Последние посты

Бірге тексерейік!
22 сент., 10:06
1991-2026: журналистерді соттау тенденциясы қалай өзгерді?Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/1991-2026-zhurnalisterdi-sottau-tendenciyasy-qalay-ozgerdiFactcheck.kz1991-2026: журналистерді соттау тенденциясы қалай өзгерді?2026 жылы шілдеде KazTAG директоры Асет Матаев 3,6 жыл бас бостандығына шектелді. Сондай-ақ, биыл «Орда» басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенова да 8 жылға сотталды. Журналист Александра Алёхова да 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бірге тексерейік!
22 сент., 05:51
Бақтыбек Бибаевтың кәсіпорандарды сертификаттау жайлы сөзі рас па?Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/baqtybek-bibaevtyn-kasiporandardy-sertifikattau-zhayly-sozi-ras-paFactcheck.kzБақтыбек Бибаевтың кәсіпорандарды сертификаттау жайлы сөзі рас па?Қыркүйектің 10-ы күні өткен Құрылтай отырысында депутат Бақтыбек Бибаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына қатысты бірнеше мәлімдеме жасады. Оның сөзінше 2024 жылы қор компаниялары отандық өндірушілермен жалпы сомасы 1,1 трлн теңгеден асатын 11 мыңнан…
Бірге тексерейік!
21 сент., 11:44
Мемлекеттік сатып алулар порталының жаңаруы журналистік зерттеуге қалай әсер етеді?Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/memlekettik-satyp-alular-portalynyn-zhanaruy-zhurnalistik-zertteuge-qalay-aser-etediFactcheck.kzМемлекеттік сатып алулар порталының жаңаруы журналистік зерттеуге қалай әсер етеді?2026 жылдың 31 тамызында Мемлекеттік сатып алулар порталы жаңа сайтқа көшті. Сәйкесінше порталдың интерфейсі де, ішіндегі құжаттардың реттілігі де, іздеу жүйесі де өзгерді.
Бірге тексерейік!
21 сент., 07:12изменён
Бет-әлпетті рұқсатсыз жариялаған кәсіп иелеріне айыппұл салына ма?ҮКІМ: ШЫНДЫҚҚР «Дербес деректер және оларды қорғау» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 26 тамызда күшіне енді. Заңның 6-бабы жаңа тармақшамен толықтырылып, дербес деректерді сәйкестендіргішке адамның бет бейнесі қосылды. Яғни бұдан былай адамның бет- әлпеті ресми дербес дерекке жатады және оны рұқсатсыз жинау әрі өңдеу – айыппұл салуға себеп болуы мүмкін.ИНФО: Дербес деректерді сәйкестендіргіш – дербес деректер субъектісін сәйкестендіруге немесе ол туралы жекелеген деректер жинағын осы субъектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер жиынтығына байланыстыруға мүмкіндік беретін ақпарат.Толығырақ🌐— https://factcheck.kz/kz/articles/bet-alpetti-ruqsatsyz-zhariyalagan-kasip-ielerine-ayyppul-salyna-ma
Бірге тексерейік!
21 сент., 05:05
Украинаның Қауіпсіздік қызметі журналист Динара Егеубаеваға іздеу жариялаған жоқҮКІМ: ФЕЙКУҚҚ мұндай хабарлама таратпаған және Динара Егеубаеваның аты-жөні кездесетін ешқандай мәлімдеме жасамаған. Украина Қауіпсіздік қызметінің ресми интернет ресурстарының ешбірінде, сондай-ақ Украинаның ақпарат құралдарында да мұндай ақпарат жоқ.Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/ukrainanyn-qauipsizdik-qyzmeti-zhurnalist-dinara-egeubaevaga-izdeu-zhariyalagan-zhoq
Бірге тексерейік!
