gram news
Аватар канала allateefqamuqtazhurek

allateefqamuqtazhurek

@allateefqamuqtazhurek

«إِنَّ رَبِّى لَطِيفٌ لِّمَا يَشَآءُ»✨ (12:100) 🍂 Umm.Khammad (Психолог - магистр) 🧡🧠 Сүннет. Нейропсихология. Қарым-қатынас. Әдеп 🤗 жекеге шығу @ummkhammad

ПроектыKKПсихология

1,620подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • 🍂 Әл-Ләтыфқа мұқтаж жүрек 🍂 pinned «Құл қаншалықты Аллаһқа жақын, Оның алдында абыройлы, құнды болса, соншалықты тәрбие, ескерту, жұмсақ жазалар алуы жылдам әрі айқын болады. Бір ғана әдепсіз сөз айтып қалуы мүмкін, бір ғана ым көрсетіп қалуы мүмкін қабағымен не бір сәтке ғапылдыққа түсіп қалуы…»

    22 сент., 16:49

  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 14:06

    إِن تَمْسَسْكُمْ حَسَنَةٌ تَسُؤْهُمْ وَإِن تُصِبْكُمْ سَيِّئَةٌ يَفْرَحُوا۟ بِهَا ۖ وَإِن تَصْبِرُوا۟ وَتَتَّقُوا۟ لَا يَضُرُّكُمْ كَيْدُهُمْ شَيْـًٔا ۗ إِنَّ ٱللَّهَ بِمَا يَعْمَلُونَ مُحِيطٌЕгер сендер қандай да бір жақсылыққа кенелсеңдер, бұл олардың көңіліне қаяу түсіреді. Ал бастарыңа қандай да бір жамандық келсе, онда олар мәз болып, қуанады. Егер сабырлылық танытсаңдар және (хақ жолдан ауытқымай) тақуалық шеңберінен шықпай әрекет ететін болсаңдар, олардың қулық-сұмдығы мен құрған тұзақтарының сендерге ешқандай да зияны тимейді. Шүбәсіз, Аллаһ олардың істеп жүрген істеріне (шексіз ілімі һәм құдіретімен) құрсау салушы (яғни олардың не істеп, не қойып жүргендерін толық біледі әрі сол істерінің қарымын қайтарады).(«Әли Имран» сүресі 3:120)
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 14:02

    وَمَا يَفْعَلُوا۟ مِنْ خَيْرٍ فَلَن يُكْفَرُوهُ ۗ وَٱللَّهُ عَلِيمٌۢ بِٱلْمُتَّقِينَОлар қандай жақсылық істесе де, (Аллаһтың құзырында) еңбектері еш кетпейді. Аллаһ Өзіне қарсы келіп, асы болудан барынша сақтанған, Өзін лайықты деңгейде, тиісінше ұлықтайтын тақуа жандарды жақсы біледі.(«Әли Имран» сүресі 3:115)
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 14:02

    يُؤْمِنُونَ بِٱللَّهِ وَٱلْيَوْمِ ٱلْءَاخِرِ وَيَأْمُرُونَ بِٱلْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْمُنكَرِ وَيُسَٰرِعُونَ فِى ٱلْخَيْرَٰتِ وَأُو۟لَٰٓئِكَ مِنَ ٱلصَّٰلِحِينَОлар Аллаһқа һәм ақирет күніне кәміл сенеді һәм (ел-жұртты) жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тыюға тырысады. Сондай-ақ қайырлы, игілікті істерде бір-бірімен жарысады. Міне, солар ізгі жандардың қатарында.(«Әли Имран» сүресі 3:114)
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 13:45

    وَلِلَّهِ مَا فِى ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَمَا فِى ٱلْأَرْضِ ۚ وَإِلَى ٱللَّهِ تُرْجَعُ ٱلْأُمُورُКүллі аспан әлемі мен жердегінің бәрі бір Аллаһқа тиесілі. Сондай-ақ барлық істер нәтижеде Аллаһтың алдына барады, сөйтіп, Ол қай іске қандай үкім шығарса, сол болады.(«Әли Имран» сүресі 3:109)
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 12:25

    #АллаһЕлшісі
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 11:44

    قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ ٱللَّهَ فَٱتَّبِعُونِى يُحْبِبْكُمُ ٱللَّهُ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ ۗ وَٱللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ(Уа, Мұхаммед! Адамдарға): «Егер Аллаһты (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Аллаһ тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Аллаһ – Ғафур (құлдары қанша жерден ауыр күнәға батса да, тәубелеріне келген жағдайда өте кешірімді), Рахим (әсіресе мүмін құлдарына ерекше мейірімді).(«Әли Имран» сүресі 3:31)
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 11:43

