gram news
Аватар канала ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

ПроектыUKОбразование

59,690подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    22 сент., 13:12

    🔰 Қазақстан мен ICESCO ғылыми дипломатия саласындағы ынтымақтастықты кеңейтедіНью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында өтіп жатқан Science Summit 2026 шеңберінде «Science Diplomacy and Global Cooperation» тақырыбында жоғары деңгейдегі диалог өтті. Іс-шара ғылым, жоғары білім, жаңа технологиялар және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналды.Диалогты ICESCO мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылар ғылыми дипломатияның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамыту, ғылыми инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ зерттеу әлеуетін экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге бағыттау мәселелерін талқылады.🔗 Толығырақ: gov.kz🔰 Казахстан и ICESCO расширяют сотрудничество в сфере научной дипломатииВ Нью-Йорке в рамках 81-й сессии
    1,2307332Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    22 сент., 07:05

    🍏 QyzPU оқытушылары Apple технологиялары бойынша біліктілігін арттырдыҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушылары, PhD доктор Жұлдыз Базаева мен Айнұр Базарбаева Apple компаниясының білім беру бағдарламасы аясында кәсіби сертификаттаудан өтіп, халықаралық сертификаттарға ие болды.Оқытушылар iTeacher Academy – Apple Authorized Reseller ұйымдастырған арнайы оқу курсында Swift бағдарламалау тілін және мобильді қосымшалар әзірлеудің заманауи тәсілдерін меңгерді. Бағдарлама аясында педагогтерге практикалық тапсырмалар орындау, қосымшаларды әзірлеу және цифрлық құралдарды оқу үдерісінде тиімді қолдану мүмкіндіктері ұсынылды.Сертификаттау барысында меңгерген білім мен дағдылар қазіргі таңда оқу үдерісіне енгізіліп отыр. Оқытушылар сабақ барысында студенттерге бағдарламалау үдерісін интерактивті форматта көрсетіп, нақты уақыт
    1,510видео6531Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    22 сент., 06:43

    🌾 Kozybayev University қытайлық серіктестерімен бірлесіп агроөнеркәсіп саласына мамандар даярлайдыСолтүстік Қазақстан облысында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті қытайлық серіктестері – Шыңжаң ауыл шаруашылығы кәсіптік-техникалық университеті және «Тайкунь» корпорациясымен бірлесіп, агроөнеркәсіптік кешенге қажетті мамандар даярлау жобасын іске асырып жатыр.Kozybayev University-де қытайлық серіктестермен өткен кездесуде тараптар кадр даярлау, практикалық оқыту және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге келді. Жоба аясында студенттер Қазақстан мен Қытайда білім алып, заманауи технологияларды меңгереді. Сондай-ақ «Тайкунь» корпорациясының кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған.🔗 Толығырақ: gov.kz🌾 Kozybayev
    1,36051111Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    21 сент., 13:15

    🇰🇿Оксфорд университетінің студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келдіҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің студенттеріне арналған екі апталық «Қазақ тілін үйрену бағдарламасы» басталды. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оксфорд университетінің Вольфсон колледжі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатыр.Бағдарламаның негізгі мақсаты – шетелдік студенттерге қазақ тілінің негізін меңгерту, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және Қазақстанның тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен ұлттық құндылықтарын таныстыру. Бастама Ұлыбританияның білім беру бағдарламаларына қазақ тілін енгізуге бағытталған Oxford Birsöz жобасының практикалық
    1,93065222Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    21 сент., 13:06

    🇰🇿🇬🇧Астанада британдық Coventry University жаңа кампусының құрылысы басталдыАстанада британдық Coventry University жаңа кампусының құрылысы басталды. Аумағы 35 мың шаршы метрден асатын жаңа кампуста заманауи білім беру кеңістіктері, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы мен технологиялық шешімдер шоғырланады. Сонымен қатар университеттің индустрия өкілдерімен өзара іс-қимыл мүмкіндіктері кеңейеді.Құрылыс жұмыстарының басталуына орай өткен рәсімде Coventry University Kazakhstan студенттері жаңа кампустың іргетасына кейінгі студенттерге арналған тілек жазылған капсуланы орналастырды. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді, Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, Ұлыбританияның Әзербайжан және Орталық Азия елдеріндегі сауда өкілі лорд Джон Алдердайс,
    1,470видео43211Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    21 сент., 06:41

    🏗 Сәтбаев университеті Қытайда ақпараттық инженерия мамандарын даярлай бастадыҚытайдың Циндао қаласында Сәтбаев университеті мен Qingdao University of Science and Technology (QUST) бірлесіп құрған Қытай-Қазақстан ақпараттық инженерия мектебінің ашылу рәсімі өтті. Жаңа мектепке алғашқы қабылдау кезінде 188 студент оқуға түсті. Оның 150-і бакалавриатқа, 38-і магистратураға қабылданды.Қытай-Қазақстан ақпараттық инженерия мектебі Сәтбаев университетінің білім беру бағдарламаларын Қытайда жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Бакалавриат студенттері Computer Science, Information Engineering және Communication Engineering бағыттары бойынша білім алады. Төрт жылдық оқу бағдарламасы Циндао қаласында 4+0 үлгісі бойынша толық жүзеге асырылады. Екі университеттің оқу талаптарын орындаған түлектерге QUST білім туралы құжаты және Сәтбаев университетінің дипломы
    2,1201075111Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    18 сент., 15:14

