Последние посты

Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
21 сент., 05:23изменён
◾️Студент ұлы оқу кезеңінде әкесімен алимент өндіру туралы келісімге келді◾️Талап қоюшы Казталов аудандық сотына әкесіне қатысты оқу кезеңінде алимент өндіру туралы талап қоюмен жүгінді. Өз талаптарын ол қазіргі уақытта колледждің күндізгі бөлімінде оқитындығымен уәждеді.◾️Татуластырушы-судья сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін жүргізіп, тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігін және оның салдарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптар татуласу келісіміне келіп, оны бекіту үшін сотқа ұсынды.◾️Келісім шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшының пайдасына 2026 жылдың 25 қыркүйектен бастап, 2027 жылдың 25 маусымына дейін, 10 ай бойына ай сайын 40 000 теңге талап қоюшы жиырма бір жасқа толғанға дейін оқу уақытына алимент төлеп тұруға міндеттенді, талап қоюшы өз талабынан бас тартты.◾️Сот медиативтік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты, тараптарға құқықтық салдары
Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
21 сент., 05:20

Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
18 сент., 04:52
⁉️ «СҰРАҚ – ЖАУАП» айдарын жалғастырамыз! Бұл жарияланымда азаматтардан жиі түсетін сұрақтарға қолданыстағы заңнама нормалары мен сот практикасын түсіндіру мақсатында жауаптар ұсынылған.❓Сотқа талап арызды онлайн беруге бола ма?❗ Иә. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес, талап қоюсотқа қағаз түрінде де, электрондық құжат нысанында да беріледі. Электронды талап қою электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Электрондық құжаттарды сотқа цифрлық жүйе арқылы жіберуге болады. Құжаттарды жібергеннен кейін өтініш берушіге жіберілгені туралы талон қалыптастырылады. Онда жіберілген күні, уақыты және бірегей нөмір көрсетіледі. Сонымен қатар, азамат «Сот кабинеті» сілтемесі http://portal-sot.kz/ арқылы өзінің ісінің тіркелуін және қаралу барысын бақылай алады. Электрондық сот актісі жүйеде орналастырылған сәттен бастап іске қатысушы үшін қолжетімді болады. Маңызды
Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
18 сент., 04:51

Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
18 сент., 04:44
“Сот залынан” айдарының кезекті шығарылымы◼️Жауапкердің отбасындағы жағымсыз әрекеттері некенің бұзылуына себеп болды◼️Талап қоюшы сотқа некені бұзу туралы талап қоюмен жүгінген. Оның айтуынша, жауапкердің спирттік ішімдіктерді жүйелі түрде пайдалануы, агрессивті мінез-құлық танытуы салдарынан отбасында жиі жанжал мен ұрыс-керіс болған. Бұл жағдайлардың кәмелетке толмаған балалардың психологиялық және физиологиялық дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін көрсеткен. Тараптар 2019 жылдан бері некеде тұрған. Олардың алты, үш және бір жастағы үш баласы бар.◼️Сот отырысында жауапкер спирттік ішімдік ішетінін мойындап, отбасын сақтап қалғысы келетінін айтып, татуласуға қосымша мерзім беруді сұраған. Алайда сот белгілеген мерзімде тараптар татуласпаған. Сот тараптардың 2026 жылғы 23 мамырдан бастап іс жүзінде бірге тұрмайтынын, ортақ шаруашылық жүргізбейтінін және отбасылық қатынастардың
Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
18 сент., 04:43

Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
14 сент., 05:47
В ходе словесной перепалки он стал выражаться в ее адрес нецензурными словами, унижающими честь и достоинство. Не ограничившись словесными оскорблениями открыл банку энергетического напитка и выплеснул его содержимое в лицо кассира.◼️Своим поведением гр.К. продемонстрировал явное пренебрежение общепринятым нормам поведения, проявил неуважение к окружающим, нарушил общественный порядок и спокойствие граждан.◼️В судебном заседании правонарушитель согласился с протоколом об административном правонарушении, полностью признал свою вину. Обстоятельства совершенного правонарушения помимо пояснении правонарушителя в суде, подтверждаются показаниями потерпевшего, а также сведениями изложенные в протоколе об административном правонарушении и другими материалами дела.◼️Указанные действия квалифицированы по части 1 статьи 434 Кодекса РК об административных правонарушениях. Учитывая все
Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
14 сент., 05:47
◼️Супермаркетте ұсақ бұзақылық жасаған азаматқа сот 5 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады ◼️Орал қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша азамат К.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Істі қарау барысында азамат К.-ның «Алтындар» супермаркетінің кассасында кассирмен жанжалға түскені анықталды. ◼️Ауызша жанжал барысында ол кассирдің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын балағат сөздер айтқан. Сөзбен қорлаумен шектелмей, азамат К. энергетикалық сусын құйылған банканы ашып, ішіндегі сұйықтықты кассирдің бетіне шашқан. Осы әрекеттерімен азамат К. қоғамда қалыптасқан әдеп нормаларын өрескел елемейтінін көрсетіп, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған. ◼️Сот отырысында құқық бұзушы әкімшілік құқық
Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
14 сент., 05:47

Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
8 сент., 11:36
◼️Эпилепсия диагнозына байланысты көлік құралын басқару құқығы тоқтатылды◼️Жаңақала аудандық соты Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің М.-ға қатысты көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату және жүргізуші куәлігін тапсыруды міндеттеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.◼️Сот отырысында М.-ның 2017 жылғы 29 тамызда «В» санатындағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алғаны анықталды. Алайда медициналық мекеменің мәліметіне сәйкес, М. G40.8 – «Эпилепсияның басқа нақтыланған түрлері» диагнозымен диспансерлік есепте тұрған.◼️Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жүргізушінің көлік құралын қауіпсіз басқаруына кедергі келтіретін және медициналық қорытындымен расталған денсаулық жағдайының нашарлауы көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға негіз болып табылады.◼️Сот анықтағандай, жауапкерде бар ауру медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесіне сәйкес көлік
Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
8 сент., 11:35

Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
2 сент., 10:50
◼️Қоғамдық көлікте бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды◼️Азамат Т. Орал қаласында №9 бағыт бойынша қатынайтын автобуста қоғамдық тәртіпті бұзған. Ол басқа жолаушылардың, оның ішінде балалардың көзінше кондукторға балағат сөздер айтып, оған күш қолданып, итерген, сондай-ақ жолақы төленгені туралы түбіртекті көрсетуден бас тартқан. Азаматтың құқыққа қайшы әрекетіне байланысты оқиға орнына полиция шақырылған.◼️Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен Т. азаматы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Жасалған құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, оған 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамақ түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.◼️Сот қоғамдық орында мұндай әрекетке жол берілмейтінін және
Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
2 сент., 10:49

Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
2 сент., 06:43
◾️Соттардың WhatsApp желісіне қосылған телефон нөмірлері ◾️ Список номеров судов подключенных к сети WhatsApp
Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
2 сент., 06:43

Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
1 сент., 12:20
◾️Сот қызметкерлері оқу жылының басталуына орай балалар ауылының тәрбиеленушілерін құттықтады◾️Жаңа оқу жылының қарсаңында Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының, Орал қаласының №2 сотының және Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өкілдері Балалар ауылына барып, оның тәрбиеленушілерін Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.◾️Жылы әрі достық жағдайда өткен кездесуде сот өкілдері балаларға жаңа оқу жылында зор жетістіктерге жетіп, білім алуда биіктерден көрінулерін, жаңа білім мен пайдалы дағдыларды меңгерулерін, қызықты жаңалықтар ашып, өз күштеріне сенімді болуларын тіледі.◾️Кездесу барысында өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуының маңыздылығы атап өтілді. Сот өкілдері мектеп жылдары – әр баланың өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі
Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
1 сент., 12:19

Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
26 авг., 12:54
◾️Заңдық мәні бар факт анықталды ◾️Азаматша Д. сотқа заңдық мәні бар фактіні анықтау туралы өтінішпен жүгінді. Өтініш беруші тірі кезінде жұбайының бірінші топтағы мүгедек болуына байланысты оған тұрақты түрде күтім жасаған. Алайда бұл жағдай оның еңбек кітапшасында көрсетілмеген. Өтініш беруші зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты аталған фактіні зейнеткерлік жәрдемақыны рәсімдеу кезінде еңбек өтіліне есепке алу үшін анықтауды сұрады. ◾️Өтініш берушінің аталған кезеңде жұбайының тұрақты күтімді қажет етуіне байланысты еңбек қызметін жүзеге асыра алмағаны жөніндегі уәждері негізді деп танылды. Бұл жағдайлар іс материалдарымен және куәгерлердің айғақтарымен расталды. ◾️Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп, оларды осы азаматтық істі шешу үшін жеткілікті деп есептеп, өтініш берушінің талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енді. ✍️Батыс Қазақстан облыстық
Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
26 авг., 12:54

Батыс Қазақстан соттары / суды Западного Казахстана
20 авг., 04:41
“Сот залынан” айдарының кезекті шығарылымы◾Шыңғырлау аудандық сотында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз түрде ірі көлемде егіп, өсірді деп айыпталған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.◾Сотпен анықталғандай сотталушы тиісті рұқсатсыз өз ауласында шұңқыр қазып, жеке тұтыну үшін есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру мақсатында жабайы қарасора тұқымдарын отырғызған. Өсімдіктердің пісіп жетілуі үшін сотталушы оларды күтіп-баптап, суарған.Ауланы тексеру кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері жалпы салмағы 420 грамм болатын екі қарасора өсімдігін тауып, тәркілеген.◾Қылмыстық істі қарау нәтижесінде, сот сотталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған Қылмыстық кодекстің 63-бабы қолданып шартты түрде үш жылға бас бостандығын айыру жазасын тағайындады. Үкім
