gram news
Аватар канала Azattyq - Азаттық

Azattyq - Азаттық

@azattyq

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

ПроектыKKНовостиПодтверждён Telegram

10,900подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 14:23

    🇱🇹Литва Орталық Азия азаматтарын жұмысқа шақыруды уақытша тоқтаттыБұл туралы елдің миграция департаментінің басшысы Индре Гаспере мәлімдеді. Оның сөзін BNS сайты жариялады.Гасперенің айтуынша, кейінгі жылдары Орталық Азиядан Литваға жұмыс визасына тапсыратындардың саны артқан. Миграция басшысы "Орталық Азия елдерінен жұмыс визасына тапсыратындардың саны көп болғандықтан виза орталықтары да жұмысын тоқтатқанын" айтады.Гаспере Орталық Азияның қай елдерінің азаматтарына жұмыс визасын беру уақытша тоқтатылғанын айтпады. 2025 жылы Литва Душанбедегі виза орталығын жапқан еді. Литва тарабы "екі жылда 6500 адам жұмыс визасын алған, бірақ олардың көбі Литваның визасымен Еуропа одағының басқа елдерінде жұмыс істеген" деп мәлімдеген.
    6206411Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 12:51изменён

    🇰🇿 Қандастарға Қазтест кедергі ме? Үкімет талабы неге дау тудырып отыр?Биыл Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат пен қандас мәртебесін беру тәртібіне қатысты пилоттық жоба іске қосылған. Негізгі талаптың бірі – үміткер қазақ тілін білетінін дәлелдеуі қажет. Мұны ҚАЗТЕСТ сынағы анықтайды. Қандастар мәселесін қозғап жүрген қоғам белсенділері бұл емтихан Қытай, Иран, Ауғанстан сияқты басқа әліпбиді қолданатын елдерден келгендерге қиындық туғызғанын айтады. Азаттықтан оқыңыз
    7422031Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 12:35изменён

    ▶️Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысымен кездесті. Бұл ұйымды құруды Тоқаев ұсынған едіҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесіп, ғылым-білім және мәдениет саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.Бұл ұйымды құруды 2022 жылы Тоқаевтың өзі ұсынған еді. Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев кездесуде бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде ұйымға мүше барлық елдің мүддесіне тең қарау керегіне назар аударған. Ал Бочарова Тоқаевқа ұйымның даму жоспарын таныстырған. Қазақстан президенті "тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс" екенін айтқан.🔹Бұл ұйым қашан құрылды?Қазақстан президенті Тоқаев 2022 жылы қазанда ТМД жанынан орыс тілін қолдайтын және дамытатын "Халықаралық орыс тілі ұйымын" құруды ұсынған. Ал 2023 жылы
    73934721Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 12:34

    🤔 Апелляция соты журналист Гүлнәр Бажкенованың үкімін күшінде қалдырды22 қыркүйекте Алматы қалалық соты Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың бірінші сатыдағы сот үкіміне қарсы берген апелляциялық шағымын қарап, үкімді күшінде қалдырды.Өткен айда Алматының Бостандық аудандық соты көрінеу жалған ақпарат тарату, сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жымқыру және заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу сынды үш бап бойынша айып тағылған Бажкенованы кінәлі деп танып, оны сегіз жылға бостандығынан айырған.Журналистің 14 жасқа толмаған баласы барын ескерген сот үкімнің орындалуын екі жылға кейінге қалдырған. Сот бұған қоса Бажкеноваға журналистикамен, блог жүргізумен, қоғамдық белсенділікпен айналысуға және БАҚ-пен байланысты ұйымдарда басшы лауазым атқаруға бес жылға тыйым салған.Өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 10:37

    ❤️ Тоқаев жариялаған Халық кеңесінің құрамына кімдер енді?Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесінің құрамын жариялады. Ақорда билік пен халық арасында байланыс орнатады деп құрған консультативті органның құрамында кімдер бар? Азаттықтан оқыңыз
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 10:29

    🔴 Думан Мұхаммедкәрім түрме карцерінде өзіне қол салуға екі рет әрекет жасаған дейді әкесіҚызылордадағы №60 қамау мекемесінде жазасын өтеп жатқан журналист Думан Мұхаммедкәрім екі рет жеке камерада өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. 22 қыркүйекте Алматыдағы баспасөз мәслихатында оның әкесі Алмас Тілепов осылай деп мәлімдеді.Оның айтуынша, қамаудағы ұлы 4 қыркүйекте өзіне қол салуға екі рет әрекет жасаған. Тілепов баласының мұндай қадамға баруын түрмедегі жағдайдың нашарлығына және басқа да жайттарға наразылық танытып аштық жариялап, айтқан шағымдары биліктің назарына жетпегендігімен және ұзақ уақыт қапаста отырғаннан қатты қажып, денсаулығы нашарлағанымен байланыстырады.Журналистің әкесі түрме қызметкерлерінің іс-әрекетін тексеруді және ұлының тағы да өзіне қол жұмсау әрекетіне баруына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдауды талап етіп Бас
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 09:17

