gram news
Аватар канала Insports.kz

Insports.kz

@insports_kz

Қазақстан және әлем спортының жаңалықтары Спортивные новости Казахстана и мира

ПроектыKKСпорт

2,740подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • Insports.kz

    3 янв., 11:54

    Павлодарлық 🇰🇿«Ертіс» пен қызылордалық 🐺«Қайсар» 32 жастағы жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханға қызығушылық танытуда.Өткен маусымда алаңға шықпаса да, тәжірибелі футболшыға бай тарихы бар қос клубтың қызығушылығы бәсеңдеген жоқ.2025 жылы Бауыржан түркістандық 😀«Тұран» және елордалық 😀«Астана» клубтарының тізімінде болғанымен, ресми кездесулерге қатысқан жоқ.📱https://t.me/atamekenbusiness_sport
    710531Открыть в Telegram
  • Insports.kz

    3 янв., 11:10

    🇰🇿Қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова ресейлік Мария Головинамен бірге жұптық сында Үндістанда өткен ITF W15 турнирінің 🏆жеңімпазы атанды.Финалда қазақстандық-ресейлік дуэт Жапония өкілдері Мана Кавамура – Хонока Кобаяши жұбын 6:3, 6:2 есебімен жеңді.Құттықтаймыз👏👏👏📱https://t.me/atamekenbusiness_sport
    6528221Открыть в Telegram
  • Insports.kz

    3 янв., 10:48

    ❄️«Қайрат» жаңа маусымға дайындықты бастадыБүгін «Қайрат» футболшылары Алматыдағы клуб базасында жиналып, маусым алдында медициналық тексеруден өтті.Команда алда күтіп тұрған «Брюгге» және «Арсеналға» қарсы маңызды кездесулерге дайындықты бастады.Дайындық жоспарына сәйкес, 4 қаңтарда «Қайрат» 11 күндік оқу-жаттығу жиындарына 🛫🇦🇪Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанады.Жиын барысында команда бірнеше жолдастық матч өткізеді. 9 қаңтарда алматылықтар Әзербайжан чемпионатында жетінші орында тұрған «Нефтчи» клубымен ойнайды.Ал 14 қаңтарда Хорватия біріншілігінде алтыншы орында тұрған әрі Конференциялар лигасының іріктеуіне қатысқан «Вараждинмен» кездеседі.15 қаңтарда оқу-жаттығу жиыны аяқталып, команда елге оралады.Чемпиондар лигасы аясындағы 🇧🇪«Брю
    5205111Открыть в Telegram
  • Insports.kz

    3 янв., 10:15изменён

    🇰🇿Қазақстандық теннисшілер жаңа маусымды сәтсіз бастадыАустралияның Брисбен қаласында Queensland Tennis Centre аренасында 5–11 қаңтар аралығында WTA 500 санатындағы турнир өтеді. Ойындар ашық аспан астындағы хард кортта ұйымдастырылған.Бүгін, 3 қаңтарда жарыстың негізгі кезеңіне іріктеу басталып, тартысты кездесулер өтті. Бұл кезеңде қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Александр Шевченко бақ сынады.🌍Путинцева (№71) іріктеу финалында жергілікті Оливия Гадекиге (№206) 6:1, 5:7, 1:6 есебімен жол берді.🇷🇺Ал, Шевченко (№97) ATP 250 турнирі іріктеуінде бельгиялық Рафаэль Коллиньоннан (№85) 7:5, 6:4 есебімен жеңілді.📱 https://t.me/atamekenbusiness_sport
    5353111Открыть в Telegram
  • Insports.kz

    3 янв., 07:14

    Ислам Чесноков 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿Шотландия чемпионаты тарихындағы алғашқы қазақстандық футболшы атанбақҚаңтардың 2-нен 3-не қараған түні Ислам Чесноков «Хартспен» келісімшартқа ✍️қол қою үшін Эдинбургке келді. Вингер алдымен 🛫Лондонға ұшып, кейін Шотландияға барды🛬.Бас бапкер Дерек Маккиннестің айтуынша, Чесноков жақын күндері ресми түрде тіркеледі. Құжаттар уақытында рәсімделсе, Ислам келесі жексенбіде «Дандиге» қарсы матчта алаңға шығуы мүмкін.Қазір «Хартс» 19 турдан кейін 41 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр, ал «Селтик» 38 ұпаймен екінші орында келеді.📱https://t.me/atamekenbusiness_sport
  • Insports.kz

    3 янв., 05:45

    🇰🇿Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанның World Boxing ұйымының мүшесі бола тұра, не себепті IBA ұйымдастырған әлем чемпионатына қатысатынын түсіндірді.«🏃Халықаралық олимпиада комитетімен жұмыс істейтін негізгі ұйым — World Boxing. Бұл ұйымға біздің даңқты боксшымыз 🇰🇿Геннадий Головкин тағайындалды.Ал, 🥊IBA ұйымына келер болсақ, белгілі болғандай, алдағы уақытта ол коммерциялық жарыстар форматына ауысады. Қазіргі таңда әлемнің ең мықты елдері өз өтінімдерін тапсырғаннан кейін және бұл турнир негізінен коммерциялық тұрғыда қарастырылып отырғандықтан, біз бұл жарыстарға өз боксшыларымызды қатыстырып отырмыз.Алдағы уақытта екі ұйымның қандай форматта жұмыс істейтінін халықаралық ұйым шешеді. Әзірге
    533541Открыть в Telegram
  • Insports.kz