17 сент., 04:46
Норвегия мұнайдан түскен ақшаны Қазақстан сияқты жұмсай ма?3 қыркүйекте бірнеше парақша Норвегия да Қазақстан сияқты Ұлттық қорында жиналған қаржыны жұмсайтыны туралы ақпарат жариялады. Factcheck.kz редакциясы бейнеде Норвегияға қатысты айтылған мәлімдемені тексеріп, олар қорда жиналған ақшаны Қазақстан сияқты жұмсай ма, сақтай ма деген сұраққа жауап іздеді.ҮКІМ: МАНИПУЛЯЦИЯНорвегия қоры Қазақстандыкінен бірнеше есе үлкен екеніне қарамастан, ел ақшаны Қазақстан сияқты көлемде алмайды. Норвегия қоры 2008-2025 жылдары бас-аяғы шамамен 67 млрд доллар алса, Қазақстан сол уақытта түрлі мақсатқа 173 млрд доллар алып үлгерді.Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/norvegiya-munaydan-tusken-aqshany-qazaqstan-siyaqty-zhumsay-ma
Бірге тексерейік!
16 сент., 06:05
Депутат Айдос Сарым президенттің жақын туыстарының бәрі қызметтен кеткенін айтты. Бұл рас па?ҮКІМ: ЖАРТЫЛАЙ ШЫНДЫҚ2022 жылғы өзгеріс аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастинаның күйеуі, яғни президенттің күйеу баласы Теміртай Ізбастин Болгариядағы төтенше және өкілетті елші қызметінен кетті. Бірақ жиені, яғни, Теміртай Ізбастиннің ұлы Бекет Ізбастин қазір квазимемлекеттік сектордағы PSA компаниясының бас директоры. Осы тұрғыда депутат келтіргендей, президент жақын туыстарға қатысты «принципті толығымен орындады» деу шындыққа сәйкеспейді.Сондықтан депутат сөзінің бір бөлігі рас, бірақ жалпы тұжырымы оқырманды шатастырады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейінгі саяси реформасы аясында президенттің жақын туыстарын жоғары мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметке баруына жол бермейтін норма енгізді. Бұл талап қазір жаңаFactcheck.kzДепутат Айдос Сарым президенттің жақын туыстарының бәрі қызметтен кеткенін айтты. Бұл рас па?Құрылтай депутаты Айдос Сарым «Ұлыс медиа» басылымының жетекшісі Самал Ибраеваға президент жиені Дана Медеуова депутат болып сайланғаны туралы сұраққа жауап берген. Сарым Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттің жақын туыстары тағайындалатын басшылық қызметте…
Бірге тексерейік!
15 сент., 15:32
Журналисті қаламынан қағу: ҚР ҚК 50-бабы сөз бостандығына қалай әсер етеді?Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/zhurnalisti-qalamynan-qagu-qr-qk-50-baby-soz-bostandygyna-qalay-aser-etediFactcheck.kzЖурналисті қаламынан қағу: ҚР ҚК 50-бабы сөз бостандығына қалай әсер етеді?18 тамызда Алматы қалалық Бостандық ауданы №2 соты Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнар Бажкенованы 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Бұл жазадан бөлек сот Бажкеноваға бес жыл бойы БАҚ саласында жұмыс істеуге, журналистикамен, қоғамдық…
Бірге тексерейік!
15 сент., 09:50
Қырғызстан көшпенділер ойынына Қазақстанға қарағанда 3 есе аз ақша бөлді ме?ҮКІМ: ДӘЛЕЛДЕНБЕГЕН2024 жылы Қазақстанда өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына бюджеттен 5,7 млрд теңге (12 млн доллар) бөлінген. Ал жүлде қоры 253 млн теңге (шамамен 538 мың доллар) болды. Қырғызстан билігі биыл өткен ойындарға мемлекеттік бюджеттен 336 млн сом (шамамен 3,8 млн доллар) қарастырған. Жүлдегерлерді марапаттауға 64 млн сом (шамамен 731 млн доллар) көлемінде бөлінген. Желідегі жазбаларда осы деректер көрсетілген.Алайда ойындар өтетін алаңдарды салу, инфрақұрылымдық обьектілерге жөндеу жұмыстарын жасау және өзге де нысандарға бөлінетін бюджет жеке қарастырылатынын ескеру керек. Azattyq Азия 336 млн сомды іс-шараның толық құны деп атауға болмайтынын жазған. Мәселен Қырчын этноқалашығын салуға тағы 250 млн сом бөлінгені жөнінде ақпарат бар. Осы секілді Қазақстанда да, Қырғызстанда даFactcheck.kzҚырғызстан көшпенділер ойынына Қазақстанға қарағанда 3 есе аз ақша бөлді ме?Қыркүйектің 6-ы күні VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. ҚР Туризм және спорт министрлігі жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 74 медаль жеңіп алғанын жазды.
