіз сезімім баянды, адалдығым берік болсын деп тілеймін. Расында, Сенің бұйрығың менің қалауымнан қайырлы. Сондықтан менің жүрегім қалағанды емес, маған қайырлысын нәсіп ет. Маған сыртынан ғана емес, жан дүниесімен әдемі жанды жолықтыр. Қадамы нық, ойы терең, ары мен намысын биік қоятын, сөзі мен ісі үйлескен азамат нәсіп ет. Әуелі өзіне адал, жұртына сүйікті, ата-анасына қадірлі, досына сенімді болсын.Жолдасына жай ғана серік емес, шын мәнінде жан серік бола алатын адам болсын. Қуанышымды бөлісіп қана қоймай, мұңымды да көтере алсын. Қиын сәтте жанымнан табылып, бақытымды бағалай білсін.Өзіне адал бола алмаған жаннан өзгеге деген адалдықты сұрай алмаймын. Сондықтан адалдықты сөзбен емес, ісімен дәлелдейтін жанды нәсіп ет. Адам өз басына түскен сынақтан өтіп,
qos paraq
3 сент., 15:07изменён
Жарымның өміріндегі ең жақын, ең қымбат адамы болғым келеді. Ол маған қараған сайын жүрегін ризашылық пен шүкіршілік кернеп, "Алла маған бұдан асқан бақ бере алмас еді" деп ойласа екен. Менің жанымда жүргенде өзге ешкімді іздемей, менің қасымнан жан тыныштығын, шынайы жылу мен түсіністікті тапса екен. Сырттағы сан түрлі уайым мен жауапкершіліктен шаршап келгенде, менің жаным оның дамылдайтын мекеніне айналса екен. Бір ауыз сөзім, бір күлкім, тіпті үнсіз қасында отырғанымның өзі көңіліне медет болып, жүрегіне тыныштық сыйласа екен. Қуанышына ортақтасып, көңілі жабырқағанда қолынан ұстап, әр қадамына сеніммен демеу болғым келеді. Бір күні маған қарап: "Сенің дұғаң мен сенімің талай қиындықтан өтуіме себеп болды. Бүгінгі барымның ішінде сенің де үлесің бар"-деп шынайы ризашылығын білдірсе екен.Мен тұрмысты мінсіз ертегі деп елестетпеймін. Әр шаңырақтың өз сынағы, әр отбасының өз қиындығы
qos paraq
1 сент., 09:15

qos paraq
30 авг., 13:10

qos paraq
28 авг., 10:45
🦢
qos paraq
26 авг., 19:19изменён
Бала күніңде көрген тауқыметті балаң көрмесін деп тілейсің. Өзіңнің маңдайыңа тиген ащы сөз оның жүрегіне батпасын, өзің тартқан бейнет оның жолына көлденең түспесін деп, перзентіңе келгенде бар қаталдығыңды ұмытып, мейірімге айналасың. Бірақ неге уақыт өте келе ене атанғанда, баяғы мейірімнің орнын "мен де көргенмін, бұл да көрсін" деген бір түсінік басып кетеді екен осы? "Мен келін болып қызмет қылдым, бұл да қылсын. Мен үндемей шыдадым, бұл да шыдасын. Мен көргенді ол да көрсін" деген сөздің астарында қанша жылдық өкпе, қанша бітпеген жара жатыр десеңші… Неге біз өзімізге жасалғанды кейінгіге жасауға сонша құмармыз? Бір кезде өзіміз аңсаған жылы сөзді неге келінге қимай қалады? Өздері күткен түсіністікті неге одан күтеті де, өздері оған көрсете алмай қалады?Келін де бір шаңырақтың әлпештеп өсірген қызы. Бір үйдің төрінен аттап, бір әулеттің босағасын келін болып аттайды. Оның
qos paraq
26 авг., 00:34
-саған жазылған тағдыр сен қол жеткізгің келген арманыңнан да көркемірек…✨
qos paraq
21 авг., 19:04изменён
Жалғыз болу қиын. Жалғыздықты сезіну одан да қиын. Ал сол жалғыздықты жүрегіңде 20 жыл арқалап жүру адамға оңай емес. Кейде көп адамның ортасында жүрсең де, ішінде бір бос кеңістік болады. Ешкімге айта алмайтын сағыныш, ешкім толтыра алмайтын орын болады. Себебі бауырдың орны бөлек. Сол үшін айтарым, қаны бір, жаны бір бауырларыңыздың қадірін біліңіздер. Бір үйде өскен, бір дастарханнан ас ішкен, балалық шағының куәсі болған адам өмірде ешкіммен алмастырылмайды. Әпке болып ақыл айтыңыздар. Аға болып қорған болыңыздар. Қарындас болып еркелеңіздер. Іні болып сыйлаңыздар. Бір-біріңізге жиі хабарласыңыздар. Жағдайын сұраңыздар. Құшақтаңыздар. Жақсы көретініңізді айтып отырыңыздар. Өмірдің күйбеңімен жүріп, "ертең айтамын", "кейін барамын", "уақыт табылады" деп жүрмеңіздер. Себебі уақыт ешкімді күтпейді. Кейбір өкініштердің орнын ештеңе толтыра алмайды. Реніш болады. Келіспейтін сәттер де