    3 янв., 04:49

    🏆«Астана» футбол клубы нигериялық шабуылшы Джеффери Чинедуды ресейлік «Крылья Советов» клубына сатты.Чинедудың қазақстандық клубпен келісімшарты 2026 жылдың маусым айына дейін жасалған еді. Сондықтан ресейлік клуб елордалық командаға 540 мың еуро көлемінде өтемақы төледі.Чинеду «Астана» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында шабуылшы 54 матч өткізіп, 27 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.✍️https://t.me/atamekenbusiness_sport
  • Insports.kz

    2 янв., 07:22изменён

    ❄️«Қайрат» басшысы 🇰🇿«Тараз» футбол клубының директорына ескерту жасадыҚайрат Боранбаев «Тараз» директоры Дидар Сыдықбектің 18 жастағы қақпашы 🇰🇿Шерхан Калмұрзаға ресми сұрау жолдауға ниет білдіруіне байланысты жауап қайтарды.«Бұл ұсынысты тіпті талқылаудың қажеті жоқ. Ештеңе жіберудің қажеті жоқ. Өз-өзіңізді жарнамалап, хайп жасауға уақыт бөлудің орнына, өз клубыңыздың мәселесіне назар аударыңыз», — деді Боранбаев.✍️https://t.me/atamekenbusiness_sport
    5656311Открыть в Telegram
  • Insports.kz

    2 янв., 06:21изменён

    🐺"Қайсар" Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиындарын өткізедіЖаңа маусымға дайындық барысында "Қайсар" екінші оқу-жаттығу жиынын 🇦🇪Біріккен Араб Әмірлігінде ұйымдастырмақ. Жаттығу жиыны 7 қаңтарда басталады.Қазақстан Премьер-лигасының 2025 маусымының қорытындысы бойынша қызылордалық клуб 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 11-орын иеленді. Команданың құрамында тек қазақстандық футболшылар өнер көрсетті.«Қайсарды» жаңа маусымда Александр Ферапонтов баптайтынын да айта кетейік.📱https://t.me/atamekenbusiness_sport
  • Insports.kz

    2 янв., 05:38изменён

    🤔7,4 млрд теңгеге ескі стадионды «жамаймыз» ба?«Мұнайшы» стадионы 1950 жылы пайдалануға берілген.Атыраудағы орталық «Мұнайшы» стадионын толық реконструкциялау жобасының құны 7,4 млрд теңге деп бағаланып отыр.Жобалық-сметалық құжат мемлекеттік сараптамадан өткен, ал құжаттар қазір мемлекеттік сатып алу порталында тендер жариялау үшін дайындалуда.Реконструкция 2026-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Жұмыс барысында стадионның барлық инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай жаңартылатын болады, футбол алаңы мен көрермен аймағы да толықтай өзгертіледі.Дегенмен, 7,4 млрд теңгеге өткен ғасырда салынған ескі стадионды жөндегеннен гөрі, сол қаржыға заманауи талаптарға толық сай жаңа стадион салу әлдеқайда тиімді шешім болар еді.Ескі нысанды қайта жаңғырту уақытша ғана нәтиже беріп, болашақта қосымша шығындарды талап етуі мүмкін. Ал, жаңа стадион
    4927211Открыть в Telegram
  • Insports.kz

    2 янв., 05:03изменён

    Бибісара Асаубаеваның Халықаралық шахмат федерациясының жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болдыҚаңтар айындағы FIDE рейтингінде Асаубаева 2497 ұпаймен 11-орынға жайғасты.Рейтингтің көшін 2613 ұпаймен 🇨🇳қытайлық шахматшы Хоу Ифань бастап тұр. Сондай-ақ үздік үштікке Қытай өкілдері Чжу Цзиньэр (2579 ұпай) мен Лэй Тинцзе (2569 ұпай) бар.Айта кетейік, желтоқсан айының соңында Бибісара Асаубаева мансабында үшінші рет блиц шахматтан әлем чемпионы атанып, 🎖II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.📱https://t.me/atamekenbusiness_sport
  • Insports.kz

    2 янв., 04:40

    2026 жылғы ақпанда 🇮🇹Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV ❄️қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың спорттық киімінің эскиздері дайын.Киім эскизі арнайы комиссиямен бекітіліп, қазір ХОК-та келісуден өтуде.22 атаудан тұратын жиынтыққа салтанатты, жарыстық, жаттығу және күнделікті киімдер кіреді.Спорттық киім демеушілер есебінен алынды.📱https://t.me/atamekenbusiness_sport
  • Insports.kz

    2 янв., 04:21изменён

    Алматылық ❄️«Қайрат» өз тәрбиеленушілерін Қазақстанның басқа клубтарына сатуға дайынФутболшылардың бір бөлігі бұған дейін жалға беріліп ойнаған. «Қайрат» олармен қоштасуға дайын және өтемақы мөлшерін де белгілеп қойған.Қазақстан Премьер-лигасының көптеген клубы “Қайрат” академиясының жас футболшыларына белсенді қызығушылық танытып отыр.Мәселен, бұрын ҚПЛ клубтарында жалда ойнаған Мирас Оматай, Ян Труфанов және “Қайрат” жүйесінің басқа да өкілдерін қатарға қосу үшін 25–50 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге тура келеді.4 қаңтар күні “Қайратпен” қолданыстағы келісімшарты бар барлық футболшы клуб базасына жиналады. Осыдан кейін олардың алдағы тағдыры белгілі болады.Ойыншылардың бір бөлігі жаңа команда іздейді, ал кейбірі негізгі құраммен бірге Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанады.
    5234221Открыть в Telegram