Последние посты

Аqshamnews.kz
19 сент., 10:08
переслано из @aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатыстыМемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Президент саябағының аумағында ағаш екті.t.me/aqorda_resmi
Аqshamnews.kz
14 сент., 15:58

Аqshamnews.kz
13 сент., 13:24
переслано из @aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауыҚымбатты отандастар!Отбасы күні құтты болсын!Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт. Әр азаматтың дүниетанымы, адами қасиеттері қастерлі қара шаңырағында қалыптасады. Ана жүрегінің жылуы мен әкенің өрісті өнегесі әр адамды биік мақсаттарға жетелейді. Үлкендердің даналығы мен парасат-пайымы жастарға өмірлік бағдар болады, жанашыр жандардың қолдауы әрдайым күш-қуат береді. Осылайша, біз салт-дәстүріміз бен төл құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың мәдени діңгегін және рухани тұтастығын нығайтып келеміз.1 шілде күні заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекеттің қорғауында болады. Конституцияда балалардың құқығын, әйел мен ананың отбасындағы
Аqshamnews.kz
7 сент., 12:18
😍 Алматыда салынып жатқан стадион қандай болмақ? Видео 👇https://www.instagram.com/p/Dc_DFoJK7W8/?hl=ru
Аqshamnews.kz
4 сент., 13:29
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстан Республикасының бастамасымен әзірленген «Халықаралық планетаны көгалдандыру күні» қарарын қабылдап, 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады.Халықаралық күнді белгілеу туралы бастаманы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының жалпы пікірталастары барысында ұсынған болатын.Қарарға әлемнің түрлі өңірлерін білдіретін 32 мемлекет тең автор болды.Халықаралық күннің белгіленуі Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, аумақтарды абаттандыруға және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының мақсаттарымен үндеседі.
Аqshamnews.kz
26 авг., 04:40
🇰🇿 ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ СЕССИЯСЫ 28 ТАМЫЗДА ӨТЕДІПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы бірінші шақырылымдағы Құрылтайының алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.Құрылтайдың алғашқы отырысы 28 тамызда Астанада өтеді. Сессия сағат 11:00-де басталады.Бұл – жаңадан сайланған Құрылтай депутаттарының алғашқы сессиясы.
Аqshamnews.kz
23 авг., 05:50
Орталық Қазақстандағы «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерватының «Әліби» реинтродукциялау орталығында Пржевальский жылқысының алғашқы құлыны дүниеге келді.Құлын 22 тамызда туған. Еркек құлын дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай аяғына тұрып, енесінің соңынан еріп, сүт еме бастаған. Мамандардың айтуынша, екеуінің де жағдайы жақсы.Құлынның анасы – 2024 жылы Берлин Тирпаркінен Қазақстанға әкелінген жеті жасар Тесса. Бұл – оның алғашқы төлі.Пржевальский жылқысын Қазақстанға қайтару бағдарламасы 2024 жылы басталған. Алғашқы төлдің дүниеге келуі жануарлардың қазақ даласына сәтті бейімделіп жатқанын көрсетеді.Бағдарламаның негізгі мақсаты – табиғи ортада өздігінен көбейетін тұрақты Пржевальский жылқысы популяциясын қалыптастыру.
Аqshamnews.kz
22 авг., 10:56

Аqshamnews.kz
22 авг., 10:54

Аqshamnews.kz
21 авг., 16:23
Алматының мәдениет, ғылым, бизнес, спорт және жастар қауымдастығы қала тұрғындарын 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының сайлауына белсенді қатысуға шақырды.Президент үндеуін қолдаған қоғам өкілдері сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі екенін атап өтті.Үндеуге ғалымдар, кәсіпкерлер, спортшылар, ардагерлер, құрылысшылар, қоғамдық көлік жүргізушілері, курьерлер, шағын бизнес өкілдері мен жастар қосылды.23 тамыз – таңдау күні. Әр дауыс маңызды. Алматы өз таңдауын жасайды.
