Последние посты

Ерген Құмаров
12 сент., 15:28

Ерген Құмаров
4 авг., 18:29
переслано из @erlanmataibaev
Ақиқатты айтпасаң да, тым болмаса айтатындарға кедергі жасама.
Ерген Құмаров
4 авг., 01:53
Имам Әбу Хамид әл-Ғазали (Алла оны рақымына бөлесін) былай деген:«Құранды шынайы оқу – тілмен қоса ақыл, жүрекпен де жүзеге асады . Тілдің үлесі – әріптерді дұрыс айтып, тәжуид ережелерімен оқу. Ақылдың үлесі – аяттардың мағынасын түсініп, оны ұғыну. Ал жүректің үлесі – одан ғибрат алу, оқылған аяттардың әсерін сезіну, Құран тыйған нәрселерден сақтану және Құран шақырған амалдарды орындау.Сондықтан тіл Құранды оқиды, ақыл оның мағынасын ұғынады, ал жүрек одан ғибрат алып, насихатқа құлақ асады».📚 «Ихъя' ‘улум әд-дин».
Ерген Құмаров
27 июл., 15:50
Бүгін Алла Тағала сәтін салып Мәдина мен Сауд Арабиясындағы ислам орталықтарынан келген ханафи ғалымдарын қарсы алу шарапаты бұйырды. Бұл жамағатымыз үшін маңызды оқиға. Қонақтарымыздың арасында терең ілім иелері, өмірін ислам ғылымына арнаған ғалымдар және Пайғамбарымыз ﷺ сахабаларының ұрпақтары бар. Олардың әулеттері ғасырлар бойы ислам ілімін сақтап, жеткізіп келеді. Сондай ақ шариғат ғылымдарының докторлары, ханафи, шафиғи және ханбали мәзһабтарының мамандары, Мәдина және басқа да Ислам университеттерінің түлектері мен ұстаздары да бар. Шейхтар менің үйіме қонақ болып келгендіктен, бастапқыда олар ешқандай сабақ, ресми кездесу немесе көпшілік іс-шаралар өткізуді жоспарламаған еді. Алайда олардың келуі белгілі болған сәттен бастап, көптеген бауырлар ғалымдармен кездесуді, оларды үйлеріне шақыруды немесе ең болмағанда көріп, олардың батасын алып қалуды қалады. Бұл сапар туралы біз
Ерген Құмаров
25 июл., 18:40
переслано из @syrymbek_adilbulatulu
Кейбір ұстаздар шәкірттерін тек өзіне ғана байлап, олардың өзге ғалымдардан білім алуын қаламайды. Тіпті шәкірті басқа ұстаздан пайда көріп жүрсе, оны қызғанышпен қабылдайтындары да кездеседі. Ал шынайы ұстаздың мақсаты – шәкіртін өзіне тәуелді ету емес, оны ілімде кемелдендіру. Ол шәкіртінің қай жерден болса да пайдалы білім алғанына қуанады. Осыған орай «Тәбйин әл-хақаиқ» кітабының авторы, имам Зәйлағи (р.а) шәкірттеріне былай деп өсиет еткен: «Ілімді тек менен ғана оқумен шектеліп қалмаңдар. Өйткені мен өзімді сендердің біріңнен артық көрмеймін. Егер ғылымда менен артықшылығы бар біреуді тапсаңдар, одан да дәріс алыңдар. Сонда білімдерің артып, көбірек пайда мен игілікке кенелесіңдер».© әл-Кәфәуи, «Кәтаибу аъләмил-әхияр».
Ерген Құмаров
7 июл., 22:09
«Мурсәләт» сүресі.#жаттауға
Ерген Құмаров
25 июн., 10:12
Ашура күні отбасыға кеңшілік таныту - жыл бойы Алланың ризық несібесіне молынан кеңелуге себеп болатын ғибаттардың бірі.Пайғамбарымызﷺ: «Кім ашура күні отбасы, бала-шағасына кеңшілік танытса- Алла тағала сол жыл бойы оны мол ризық несібеге бөлейді.📚 Шуғабул иман. Имам Бәйһақи. «Кеңшілік таныту» мағынасы: оларға ерекше тамақтардан дәм татқызып, әсем киім, сыйлықтармен қуанту.«Осы хадиске амал етіп, өмірімізде әсерін байқадық.»:© Ардақты сахаба Жәбир ибн Абдулла.«Елу-алпыс жыл бойы осы хадиске амал етіп, тәжірибемізден өткіздік» :© Имам Суфиән ибн ‘уйәйнә.
