Последние посты

Ali Saǵatuly
21 сент., 08:57изменён
: психологияда адам кейде ішкі ауырсынудың себебін сыртқы нысаннан іздеуі мүмкін. Соны өзгертсем жеңілдеймін деп ойлайды. Егер сол нысан ретінде дін үкімін мысалы: хиджабты көрсең онда дініңе сақ бол, хиджабтан басталған алыстау ертең басқа амалдарға да жалғасуы ықтимал: бүгін хиджаб, ертең намаз, кейін иманның өзіне…..
Ali Saǵatuly
21 сент., 08:50
хиджабты Алланың әмірі ретінде емес, діни отбасы талабынан немесе айналадағыларға қызығып немесе жай ғана орындауға тиіс міндет деп таққан адам қиындық келгенде оны бірінші болып шешіп тастайды. Себебі ол жүрекке орнықпағандықтан, осы уақытқа дейін рухани мәнін түсінбегендіктен қиындық кезінде оны жаңа өмір бастауға кедергі, ауыр жүк қылып көреді.Егер хиджабтың кімнің әмірі екенін, не үшін тағатынын шын түсінсе адам, оны өміріндегі ауыр жүк емес, Аллаға мойынсұнудың белгісі деп көретін еді.
Ali Saǵatuly
13 сент., 12:04
Полиция қызметіндегі қыздар араб туристіне өзін құшақтатып, қол ұстасқаны үшін жұмыстан шығарылса “бұл норма, дұрыс болған” дейді.Ал шариғат қыз баланың бөтен ер адаммен қол ұстасып, құшақтасуын дұрыс емес деп тыйса: “Қысым” деп дінді кінәлайды.Двоной стандарт деген осы ма?))
Ali Saǵatuly
11 сент., 12:00изменён
Білім жолында жүрген бауырларыма (әсіресе ақида саласындағы) міндетті түрде пайдалы болатын кітаптар📚Берейін деп жатқан жоқпын, сақтап алыңыздар аттарын дегенім ғой😂😅
Ali Saǵatuly
10 сент., 09:34изменён
Жақсы, исламнан бас тарттық, атеизмді қабылдадық деп елестетейік. Бірақ сонда атеизмді қабылдау нақты нені білдіреді? “Құдай жоқ” деп айту жеткілікті ме?Жарайды, “Құдай жоқ” дедің. Ендеше одан кейінгі сұрақтар басталады:Өмірдің түпкі мәні неде? Моральдың объективті негізі қайда? Неге жақсылық жасауымыз керек? Неге өтірік, зина, зорлық пен жазықсыз адамды өлтіру бұл жай ғана ұнамайтын әрекет емес, объективті түрде жаман болуы тиіс?Исламда бұл мәселелердің жүйелі жауабы бар: адамның өмірі мақсатсыз емес, моральдың негізі бар, халал мен харамның өлшемі бар, ал жасаған іс үшін ақыретте есеп бар.Ал Құдайды дүниетанымнан алып тастасақ, бұл сұрақтарға қандай негіз ұсынамыз?“Қоғам солай шешті” десек қоғамның шешімі өзгерсе, мораль да өзгере ме?“Әркім өзі шешеді” десек онда зұлымдықты объективті түрде немен айыптаймыз?Ал әділетсіздік ше? Біреуді өмір бойы қинап, жазадан құтылып
Ali Saǵatuly
9 сент., 01:55
Үзінді: 💁🏻♂️: Әлем өздігінен пайда болды ма? Атеист: Иә. Әлем өздігінен пайда болды.💁🏻♂️Ғылым бойынша, әлемнің қазіргі күйі бигбәнг арқылы басталған дейді ғой? Атеист: Иә.🙆🏻♂️Онда бигбәнгке дейін не болды? Материя мен энергияның бастауы қандай еді. Атеист: Ғылым оған әлі нақты жауап берген жоқ. Тіпті “оған дейін не болды?” деген сұрақтың өзі мағынасыз.🤦🏻♂️Ендеше, ғылым оған жауап бере алмай тұрғанда, “әлем өздігінен пайда болды” деп қалай абсолютті тұжырым жасай аласың? Атеист: Сонда сенің жауабың қандай? Материя мен энергияны кім жаратты?💁🏻♂️Алла Тағала жаратты. Атеист: Ал Алланы кім жаратты?Міне, дау тағы да сол жерге қайтып келеді.
Ali Saǵatuly
9 сент., 01:35
Қорыта айтқанда, адамның қандай сенімді таңдайтыны оның жеке еркі. Құдайға сену немесе сенбеу, атеист, агностик, деист не тәңіршіл болу әркімнің өз таңдауы.Бірақ еркіндік деген - қалағаныңды айтып, өзгенің қасиетті дүниесін таптау деген сөз емес. Біреудің сенімімен келіспеуіңе болады, оны сынауыңа да болады. Алайда миллиардтаған мұсылман үшін қасиетті болған дінді әдейі мазақтау, кемсіту немесе қорлау – еркін ойдың көрінісі емес, қарапайым ғана құрметтің жоқтығы.Сенбесең сенбе. Бірақ сенбеуің өзгенің сенімін қорлауға себеп болмасын.
