gram news
Аватар канала gov4c.kz

gov4c.kz

@gov4c_resmi

"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының ресми телеграм парақшасы Официальный телеграм-канал Госкорпорации "Правительство для граждан" http://gov4c.kz http://facebook.com/gov4c htt

ПроектыKKПолитика

37,050подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • gov4c.kz

    24 сент., 09:22

    🏘️ХҚКО-ға денсаулық жағдайына байланысты бара алмайтындар үшін мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға болады. Арнайы маман көрсетілген мекенжайға барып, ЭЦҚ рәсімдеуге, тұрғын үй көмегіне құжат тапсыруға, анықтама алуға және өзге де қызмет түрлері бойынша көмек көрсетеді.🚘Үй жағдайында қызмет көрсету I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, сондай-ақ ауыр науқастар мен тасымалдауға келмейтін жандарға тегін.📩Маман шақыру үшін Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы «Қызметтер» бөлімі арқылы өтінім қалдыру немесе 1414 байланыс орталығына хабарласу жеткілікті. Маман қажетті құжаттарды үйден қабылдап, дайын нәтижені тұрғылықты мекенжай бойынша жеткізіп береді.📈Жыл басынан бері еліміз бойынша мамандар 12 мыңға жуық шақыртуға барып, үй жағдайында 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.🫶🏻Мемлекеттік корпорация әрбір азамат үшін мемлекеттік қызметтердің барынша қолжетімді әрі ыңғайлы болуын қамтамасыз етеді. __🏘️Когда поездка в ЦОН затруднительна, госуслугу можно получить не выходя из дома. Специалист приедет по указанному адресу и поможет оформить ЭЦП, подать документы на жилищную помощь, получить справку и другие госуслуги.🚘Выездное обслуживание бесплатно для людей с инвалидностью I и II групп, участников Великой Отечественной войны, а также тяжелобольных и нетранспортабельных граждан.📩Для вызова специалиста, оставьте заявку на официальном сайте Госкорпорации в разделе «Услуги для граждан» или позвоните по номеру 1414. Специалист примет документы на дому, а готовый результат после оформления доставят получателю.📈Отменим, что с начала года специалисты совершили по всей стране около 12 тысяч выездов и оказали на дому более 9 тысяч госуслуг.🫶🏻Госкорпорация заботится о том, чтобы получение госуслуг было доступным и комфортным для каждого.
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    22 сент., 12:33

    ✔️Мемлекеттік корпорация жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асырып келеді.🌐Бүгін Шымкент қаласында еліміздегі бесінші AI-кеңсе ашылды. Заманауи кеңістік мемлекеттік қызмет көрсетудің дәстүрлі үдерісін жаңа технологиялармен ұштастырып, азаматтарға қызмет алуды барынша ыңғайлы етеді.✨Орталықтың ашылуына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.🖥️Жаңа кеңсе қызметтерді өз бетінше алуға арналған моноблоктармен, жоғары жылдамдықты сканерлермен жабдықталған. Кеңістік бес функционалдық аймаққа бөлінген. Мұнда азаматтар қызметтерді өз бетінше алып, қажет болған жағдайда маман көмегіне жүгініп, цифрлық дағдыларын жетілдіреді.📍AI-кеңсе Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы,
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    18 сент., 12:47

    🚗Бүгін бір күн ішінде автодромдарда практикалық емтихан тапсыру кезінде үш жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ал жыл басынан бері мұндай оқиғалардың саны жүзге жеткен.📍Бүгін Астана, Ақтөбе және Талдықорған қалаларындағы автодромдарда практикалық емтихан кезінде үміткерлер көлікті басқара алмай, емтихандар жоспардан тыс аяқталған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ.🫥Емтихан тапсыру барысында үміткерлер педальдарды шатастырып, жол белгілері мен қоршауларды қағып, өзге көліктерге соғылып жатады.✔️Бұл оқиғалар практикалық емтиханға келмес бұрын, теориялық білімнен бөлек, автокөлікті сенімді басқаруды үйреніп, кез келген тосын жағдайға жылдам әрекет етуге дайын болу қажет екенін көрсетеді.❗Рөлде абай болып, емтиханға тыңғылықты дайындалған жөн. Жол үстіндегі немқұрайлылықтың соңы өкінішке ұрындыруы мүмкін. ___🚗Три ДТП за один день. Сто подобных происшествий с начала года. Все они
    10,300видео85532Открыть в Telegram
  • gov4c.kz