    لَّقَدْ كَانَ لَكُمْ فِى رَسُولِ ٱللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ لِّمَن كَانَ يَرْجُوا۟ ٱللَّهَ وَٱلْيَوْمَ ٱلْءَاخِرَ وَذَكَرَ ٱللَّهَ كَثِيرًاШүбәсіз, Аллаһ елшісінде сендер үшін әрі Аллаһқа және ақирет күніне бар үмітін артқан (Аллаһты және ақирет күнін жан-тәнімен қалайтын) һәм Аллаһты көп еске алып, Оған көп құлшылық ететіндер үшін қай жағынан алсақ та, теңдессіз үлгі-өнеге бар.(«Ахзаб» сүресі 33:21)
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 11:42

    لَقَدْ جَآءَكُمْ رَسُولٌ مِّنْ أَنفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُم بِٱلْمُؤْمِنِينَ رَءُوفٌ رَّحِيمٌСендерге өз араларыңнан (яғни, араларыңда туып өскен) хақ пайғамбар келді. (Оның сендерге жанашырлығы соншалық – азапқа немесе қиын жағдайға душар болғандарың былай тұрсын), тіпті болмашы бір қиындыққа тап болғандарыңның өзі оған өте ауыр тиіп, жанына қатты батады. Ол сендерге тым ынтық, өте ынтызар (болғандықтан сендер үшін қатты қорқады, сендерді ойлап көп уайым жейді). Ол мүміндерге сондай жанашыр, өте мейірімді.(«Тәубе» сүресі 9:128)
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 11:41

    Ол 🌱 сондай Қамқор🧡
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 11:40

    Жәй ғана ойлаңызшы кез келген жағдайда, Аллаһ Елшісі 🌱 не істер еді, сүннеті бойынша қалай? Ол не деп насихаттап еді? Бәрі жеңілдеп кетеді…🧡#АллаһЕлшісі
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 11:40

    Аллаһ Елшісі 🌱 жайлы ойлау, оқу, қайталау, сүннетін еске алу, амал ету және салауат айту – жан дүниемізге сондай рахат сыйлайтын, өмірімізді жеңілдетіп, әдемі түстерге бөлейтін үлкен нығметтер….🧡✨Аллаһқа сансыз шүкір…🧡🧡🧡🧡🧡#АллаһЕлшісі
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 11:38изменён

    🥹«так они поняли то, что раньше не приходило им в голову: за каждое дозволенное наслаждение человек получает награду и воздаяние – благодаря благим последствиям, которые оно несет»🥹«Посланник Аллаха 🌱 отвечал каждому на вопрос его так, что это успокаивало его душу»🥹«Он 🌱 шутил, чтобы и люди могли шутить, потому что нам велено следовать его примеру»#АллаһЕлшісі
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 11:36

  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 05:40

  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 05:35

    تِلْكَ ءَايَٰتُ ٱللَّهِ نَتْلُوهَا عَلَيْكَ بِٱلْحَقِّ ۗ وَمَا ٱللَّهُ يُرِيدُ ظُلْمًا لِّلْعَٰلَمِينَМіне, бұлар – Аллаһтың аяттары. Біз оларды саған титтей де күмән араластырмай ақиқаттың нақ өзі ретінде оқып берудеміз. Аллаһ бірде-бір жаратылысқа, ешкімге қиянат жасауды қаламайды.(«Әли Имран» сүресі 3:108)
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 05:34

    وَلْتَكُن مِّنكُمْ أُمَّةٌ يَدْعُونَ إِلَى ٱلْخَيْرِ وَيَأْمُرُونَ بِٱلْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ ٱلْمُنكَرِ ۚ وَأُو۟لَٰٓئِكَ هُمُ ٱلْمُفْلِحُونَ(Уа, мүміндер!) Араларыңда (ел-жұртты) ізгілікке шақырып, жақсылықты бұйыратын һәм жамандықтан тыятын бір қауым болсын. Міне, солар – (екі дүниеде де) азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткендер.(«Әли Имран» сүресі 3:104)
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 04:52

    переслано из @allateefqamuqtazhurek

    Аллаһ сендерге ауыртпалық артқысы келмейді. Керісінше, шүкіршілік етерсіңдер деп, сендерді тәндік һәм рухани кірлерден тазартуды және өздеріңе берер нығметін тамамдауды (хақ дінді бүге-шігесіне дейін баяндап, толық түсіруді) қалайды.(«Мәида» сүресі 5:6)
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 04:52

    переслано из @allateefqamuqtazhurek

    адалмын деген құл да Аллаһтың ісінен кемшілік көрмеу керек, тек Махаббатын көру керек, жіберетін нығметтерінен де, бәлелерінен де.#насихат #тақуалық
  • allateefqamuqtazhurek

    22 сент., 04:52

    переслано из @allateefqamuqtazhurek

    сол кезде әлгі адам ренжісе орынды ма? орынсыз✨мен оған махаббатымды солай көрсетіп жатсам, қуану керек емес пе, ренжімей.#насихат #тақуалық