gram news
Аватар канала Atameken Business - Жаңалықтар

Atameken Business - Жаңалықтар

@atamekenbusiness_qaz

Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна. Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз. Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

ПроектыUKБизнес и маркетингПодтверждён Telegram

19,500подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • Atameken Business - Жаңалықтар

    23 сент., 12:08

    iPhone-18 смартфонымен байланысты жаңа алаяқтық схема пайда болдыБас прокуратура iPhone 18 смартфонына алдын ала тапсырыс беру және одан бас тарту түріндегі жаңа алаяқтық схемалар пайда болғанын хабарлады.❗️Бірінші жағдайда алаяқтар Apple компаниясының атынан iPhone 18 смартфонына алдын ала тапсырыс берілгені туралы жалған хабарлама жібереді. Бас тарту үшін «қолдау қызметіне» қоңырау шалу ұсынылады. Алайда, арғы жақтағы алаяқтар сізді асықтырып, құпия мәліметтеріңізді біліп алуға тырысады.🙅‍♂️Екінші жағдайда пайдаланушыларға жылдам жеткізу кепілдігімен тиімді бағада смартфонды брондау ұсынылады. Тапсырысты рәсімдеуге арналған сілтеме жалған сайтқа апарады. Алынған мәліметтер есептік жазбаларға және банктік сервистерге кіру, сондай-ақ қаражатты ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін.Алаяқтықтан қорғанудың негізгі сақтық ережелері:• Күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз және нөмірлерге қоңырау шалмаңыз. • Құпия сөздерді, PIN-код, CVV-код, SMS-кодтарды ешкімге хабарламаңыз. • Бөгде адамдардың нұсқауымен қосымшалар орнатпаңыз. • Төлемді тек ресми әрі тексерілген сайттарда жасаңыз. • Тапсырыстарды тек ресми қосымша немесе сайт арқылы тексеріңіз.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    235221Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    23 сент., 11:15

    «МӘМС сияқты болмасын!»: Тұрғын үйді міндетті сақтандырудан жиналған ақша қайда кетеді?Тұрғын үйді міндетті сақтандыру жүйесінде ашықтық болуы керек. Жылжымайтын мүлік агенттігінің басшысы, риелтор Мадина Шүкееваның айтуынша, азаматтар жиналған қаражаттың қайда және қалай жұмсалатынын білуі тиіс. Ал сақтандыру компаниясының директоры Абуали Тасмурзаевтың сөзінше, сақтандыруға жиналатын қаражатты сақтау үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында арнайы қор құру жоспарланып отыр. Жыл сайын жиналатын қаражат осы қорда сақталмақ.«Түскі формат» бағдарламасының толық нұсқасын YouTube-тан көре аласыздар.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    453видео4211Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    23 сент., 10:06

    Президент Ерлан Қошановтың кандидатурасын Халық кеңесінің төрағасы лауазымына ұсынды. Мемлекет басшысы мұны бірінші сессияда сөз сөйлеу барысында айтты. Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    Иллюстрация к посту канала Atameken Business - ЖаңалықтарИллюстрация к посту канала Atameken Business - ЖаңалықтарИллюстрация к посту канала Atameken Business - Жаңалықтар
    64383211Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    23 сент., 09:58

    Төртінші мұнай өңдеу зауыты бойынша түпкілікті шешім жыл аяғына дейін қабылданадыҮкіметте мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Энергетика министрлігі төртінші МӨЗ салу мәселесі пысықталып жатқанын хабарлады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, ұзақ мерзімді перспективада елдің мұнай өңдеу қуаттылығына деген қажеттілік жылына 40 млн тоннаға жетуі мүмкін.Премьер-министр жыл соңына дейін төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі бойынша кешенді бағалауды аяқтап, оның оңтайлы қуатын, конфигурациясын, шикізат базасын, орналасу орнын және экономикалық моделін айқындай отырып, түпкілікті шешімдер қабылдауды тапсырды.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    6303211Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    23 сент., 09:15