    18 сент., 06:38

    🔎Биылғы жылдың 8 айында бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақыны 200 мыңнан астам отбасы рәсімдеді. Тағайындалған төлемдер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – мұнда 28 мыңнан астам жәрдемақы рәсімделген. Алматы қаласында 19 мыңнан астам, ал Астана қаласы бойынша 17 мыңнан астам жәрдемақы берілген.📲Жәрдемақыны проактивті форматта да алуға болады. Бала тууы тіркелгеннен кейін ата-анаға SMS-хабарлама келеді. Келісімді растап, банк шотын көрсеткеннен кейін төлем автоматты түрде тағайындалады. 2026 жылы жәрдемақы мөлшері бірінші, екінші және үшінші балаға – 164 350 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға – 272 475 теңгені құрайды.📑Өтінішті кез келген ХҚКО-да беруге болады. Ол жағдайда қызмет 7 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Ал электронды үкімет порталы немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы өтініш берген жағдайда, қызмет 4 жұмыс күні ішінде
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    16 сент., 09:53

    🔎Мемлекеттік қызмет көрсету саласы үнемі жетілдіріліп келеді: заманауи цифрлық шешімдер енгізіліп, талап етілетін анықтамалар саны мен нәтижені күту уақыты барынша қысқаруда. Мұның бәрі, ең алдымен, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.✅Бүгінгі "ХҚКО трансформациясы" айдарында ЖШС-ны қайта тіркеу рәсіміндегі оң өзгерістер мен қазіргі таңда қажетті құжаттар тізімін ұсынамыз. ________🔎Процессы оказания государственных услуг постоянно совершенствуются: внедряются современные цифровые решения, сокращается количество необходимых справок и время ожидания результата, создаются комфортные условия для услугополучателей.✅В рубрике «Трансформация ЦОН» расскажем, как изменился процесс государственной перерегистрации ТОО и какие документы для этого нужны сегодня.
    6,250видео101Открыть в Telegram
  • gov4c.kz

    15 сент., 06:21

    🚗Бүгін «Қысқа да нұсқа» айдарында Қазақстан Республикасы аумағында ресми дилерлерден сатып алынған көлік құралдарын бастапқы тіркеудің негізгі кезеңдері туралы айтып береміз. _____🚗Сегодня в рубрике «Просто о сложном» расскажем об основных этапах первичной регистрации транспортных средств, приобретенных у официальных дилеров на территории Республики Казахстан.
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    14 сент., 09:55

    🍃Жаз айларында қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерге, құжат рәсімдеуге жиі жүгінген.🏆Осы кезеңде сұранысқа ие үздік үштікке кірген мемлекеттік қызметтер қатарын «Қысқа да нұсқа» айдарының жаңа шығарылымынан біле аласыздар. ___🍃В летние месяцы казахстанцы особенно активно получали государственные услуги и оформляли необходимые документы.🏆Какие из них вошли в тройку самых востребованных, рассказываем в новом выпуске рубрики «Интересная статистика».
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    13 сент., 03:56

    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    10 сент., 07:52

    🫶🏻Әр шаңырақтың тарихы некені ресми тіркеуден басталады. Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтеді. Осы айтулы мереке қарсаңында еліміздегі неке қию көрсеткіштеріне назар аударуды жөн көрдік.💍2026 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 74 648 неке ресми түрде тіркелді. Әсіресе жаз айларында шаңырақ көтерген жұптардың саны көп. Жаздың үш айында 38 мыңнан астам жұп некесін ресми түрде қиды.☘️Жаздың ең көп неке қиылған айы – маусым. Осы айда 15 мыңнан астам неке тіркелді. Ал тамыз айында 11 761, шілдеде 11 674 жұп отбасын құрып, өмірлерінің жаңа кезеңіне қадам басты.📍Жаңа отбасылар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – мұнда 12 344 неке тіркелген. Одан кейін Астана қаласында – 9 074, Түркістан облысында – 5 611 неке тіркелген.✅Неке қию туралы өтінішті тіркеуші орган арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы немесе екінші
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    7 сент., 09:45изменён