Аqshamnews.kz
21 авг., 15:07
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жексенбіде өтетін жаңа бірпалаталы Құрылтайдың алғашқы сайлауына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.«Алдағы жексенбі ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт болады. Біз Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңге қадам басамыз. Осындай тағдыршешті сәтте әр адамның дауысы маңызды», – деді Президент.Мемлекет басшысы Құрылтай ел жаңғыруына тың серпін беріп, Қазақстанды әлемдегі озық мемлекеттердің қатарына қосуға қызмет етуге тиіс екенін айтты.
Аqshamnews.kz
20 авг., 10:45изменён
⚡ Ұлдана Мырзуанның түскен 20 млн теңге қайда жұмсалғанын айттыАстанада Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотта оның күйеуі Әділет Зейнел жауап берді.Оның айтуынша, әйелін жерлегеннен кейін Ұлдананың әпкесімен бірге әкімдікке шақырылған. Сол кездесуде аты-жөні есінде жоқ мәслихат депутаты оларға 20 млн теңгені қолма-қол берген.Әділет Зейнел бұл қаржының бір бөлігі несиелерді өтеуге жұмсалғанын айтты.«9 млн 200 мың теңгені көлік несиесіне жұмсадық, 4 млн 500 мың теңгені Ұлдананың анасына бердік. Қалғаны құдайы тамақ пен басқа да шығындарға кетті», — деді ол.Сондай-ақ, жерлеу рәсімін ұйымдастыру мен оның шығындарын Ұлдана жұмыс істеген жедел жәрдем қосалқы станциясы мен басшылығы өз мойнына алған.Telegram Instagram Threads TokTok 💬
Аqshamnews.kz
20 авг., 10:41
😔 «Қалжың деп ойладым». Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі сотта қайғылы күнді еске алдыҰлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта қайғылы жағдай болған күнді еске алды. Оның айтынша, сол күні ерлі-зайыпты Қосшыдан Астанаға жұмысқа бірге шыққан. Ұлдана жедел жәрдем бригадасында, ал Әділет бірінші қалалық ауруханада кезекшілікте болған. Кейін Әділетке әйелінің осы аурухананың қабылдау бөлімінде жатқаны хабарланған.«Төменге түсіп, оны тануымды өтінді. Қалжың деп ойладым», — деді ол.Қабылдау бөліміне түскен Әділет зардап шеккен адамның өз әйелі екенін таныған. Оның сөзінше, Ұлдана ес-түзсіз, қан-жоса күйде жатқан.Іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы - «Міндеттерге адал қарамау» бойынша қаралып жатыр.Telegram Instagram Threads TokTok 💬
Аqshamnews.kz
19 авг., 13:04
🏠 Алматыда жатақханадан орын бұйырмаса, студент қайда жүгінуі керек?📍 Қалалық ахуалдық орталық Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Бөгенбай батыр көшесі, 142 📞 Колл-орталық: +7 700 950 95 28Студент өз университетіндегі ахуалдық орталыққа да хабарласа алады.☎️ Студенттік омбудсмен: +7 777 761 81 33 (Айболат)Егер ЖОО жатақханасында орын болмаса, студентке әкімдікпен келісімшарт жасасқан хостел немесе қонақүйден орын ұсынылуы мүмкін.Бірінші курс студенттері не басымдық берілгенімен, жоғары курс студенттерінің де жатақханаға берген өтініші қаралуға тиіс.💰 Жатақхана бағасы қандай?Мемлекеттік және ұлттық ЖОО жатақханаларында тұру құны айына шамамен 25 мың теңгеден басталады. Жекеменшік жатақханаларда баға 30–40 мың теңгеден 90 мың теңгеге дейін және одан да жоғары болуы мүмкін.Бұл ақпаратты Алматыда оқитын студенттерге жіберіп қойыңыздар.