    Президент Ерлан Қошановтың кандидатурасын Халық кеңесінің төрағасы лауазымына ұсынды. Мемлекет басшысы мұны бірінші сессияда сөз сөйлеу барысында айтты.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    Иллюстрация к посту канала Atameken Business - ЖаңалықтарИллюстрация к посту канала Atameken Business - Жаңалықтар
    7301261Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    23 сент., 08:56

    Президент Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді✔️Мемлекет басшысы Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін атап өтті.✔️Әлемдік ахуал құбылып тұрған кезеңде Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс.✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сын-қатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді.✔️Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды.✔️Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа бірқатар нақты міндеттер жүктелді.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    Иллюстрация к посту канала Atameken Business - ЖаңалықтарИллюстрация к посту канала Atameken Business - ЖаңалықтарИллюстрация к посту канала Atameken Business - Жаңалықтар
    74692Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    23 сент., 07:50

    Ірі бизнесті анықтау тәртібін өзгерту ұсынылдыДәурен Ахметжанов Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады. Сөзінше, жұмыскер саны көп болса, бұл ірі бизнес деп саналады. Мұндай өлшем дұрыс емес деп отыр.«Кәсіпкерлік кодекстің 24-бабының 6-тармағына сәйкес, жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын және жылдық орташа кірісі 3 миллион АЕК-тен жоғары кәсіпкерлік субъектілері ірі кәсіпкерлікке жатады. Яғни кәсіпорында 250-ден астам адам жұмыс істесе, оның кірісі мен активтері ірі бизнес деңгейіне жетпесе де, ол ірі бизнеске жатқызылуы мүмкін. Біз мұндай тәсілді негізсіз деп санаймыз. Себебі жұмыскерлер саны бизнестің нақты экономикалық ауқымын көрсете бермейді», - деді депутат.Депутат қосымша талаптың кесірінен бизнес жаңа жұмыс орындарын аша алмай отырғанын жеткізді.«Сондықтан жұмыскерлер санын жеке көрсеткіш ретінде алып тастап, жиынтық жылдық кіріс пен активтердің құнын негізгі көрсеткіш ретінде алуды ұсынамыз», - деді депутат.
    831видео162111Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    23 сент., 07:13

    «Қамау керек»: Бектенов қатты шу шығаратын мото мен авто мәселесін көтерді Үкімет басшысының сөзінше, қатты шу шығаратын мото мен авто түнде елдің тыныштығын бұзады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне бақылауды күшейтуді тапсырды. «Оларға айыппұл
    859видео1952111Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 13:39

    🏓🇰🇿Қазақстанның үстел теннисінен ерлер құрамасы Жапонияның Айти префектурасында (Нагоя қаласы) өтіп жатқан ХХ Жазғы Азия ойындарының командалық жарысындағы өнерін аяқтап, 5-орынға ие болды.Бұл – Қазақстан ерлер құрамасының Азия ойындары тарихындағы ең үздік нәтижесі.Топтық кезеңде қазақстандық спортшылар үш жеңіске қол жеткізіп, өз тобында сенімді түрде бірінші орын алды:✅Қазақстан — Бангладеш 3:0 ✅Қазақстан — Сингапур 3:1 ✅Қазақстан — Лаос 3:11/8 финалда Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев және Санжар Жұбановтан құралған Қазақстан құрамасы Бахрейнді 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.🏓1/4 финал🇰🇿 Қазақстан 0:3 🇯🇵 Жапония• Алан Құрманғалиев — Томокадзу Харимото 0:3 (5:11, 5:11, 5:11)• Кирилл Герасименк
    Иллюстрация к посту канала Atameken Business - ЖаңалықтарИллюстрация к посту канала Atameken Business - ЖаңалықтарИллюстрация к посту канала Atameken Business - Жаңалықтар
    86383Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 13:21

