Последние посты

Дастан Құрманбаев
21 сент., 14:25
Бұл өмір мәңгі емес!
Дастан Құрманбаев
14 сент., 10:46
Өзімізден кейінгілерге ақыл айтқан кезде “Жақсылап тыңда! Маған кезінде ешкім айтқан жоқ” немесе “айтатын адам болмады” дейміз ғой. Негізінде, айтты )) Талай адам айтты )) Бірақ біз тыңдамадық. Бізді де тыңдамайды. Сонда да айта береміз. Бұл сондай дәстүр (баяғыдан келе жатқан) ))
Дастан Құрманбаев
13 сент., 12:04



Дастан Құрманбаев
10 сент., 16:25
Тіліміз зікірден құрғамасын, жүрегіміз шүкірден құр қалмасын!Жұмадағы дұға-тілектер қабыл болсын 🤲🏻“Ақмешіт-Сырдария” мешітіне 👉🏻 садақа беру


Дастан Құрманбаев
9 сент., 18:38
переслано из @yerzhan_baqytzhanov
Ислам – мөлдір де, кәусар бұлақ. Оған қаншама тосқауыл жасап, алдын бөгегенмен, ол бәрібір өзіне жол тауып, жарып шығады.Әбсаттар қажы Дербісәлі (Алла рахым етсін)
Дастан Құрманбаев
8 сент., 16:54
Ақсақ Темір арқасы қисық Баязидке қарап тұрып “Шынымен де, Құдай үшін қу дүниенің қадірі жоқ-ау! Әйтпесе, бір ақсақ пен бір қисыққа беріп қояр ма еді?” деген екен.
Дастан Құрманбаев
8 сент., 07:50изменён
“Өтірікшіні уәдесінен танисың”.Имам Ахмад
Дастан Құрманбаев
4 сент., 13:25изменён
Омар Исламға келген кезде Пайғамбарымыздан (с.а.у.) “Біз дұрыс жолдамыз ба?” деп сұрады. Ол кісі “Иә” деп жауап берді. Сонда Омар “Ендеше неге тығылып отырмыз? Жүріңдер, Қағбаға барып намаз оқиық!” деді.Егер дұрыс жолда екеніңе сенімді болсаң, ешкімнің сөзі саған әсер етпесі анық. Ұялма, жасырма “Мен мұсылманмын” деп ашық айт! Діни ғибадаттарыңды еркін орында. Алған бағытыңнан тайма.
Дастан Құрманбаев
4 сент., 07:36изменён
https://youtu.be/YGEdzu4-K3425-сабақ шықты! Бұл дәрісте “Хиджама”, “Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есімдерінің мағынасы”, “Күнкөрісі” тақырыптары қамтылады.


Дастан Құрманбаев
3 сент., 13:59изменён
Арық деген жаман тай, Жазға шығып ат болар. Жамандығың сезілсе, Жақын кісі жат болар.📚 Мақал-мәтелдер жинағы
Дастан Құрманбаев
2 сент., 12:55
https://youtu.be/S908gctPRiA?si=i3dGAZ2nc9stmFaN


Дастан Құрманбаев
2 сент., 05:26



Дастан Құрманбаев
30 авг., 13:43изменён
Өмірде үлкен жетістіктерге жеткен, әсіресе кәсіптерін өрге дөңгелеткен кісілердің әдеттеріне қызығатынымыз жасырын емес. Өйткені, Абдулла Сиражуддин айтқандай “Әдеттердің мырзасы — мырзалардың әдеті” деген сөз бар. Ендеше “Мырзалардың мырзасы” Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллаллаһу әләйһу уәсәлләмнің әдетіне (сүннетіне) неге қызықпасқа?!Мәуліт айы құтты, берекелі болсын!
Дастан Құрманбаев
26 авг., 12:31
Сен менің ішімдегінің бәрін білесің, ал мен Сендегіні (бір өзіңе ғана мәлім болған нәрселерді, маған үйретпегендеріңді) білмеймін. Шүбәсіз, ғайыпты, құлдарыңның ішіндегі бар сырды бір Өзің ғана білесің


Дастан Құрманбаев
25 авг., 15:31изменён
https://www.instagram.com/reel/Dcdpuf6OM5j/?igsi=MW9vZ3ZkazY1dnhhcA==Хусамуддин әс-Сығанақи жайында (Орысша)
Дастан Құрманбаев
25 авг., 12:30
Білім — Алланың ризығы. Ол оны қалаған құлына береді!Имам Бұхари📚 Захаби. Сияр
Дастан Құрманбаев
25 авг., 12:28
Әй, адам баласы, бүгінгі күн сенің қонағың! Ал қонақ әдетте не мақтап кетеді, не жамандап кетеді.Хасан әл-Басри📚 Ибн Әбуд-Дуния
Дастан Құрманбаев
25 авг., 07:20изменён
Өзінің деңгейін білмейтін надан — өзгенің дәрежесін қайдан білсін!Имам Захаби📚 Сияр
Дастан Құрманбаев
25 авг., 07:02
Дұғаның жолын күнәмен бөгеп, қабыл болмай жатыр деп налыма.Яхия ибн Муғаз📚 Захаби. Сияр
Дастан Құрманбаев
25 авг., 06:55
Бұл дүние сынақ үшін жаратылған. Ендеше ақылды адам өзін сабырға баулуы керек.Ибн әл-Жаузи📚 Сайдул Хатир
