Последние посты

Aman world
17 сент., 14:44изменён
[SOLD] Macbook Air 2021 сатылады.- M1 chip - 256GB SSD - батарея maximum capacity 86% - 16GB RAM - Әдейілеп программалауға арнап RAM upgrade жасағанмын. Анша-мұнша кодинг нәрселерге жетеді.Сату себебі: Мен басында бұл лаптопты жұбайыма арнап алғанмын, программалауды үйренсін деп. Бір шама html, css, js, react меңгеріп те қалып еді артынан бала жоспарлар өзгеріп, блогерлікке ауысып кетті. Басында 6-7 ай кодингқа қолданылып, одан соң 3-4 жылдай қолданыссыз жатты. Енді жұбайым влогтарының видеоларын(4K video) монтаж жасауға GPU күші сәл жетіңкіремей тұр. Апгрейд жасау мақсатында сатылып жатыр. Білмейтіндерге - жұбайымның инстасы (238k оқырман)Бағасы 290к тг.
Aman world
4 сент., 09:03
Хакатонның футболкасын киіп көру есімнен шығып кетіпті 😁


Aman world
3 сент., 07:08
Бұйырса 1-2 аптада осы кітапты бастаймын.


Aman world
27 авг., 08:15
BigTech-қа дайындалып жүрсің, бірақ бағыт пен қолдау жетпей ме?Electi, бұл FAANG пен ірі компаниялардың сұхбаттарына дайындалуға арналған платформа. Бұл нәтиже беретін жүйелі бағдар: аптасына 10–15 сағат, 6–12 ай жұмыс істеуге дайын адамдарға арналған.Миддлдарға арналған - Accelerator: - FAANG-тен ментормен 1:1 қолдау; - Жеке оқу жоспары; - 6 айдан кейін deployment кезеңі: тікелей рефералдар, сұхбат жаттығулары және жалақы жөніндегі келіссөздерге көмек.Джундарға арналған - Foundation: - 8 адамнан аспайтын шағын топтар; - Прогресті бақылау; - Accelerator-ға жедел өту мүмкіндігі.👉 Дайындықты бастау 📲 Telegram арнамыз: https://t.me/Electi_BigTech


Aman world
20 авг., 13:29
Осындай тегін нәрселерді жаным сүйеді бар ғой ше. Хакатонға қатысқаным үшін футболка, стикерлер, қалам т.б. Күшті мә? 😅


Aman world
9 авг., 16:20
Google-да жүргеніме 7 жыл. Құттықтап қойсаңыздар болады 🤖


Aman world
6 июл., 14:54
Прайм эраКүне кеше туған күнім өтті. Жасым 35ке де келіп жетті.Сыйлыққа Tumi рюкзак; Сиыр терісінен жасаған сет; Телеграм премиум берді.Инстаграмға құттықтағысы келетіндер болса каспиге жіберсе болады деп сторис салғанмын. Ол жақтан 2884тг жиналды 3 адамнан (1-ін ғана танимын). Бұл ақшаға амазоннан онлайн кітап алып оқимын деп шештім.Әлі інімнен meta ray ban очки жолда келе жатыр 😎Қызым мен ұлымнан: кола, протеин батончик, зонтик алдым.Биылғы туған күнімде өзімді ерекше күшті сезініп жүрдім. Бірінші рет бұндай көп сыйлық алуым шығар 😅Құттықтап жазған баршаңызға көп-көп рахмет! Аман болыңыздар!




Aman world
23 июн., 07:59изменён
Big Tech дайындықBigTech сұхбатына дайындалу туралы көп ешкім айтпайтын нәрсені айтайын.LeetCode, System Design, структуралы дайындық - оның бәрі дұрыс. Бірақ неге кейбіреулер 4 жыл дайындалып, сол күі кіре алмай кетеді, ал кейбіреулер 6-ақ айда арманына жетеді?Мен Google-да жүріп мұндай адамдарды көп көрдім. Байқағаным дұрыс ортасы, менторы барлар, прогресті әлдеқайда жылдам жасайды. Кейде айырмашылық 10х дейін жетеді.Electi - осы принципен жұмыс істейді. FAANG-тегі ментор, сенің әлсіз тұстарыңды тауып, қажетіңе сай жеке жоспар жасап, нәтижеге дейін бірге жүреді.Тағы бір нәрсе, қазір AI-дың арқасында бәсекелестік бұрынғыдан да күшейгені айдан анық. Қазірге заманда орташа дайындалу жеткіліксіз. Сол себепті платформадағы AI сенің дамуыңды үздіксіз қадағалап, қажетті деңгейге жетуге кедергі келтіретін әлсіз тұстарды өзі тауып беріп отырады.Electi - аптасына 10-15 сағат жұмсай
Aman world
22 мая, 19:01
Осыдан 2 жыл бұрын тура Жаңа Жылдың 1ші Қаңтарынан бастап duolingo-ны тастаған едім. Әйтпесе 460 күн стрик жасап қойған едім. Былайша қарасаң 1.5ж үзбей күнде 5 минуттан неміс тілі жаттығу жасап жүру мидың біраз назарын алып қояды.Соңында пайдасы жоқ екен деп түйіндеп - дуоны тастадым. Орнына кәдімгі курсқа жазылып, бір жазда жақсылап оқып шықтым. Кейде энергия жейтін нәрселерден арылған дұрыс.Ал қазір болса сол энергиямды алып жүрген нәрсенің бірі Инстаграм және телеграм каналдарым болып тұр. Ойланып жүрмін...Солай, достар...
Aman world
20 мая, 12:34изменён
Карпаты атамыз Антропикке жұмысқа кіріп жатыр екен.Ал біз ше? Не істейміз? Қайтадан есеп шығарып, систем дизайн қайталап бастаймыз ба? 😅


