Последние посты

Jurek dapteri
11 июл., 20:28
Абай даңғылымен, Жуынып сәуiрдiң жаңбырымен Келе жаттық жыр оқып жiгiт пен қыз Таза едiк қой күнәдан, күдiктен бiз Тұманбайды сүйемiз екеумiз де, Екеумiз де үкiлi үмiттермiз.Әсем әнi, қылығы неге тұрады?! Ару едi ол, жолында өлетiн-ақ. Көп ұзамай тұрмысқа шығып кеттi, Тұманбайды аяппын мен ақымақ.Аяғам жоқ өзiмдi, жырды аядым О, не деген қатал ед, гүл баяным. Бiр бәйбiше жүр бүгiн Алматыда, Сыры кетпес сынса да сырлы аяғым.Бар мiнiмен, бар сәуле, бар мұңымен Жастық бiзден алыста қалды бiлем. Гүл шоғы, тал бүрiмен,
Jurek dapteri
11 июл., 20:03изменён
Сенесің бе?.. Көөп болды... Жыламадым... Тұңғиықта тыншыған тұма жаным. тым биіктен үмітім құлағанын аспан арлы кеудемнің асқақтығын оспадарлау біреудің сынағанын бәрін көрдім... бәрібір жыламадым.Сенесің бе?.. Көп болды... Сағынбадым... Шашып-төгіп жанымның лағылдарын шағым қылып тауымның шағылғанын көп ішінен талдырып жанарымды біреуді іздеп бейуақ сабылмадым...Сенесің бе?.. Көөп болды... Адаспадым. Күмәнмен де, күнәммен таласпадым. Кей құрбының көңілі жарасқанын
Jurek dapteri
11 июл., 19:48
МЕНІҢ МУЗЫКАМДаусым жоқ, Адамдаймын кінәлі шын. Ішімде — Жұбанышым, Қуанышым. Айтулы әнші емеспін, Неткен жанмын? Көкірегімнен кетпейді сағынышы Шопеннің де! Ұлының үні менде, мұңы менде. Қайтемін, Өз бойымнан түңілем бе? Тыңдаймын күнімен де, түнімен де, тынбайды құштарлығым мұнымен де! Даусым жоқ, Оған кімдер кінә қоймақ?
Jurek dapteri
22 мая, 17:23
Сосын күзді жақсы көремін. Ағаштың ұшар басынан жерге қалықтап келіп аяқ астына түсіп жатқан жапырақтар Тәңірінің бізге жіберетін тәубе-намасы секілді.Ұнатам күзді Жапырақтарды уақыттың алып ұшқаны, Түскені жерге, сандалып сабылысқаны, Қор болып қалды-ау сап-сары сағыныштары Жұбатам күзді.Бақта да сәнді, Қыдырып аулақ ақылгөй, ақымақтардан Бақыттырақпын деймін мен жапырақтардан Әлі ешкім мендік көңілді қақырап қалған. Таптамаған-дыДегенмен-дағы Өмірдің соңы сап-сары бақ боларына Тағдырдың ыстық отына апталарыма, Жапырақ құсап бір күні тапталарына Сенем мен тағы...
Jurek dapteri
22 мая, 16:42
Мен бәріне керексізбін,керекпін, Керектігім керексізге қорекпін. Мен- Махамбет болар едім,бірақта Бөлекпін...Бөлектігім тым қисынсыз түс көрем, Түс көруге күнәм шығар күштеген. Құдай жоқ деп айғайладым,қорықтым Қорыққаннан У жоқ,сірә, ішпеген.Қорыққанмын көшелерден қараңғы, Қатын дедім қабақ шытқан ғаламды. Жолыққанның жолын кестім,жарадым Қолын кестім қол көтерген адамның.Жер сұрады – жерге бердім,жерледім, Ел сұрады – елге бердім,өлмедім. Жалғыздыққа жалғыз бардым,жазғырды Жауыздыққа жалғыз досым азғырды, Ермедім...
Jurek dapteri
24 янв., 17:26
Ерте ме, кеш пе, бәрі де аяқталады, Аяқталады қайғың мен қасыреттерің. Жалғаннан қашан көңілің тоят табады, Өз ғұмырың ғой есепсіз шашу еткеніңАяқталады бәрі де ерте ме, кеш пе, Бүгінгі көрген қызық та аяқталады. Бақытқа жету дегенің ертегі емес пе, Уақытың құрғыр тықылдап таяп қаладыЕрте ме, кеш пе, бәрі де тәмамдалады, Сүйсең де мейлің ғашық боп, сүймесең мейлің. Алдамшы мынау дүниенің адам қонағы, Қонақ та болса өмірді билесем дейді.Тағдырына адам өзінің еркелемес пе, Бірақ та тағдыр пендесін аяп қалмайды. Аяқталады бәрі де ерте ме, кеш пе, Арманың ғана ешқашан аяқталмайды.
