Последние посты

Кітап үзіндісі
22 сент., 11:46



Кітап үзіндісі
17 сент., 04:09
Кім көрінгенмен шатысқанша, жалғыз болғанның өзі артық.Әсел Төлепберген «Таңбалы жол»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
16 сент., 02:16
Тәубе десеңдерші осы күндеріңе. Тәубе! Баяғыдай қалаға кіргізбей қойса, қалаға кіре қалсаңдар, баққа маңайлатпай қуса қайтер едіңдер? Қызық-ей, осы қазақтар…Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
15 сент., 06:05
Кісінің кісіге ауған көңілі түзу де адал болса, одан артық не керек?Өтен Ахмет «Адасқан ғасыр»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
14 сент., 03:04
— Оу, жарандар, босқа айтысқанды қойып, одан да мен сияқты білетін адамнан сөз тыңдаңдар. Мына біз қазақ деген аз халықпыз. Оның өсуіне кедергі соңғы кезде жаңа бір кесел тағы пайда болды. Тақырып өзгергені Нұрғайшаға жағып кетті білем, дереу сөзді іліп ала қойды: — Ол қандай кесел? Құпия емес шығар. — Қыздар шетінен оқымысты болып кетті. Бұл тақырып маған оңтайлы сияқты көрінді. Нұрғайша алдында ұпайымды өсіре түспек ниетпен: — Оқығандары жаман ба? — дедім өзімше қуланып. — Нұрғайша сияқты білімдар, алғыр болып өседі. Жақсы әйелдің жақсы бала тәрбиелейтінін ескерсек… — Айтқаныңның жаны бар. — Рысхан сөзімді бөліп жіберді. — Алайда қыздар оқуларын жиырма үш-жиырма бес жас аралығында аяқтайды. Ана боп бала табатын нағыз қуатты шақтары...Өтен Ахмет «Адасқан ғасыр»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
13 сент., 06:55
«Қазіргілер білімсіз. Кітап оқымайды. Шешендік сөздерді, мақал-мәтелді білмейді» деп осы жұрт бекер шулап жүр. Ал маған ешкімнің ештеңе білмейтіні жақсы болды. Кез келген жерде аузым көпіріп, көсіле сөйлеймін. «Тәйт, қате айтып отырсың!» дейтін пенде жоқ.Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
12 сент., 08:49
Бір кездері Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» кітабын оқып, кейін театр сахнасынан да, экраннан да тамашалаған едік. Бүгін автордың өзін тыңдаудың сәті түсті.


Кітап үзіндісі
12 сент., 07:48
переслано из @kzkitap
«Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды! Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттауға және оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың бірі.Толығырақ: https://reading-nation.kz/https://t.me/kzkitap


Кітап үзіндісі
6 сент., 06:03
Қинайды тағдырымды табалап күз, Қайғысыз, жан ба едіңіз қанағатсыз?.. Алыстап күннен-күнге менен, аға, Апырмау, қайда кетіп бара жатсыз?Исраил Сапарбай «Мен сізді сүйген едім»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
5 сент., 09:56
Адамның бір әлсіздігі - сол: кейде өз сырыңды басқа түгіл, өзіңе ақтара алмайтын кез болады.Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
4 сент., 06:04
Адамның қорқатын нәрсесі – жалғыздық. Ал жалғыздың атаулының ішіндегі ең жаманы – құлазыған жан дүниеңнің жалғыздығы.Бальзак «Үзілген үміттер»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
3 сент., 06:04
Адамды адамға жақын ететін көңіл екен ғой. Көңілде жылу қалмаған жерде, қойныңдағы әйедің де тас кесектей суық тарта береді. Тіпті жүрек қызуы, тән ләззаты да жан жақындығына кепілдік бере алмайды. Төсек қызығын, әсіресе, әйел заты тез ұмытады.Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
2 сент., 06:02
Атом көлі – жансыз, нәрсіз көл. Қыбыр еткен жәндігі жоқ, ешкімге пана, сая бола алмайтын пайдасыз, өлі табиғат. Жағасында жайқалған көгі жоқ, өңі жоқ. Жері де, топырағы да нәрсіз, құнарсыз, шөл даладай қурап, қаңсып, қаңырап жатыр. Түн баласына қарай көл бойында бөтен дауыс гүрілдеп, күңіренгендей, күрсінгендей болады. Содан жүрексінген жолаушы бұл тұсқа беттемейді, көл басына түнемейді.Бекежан Тілегенов «Қара жел»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
1 сент., 06:01
Билік ауру сияқты. Биліктің шыңына шыққан адам содан құлап түскенше, сол ауруы меңдеп, жіңішкеленіп, айыға алмай үзіліп тынады. Құлаған күні сол аурудың зардабынан өледі. Билік пен өмір қашанда үзеңгілесіп, қабырғаласып қатар жүреді. Биліктің ғұмыры келте, өлшемі қысқа, соңы аянышты. Билік елдің, жердің халықтың қамын ойлайды деген өтірік. Ол тек өз күйін ғана ойлайды.Бекежан Тілегенов «Қара жел»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
31 авг., 06:00
Мүмкіндігінше күнәға аз бату адамның ұстанар заңы осы. Күнәдан мүлдем ада болу ол періштенің арманы. Жер бетіндегілердің бәрі күнәға бейім. Күнәнің пендені тартып тұратын күші болады.Виктор Гюго «Аласталғандар»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
30 авг., 06:04
Қазақ қанша қонақжай болғанымен, үйінде еркегі жоқ жас әйелдің сыпайы сылтау айтып, жолаушыны қондырмай жіберуге қақысы бар. Ертең сөз болады, күйеуімнің бетіне шіркеу келеді деп жасқанар еді.Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
29 авг., 06:02
— Алға бассаң, дамисың, бір орында отыра берсең, кері кетесің, ұқтың ба?! — дейді қатты дауыстап, телефонмен сөйлесіп тұрған ұзын күрең күртелі әйел, — еңбек қана бәрін жеңбек.Әсел Төлепберген «Таңбалы жол»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
28 авг., 06:02
Адамның жазмыш деп аталатын тағдырын жолын басқа бір арнаға салып, аяқ асты өзгертіп жіберетін – бір ғана сәт екен. Бір ғана әрекетің. Бір ғана қателігің. Бітті... Сосын өмір деп аталатын жайбарақат қана ағып жатқан өзеніңнің арнасы дереу басқа бір бағытқа бұрылып, астан-кестен тасқынға айналып жүре береді.Сайлау Байбосын «Ажалын жоғалтқан адам»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
27 авг., 03:56
– Сен өзгеріп кетіпсің, - деді дауыстап. – Енді…он сегізге келдім. – Әлі бір ай жиырма екі күн бар. – Ұмытпапсыз…Мұхтар Мағауин «Көк мұнар»https://t.me/kitapuzindisi
Кітап үзіндісі
26 авг., 06:01изменён
Бетке айтылмаған сөз - өсек. Ол есепке алынбайды.Сәуірбек Бақбергенов «Кентау»https://t.me/kitapuzindisi