Ерген Құмаров
23 июн., 21:43
📌 Ашура оразасының сауабы.Ардақты Пайғамбарымыз ﷺ:صِيَامُ يَوْمِ عَاشُورَاءَ أَحْتَسِبُ عَلَى اللَّهِ أَنْ يُكَفِّرَ السَّنَةَ الَّتِي قَبْلَهُ«Ашура күні ораза ұстау арқылы Алла Тағала өткен жылдағы (кіші) күнәларды кешіруін үміт етемін», – деген.📚 (имам Муслим).- Алла Елшісі ﷺ тағы бір хадисінде:صُومُوا يَوْمَ عَاشُورَاءَ وَخَالِفُوا الْيَهُودَ وَصُومُوا قَبْلَهُ يَوْمًا وَبَعْدَهُ يَوْمًا«Ашура күні ораза ұстаңдар. Яһудилерге ұқсамау үшін алдында бір күн және кейін тағы бір күн тұтыңдар», – деген.📚 (имам Ахмад).
Ерген Құмаров
14 июн., 17:16
Алла тағала бізге ауырлықтан, түрлі сынақ жүкетерінен арылу үшін берген намазды - ауырсынып, жүк көріп кетпеңіз.
Ерген Құмаров
27 мая, 01:57
Әссаламуалейкум қайырлы таң бүгінгі шуақты берекелі күн Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Мұсылмандар үшін ұлы мереке Құрбан айт күні шалған құрбандығыңызды жасаған жақсы ізгі амалдарыңызды ниеттеріңізді қабыл етсін! Отбасы әулетіңіз аман болсын бай қуатты салихалы берекелі өмір сүріңіздер! Құрбан айт күні жақындарыңызды отбасыңызды бала шағаңызды қуантыңыз қыдыртыңыз сыйлық алып беріңіз олардың қуанышына куә болыңыз бұл мейрамды ерекше етіп атап өтіңіз! Өзіңізге тек жақсылық береке татулық абырой ұлы дәреже биік белестерді бағындыруды нәсіп етсін жолыңыз ашық сапарыңыз сәтті өміріңіз берекелі ұзақ болсын!
Ерген Құмаров
26 мая, 12:50
Тап қазір күн батқанға дейін дұға қылатын өте қымбат әрі ұлы сәтте тұрмыз. Қажыларымыз Арафа жазығын лық толтырды. Арафа күні дұғаларының артықшылығы тек қажыларға ғана қатысты емес, бәлки жер жүзігдегі барша мұсылмандарға да тиесілі. Ендеше, дұғасы кері қайтарылмайтын күнде Аллаһтан өзіміз бен жақындарымыз және еліміз бен барша мұсылмандар үшін дүние мен ақыреттің жақсылығы мен құт-берекесін, амандығы мен сәлеметтігін тілейік. 🤲
Ерген Құмаров
25 мая, 06:31изменён
📌Арафа – дұғалар қабыл болатын күн.Абдулла Ибн Омар (Алла әкесі екеуінен разы болсын) жеткізген хадисте ардақты Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді:خَيْرُ الدُّعَاءِ دُعَاءُ يَوْمِ عَرَفَة، وَخَيْرُ مَا قُلْتُ أَنَا وَالنَّبِيُّونَ مِنْ قَبْلِي: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ.Дұғалардың ең жақсысы – Арафа күні жасалған дұға. Сондай-ақ, мен және маған дейінгі пайғамбарлар (Арафа) күні айтқан ең жақсы дұға – «Лә иләһә иллә Алла, уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһуль-мульку уә ләһуль-хамду уә Һуә ‘алә кулли шәй-ин Қодир» деген дұға.📚 Тирмизи.Және де Арафа күнгі дұға жайында имам Ибн Абдул Бәрр (Алланың оған рақымы болсын) былай деген: دعاء يوم عرفة مجاب كلُّه في الأغلب«Арафа күні жасалған дұғалардың барлығы көбінесе қабыл болады».📚 Тəмһид.
Ерген Құмаров
18 мая, 04:16изменён
Зул хиджа айының алғаш он күндігіне кеңес:1. Осы он күндікте көбірек ыжтахад қылуға Аллатан сәттілік сұрап дұға жасау.2. Аса маңызды болмаған тіршілік-шаруаны кейінге шегеру.3. Тәубені жаңартып, көбірек истағфар айту.4. Күнәларды тастау. Харам істерден аулақ болу.5. Күнделікті нәпіл ғибадаттарды көбейту.6. Жүрек амалдарына аса мән беру (ықылас, хушуғ, тәфәккур… т,б.)7. Құран кәрімді көбірек оқу, шама келсе хатым қылу.8. Әр күн аз аздан болса да садақа беру.9. Ораза ұстау (кемінде Арапа күні).
Ерген Құмаров
17 мая, 17:53
Аллаға сансыз шүкірлер болсын осыдан төрт жыл бұрын тәуекелмен сапарға шығып, ниет етіп келген «Аңсар»ілім ордасын тәмәмдау нәсіп болды. Университетпен қатар алып жүруге жағдай жасап, ілім үйретуді өмірлік мақсаттары қылған, тәлім-тәрбие берулен жалықпаған, әдеп-ахлақтары қасында отырғанға жұғатын құрметті ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Алла ғұмырларына береке берсін. Осы жолда бізге жәрдемші болған, сауабын Алладан ғана үміт етіп қолдарынан келген көмектерін аямаған аға-бауырламызға мол ризашылығымызды білдіреміз. Алла тағала қос дүниеде еселеп қайтарсын. Ұрпақтары салиқалы да саналы болсын🤲.
