Последние посты

CASPIAN TODAY
22 сент., 05:49
«2» алған оқушы келесі сыныпқа көшпей ме?Мектеп оқушыларының жылдық бағаларына қатысты жаңа тәртіп енгізілді.Егер 5–11(12)-сынып оқушысы 1–2 пәннен «2» алса, оған бағасын қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.❗️Қайта тапсырғаннан кейін де «2» болса, оқу жылы басталғанға дейін қосымша жиынтық бағалау тапсырады.Егер одан да «2» алса — оқушы қайта оқу жылына қалдырылады.Толығырақ →
CASPIAN TODAY
18 сент., 10:17
📖 «JAS QALAMGER BOOK» жобасына үш жас автор іріктелді Жоба аясында арнайы әдеби талдау мен іріктеу кезеңдерінен өткен үш жас қаламгер анықталды. 📚 Нағима Нұрдаулетова 📚 Жанарыс Әскербай 📚 Қалмұрат МамырұлыАвторлардың шығармалары жеке кітап ретінде жарық көруге мүмкіндік алды. Алда – қолжазбаларды редакциялау, беттеу, безендіру және кітаптарды оқырманға ұсыну кезеңдері. 🌿 Үш жас авторды шығармашылық жетістігімен құттықтаймыз!Толығырақ →
CASPIAN TODAY
18 сент., 09:51
🚭 Мұнайлыда оқушыларға нашақорлықтың зардабы туралы айтылды Баянды ауылындағы №3 мектепте 9–11-сынып оқушыларына арналған «Нашақорлық: бір қадамның салдары» атты TEDx форматындағы кездесу өтті. Теолог Ержан Бақытжанұлы нашақорлықтың денсаулыққа, психологияға, отбасы мен қоғамға әсері туралы айтып, зиянды ұсыныстардан бас тарту мен салауатты өмір салтын таңдаудың маңызын түсіндірді. Кездесуге полиция капитандары Райса Калубаева мен Сатджан Темиров та қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соңында оқушылармен ашық диалог және сұрақ-жауап ұйымдастырылды. 📌 Іс-шара «Салауатты сана» әлеуметтік жобасы аясында өтті.Толығырақ →
CASPIAN TODAY
18 сент., 09:43
Алматы облысының Қарасай аудандық соты актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты істі қарады.Сот материалдарына сәйкес, ол бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызына балағат сөздер айтып, өз балалары мен экс-жұбайының отбасы мүшелеріне тіл тигізген.Сот шешімімен актер 2 жыл 3 айға сотталды. Сонымен қатар оған 5 жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.Толығырақ →
CASPIAN TODAY
18 сент., 07:13
Хоккей жаттықтырушысына 14 жастағы қызды екі жыл зорлады деген айып тағылды2024 жылы Қызылорда облысында 14 жастағы қызға қатысты ауыр қылмыс жасалды деген күдікпен 38 жастағы көгалдағы хоккей жаттықтырушысы ұсталған.Тергеу мәліметінше, күдікті жасөспірімді бопсалап, зорлық әрекеттерін екі жыл бойы жалғастырған.Қазір іс бойынша жаттықтырушы мен оның танысы қамауда. Тергеу аяқталып, күдіктілер іс материалдарымен танысып жатыр.Толығырақ →
CASPIAN TODAY
18 сент., 07:06
Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен кездестіАқбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шыққан соң балаларымен кездесті. Осы сәт түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.Кадрларда Ақбаянның балаларын қуана құшағына алғанын көруге болады.Туыстарының айтуынша, ол қазір жақындарының үйінде тұрып, емін жалғастырып жатыр. Балаларымен араласуы оның жағдайына оң әсер етіп келеді.Ал ата-анасы, ағасы мен әпкесінің қазасы туралы оған әзірге айтылмаған. Туыстары бұл хабар оның жағдайын нашарлатуы мүмкін деп алаңдайды.Толығырақ →
