Последние посты

jomartian
7 сент., 13:06
Бұрын Dope Soz соло форматын жазушы едік. Соңғы рет 2 жыл бұрын жазыппыз🫣Қонақ шақырмай, екеуіміз ғана отырып, өмірді, қоғамдағы өзгерістерді, айналамызда болып жатқан түрлі құбылыстарды өзімізше талқылайтын шығарылымдар болған еді бұрын.Шынымды айтсам, сол форматты сағыныппын. Мұндай шығарылымдар қонақты подкасттар сияқты көп қаралым жинамайды. Бірақ бойымызға жан беріп отыратын формат қой. Еркін сөйлесіп, ойымызды ортаға салып, кейде ешқандай нақты қорытындыға келмей-ақ тарқап кететінбіз.Қазір ойланып отырсам, бәлкім, подкаст жасағанда бәрін бірдей қаралыммен өлшей бермеу керек шығар. Кейбір дүниелер аудиторияға емес, өзіңе керек болады.Сізге соло эпизодтар өтетін бе еді өзі?
jomartian
7 сент., 06:47
Алматыда жүргенде нағыз FOMO болған. Бәрі Әлемнің roasting-і мықты болғанын айта берді. You had to be there деп ішімді күйдірді. Әйтеуір шығып бір жыртылып алдым.(Мына постты мультилингуал Алмаз Мержакыпов жазған жоқ)https://youtu.be/a1cDRMDe83I?si=Czjxpiq2PHT3PPJiYouTubeОТТАУ ALEM | ҚАЗАҚША ПРОЖАРКА | CENTRAL QAZAQSHA STANDUPСенің бірыңғай фитнес-абонементің: 1000+ зал мен 100+ бағыт күтіп тұр. https://1fit.app ÄLEM COMEDY FEST - 16-20 қыркүйек аралығында Алматының қақ ортасында өтетін 5 күндік комедия фестивалі! Фестиваль билеттерін төмендегі сілтеме арқылы сатып алыңыз: h…
jomartian
6 сент., 15:07
Бүгін әлем нарығын дүр сілкіндірген жаңалықты естіген шығарсыз. Мән-жайын білгіңіз келсе уэлком.
jomartian
27 авг., 15:49
YEштен кеш жақсыhttps://youtu.be/R0Q9_SK3_NoYouTubeYE LIVE AT ALMATY / VLOGЕстен кетпес кеш YE LIVE AT ALMATY 15.08.2026 Мен әлжеліде: Instagram – https://www.instagram.com/aralbaiuly/ Telegram – https://t.me/aralbaiuly
jomartian
19 авг., 13:17
Айтпақшы, “Қудыртуға” қатыстым. Алғаш рет басқа жобаға шығып көргенім осы😅 Тамашалаңыз!https://youtu.be/mcYIYYGuJqk?si=zKV7P9DmL-jXc8GH
jomartian
15 авг., 13:52
Дұрыстапты🌝
jomartian
13 авг., 14:30

jomartian
13 авг., 11:25

jomartian
12 авг., 06:14
Кім барайын деп жатыр?Баратын болсаңдар, шамамен осы сет-лист боладыБарып, маңырап отырмайық👀
jomartian
23 июл., 16:02
Ноланның «Одиссеясын» көрдім. Бұл фильм де режиссердің шығармашылығына тән тақырыптарды жалғастырады: уақыт, тағдыр, кінә сезімі және үйге оралу.P.S. Мэтт Дэймонмен ешқашан бірге сапарға шықпаңыз. Оның кейіпкерлері үйіне уақытында жете алмайды.Толық ойым мында
jomartian
21 июл., 08:18
Ыстанбұл мен Тбилисиге бармағаныма аз-мұз өкінгенім рас😆 бірақ 2 айдан соң, Қанекенің өзі Алматыға келіп тұрса, қалай бармайсың🌎
jomartian
17 июл., 16:01
Канье деп қылқылдап қоймадым ғой🗿Сонымен, Канье мен Қайрошті не байланыстырады?
jomartian
17 июл., 12:54
Ye Қазақстанға келмесе:
jomartian
17 июл., 08:52
Кешір, бірдеңке дедің бе?
jomartian
8 июл., 12:23
Жыл сайын өтетін OYUFest-ке бұл жолы мен де өз үлесімді қостым. Ауқымды жобаның артында қандай еңбек пен дайындық тұрғанын, әншілерден бөлек фестиваль вайбын жасайтын жандардың кім екенін осы backstage видеодан тамашалай аласыздар.YouTubeOYUFEST 2026 қалай өтті?Жыл сайын өтетін OYUFest-ке бұл жолы мен де өз үлесімді қостым. Ауқымды жобаның артында қандай еңбек пен дайындық тұрғанын, әншілерден бөлек фестиваль вайбын жасайтын жандардың кім екенін осы backstage видеодан тамашалай аласыздар. Осы сәттерді жіберіп алмай…
jomartian
6 июл., 07:44
OYUFest 2026 естелікҰйымдастыру, қауіпсіздік, тазалық, инклюзия жағынан жоғары деңгейде өтті
jomartian
3 июл., 06:16
IT саласынан алыс болсам да, @qazcard арнасының авторы Данияр Мұқанов арқылы хабардар боп отырамын (жарнама емес)
jomartian
26 июн., 16:18
Биыл қарашада GTA VI шығатын болған соң, соған байланысты бейне шығарған едім. Соны көрген досымның маған жазғаны:Менің GTA-мен танысуым 2001 ж. басталды. Ата-анам мені компьютерлік клубқа үш-төрт сағатқа апарып тастағанда GTA III-ті тойғанша ойнап алатын едім. Мобильді телефоным да жоқ, ата-анам мені белгілі уақытта қайтадан үйге алып кетеді. Өйткені ол заманда мобильді телефон деген байлық тек Билл Гейтс пен Назарбаевта ғана болатын, 2003 ж. үйде компьютер пайда болған соң 350 тенгеге орыс пираттары жазған GTA Vice City дискісін сатып алып, ойынды соңына дейін өтіп шықтым. Сыныптастарымызбен ойынды мектепте күнде талқылайтын едік. Кейде бір-бірімізбен стационар телефонмен сөйлесіп отырып ойнайтын едік: “Мен кішкентай Гайтиде Дьябломен айдап келемін”, “Лэнс сатқын болып шыққаны өкінішті-ақ”-деп. Бір қызығы кейбір достарым ол кезде GTA Vice City-ді ол GTA III-тен соң шыққаны үшін GTA
jomartian
22 июн., 16:55
Бейбіт мырзамен келісетін адам аз емес екен. Неліктен бұл таза манипуляция екенін тамашалаңыз
jomartian
22 июн., 10:26
OYUFest сыйлық қорабы келді. Жұбайым мынаған құда түсіп қойды😆4-5 шілдеде кім барады?