Jurek dapteri
23 янв., 13:47
Есенғали Раушанов
Jurek dapteri
8 янв., 15:55изменён
Қоштасу Қуаныш Жазай
Jurek dapteri
24 дек. 2025 г., 11:26
Кір себетКір себетке бүгін тағы бір күндік шаршауымды салдым:баланың күн жеген киімі, жұбайымның кірлеген жейдесі, ал менің кимеген көйлегім.Кей киімге – ас суын төккем, Кейбірінде – көз жасы кепкен.Кір себетім күнде толып тұрады. Ішінен иіс емес – реніш шығады.Кірді жуу қандай оңай? Көңілді тазарту қандай қиын?Кір себетке бүгін тағы бір күнімді салдым,
Jurek dapteri
9 дек. 2025 г., 19:19изменён
Мені биге шақырасың ба? Шақырасың ба...шығайын. Кішкентай кафе сахнасында Білдірмей сосын жылайын.Жалғаннан жаным жеріп кеткенін Жанарым айтсын қаншалық! Құшағыма енші еріп кеп менің ...кішкентай кафе ән салып.Тірі екенімді ұқтырып бір сәт Кеудеме әнтек құлашы. Тұра бермей бұл сезімді құрсап Саксофон дағы жыласын!Өткенде мені от демің шарпып Шат күйге еніп шырайым, Кафенің ішін құс сынды қалқып Айналып бірге шығайын.Өлтірмей мені қалған бағымның Сезінген сол сәт салмағын, Айтылмай қалған армандарымның Алақан айтсын қалғанын!...айтшы, биге шақырасың ба?Дәурен Берікқажыұлы
Jurek dapteri
14 нояб. 2025 г., 16:44
Ұмсынушы едім үздіге, Күдерін сезім үзді ме. Жоғалған күні үмітім Жоғалтып алдым Сізді де.Желегі үшып жетті күз, Күз болып келіп өптіңіз. Түнжырап әлем тұрғанда Тұманға сіңіп кеттіңіз.Тоқтатпақ едім…болмады, Қайтқан құс сәлем жолдады. Бір шөкім ғана сұр бұлт Кеудеме келіп қонғаны.Аспан, жер ұйып сәл мұңға, Түнеріп бір сәт қалдым ба. Не десем екен, білмеймін, Сізді іздеп жүрген жаңбырға.
Jurek dapteri
14 нояб. 2025 г., 16:40изменён
ЖОҒАЛТУӨзіңді сағынар сол бір Кезімді жоғалтып алдым. Дүниенің көзіндей мөлдір Сезімді жоғалтып алдым, Сорыма бастайтын жол бұл - Төзімді жоғалтып алдым. Өзегелер білмесін, сен біл - Өзімді жоғалтып алдым. Сырымды көзімнен ұғар Көзіңді жоғалтып алдым, Жанымды нұр болып шылар Сөзіңді жоғалтып алдым, Қылығым қалтқысыз ұғар Кезіңді жоғалтып алдым. Бұл да бір қасіретім шығар - Өзіңді жоғалтып алдым…Жанат Әскербекқызы
Jurek dapteri
13 нояб. 2025 г., 09:44
Түсімде көктемді көрдім, Түс емес, өңім бе деймін! Гүлденген бөктерді көрдім, Бөктерім керім бе деймін. Құстардың келгенін көрдім, Құс емес, көңіл ме деймін, Сұлу гүл тергенін көрдім, Гүл емес, өмір ме деймін. Нөсердің жауғанын көрдім, Жауғаны – нұрым ба деймін, Бұлттардың ауғанын көрдім, Аунаған құлын ба деймін. Әлдекім тосқанын көрдім, Әлдекім өзің бе деймін, Көктемнің аспанын көрдім, Ол сенің көзің бе деймін. Алқызыл шәлі жауып қыр, Әлдекім жол қарап тұр. Оянсам… қар жауып тұр… Қар… борап тұр!
Jurek dapteri
22 окт. 2025 г., 17:15
Қалай тез өттi, зу еттi қалай ботам-ай Кеп-кеше едi ғой бәрi де соның о, тоба-ай, Ыңғайға бiрден құлай салатын боп барам, Жылай салатын бол алдым тағы оп-оңай, әжем секiлдi.Жылай салам да жыртығым жаман бүтiндеп Бүтiндемесем бүгiн өлердей күпiр боп Ырым етемiн. Ырымым қырын кетедi Қырын кетсе де сене беремiн шүкiр деп, әжем секiлдi.Байыз тапсамшы, шалабым бекер шайқамай, Ескi дұғаны қайталай беремiн, қайталай. Оқталып келiп тiрiлерге арнап айтпаққа Өлгендерменен сөйлесiп кетем байқамай, әжем секiлдi.Бiлмеймiн, баста берместi неге сұрағам, Жан-жағым түгел шытырман жолдар шұбаған.