CASPIAN TODAY
11 сент., 04:49
⚠️ Әскерге кеткен 19 жастағы сарбаз үйіне балдақпен оралдыТүркістан облысының тұрғыны Бақытжан Өмір Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Алайда екі айдан кейін денсаулығы сыр беріп, жүруі қиындаған.Анасының айтуынша, ұлының денсаулығында мәселе болғанына қарамастан, әскерге алынған. Жағдайы нашарлағаннан кейін де тиісті емге жіберілмеген.Сарбаз әскерге қос аяғымен кеткенімен, үйіне балдақпен оралған.Отбасы қазір жауаптылардан түсініктеме мен әділ шешім күтуде.📌 Дереккөз: Stan.kzТолығырақ →
CASPIAN TODAY
11 сент., 04:44
🧠 Мұнайлыда оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары түсіндірілдіАтамекен ауылындағы №12 мектепте 9–11-сынып оқушыларына арналған TEDx форматындағы кездесу өтті.Психолог Дина Джумабаева жасөспірімдерге психологиялық қысым, жеке шекараны қорғау және көмек сұрау жолдары туралы айтты.Полиция капитаны Сатджан Темиров құқықтық қорғану тетіктері мен 102/111 байланыс нөмірлерін түсіндірді.Кездесу соңында оқушылар медиа-маман Келдіқожа Рабаевпен бірге түрлі өмірлік жағдайларды талқылап, интерактивті сұрақ-жауапқа қатысты.📌 Іс-шара «Салауатты сана» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.Толығырақ →
CASPIAN TODAY
11 сент., 04:37
https://www.instagram.com/p/DdGbkgjDTDQ/?img_index=1
CASPIAN TODAY
11 сент., 04:36
https://www.instagram.com/p/DdGbkgjDTDQ/?img_index=1
CASPIAN TODAY
11 сент., 04:36
💳 Әлеуметтік желі арқылы тауар сататындар салық төлеуге міндеттіҚазақстанда Instagram, TikTok және басқа әлеуметтік желілер арқылы тауар сатып, төлемді жеке мобильді аударыммен қабылдау кең тараған.Мамандардың айтуынша, тұрақты түрде табыс әкелетін мұндай қызмет кәсіпкерлік ретінде қарастырылып, тіркелуді және салық төлеуді талап етеді.Егер онлайн-сатушыға 3 ай бойы 100 түрлі адамнан аударым түссе, оған тиісті хабарлама жіберілуі мүмкін.Мақсат – салық түсімін көбейту ғана емес, бизнестің заңды әрі әділ ортада жұмыс істеуін қамтамасыз ету.Толығырақ →
CASPIAN TODAY
11 сент., 04:29
🌊 «Ақтау – арман қала»: жас қаламгерлерге арналған әдеби челлендж жарияландыАқтау қаласының күніне орай 16–35 жас аралығындағы Маңғыстау тұрғындары арасында арнайы әдеби челлендж өтеді.Қатысушылар туған қала туралы өлең, әңгіме, эссе немесе проза жазып, шығармасын видео форматында Instagram немесе TikTok желісіне жариялауы керек.🏆 Үздік авторлар «Бас жүлде», «Үздік поэзия», «Әдеби дебют», «Оқырман көзайымы» және «Ынталандыру сыйлығы» номинациялары бойынша марапатталады.📅 Өтінімдер 14 қыркүйекке дейін қабылданады. 📲 Қатысу тегін. 📞 +7 708 113 67 37Толығырақ →
CASPIAN TODAY
8 сент., 12:36
9 қыркүйек күні Ақтаудың бірқатар шағынауданында таңғы сағат 09:00-ден түн ортасына дейін ауыз су беру тоқтатылады. Бұл ЦУВС-2 мен ЦУВС-3 аралығындағы Ду-800 құбыр желісінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты. Қала тұрғындарына су қорын алдын ала дайындап қою ұсынылады.Толық ақпарат алу үшін біздің сайтқа кіріңіз.#Ақтау #СуЖоқ #МаңыздыАқпарат #ЖөндеуЖұмыстары #ҚалаЖаңалықтары #CaspianTodayТолығырақ →