Aman world
19 мая, 09:20изменён
"Қазір крутой көлікпен емес, жұмысқа веломен барып келетініңмен флексить ететін заман" - деп баяғыда бір дана кісі айтқан екен 😅10км ары, 10км кері. 180м элевейшн. Жай жұмысқа барып келгеніңнің өзі тегін кардио 😅. Бүгін оған қоса джимға барсам артық болып кетер иә?)


Aman world
19 мая, 07:20
Інімнің Америкадан сыйлық қылып салып жіберген Influence кітабын оқып жүрмін. Әрбір адам оқу керек кітап. жазылғандары өмірде қолданысы көп болатыны анық. Психология, социолоция тақырыптарында жазылған.Әрбір таңым кофе + кітап басталады. Таң азанымен бұл да бір біткен тірлік. Бүгінгі күнім, таңнан бастап, зая кетпеді деген сезім береді. Күнде ең болмағанда 0.0001% дамып жүргісі келетін адам үшін әжептеуір дофамин. Ары қарай күні бойы дым бітірмесем де ең болмағанда аз да болсын білім алынды 😅


Aman world
18 мая, 14:00изменён
Гуглдың акция бағасы алғаш рет $400дан асқан жайы бар 🎉🎉🎉Акция бағасы өссе мұнда біз бір шала байып қаламыз :)Каналға тек гуглға қатысты немесе IT қатысты нәрселерді ғана жазамын. Каналдың қамтитын тақырыптарының спектрін арттыру керек екен деп отырмын. Финансы, спорт (+кибер), отбасы, арман-мақсаттарым т.с.с.Әлде тек IT/Google қатысты болып қала берсін ба?


Aman world
15 мая, 10:23
Швейцарияда тұрсаң осындай көрініспен көлігіңе жанармай құйып жүресің 😅


Aman world
6 апр., 14:05
Дижитал Қазақстан қорытындысы.Өзім Шымкенттен болғандықтан ба, әйтеуір, қолдауды өте қатты сездім.Барлығы 6к адам келіпті.- 300+ рет адамдармен фотоға түсіп үлгердім. - 80+ шақты сторис тэг жасалдым. - мені бір олимпиада чемпионына теңеп, қолтаңбамды сұраған кісі де болды. Тілегімді жазып оны да бердім. - біраз адамдармен таныстым - мен сөйлеген холлға адамдар сыймай корридордан тыңдап тұрғандар да көп болды (кіші зал беріп қойыпты ұйымдастырушылар)Кейноут спич тақырыбы: Future of Software Engineering болды. Адамдарға қызық болдып деп ойлаймын. Артынан жақсы пікірлер көптеп келді.Ең есте қалғаны: "рұқсат болса мен қазақша жауап берсем" - деп едім зал қолпаштап шапалақ ұрып кетті 😅Қысқасы, өзіме қатты ұнады. Адамдардың мотивация алғанынан өзім де мықты зарыд алып қайттым.Фотоға түстім, қолтаңба бердім, енді ауызға түкіріп, тұсау кесу ғана қалып тұры екен 😅😁

Aman world
6 апр., 12:48изменён
Айтпақшы, алдын бір проектіде молодец болғаным үшін, 1 апта алдын, $1500 бонус берген. Кеше қарасам тағы $600 бонус беріпті. Бұл басқа проектімде молодец болғаным үшін 😅 Өзіме не алсам болады деп ары ойланып бері ойланып ойыма ешнәрсе келмеді. Так что
Aman world
1 апр., 09:18
АйтпақшыКезінде prince777@gmail.com, machomen666@gmail.com, vipkazakh91@gmail.com деген сияқты адрестеріңізді ауыстыран уақыт келді. Бұдан былай gmail адрестеріңізді ауыстырамын десеңіздер мархаба.Instructions
Aman world
26 мар., 10:14
Қайырлы күн, достар!Дәл қазір Шымкентте жүрмін. Digital Qazakhstan форумына, арнайылап, ат терлетіп, сонау Швейцариядан келіп қалған жайымыз бар.Бұйырса ертең 3 ивентке қасымын. Мені көріп-тыңдағыларыңыз келсе:1) 16:00 - 17:00 - Qyzgaldak Hall, панельдік сессияда. Shymkent Heroes. 2) 17:00 - 18:00 - Urpak hall, Future of Software Engineering презентация + Q&A болады. 3) 18:00 - 19:00 - Qyzgaldak Hall, панельндік сессия - Digital Nomads.Жалпы сол жерде бастан аяқ жүремін, келе беріңіздер.
Aman world
5 мар., 16:11

Aman world
3 мар., 16:11изменён
Digital KazakhstanМені спикер ретінде шақырып жатыр. Бұйырса 27 наурыз күні сонда барып сөз сөйлеймін. Келіңіздер, менен де басқа спикерлер болады. Қызық болады. Ивент Шымкентте өтеді.Digital Kazakhstan сайты