Ерген Құмаров
16 мая, 08:43
🕋 Зул-Хиджа айының артықшылықтары. Алла Тағала қасиетті Құранда былай деген: ﴿وَٱلۡفَجۡرِ وَلَیَالٍ عَشۡرࣲ﴾. ﴾Таңмен жəне он түнмен ант етемін﴿. Фәжір сүресі, 1-2 аяттар. Осы аяттың тəпсірінде имам Ибн Кəсир (Алла рақымына алсын) келесідей айтқан: «Ибн
Ерген Құмаров
16 мая, 08:38
🕋 Зул-Хиджа айының артықшылықтары.Алла Тағала қасиетті Құранда былай деген: ﴿وَٱلۡفَجۡرِ وَلَیَالٍ عَشۡرࣲ﴾.﴾Таңмен жəне он түнмен ант етемін﴿. Фәжір сүресі, 1-2 аяттар. Осы аяттың тəпсірінде имам Ибн Кəсир (Алла рақымына алсын) келесідей айтқан:«Ибн Аббас, Абдулла Ибн Зубейр, Мужəһид жəне басқалары айтқандай :он түн дегеннен мақсат – Зул-Хиджа айының он күні». 📚Тəфсир Ибн Кəсир. Алла тағала қандай да бір жаратылысымен ант етсе оның маңызыдылығы бар демек.Абдулла Ибн Аббас (Алла әкесі екеуінен разы болсын) жеткізген хадисте Алла елшісі (ﷺ) былай деді: «Алла Тағала құзырында Зул-Хиджаның алғашқы он күнінде жасалған ізгі амалдардан асқан сүйікті амал жоқ»,- деді. Сонда сахабалар: «Алла жолындағы күрес те солай ма?»,- деп сұрады. Ол: «Иә, тіпті Аллаһ жолындағы күрес те осы күндерде жасалған ізгі амалдан абзал емес. Тек, Алла жолында жаны мен малын тігіп, сол шайқастан өзі де, малы
Ерген Құмаров
12 мая, 08:53
Бір кездері арабтар Томас Эдвард Лоуренспен(ағылшын тыңшысы) бірге тура осы Ыстанбұл-Мекке Хижаз темір жолын жарып жіберген болатын. Мақсаттары: Осман империясының жоспарын бұзып, Мәдинә қаласын және одан да кеңірек араб жерлерін империядан бөліп алу болды. Ағылшындар олардың қолдауына ие болған соң, ақырында Мекке әкімі Хусейн мен оның ұлы Фейсалды алдап кетті. Уәде етілген араб мемлекеті құрылмады. Ал қазір болса Трамп Иранмен соғыста арабтарды тағы да тығырыққа тіреп, Израильді қорғауды таңдады және Ормуз бұғазының жабылуына себеп болды. Араға жүз жыл салып арабтар түріктермен бірге Абдулхамид халиф бастаған Хижаз темір жолын қайта қалпына келтіріп жатыр.#Тарих
Ерген Құмаров
12 мая, 08:37
“Ынтанбул-Меккке” тікелей темір жолы ашылмақ
Ерген Құмаров
21 апр., 07:33изменён
«Қиямет күні Алланың ешбір құлы өмірін қайтіп өткізгендігі, жастық шағын қалай өткізгендігі, дүние-мүлкін қандай жолдармен тауып, қайда жұмсағандығы және алған білімімен не істегендігі жайлы есепке тартылмайынша бір адам да орнынан тапжылмайды»📚 Тирмизи
Ерген Құмаров
13 апр., 18:22изменён
Алла тағала Құран-кәрімді үнемі қайталап тұрмасаң естен тез шығып кететін қылды. Бұл да Алланың бір даналығы.. Құдды бір бізге екі дүниенің бақытына жеткізетін бағыт-бағдар болған, нұр болған құранды құлынан жиі оқылуын, сөзі мен амалы құранға толы болғанын қалайды. «Әр оқыған сайын дүниеде сауап, ақыретте дәрежеңізді арттырамын»- деді. Әйтпесе небір әндер құлаққа кірсе естен шығуы оңай болмайы)) ал құран олай емес. Тағы бір хикметі - егер құранды бір жаттасаң естен мүлдем шықпайтын болса онда пенде оны күнделікті оқуды тастап қояр еді.# жатталуы нәсіп болған сүрелердің ұмытылып қалмауына әрекет жасаңыз. Аз аздан жаттай беруіңізді жалғастырыңыз.