qos paraq
19 авг., 08:58
Анамызды «жұмағым» деп қорғау баламызды жұмағынан айырып қорғау емес қой…💔
qos paraq
19 авг., 08:57
Анамыз бен әйелімізді кедейліктен қорғайтын заманға келіп, анамызды әйелімізден қорғап жүрміз.Үстемдігімізді білім, ғылым, талаппен көрсететін заманға келіп, үстемдігімізді ұрыс, соғып, зорлық деп дәлелдеп әлі жүрміз.Бір ұлттың жауапкершілігін арқалайтын заманға келіп, бір қыздың еркелігін көтере алмай әлі жүрміз.Әйел заты бір саты төмен тұрады деп көкірек ұратындардың қолдарында сатысы да, дәрежесі де жоқ заманда жүрміз.Еркегі әйелін қоғамның сөзінен қорғайтын заманға келіп, қоғам болып әйелді еркегінен қорғайтын әдеттен әлі арыла алмай жүрміз.Әйелін жоқшылықтан алып шығатын еркек болуға ұмтылатын заманға келіп, әйелдің тапқан табысын өз абыройына өлшем қылатын еркектерді әлі көріп жүрміз.Ұлымызды намысты болсын деп тәрбиелейтін заманға келіп, намысты жұдырықпен шатастырып әлі жүрміз.Қызымызды ибалы болсын деп тәрбиелейтін заманға келіп, ибаны үнсіздік, мойынсұнуды тәрбие
qos paraq
14 авг., 08:29
Болашақ жарым… Мен мына сынаққа толы өмірден үміт жібімді үзуге таяп қалғанда,көктем болып сен келші. Менің әлсіз,ешкімге көрсетпейтін өзге тұсымды тек сен көрші. Мені тек сен еркелетіп,өзің демеу болшы. “Өзіңді қорға” деген заманда,сен келіп “Мен сені қорғаймын” деші. Өзіңнің жұмсақ тұсыңды тек маған көрсетші. Уақытша дүниенің сынағына сынбай,мәңгілік тыныштық ұстасқан қолымызды жібермей,бірге жетуді мақсат етейікші…-әмин🤍
qos paraq
13 авг., 12:07
Кейінгі уақытта махаббат туралы көп ойланатын болдым. Бәлкім, бұған кітаптардың әсері бар шығар. Әдебиет бізге кейде ең шынайы махаббат адам жүрегін алғаш рет дір еткізген адаммен болады деген ойды сіңіріп қояды. Ал одан кейін кездескендер өмір жолында бірге қартайатын, тұрмыс пен тіршілікті бөлісетін адамдар ғана секілді. Ал алғашқы махаббат болса, жүректің әлдебір түкпірінде мәңгі өшпейтін із болып қалып қоятындай. Бірақ мен бұған енді онша сенбеймін. Меніңше, ең үлкен махаббат бір біріне ең алғаш емес, ең соңғы рет шын сенуді таңдаған екі адамның арасында туады. Екі жаралы адамның жолы түйіскен кезде. Сен де сезімнен сүрініп, махаббаттан шаршап келесің. Ол да солай. Сен еркекке, ол әйелге деген сенімін жоғалтып алған кездерің болады. Екеуің де махаббаттың әдемі сөздерден ғана тұрмайтынын, кейде оның адамның ең әлсіз жерін тауып алып, дәл сол жерден жаралайтынын жақсы білесіңдер.
qos paraq
7 авг., 01:14изменён
Соңғы кезде тектілік деген ұғым жайлы көп ойланып жүрмін. Көп адам бұл сөзді естігенде тек ата-текке, руға немесе шежіреге қатысты қабылдайды. Бірақ меніңше, тектілік одан әлдеқайда терең ұғым. Ол адамның бойындағы мінезден, ұстанымнан, ар-ұятынан, жауапкершілігінен, өмір сүру тәсілінен көрінеді. Бүгін бір жағдай есіме түсіп, осы ойымды одан сайын бекіте түсті. Бір танысым бар. Жастық шағында қыз-қырқынның ортасында жүрді. Біреумен ұзақ тұрақтамады, сезімді де, адалдықты да аса бағаламады. Ол кезде мұны өзі де қалыпты нәрсе санайтын. Тіпті кейбіреулер мұндай өмірді "жігіттік" деп бағалап, мақтан ететін. Уақыт өтті. Үйленді. Әке болды. Өмірі өзгергендей көрінді. Алайда жылдар өте келе оның ұлдарының бойынан дәл сондай көзқарастың белгілері байқала бастады. Әйелге жеңіл қарау, тұрақсыздық, жауапкершіліктен жалтару, сезімге үстірт қарау… Мұны көргенде еріксіз ойланасың. Бұл міндетті түрде