    ✔️«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қазақстандықтардың цифрлық сауаттылығын арттыру бағытындағы оқыту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде Мемлекеттік корпорацияның еліміздегі фронт-офистерінде 20 оқыту сыныбы жұмыс істейді. Мамандар қызмет алушыларды заманауи цифрлық сервистердің мүмкіндіктерімен таныстырып, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта өз бетінше алу дағдыларын меңгеруге көмектеседі.🔥Жыл басынан бері сабақтарға 6 мыңнан астам адам қатысты. Қатысушылардың жартысынан көбі белсенділігі жоғары бес өңірге тиесілі. «Қызықты статистика» айдарының жаңа шығарылымында оқыту ауқымы бойынша үздік бестікке енген өңірлерді таныстырамыз.🔎Еске салайық, сабақтар сәрсенбі және жұма күндері өткізіледі. Оқу тегін, оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады. ________ ✔️Государственная корпорация «Правительство для граждан» продолжает обучать казахстанцев цифровой
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    4 сент., 05:59

    🖥️«Digital ХҚКО» айдарының жаңа шығарылымында Алматы қаласы ХҚКО-сының маманы «ХҚКО» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерінің бірі туралы айтып береді. Қосымша арқылы кезекті алдын ала брондап, өзіңізге ыңғайлы күн мен уақытты таңдап, ХҚКО-ға баруды жоспарлай аласыз. _______🖥️В новом выпуске рубрики «Digital ЦОН» специалист ЦОНа города Алматы расскажет об одной из возможностей мобильного приложения «ЦОН», которое позволяет забронировать очередь, выбрать удобные дату и время, спланировав посещение ЦОН заранее.
    7,960видео4Открыть в Telegram
  • gov4c.kz

    2 сент., 13:53

    📍Камбоджа Корольдігінің делегациясы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына барып, Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру саласындағы тәжірибесімен танысты.🖥️Қонақтарға фронт-офистердің заманауи жұмыс үлгісі таныстырылып, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі, яғни азаматтардың өтінішін қабылдау мен өңдеуден бастап, дайын құжаттарды беруге дейінгі барлық кезең көрсетілді.🌐Делегация мүшелері заманауи технологиялардың көмегімен азаматтардың мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуына ыңғайланған AI-офистерге ерекше қызығушылық танытты. Онда қызмет көрсету жүйесіне кіру кезінде азаматтың жеке басы биометриялық сәйкестендіру арқылы расталады. Ал жасанды интеллект анықтамалар мен басқа да мемлекеттік қызметтерді диалогтік интерфейс арқылы алуға мүмкіндік береді.✅Делегация өкілдері ұсынылған цифрлық шешімдердің тиімділігін атап өтіп, Қазақстанның мемлекеттік
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    1 сент., 06:48

    📑Неке туралы куәлік көшіп-қону кезінде жоғалып қалуы, бүлінуі немесе басқа құжаттардың арасынан табылмай қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда куәлікті қайтадан алуға болады.✔️«Қысқа да нұсқа» айдарының жаңа шығарылымында құжатты алу үшін қайда жүгіну керектігін, қандай құжаттар қажет екенін және оны рәсімдеуге қанша уақыт кететінін түсіндіреміз. _______📑Свидетельство о браке может потеряться при переезде, повредиться или просто затеряться среди других документов. В таком случае его можно получить повторно.✔️В новом выпуске рубрики «Просто о сложном» расскажем, куда обратиться, какие документы понадобятся и сколько времени займёт оформление.
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    31 авг., 07:34

    ✨«Қызықты статистика» айдарының жаңа шығарылымында 2026 жылдың алғашқы 7 айында жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлем алған әйелдер саны бойынша үздік 5 өңірді ұсынамыз. Еліміз бойынша өзекті деректермен бөлісеміз.✅Ал сіздің өңіріңіз көшбасшылар қатарында бар ма? ______✨В новом выпуске рубрики «Интересная статистика» представляем ТОП-5 регионов по числу женщин, получивших социальную выплату по беременности и родам за первые 7 месяцев 2026 года. Делимся актуальными данными по стране.✅А есть ли ваш регион среди лидеров?
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    28 авг., 06:41

    📲Бүгін «Digital ЦОН» айдарының жаңа бейнеролигінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне онлайн түрде қалай тапсырыс беруге болатынын айтып береміз.🚗Қостанай қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО қызметкері қызметті рәсімдеудің қадамдық алгоритмімен таныстырып, оның орындалу барысын іс жүзінде көрсетеді.✔️Бейнероликті соңына дейін көріп, нұсқаулықты сақтап қойыңыз — қажет кезде әрдайым қолыңызда болсын. ________📲В новом видео рубрики «Digital ЦОН» сегодня мы хотим рассказать, как заказать государственный регистрационный номерной знак онлайн.🚗Сотрудница СпецЦОНа города Костанай поделится с вами пошаговым алгоритмом оформления услуги, а также покажет весь процесс на практике.✔️Смотрите видео до конца и сохраняйте инструкцию, чтобы она всегда была под рукой.
    7,250видео322Открыть в Telegram
  • gov4c.kz