Jurek dapteri
22 окт. 2025 г., 16:58
Жұмыссыздықты жойдық!Үйдiң iшi Опыр да топыр маман! Әйел де маман, Бала да маман, Қыз да, келiн де маман! Қос-қостан институт бiтiре берген, Дипломдары үйiлiп жатыр, сабан!.. Алайда, жағдайымыз мәз емес, Жаман боп тұр, жаман! Мамандардан бiр тиын кiрiс жоқ! Кiрiс кiргiзердей ауылда Бiр түйiр жұмыс жоқ. Қысқасы, ұрыста тұрыс жоқ, Жұмыссыздықпен күресу жайлы Бағдарламаны лезде құрдық. Құрдық та, мойнымызды Мектепке қарай бұрдық. Директорын үйге шақырып алып,
Jurek dapteri
7 авг. 2025 г., 17:43
«О, Ләйлә, мұңсызбын демеспін, Қайғырса, қанатсыз емес кім?! Бірақ та жынданып кететін Мен саған Мәжнүн емеспін!» Бала күнгі өлеңнен.Қасы да керік, қара алмас көзді, ай қабақ, Мойныңа жұқа алқызыл шарф байлар ап, Алаулап жүзің аса бір асқақ нұрменен, Алыстан тұрдың көз қарасыңмен аймалап.Қарадың солай, қарадың солай, обал не, Қарамадың ба,жоқ әлде?Кетіп те қалмай, кетіп те қалмай содан көп… Керемет бір ой кешікпей маған соғар деп, Балалық шығар, бармадым сенің қасыңа, Батырлығым өз басыма пәле болар деп.Ойладым солай, ойладым солай, обал не,
Jurek dapteri
27 июл. 2025 г., 18:02
Лайланатын кезі бар тұнықтың да... Өзің суып кеттің бе, жылыттың да. Келмейді енді еске алғым ештеңені, Ұмытқым да.Бар сырымды ақтардым түндей кімге? Біз бақытты болып па ек? Білмеймін де... Жыламастан қоштаса салайықшы? Күлмей мүлде.Жүрексізге айналдым, сырты мүсін, Өлең дейтін өлмеді бір тынысым. Саған арнап хат жазып қойдым бүгін, Жырту үшін...Сезінбестен, сенбестен, серт беріп бек, Біз сезімге о баста тек келіп пе ек? Дәл осылай өртеніп, сүйіп тұрып, Жек көріп кет.
Jurek dapteri
9 июл. 2025 г., 18:02
Сен мені шынымен осы сағынбайсың ба, оған да от болып беріліп жалындайсың ба? Оны да мендей елжіреп, аймалайсың ба, оны да іздеп, төзе алмай, қайдалайсың ба? Оған да сәби қылықпен еркелейсің бе, кетейін десе, қиылып "ерте" дейсің бе? Жанарың ойнап, оған да "Күнім" дейсің бе, мені құшқандай, денеңмен дірілдейсің бе? Оңаша сәтті онымен армандайсың ба, ол жоқта жетім ботадай қалғандайсың ба? Оған да: "Сені өмірден іздеп ем...",- дейсің бе, "Жүрегім - қырау сен жоқта, мұз - денем",- дейсің бе? Ол барда өзге көздерді жақтырмайсың ба? оны да бір күн құз-жардан лақтырмайсың ба?
Jurek dapteri
11 июн. 2025 г., 19:23
Амал барма махаббатқа жан пидалык ете алмадың, Аққу арман жалт бергенде, куып көрдің жете алмадың. Жете алмадың, Көлеңкеңнен алыс ұзап кете алмадың. Жанар майын жағып біткен, машинадай от алмадың. Еркің қайда? Сертің қайда? бөркің қайда,құрып қалғыр Ең шешуші кез келгенде, тілің тістеп тұрып қалдың Еңселім деп ойлаушы едім Еркелеуші ем ерге балап, Ең шешуші кез келгенде, тұрып қалдың жерге қарап. Артық қорлық барма әлемде сенгеніңнен безінуден, Құлай сүйген адамыңның осалдығын сезінуден... Көз жасымды көрсетпеуге тырыстым мен саған бірақ Сен деп шыққан сенімімнің биігінен барам кұлап.
Jurek dapteri
11 июн. 2025 г., 17:59
Махаббаттың тұңғыш жыры – тіл қатпау, Тіл қата алмай қыз соңында бұлғақтау; Келесі жыр – сіңіп қалған иіс су Қос бұрымды сипай беру, сүйісу;Үшінші жыр – үшіншісін айтпаймын, Таң білінбей олар үйге қайтпайды; Төртінші жыр – той қамына кірісу, Кірісе сап жоқ нәрсеге ұрысу;Бесінші жыр – тағы қайта келісу, Бар қайғыны, қасіретті бөлісу; Махаббаттың соңғы жыры – үйлену, Күйеу болып, келін болып үйге ену. Сосын жарды мың сүйесің, мың құшып, Бірақ естен кетпейтіні – тұңғышы!..Қадыр Мырза Әлі