    ✍️ Ұлтаралық араздық қоздыру айыбы тағылған қырғыз блогері Айтілек Орозбековті сот ақтадыБішкектің Свердлов аудандық соты ұлтаралық араздық қоздырған деген айып тағылған блогер Айтілек Орозбековтің қылмыстық ісін қарап, оны бес айыптау эпизодының барлығы бойынша ақтады."Бүгін мені толық ақтады. Бізде әділ және бейтарап судьялар бар екен", – деп мәлімдеді Орозбеков 22 қыркүйекте.Оның адвокатының айтуынша, қайтадан өткізілген лингвистикалық комиссия сараптамасы блогердің жазбаларында заңсыз әрекеттерге шақыру мен ұлтаралық араздық қоздырудың ешқандай белгісін таппаған. Сот сәуір айында алдыңғы лингвистердің қорытындылары бір-біріне қайшы келеді деп тауып, қайта сараптама тағайындаған еді.Қылмыстық істегі негізгі эпизодтардың бірі "Куликовский" кондитерлік дүкендер желісіне байланысты болды. 2025 жылы Орозбеков жариялаған бейнежазбада мекемелердің
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 08:38изменён

    ⛽️ Өзбекстандағы биржада пропан бағасы екі күнде шамамен 65 пайыз өстіӨзбекстан республикалық тауар-шикізат биржасында пропан бағасы екі күн ішінде шамамен 65 пайыз өсіп, бір тонна газдың бағасы 12,2 миллион сумға (шамамен 1030 доллар) жеткен.16 қыркүйекте пропанның бір тоннасы 7,4 миллион сум (625 долларға жуық) тұрса, 18 қыркүйекке қарай баға 12,2 миллион сумға (шамамен 1030 доллар) дейін көтерілген. Осы уақыт аралығында сатылған газ көлемі 666 тоннадан 1114 тоннаға дейін, яғни 67 пайыз өскен.Бұрын биржадағы сауда сессиялары кезіндегі баға өсіміне 10 пайыздық шектеу болған еді. Ол шектеу 17 қыркүйектен бастап алынып тасталды. Осыдан кейін биржада газ бағасы күрт өскен.10 пайыздық шектеу алынып тасталғанға дейін іс жүзінде газдың тоннасы ең көп дегенде шамамен 697 доллардан сатылып келген.
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 08:30изменён

    ⛽️ Тәжікстан мен Қытай жаңа газ құбыры желісін салуды талқыладыТәжікстанның энергетика және су ресурстары министрі Далер Жума Trans-Tajik Gas Pipeline Company тәжік-қытай компаниясы басшылығымен Орталық Азия-Қытай газ құбырының төртінші желісінің құрылысын салуды талқылаған деп хабарлады Тәжікстанның "Ховар" мемлекеттік ақпарат агенттігі.Кездесуде Түрікменстан газын Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан аумағы арқылы Қытайға жеткізуге арналған D желісі жайлы сөз болған. Жалпы ұзындығы 966 шақырымға тең құбыр желісінің 391 шақырым болатын бөлігі Тәжікстан арқылы өтеді. Жоспар бойынша, оның қуаты жылына 25 миллиардтан 30 миллиард текше метрге дейін газ тасымалдауға мүмкіндік береді.Тәжікстанның энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, жобаға 3 миллиард доллардан астам қытай инвестициясы салынып, 3000-нан астам тұрақты жұмыс орны ашылады деп
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 08:12

    🥇ММА шебері Қадырбек Шынбаев Азиада чемпионы атандыАралас жекпе-жектен (ММА) қазақстандық Қадырбек Шынбаев Азиада чемпионы атанды. 71 келідегі финалда Шынбаев тәжікстандық Бехруз Хуршедзоданы жеңді.Бұл – Қазақстанның Азия ойындарындағы алтыншы алтын медалі. Бұған дейін аралас жекпе-жектен Еркінғали Бүркіталин 77 келіде Азиада чемпионы атанған еді.Фото: Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті
    742213321Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 07:47изменён