    27 авг., 07:14

    🗓️2026 жылдың басынан бері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің ауылдық елді мекендерінде тұратын 18 мыңнан астам азаматты оқытты. Оқу барысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді онлайн форматта өз бетінше алуды және заманауи цифрлық сервистерді пайдалануды үйренді.📍Қамтылған азаматтардың ең көп саны Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарына тиесілі.🔍Сонымен қатар, «Таным» оқу орталығының қатысуымен облыс орталықтарында 5 мыңға жуық азамат оқытудан өтті.🖇️Электрондық мемлекеттік қызметтер мен заманауи онлайн-сервистерді тегін пайдалануды үйренгісі келетін азаматтар үшін еліміздің әр облыс орталығында оқу сыныптары жұмыс істейді. Сабақтар сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. ____🗓️С начала 2026 года Государственная корпорация «Правительство для граждан» провела обучение для более 18 тысяч жителей
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    26 авг., 06:50

    📎Бүгін «ХҚКО трансформациясы» айдарында асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны ұзарту үдерісінің қалай өзгергенін және енді қандай кезеңдер автоматты түрде жүзеге асатынын айтып береміз. _____📎Сегодня в рубрике «Трансформация ЦОН» расскажем, как изменился процесс продления государственного социального пособия по случаю потери кормильца и какие этапы теперь проходят автоматически.
    5,740видео61Открыть в Telegram
  • gov4c.kz

    25 авг., 06:13

    🎓Диплом немесе аттестат оқуға түсу, жұмысқа орналасу немесе құжаттарды рәсімдеу кезінде күтпеген жерден қажет болуы мүмкін. Түпнұсқасы жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оны қалпына келтіруге болатынын көпшілік біле бермейді.💫Бүгін «Қысқа да нұсқа» айдарында білім туралы құжаттың телнұсқасын қалай алуға болатынын айтып береміз. ___🎓Диплом или аттестат может понадобиться в самый неожиданный момент - при поступлении, трудоустройстве или оформлении документов. Если оригинал потерян или испорчен, не все знают, что его можно восстановить.💫Сегодня в рубрике «Просто о сложном» расскажем, как получить дубликат документа об образовании.
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
  • gov4c.kz

    24 авг., 11:15

    ✨Жыл басынан бері Қазақстанда мыңдаған неке тіркелді. Жас жұбайлар үшін жылдың әр кезеңінің өзіндік ерекшелігі бар екені байқалады.📑«Қызықты статистика» айдарында қазақстандықтардың жылдың қай мезгілінде шаңырақ көтеруге көбірек бейім екенін және қай ай неке қию бойынша көш бастағанын ұсынамыз.🔎Некелер саны бойынша алғашқы үштікте Алматы қаласы, Астана қаласы және Түркістан облысы көш бастап тұр. ______✨С начала года в Казахстане зарегистрированы тысячи браков, при этом некоторые месяцы оказались особенно популярны среди молодоженов.📑В рубрике «Интересная статистика» расскажем, в какое время года казахстанцы чаще всего заключают брак и какой месяц стал самым популярным.🔎Среди регионов в тройке лидеров по количеству зарегистрированных браков также остаются Алматы, Астана и Туркестанская область.
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz
    6,030711Открыть в Telegram
  • gov4c.kz

    21 авг., 06:22

    ✅23 тамыз, Құрылтай сайлауы күні, тұрғылықты жері бойынша тіркеуі жоқ қазақстандықтар сайлау учаскесі орналасқан мекенжай бойынша тіркеуге тұра алады.Бұл қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) мамандары жұмыс істейтін 221 сайлау учаскесінде қолжетімді болады.🕐ХҚКО қызметкерлері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.Тіркеу тек дауыс беруге қатысу мақсатында бір күнге рәсімделеді және келесі күні автоматты түрде жойылады.📌Егер азаматтың тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар болса, сол мекенжай бойынша сайлау учаскесінде дауыс береді. ______✅23 августа, в день выборов в Курултай, граждане Казахстана, не имеющие регистрации по месту жительства, смогут оформить прописку на один день по адресу нахождения избирательного участка.Такая услуга будет доступна на 221 избирательном участке, где будут работать сотрудники ЦОН.🕐Время работы с 07:00 до 20:00.Регистрация
    Иллюстрация к посту канала gov4c.kzИллюстрация к посту канала gov4c.kz