Бірге тексерейік!
15 сент., 09:49

Бірге тексерейік!
15 сент., 06:10
Непалда «Тасқыннан кейін жұрт ислам дінін қабылдай бастады» деген видео рас па?ҮКІМ: ФЕЙКВидеоның Непалдағы оқиғаға қатысы жоқ және интернетте соңғы су тасқынына дейін пайда болған. Біріншісі Сауд Арабиясында түсірілсе, екіншісі Филиппинде болған.Видеоны Fact Crescendo және India Today фактчекерлері де тексеріп, осындай қорытындыға келді.Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/nepalda-tasqynnan-keyin-zhurt-islam-dinin-qabylday-bastady-degen-video-ras-pa#ислам #непал #мұсылман #фейк #factcheck_kz
Бірге тексерейік!
11 сент., 05:07
Индонезиядағы жанартау атқылаған видео – фейк🚫Индонезиядағы Анак-Кракатау жанартауы атқылап жатқаны бейнеленген видео тарады, алайда ол – фейк. Әлеуметтік желіде Индонезияда болған жанартаудың видеосы тарап жатыр. Видеода Анак-Кракатау жанартауы бірнеше рет тіке атқылап, адамдар жан-жаққа қашып, бой тасалағаны көрінеді. Видео қазақстандық парақшаларда лезде тарап, мыңдаған көрілім жиналып үлгерді. Factcheck.kz редакциясы видеоның қаншалықты рас екенін тексеруді жөн көрді.ҮКІМ: ФЕЙКВидео жасанды интеллект көмегімен жасалған. Мұның бірнеше белгісін байқауға болады. Мысалы, видеода адамдар жанартауға тым жақын тұр, ал шын мәнінде Анак-Кракатау жанартауы елсіз аралда орналасқан.Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/indoneziyadagy-zhanartau-atqylagan-video-feykFactcheck.kzИндонезиядағы жанартау атқылаған видео – фейкИндонезиядағы Анак-Кракатау жанартауы атқылап жатқаны бейнеленген видео тарады, алайда ол – фейк.
Бірге тексерейік!
10 сент., 11:58
The New York Times Украина аумағын бөлу шарттарын жариялады ма?ҮКІМ: ФЕЙКThe New York Times газетінде мұндай шарттар берілген жазба жарияланған жоқ, ал карта жасанды интеллект көмегімен жасалған.Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/the-new-york-times-ukraina-aumagyn-bolu-sharttaryn-zhariyalagan-zhoq
Бірге тексерейік!
9 сент., 12:41
Журналистика мен белсенділіктің шекарасы қай жерде бұзылады?Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/zhurnalistika-men-belsendiliktin-shekarasy-qay-zherde-buzyladyFactcheck.kzЖурналистика мен белсенділіктің шекарасы қай жерде бұзылады?Егер журналист қоғамдағы әділетсіздікті көре тұра, оны ашық айтса, журналист болып қала ма, әлде белсендіге айнала ма? Баспасөзге қысым жасалған жағдайда оған қарсылық білдіріп пикетке шығу кәсіби стандартқа қайшы ма? Бұл мәселені Қазақстан жағдайында бөлек…
Бірге тексерейік!
9 сент., 07:16
iPhone қорабына қуаттағыш пен құлаққап қайтадан салына бастай ма?ҮКІМ: САТИРАApple компаниясы да, Тернус мырза да мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. Ақпаратты ешқандай сенімді дереккөз растамайды. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, мұндай хабарлама Х әлеуметтік желісіндегі пародия жасайтын аккаунтта пайда болған, артынша басқа пабликтер тиісті контексті көрсетпей тарата бастаған.Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/iphone-qorabyna-quattagysh-pen-qulaqqap-qaytadan-salyna-bastay-ma
Бірге тексерейік!
9 сент., 04:23
Бішкектегі стадионның құны 60 млн долларҮКІМ: ЖАЛҒАНАстанадағы Қ. Мұңайтпасов атындағы 3 600 орын стадионға байланысты екі тендер жариялан. Келісім-шарттардың жалпы сомасы 17 млдр теңгеге (37 млн доллар) жуықтайды. Желідегі бұл ақпарат рас. Десе де Бішкектегі стадион 60 млн долларға салынғаны жалған. Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы стадион құны 386 млн доллар болғаны туралы жазды. Ал 60 млн доллар деген жоспар деңгейінде айтылған сома.Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/bishkektegi-stadionnyn-quny-60-mln-dollar-ekeni-zhalgan
Бірге тексерейік!