    ⚡Тоқаев Халық кеңесінің тізімін жарияладыҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халық кеңесінің құрамын жариялады.▪️Тізімде бұған дейін мәжіліс және сенат депутат болған Мұрат Әбенов, Ермұрат Бапи, Аманжол Әлтай, Еділ Жаңбыршин, Нұртөре Жүсіп, Нұртай Сабильянов, Геннадий Шиповских бар.▪️Бұған қоса, ірі бизнесмендер Гаджи Гаджиев, Геннадий Зенченко, Андрей Лаврентьев, Шахмұрат Мүтәліп, Жұмабек Жанықұлов та Халық кеңесіне енді.🔹Тізімде тағы кімдер бар?Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» басшысы Бауыржан Омаров, жазушы, Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерқанат Көпжасарұлы, «Қазақстан» телеарнасының журналисі Алмас Алтай, билік саясатын қолдайтын блогер Рауан Кенжеханұлы, «Әділет» партиясының саяси бюросының мүшесі Ислам Байрамуков, грек-рим күресінен Сидней-2000 олимпиадасының күміс жүлдегері Әлия Юсупова, көркем гимнастикадан Азия ойындарының чемпионы, жаттықтырушы Юрий Мельниченко,
    84515135211Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 06:19изменён

    🛢 Трамп: Ресей соғыс кесірінен дизель отынын бақылаудан айырылдыАҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға тағы да шақырып, оны күллі әлемге кесірін тигізіп жатқан "масқара" деп атады. Ол TruthSocial әлеуметтік медиа платформасындағы жазбасында әлемдік нарықта дизель отыны тапшы екенін айтып, оны Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына Украина жасаған шабуылдармен тікелей байланыстырған.Трамптың жазуынша, Ресей Украинаға қарсы бастаған соғысының салдарынан "өкінішке қарай, дизель отынын өндіруді бақылаудан айырылған". Ол бұған қоса Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарының көбінің "күлі көкке ұшқанын" және уақытша болса да істен шыққанын атап өткен. "Украинадағы бұл қисынсыз және шексіз соғыс аяқталуы керек" деді АҚШ президенті. Ол соғыстан күллі әлем зардап шегіп отырғанын, ай сайын "25 000 адамның, көбіне сарбаздардың" қаза тауып жатқанын айтты.
    889195221Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 06:09

    🥇Азия ойындарындағы бесінші алтынАралас жекпе-жектен (ММА) қазақстандық Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды. 77 келідегі финалда ол Бахрейн спортшысы Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңді.Бұл Қазақстанның Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы бесінші алтыны.Фото: Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті
    86818652Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 04:26изменён

    🌟 Украинада соғыс басталғалы бері кемінде 259 мың ресейлік сарбаз қаза тапқанРесей Украинаға кең көлемді басқыншылық соғысын бастаған 2022 жылғы 24 ақпаннан бері кемінде 258 989 ресейлік әскери қызметкер майданда қаза тапқан. Олардың есебін BBC-дің Орыс қызметі мен "Медиазона" басылымы журналистері еріктілермен бірлесіп жүргізген.Қаза тапқандардың 7700-ге жуығы Ресей армиясы мен басқа да күштік құрылымдардың офицерлері. Бұл есепке тек ашық дереккөздерден анықталған адамдар кіреді. Ал соғыс құрбандарының нақты саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.BBC мен "Медиазона" бұған қоса қаза тапқандардың ашық дерекқорын жариялады. Онда ол адамдардың аты-жөні, әскерге шақырылған жері, әскери атағы және әрбірінің қаза тапқан күні мен орны көрсетілген.Биыл 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа ер адамдарды "ішінара" мобилизация
    920175411Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    22 сент., 03:50изменён

    📍 Зеленский мен АҚШ Орталық барлау басқармасының басшысы Ирландиядан кездескен — ReutersУкраина президенті Владимир Зеленский мен ЦРУ директоры Джон Рэтклифф Ирландиядағы Шеннон әуежайында кездескен деп жазды Reuters кездесу жайлы хабардар, аты-жөні аталмаған екі дереккөзге сүйеніп. Украина билігі де, ЦРУ да кездесу туралы ресми түрде хабарлаған жоқ.Бір дереккөздің сөзінше, Зеленский мен Рэтклифф ұшақтары Шеннон әуежайында жанармай құйып жатқан кезде сөйлескен. Reuters сөйлескен екінші дереккөз кездесу 21 қыркүйекте өткенін айтқан.Зеленский дүйсенбіде БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке ұшып бара жатқанда, ал Рэтклифф Египеттен қайтар жолда Ирландия әуежайына аялдаған. Зеленский сейсенбі күні Нью-Йоркте АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеспек.Екі дереккөз де әңгіменің егжей-тегжейін жариялаудан бас тартты. Азаттық
    9671332Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    21 сент., 13:29изменён