CASPIAN TODAY
8 сент., 12:33
Қазақстанда мектеп оқушыларының діни киім киюіне рұқсат берген білім беру ұйымдары қатаң шараларға тап болуы мүмкін. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, бірыңғай мектеп формасы талаптарын сақтамаған мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін. Бұл талаптар мемлекеттік және жекеменшік мектептерге де бірдей қолданылады. Министрлік Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.Толығырақ біздің сайттан оқыңыз!#МектепФормасы #ҚазақстанБілім #БірыңғайТалап #ДіниКиім #БілімМинистрлігі #Лицензия #ОқуШыТолығырақ →
CASPIAN TODAY
8 сент., 09:19
🎤 Ақтауда «Каспий – достық теңізі» халықаралық фестивалі өтеді25–27 қыркүйек күндері Ақтауда Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Түрікменстан және Иран өнерпаздары бас қосады.Фестивальдің қорытындысы 27 қыркүйекте Ақтау қаласының күніне арналған гала-концертпен аяқталады. Кеште Лұқпан Жолдасов, Тамара Асар, RaiM, Маржан Арапбаева және Жанар Дугалова өнер көрсетеді.📍 15-шағынаудан, Амфитеатр 📅 27 қыркүйек 🎶 Ашық аспан астындағы мерекелік кешТолығырақ →
CASPIAN TODAY
8 сент., 09:13
🎰 Қазақстанда шетелдіктерге арналған казино ашылатын аумақтар белгілендіҮкімет қаулысымен мұндай нысандарды орналастыруға болатын 6 өңірдегі аумақтар анықталды.📍 Тізімде Маңғыстаудағы Каспий теңізінің жағалауы да бар.Қаулы 11 қыркүйектен бастап күшіне енеді.Алайда бұл аталған аумақтардың барлығында казино құрылысы басталады деген сөз емес. Құжат тек нысандарды орналастыруға рұқсат етілетін аумақтарды айқындайды.Толығырақ →CASPIAN TODAYҚазақстанда шетелдіктерге арналған казино ашылатын аумақт…Қазақстанда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған казино ашуға болатын аумақтар белгіленді. Тізімге Маңғыстаудағы Каспий жағалауы да кірді.
CASPIAN TODAY
8 сент., 09:05
🗑 Ақшұқырда қоқыс тастаған тұрғын анықталдыКөше бойындағы қоқыс үйіндісінен табылған түбіртек құқық бұзушыны анықтауға көмектескен.Әйелге 86 500 теңге айыппұл салынды. Ол ауыл тұрғындарынан кешірім сұрап, мұндай жағдайды қайталамайтынын айтты.Толығырақ →
CASPIAN TODAY
8 сент., 08:54
🎤 Xcho Ақтауда концерт бередіТанымал орындаушы Xcho 17 қыркүйекте Ақтауда өнер көрсетеді.Концерт теңіз жағасындағы Rixos Tetysblu Theme Park сахнасында өтеді.📅 17 қыркүйек 📍 Ақтау | Rixos Tetysblu Theme Park 🎟 Билеттер — Topbilet.kzТолығырақ →
CASPIAN TODAY
26 авг., 05:58
Ақтауда «Сөз. Сахна. Шабыт» әдеби-музыкалық кеші өтті2026 жылғы 25 тамызда Ақтау қаласындағы Қ. Сыдиықұлы атындағы облыстық кітапхананың «Креатив» студиясында жас қаламгерлердің басын қосқан «Сөз. Сахна. Шабыт» әдеби-музыкалық кеші өтті.Толығырақ →
CASPIAN TODAY
26 авг., 05:47
Қазақстанда ауа райы өзгереді: кей өңірлерде нөсер, бұршақ және қар аралас жаңбыр күтіледіСиноптиктердің болжамынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік пен шығыста циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.Толығырақ →