    Ел полициясына 20 мыңнан аса қызметкер жетіспейдіБұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.Вице-министр құқық қорғау органдарына патрульдік полицейлер, участкелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жетіспейтінін айтты. Бұл ретте патрульдік полицияның қатарына кемінде 10 мың маман қажет.Игорь Лепеха бұл бөлімшелердің барлығы жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатынын жеткізді. Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен бірге олардың санын кезең-кезеңімен көбейту мүмкіндігін пысықтап жатыр.«Президент Әкімшілігі мақұлдап, Үкімет қолдаса, келесі жылдан бастап штатты кезең-кезеңімен арттыру мәселесін қолға алатын боламыз», – деп атап өтті спикер.Оның нақтылауынша, жергілікті әкімшілік полиция қызметкерлерінің жалпы тапшылығы 20 мыңнан асады.Бізге жазы
    81010521Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 12:43

    Елімізде жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді📆Еңбек министрлігінің хабарлауынша, 1 қазаннан бастап жұмыс іздеген адамға лайықты жұмыс табу кезеңі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.❗️Осы уақыт ішінде:• Мансап орталығының мамандары азаматтың білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын жан-жақты қарайды; • Түйіндемеге сай келетін бос жұмыс орындарын ұсынады және қажет болса, жұмыс берушілермен байланысады; • Егер қолайлы жұмыс 13 күнге жетпей табылса, мерзімнің аяқталуын күтудің қажеті жоқ, жұмысқа бірден орналасуға болады.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    8781033Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 11:46

    Президент орыс тілі ұйымының бас хатшысын қабылдадыАқордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.Наталья Бочарова Ұйым қызметіне қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, алдағы даму жоспары туралы мәлімет берді.
    Иллюстрация к посту канала Atameken Business - ЖаңалықтарИллюстрация к посту канала Atameken Business - Жаңалықтар
    949542111Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 11:15

    Ақ үй Trump TV онлайн-арнасын іске қостыТәулік бойы хабар тарататын Trump TV арнасы Дональд Трамптың бірнеше БАҚ-пен арадағы шиеленісі аясында ашылды. Ақ үй CNN, MS NOW және Politico тілшілерін аккредитациядан айырды. АҚШ президенті бұл БАҚ-тарды жалған ақпарат таратты деп айыптаған. Үш медиакомпания Трамп әкімшілігін сотқа берді.Бұған дейін CNN, ABC, CBS, NBC және Fox News арналары Президент сапарларын кезекпен түсіретін. Алдағы жоспар бойынша CNN Трамптың БҰҰ Бас Ассамблеясына сапарын түсіруі тиіс еді. Медиакомпаниялар CNN-нің орнын алмастырудан бас тартып, Трамптың қатысуымен өтетін шаралардан хабар таратуды белгісіз мерзімге тоқтатты.Телеарналардың бұл қадамын өзге де беделді басылымдар қолдап отыр. AP, AFP, Washington Post және The New York Times сияқты әлемдік жетекші агенттіктер мен басылымдар Дональд Трамптың қатысуымен өткен шаралардан түсірілген суреттерді жариялаудан
    94916311Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 10:38

    Отандық бизнес шығынға жұмыс істеп жатыр ма?Әлгі 20 пайыздық маржаны айтпақ түгілі, қарапайым үй астындағы дүкендердің жалпы пайдасы 10%-ға әупірімдеп жақындайды екен. Кәсіп иелері қаржының басым бөлігі жалдау ақысы, коммуналдық төлем, жұмысшылардың жалақысы мен банк қызметтерінің үстемақысы мен салыққа кететінін айтады. Оның үстіне қосымша шығындар мен ұрлықтан келетін залал да бизнестің кірісін азайтып отыр. Салдарынан тұрғын үйлердің төменгі қабатындағы шағын дүкендердің бір бөлігі жабылып жатқан көрінеді.Толығырақ YouTube арнамыздан көре аласыздар.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    976видео12311Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 09:54