    🛰"Ресейлік Starlink". "Рассвет-3" спутниктері Украинадағы соғысқа қалай әсер етпек?Украинадағы соғыста америкалық кәсіпкер Илон Масктің Starlink жобасы елеулі рөл атқарды. Төменгі орбитада ұшқан бұл спутниктер шоғыры әлемнің кез келген жеріне жылдам интернетті жеткізе алады. Енді Ресей Starlink-ке балама болады деген өз спутниктерін ұшырып жатыр. Олар майдандағы жағдайға әсер ете ала ма? Азаттықтан оқыңыз
    1,1001284321Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    21 сент., 13:18изменён

    🇪🇺 Еуроодақ өкілі Ресейге жаңа санкциялар салынатынын жарияладыЕуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас Мәскеудің Украинада басып алған аумақтарда сайлау өткізгені үшін Ресейге қарсы санкциялар салынатынын жариялады.Мәлімдемеде Еуроодақ заңсыз ұйымдастырылған бұл "сайлауларды" айыптайтыны айтылған. Калластың сөзінше, бұл әрекетімен "Ресей БҰҰ жарғысына қоса халықаралық құқықты, сондай-ақ Украинаның тәуелсіздігін, егемендігін және аумағының тұтастығын тағы да өрескел бұзған"."Украинаның уақытша басып алынған аумақтарында осы жалған сайлауларды ұйымдастыруға немесе кандидаттарды ұсынуға қатысқан, сондай-ақ Ресейде еркін және әділ сайлау өткізу мүмкіндігін бұзуға жауапты тұлғаларға санкция салынады", – деген Каллас.Ресейде 18-20 қыркүйек аралығында Мемлекеттік дума депутаттарын сайлауға дауыс беру өтті. Орталық сайлау
    1,0503241Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    21 сент., 12:55изменён

    🔶Азиаданың 2-күні: Қазақстан алтын алмаса да, 4-орнын сақтап қалдыҚазақстан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының 2-күні бір күміс және бір қола медаль иеленді.🔹Жүлдегерлер кімдер?🥈Каратэнің кумите түрінен Әсел Қанай 61 келіде күміс медаль иеленді. Ол финалда қытай спортшысы Ли Гуннен жеңілді.Жарыстан соң Әсел журналистерге берген сұхбатында "Екінші рет Азия ойындарында алтын ала алмадым (2022 жылы да қола иеленген - Ред.). Қытай мен Жапония спортшысына дайындалған едік. Бағым мен бабым қатар шаба ма деп ойладым, бірақ болмады" деп көзіне жас алды.🥉Аралас жекпе-жектен (ММА) Санжар Әділов қола медаль иеленді. Ол 65 келіде жартылай финалда тәжікстандық Отабек Раджабовтан жеңілді. Осылайша Әділов қола жүлдегер атанды.🔹Жалпы есептегі жағдайҚазір Қазақстан 4 алтын, 1 күміс, 3 қоламен 4-орында келеді. Алғашқы үштікте Қытай (23 алтын), Жапония (8), Оңтүстік Корея (5) тұр.Ө
    9901441Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    21 сент., 12:32

    🪖 Қазақстан Ресейдегі ҰҚШҰ жаттығуына әскер мен техника жібермекҚазақстанның қорғаныс министрлігі Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) "Өзара іс-қимыл – 2026", "Іздеу – 2026" және "Эшелон – 2026" деп аталатын бірқатар жаттығуына қатысу үшін Ресейге жеке құрам мен әскери техника жөнелтілетінін хабарлады.Әскер мен техника 21 қыркүйек - 5 қазан аралығында Қазақстан аумағынан Ресейдің Челябинск облысындағы Мисяш станциясына дейін және кері қарай теміржол көлігімен жылжиды деп жоспарланған.Жаттығулар 24 қыркүйектен 3 қазанға дейін өтпек.Қорғаныс министрлігі дала жаттығулары барысында шеру дайындығы, бөлімшелерді басқару және қойылған міндеттерді орындау пысықталатынын хабарлап отыр.
    1,0203415321Открыть в Telegram
  • Azattyq - Азаттық

    21 сент., 08:52

    ✈️ Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашудың қауіпсіздігі бағаланбақАҚШ-тың федералды авиация әкімшілігі (FAA) сарапшылары 21-25 қыркүйек аралығында Қазақстанда ұшу қауіпсіздігіне байланысты халықаралық бағалау (IASA) жүргізеді. Бұл аудит шарасы Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу жөніндегі жұмыстар аясында өткізіледі деп хабарлады Қазақстанның көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.IASA аудиті барысында FAA сарапшылары Қазақстанның авиация саласындағы заңнамасы мен нормативтік заң актілеріне, сонымен бірге ұшу қауіпсіздігін бақылайтын мемлекеттік жүйенің қабілеті мен мүмкіндігіне баға береді."Бағалау ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесіне қатысты жүргізіледі және Қазақстан Республикасының авиация билігінің ICAO-ның қолданыстағы стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкестігін анықтауға
    4,35013432Открыть в Telegram