8 сент., 04:46
C5-тен C6-ға: Әзербайжан Орталық Азиядағы күштер арақатынасын қалай өзгертіп жатырТолығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/c5-ten-c6-ga-azerbayzhan-ortalyq-aziyadagy-kushter-araqatynasyn-qalay-ozgertip-zhatyrFactcheck.kzC5-тен C6-ға: Әзербайжан Орталық Азиядағы күштер арақатынасын қалай өзгертіп жатыр«Орталық Азия және Әзербайжан» форматы деген не, ол қалай және неліктен пайда болды әрі нені өзгерте алады — JAMnews материалында жазылған.
Бірге тексерейік!
7 сент., 12:56
«Ресейге шақыратындай, Қазақстан президенті емеспін…»: Никол Пашинянға айтпаған сөзді «айтқызды»Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/reseyge-shaqyratynday-qazaqstan-prezidenti-emespin-nikol-pashinyanga-aytpagan-sozdi-aytqyzdyFactcheck.kz«Ресейге шақыратындай, Қазақстан президенті емеспін…»: Никол Пашинянға айтпаған сөзді «айтқызды»Армения премьер-министрі Тоқаев туралы мұндай пікір айтқан жоқ және армяндарды «бай қазақтармен» салыстырмады.
Бірге тексерейік!
7 сент., 07:28
Ұлттық қор: бүгін жарата береміз бе, әлде болашаққа сақтаймыз ба?Қазақстан 2008 жылдан бері қарай мұнайдан түсетін табысты Норвегия сияқты принциппен пайдаланған болса, Ұлттық қордағы актив қазіргідей 63,9 млрд доллар емес, шамамен 205 млрд долларға жетіп қалар еді. 2025 жылғы кіріс 15,1% болғанын ескерсек, бұл капитал жылына 31 млрд долларға жуық инвестициялық табыс әкелер еді, бұл — республика көлеміндегі жылдық салық түсіміне тең сома.Толығырақ🌐 - https://factcheck.kz/kz/articles/ulttyq-qor-bugin-zharata-beremiz-be-alde-bolashaqqa-saqtaymyz-baFactcheck.kzҰлттық қор: бүгін жарата береміз бе, әлде болашаққа сақтаймыз ба?Қазақстан 2008 жылдан бері қарай мұнайдан түсетін табысты Норвегия сияқты принциппен пайдаланған болса, Ұлттық қордағы актив қазіргідей 63,9 млрд доллар емес, шамамен 205 млрд долларға жетіп қалар еді. 2025 жылғы кіріс 15,1% болғанын ескерсек, бұл капитал…
Бірге тексерейік!
7 сент., 03:48
Қазақстанда психикалық ауытқуы бар адамдар саны екі есе өсті ме?Қазақстанда кейінгі жылдары психикалық ауытқуы алғаш рет анықталған адам саны өскені рас. Дегенмен бұл психикалық мінез-құлық ауытқуы бар адамның көбейгенін емес, адамдар бұрынғыға қарағанда көмекке көбірек жүгіне бастағанын көрсетеді. Кейінгі бірнеше күнде әлеуметтік желіде психикалық ауытқуы бар адамдар санының екі есеге өскені туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақ және орыс тілде сайттардың жаузынша, бұндай диагноз әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездеседі. Ал көптеген сайт алғашқы дереккөз ретінде Energyprom-ның материалына сілтеген. Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kz/articles/qazaqstanda-psihikalyq-auytquy-bar-adamdar-sany-eki-ese-osti-meFactcheck.kzҚазақстанда психикалық ауытқуы бар адамдар саны екі есе өсті ме?Қазақстанда кейінгі жылдары психикалық ауытқуы алғаш рет анықталған адам саны өскені рас. Дегенмен бұл психикалық мінез-құлық ауытқуы бар адамның көбейгенін емес, адамдар бұрынғыға қарағанда көмекке көбірек жүгіне бастағанын көрсетеді.