Аqshamnews.kz
19 авг., 10:32изменён
😱 Криштиану Роналду Ташкентке келуі мүмкінӘлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду биыл күзде Өзбекстан астанасында өнер көрсетуі ықтимал.⚽ Роналду ойнайтын Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы АФК элиталық Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Ташкентте жергілікті командамен кездеседі. Матчтің нақты күні әзірге белгіленген жоқ. Сондай-ақ, Роналдудың бұл ойынға қатысатыны да әлі нақтыланбаған.Криш Өзбекстанға барса, матчке билет алар ма едіңіз?Telegram Instagram Threads TokTok 💬
Аqshamnews.kz
17 авг., 11:24
📱 Аида Балаева: министрлік журналистер мен блогерлердің аккаунттарын бұғаттамайдыПремьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сайлау науқаны кезінде БАҚ пен блогерлерге шектеу қойылып жатыр деген ақпаратқа жауап берді.Оның айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігінің әлеуметтік желідегі журналистер мен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға қатысы жоқ. Мемлекет сөз бен пікір еркіндігін шектеуге мүдделі емес.Сонымен қатар, Балаева сөз бостандығы заңсыз контент таратуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Оның айтуынша, лауазымы, кәсібі, танымалдығы немесе оқырмандарының саны ешкімді жауапкершіліктен босатпайды.💬 «Заң алдында лауазымына, мәртебесіне, кәсібіне, қоғамдағы танымалдығына немесе әлеуметтік желідегі жазылушыларының санына қарамастан бәрі тең», – деді Балаева.Сіз бұл туралы не дейсіз?Telegram Instagram Threads TokTok 💬
Аqshamnews.kz
17 авг., 10:54
🚗 Бақытжан Базарбек адам қағып кеткен бе?Кеше әлеуметтік желіде Мәжілістің бұрынғы депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында жол бойында тұрған ер адамды көлікпен қағып кетті деген ақпарат тарады.Кейін полиция оқиғаға қатысты пікір білдіріп, Toyota көлігін басқарған Б. есімді жүргізуші 36 жастағы ер адамды қағып кеткенін мәлімдеді. Зардап шеккен азамат аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.Ал бүгін Бақытжан Базарбек алғаш рет пікір білдірді. Ол өзі мен әйелі тергеу деректерін жария етпеу туралы қолхат бергенін, сондықтан әлеуметтік желідегі түрлі болжамдарға жауап бере алмайтынын айтты.Оның сөзінше, қазір қажет сараптамалар жүргізіліп жатыр. Базарбек отбасы зардап шеккен азаматтың жақындарымен бірге болып, оның сауығып кетуін тілеп жүргенін де айтты.💬 «Баршаңызды асығыс қорытынды жасамауға және тек ресми ақпарат пен тергеу
Аqshamnews.kz
13 авг., 12:50изменён
⚡️Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот үкімі шықты21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деп айыпталған 28 жастағы Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды.Оған аса қатыгездікпен адам өлтіру, некеге тұруға мәжбүрлеу және сталкинг баптары бойынша айып тағылған.Тергеу мәліметінше, 2025 жылы ер адам Нұрайды Алматыда алып қашып, некеге тұруға мәжбүрлемек болған. Кейін қызды аңдып, бірнеше күн ішінде оған шамамен 154 рет қоңырау шалған.2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкентте Нұрайдың ата-анасының үйі маңында оған 35 жерінен пышақ жарақатын салған. Қыз оқиға орнында көз жұмды.
Аqshamnews.kz
13 авг., 12:37
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінде Құрылтай сайлауына қатысты Конституция нормалары талқыландыАлматыда қала Қоғамдық кеңесінің Құрылтайға алдағы сайлауға арналған жалпы отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшесі Дмитрий Лактюшин сайлау процесінің және азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының маңызын атап өтті.
Аqshamnews.kz
11 авг., 06:53