    переслано из @atamekenbusiness_silkway

    🗺 10 сотық тегін жерді қай өңір көбірек береді?Қазақстанның әр азаматы жеке тұрғын үй салу үшін 10 сотық жерді тегін алуға құқылы. Алайда жерді бірден беру мүмкін емес. Алдымен жер телімі тұрғын үй құрылысына дайындалып, оған инженерлік желілер тартылуы керек. Сондықтан учаске беру қарқыны өңірлерде әртүрлі. Мәселен, Қостанай облысында 2025 жылы 214 учаске берілсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 815-ке жеткен. Өңірде жер алу кезегінде 89,6 мың адам тұр. Маңғыстау облысында былтыр 312 учаске берілген, ал биыл алғашқы сегіз айда 22 учаске ұсынылды. Сонымен қатар өңірде 4,2 мыңнан астам жер телімі дайындалып, әкімдіктердің бөлуін күтіп тұр. Бұл туралы өңірлік жер қатынастары басқармаларының деректеріне сүйене отырып inbusiness.kz жазды.Ақмола облысында 2021–2025 жылдары азаматтарға шамамен 2 мың учаске берілген. Қазір кезекте 417,9 мың адам бар. Алматы
    Иллюстрация к посту канала Atameken Business - ЖаңалықтарИллюстрация к посту канала Atameken Business - Жаңалықтар
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 08:22изменён

    23-24 қыркүйекте Халық кеңесінің бірінші сессиясы өтеді. Президент тиісті өкімге қол қойды.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    1,1001542Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 07:29

    Бұрынғы министрлер мен депутаттар Халық кеңесінің құрамына кірдіҚазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды. Оның құрамына 126 адам кірді. Қатарда бұрынғы министрлер мен депутаттар да бар.Толық тізімді осы жерден көре аласыздар.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    1,1702310211Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 07:15изменён

    «Жағдайды түзетіңіз, әйтпесе бұл іспен басқа адамдар айналысады»: Бектенов Қазавтожол басшысына ескерту жасадыПремьер-министр Олжас Бектенов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевқа жол сапасына қатысты мәселелерді түзетуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.«ҚазАвтоЖол» басшысы Үкімет отырысында жол қауіпсіздігі мен жолдағы жағдайға қатысты баяндама жасады."Баяндама жақсы, бірақ шешілмей жатқан проблемалық мәселелер өте көп. Оны айтқан жоқсыз. Президент айтқан олқылықтардың бәрі сіздің де жұмысыңызға тікелей қатысты. Жолдардың сапасы жоқ, жағдайды түзету керек. Түзетіңіз немесе басқа адамдар бұл жұмыспен айналысады", – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    1,210видео3821Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 06:55изменён

    Жол ережесін өрескел бұзатындарды бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру ұсынылдыМұндай бастаманы Ішкі істер министрлігі көтеріп отыр. Ержан Сәденовтің сөзінше, қазіргі таңда айыппұлды елемейтін «өрескел» құқық бұзушылар бар.«Олармен күресу мақсатында «баллдық» жүйені енгізуді пысықтап жатырмыз. Ол – әрбір заңбұзушылықты және оның ауырлығын ескереді. Айыппұлмен қатар, бірнеше мәрте және ауыр бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігін 1 жылға тоқтату көзделеді. Тиісті түзетулерді Құрылтайдың қарауына енгіземіз», – деді министр.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    1,1702283Открыть в Telegram
  • Atameken Business - Жаңалықтар

    22 сент., 06:16

    «Қамау керек»: Бектенов қатты шу шығаратын мото мен авто мәселесін көтердіҮкімет басшысының сөзінше, қатты шу шығаратын мото мен авто түнде елдің тыныштығын бұзады. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне бақылауды күшейтуді тапсырды.«Оларға айыппұл емес, қамау керек», - деді Бектенов.Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
    1,260видео54522Открыть в Telegram