Ali Saǵatuly
9 сент., 01:26
P.S. Эфирде атеисттер тарапынан “Алхамдулиллаһ, кафирмін”, “Құдайсыз мұсылманмын” деген секілді күпірлік мазмұндағы сөздер айтылды. Өкініштісі, кей мұсылмандар бұған күліп, комментте смайлик жіберіп отырды. Адамның нақты үкімі - бөлек мәселе. Бірақ күпірлік сөзді ойын-сауыққа айналдыруға болмайды. Мұндай нәрсеге жеңіл қарау жүрек үшін қауіпті.
Ali Saǵatuly
9 сент., 01:22
Скрин видеоға жазған едім, сөйтсем ода өзімнің даусым жазылмаған екен
Ali Saǵatuly
9 сент., 01:16изменён
ТикТокта “Құдай жоқ” деген тақырыптағы эфирге кіріп, екі сағаттан аса қырылдық.Осыдан түйгенім - ақиқатты қабылдауға ниеті жоқ адаммен ұзақ таласып, өзіңді шаршатудың қажеті жоқ екен. Бір сарынды аргументтер қайта-қайта айтылады. Сөзіңді соңына дейін тыңдау жоқ. Логикалық тұрғыдан жауап берсең де, ішкі қарсылық оны қабылдауға мүмкіндік бермейді. Үш-төрт атеист бірігіп алып, бір мәселеге нақты жауапты естімей жатып, келесі тақырыпқа көшеді. “Тоқта, алдыңғы мәселеге жауап алдың ба?”тдесең, “Жақсы, түсінікті. Енді мынау ше?” деп басқа сұраққа секіріп кетеді. Сонда түсінгенім: мәселе көбіне дәлелде емес, адамның ақиқатты қабылдауға қаншалықты дайын екенінде екен. Жүрек қабылдамаса, ең мықты аргументтің өзі әсер етпеуі мүмкін. Сондықтан пікірталаста жеңу міндет емес екен. Тоқтай білсең сол хикмет сияқты.
Ali Saǵatuly
1 сент., 13:18

Ali Saǵatuly
1 сент., 13:17
Каир көшелері. Сіз елестеткендей ме, әлде мүлде басқа ма?)
Ali Saǵatuly
30 авг., 16:02
Ойланып қарасам, Имам әш-Шафиғидің رحمه الله бұл сөзінде үлкен мән бар екен.Адамның айыбы ауызға аларлықтай болмаса да, егер бойында жомарттық пен мәрттік жоқ болса, сараңдығының өзі оның кемшілік ретінде жетіп жатыр.Демек, адамды тек айыбының аздығы емес, мінезінің көркемдігі де көрікті етеді.
Ali Saǵatuly
30 авг., 16:00изменён
Имам әш-Шафиғи رحمه الله:“Жомарттық пен мәрттік – айыптарды жасыратын ең көркем перде”
Ali Saǵatuly
26 авг., 09:16
Бұрын азанды естіген адам: “Бұл не үн?” деп ізденіп, мешітке келіп, құлшылыққа келетін.Бүгін азан да, аят та, уағыз да күн сайын телефонда алдымыздан шығады. Бірақ құлшылыққа келуге сылтау іздейміз.Ақыретте енді: “Естімедім, білмедім” деп ақталатын не қалады?
Ali Saǵatuly
21 авг., 17:08изменён
Шарм Эль-Шейх қаласына демалуға келгендеріңіз болса хабарласыңыздар, елге кітаптарымды салып жіберейін, бір екеуден болса да) құжаты бар, кеденде кедергісіз өтеді😄
Ali Saǵatuly
21 авг., 08:13изменён
кеше жазғаным тиктоктағы резонанс болып жатқан өлімге қатысты видеоға жазылған екеналдымнан шықты
Ali Saǵatuly
19 авг., 08:54
“Ол өзгерсе, мен де өзгеретін едім” – нәпсінің логикасы.“Ол осындай болғандықтан, мен де осылай боламын” – шайтанның логикасы.“Мен ғана дұрысымын” – тәкәппарлықтың логикасы.“Кім кінәлі?” деп күресу – нәпсінің жеңісі.“Мен Алла үшін өз міндетімді орындаймын” – иманның логикасы.“Мен өзімді түзетемін, оған да жақсы болуы үшін дұға тілеймін” – салихалылықтың логикасы.
Ali Saǵatuly
19 авг., 08:37изменён
қазіргі кезде интернетте сондай жап-жақсы отбасының арасына теріс ой салып, азғырып, олардың бір-біріне деген көзқарасын сөзімен сәл де болсын өзгертіп жүрген шайтаннан болған адамдар бар. Сол адамдардың кесірінен бір отбасыға сәл де болса сызат түссе, оның осы дүниедегі де, қияметтегі де азабын елестетудің өзі қиын
Ali Saǵatuly
19 авг., 08:29
Әйелге күйеуін сыйлауды, еркекке әйеліне мейірім көрсетуді, екеуіне де сабыр, кешірім, жауапкершілік және ең бастысы бір-біріне Алланың берген аманаты екенін еске салатын дұрыс насихат жасау керек