    ⚡️ ШҚТУ-да Орталық Азиядағы алғашқы Great Wall Motors сертификаттау орталығы ашылдыД. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі Лу Бань шеберханасының базасында Great Wall Motors компаниясының инженерлік-техникалық мамандарын оқыту және сертификаттау жөніндегі Орталық Азиядағы алғашқы ресми орталық жұмысын бастады.Жобаның іске қосылатыны туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек автомобиль өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралған Үкімет отырысында хабарлаған болатын.«Биыл Great Wall Motor, Тяньцзинь кәсіптік институты және Astana Motors компаниясының қатысуымен ШҚТУ-дағы Лу Бань шеберханасының базасында сертификаттау орталығы іске қосылады», - деді министр.🔗 Толығырақ: gov.kz⚡️ В ВКТУ открыт первый в Центральной Азии Центр сертификации Great Wall MotorsНа базе Мастерской Лу Бань Восточно-Казахстанского технического университета имени Д.
    3,040видео6421Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    18 сент., 13:39

    🌐 NU мен Сингапур: ғылым, инновация және адами әлеуетті дамытуNU Сингапурдың Ғылым, технология және зерттеулер агенттігімен (ASTAR), Сингапур ұлттық университетімен (NUS) және Наньян технологиялық университетімен (NTU) төртжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Сингапурдың жетекші ғылыми орталықтарымен серіктестікті кеңейтуге жол ашып, бірлескен зерттеулер жүргізуге, академиялық алмасуды дамытуға және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға негіз болады.🔗 Толығырақ: gov.kz🌐 NU и Сингапур: объединяя науку, инновации и развитие талантовNU подписал четырехсторонний меморандум о взаимопонимании с Агентством по науке, технологиям и исследованиям Сингапура (ASTAR), Национальным университетом Сингапура (NUS) и Технологическим университетом Наньянга (NTU). Меморандум направлен на расширение партнерства с ведущими научными центрами Сингапура и создает основу для
    1,4705331Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    18 сент., 13:34

    💬 Ғылым министрі Ұлыбритания өкілдерімен педагогтердің кәсіби дамуын талқыладыБүгін, 18 қыркүйекте, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорси және British Council директоры Роберт Тейлормен кездесті.Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру мәселелері талқыланды.Тараптар Қазақстан педагогтерінің кәсіби дамуы саласындағы басымдықтар бойынша пікір алмасып, Ұлыбританияның тәжірибесін ескере отырып, кәсіби оқыту жүйесін жетілдіру мүмкіндіктерін қарастырды. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби дамуын ұлттық деңгейде жүйелі әрі тұрақты жетілдіруге қолдау көрсету тетіктері сөз болды.🔗 Толығырақ: gov.kz💬 Министр науки обсудил
    1,350видео32111Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    18 сент., 13:11

    🔬 Казахстанские ученые разработали инновационный продукт для повышения урожайности сельхозкультурВ рамках государственной поддержки науки и ее интеграции с производством ученые Казахского национального университета имени аль-Фараби реализовали проект, направленный на развитие отечественного агропромышленного комплекса. При грантовом финансировании Фонда науки коллектив исследователей разработал инновационный бифункциональный препарат «NanoKukirt», предназначенный для применения в органическом сельском хозяйстве.Отечественная разработка, выпускаемая в виде жидкости и суспензии, демонстрирует высокую эффективность в качестве экологически безопасного удобрения и средства комплексной защиты растений от грибковых заболеваний.Содержание серы, являющейся жизненно важным элементом для растений, в составе препарата составляет 25%, кальция – 5%. По словам
    1,790видео322Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    18 сент., 13:10

    🔬 Қазақстандық ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға арналған инновациялық өнім әзірледіҒылымды мемлекеттік қолдау және оны өндіріске енгізу бағытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асырды. Ғылым қорының гранттық қаржыландыруы аясында зерттеушілер тобы органикалық ауыл шаруашылығында қолдануға арналған инновациялық бифункционалды «NanoKukirt» препаратын әзірледі.Отандық өнім сұйықтық және суспензия түрінде шығарылады. Препарат экологиялық қауіпсіз тыңайтқыш ретінде және өсімдіктерді саңырауқұлақ ауруларынан кешенді қорғау құралы ретінде жоғары тиімділік көрсетіп отыр.Өсімдіктер үшін аса маңызды элемент болып саналатын күкірттің препарат құрамындағы үлесі 25%, ал кальцийдің үлесі 5%-ды құрайды. Жоба жетекшісі, профессор Мұхамбетқали
    1,800видео3Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    18 сент., 10:19

    🇰🇿🇹🇷Түркия университетінде Абай орталығы ашылдыТүркияның Қыршехир Ахи Эвран университетінде Абай атындағы қазақ тілі, әдебиеті және мәдениеті ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Жаңа орталық Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қыршехир Ахи Эвран университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.Ғылыми-зерттеу орталығының негізгі қызметі қазақ тілі мен әдебиетін, сондай-ақ Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеуге және насихаттауға, бірлескен ғылыми-зерттеу және академиялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Орталық аясында Қазақстан мен Түркияның ғалымдары, оқытушылары және студенттері бірлескен зерттеулер жүргізіп, тіл, әдебиет және мәдениет салаларында тәжірибе алмасады.🔗 Толығырақ: gov.kz🇰🇿
    1,6706432Открыть в Telegram
  • ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

    18 сент., 07:23

    переслано из @kzgovernment

    📱 @KZgovernment
    1,430видео5Открыть в Telegram
Скачать ряд в CSV
Бот обратной связи для своего канала — бесплатно

Подписчики пишут боту, вы отвечаете реплаем, ваш аккаунт скрыт. Создаётся в одно касание.

Как это работает →
Создать бота