Последние посты

Ерлан Ақатаев
13 нояб., 11:49
Алланың көркем 99 есімдері89 / 99Әл-Муғний Арабша жазылуы: ٱلْمُغْنِي Транскрипциясы: [Әл-Муғний] Көрсетілген мағынасы: Байытушы, мұқтаждықтан БосатушыӘл-Муғний (араб. ٱلْمُغْنِي [Әл-Муғний] – «Байытушы, мұқтаждықтан Босатушы») – бұл есім Алланың қалағанына байлық Беруші және қалағанына бар қажетона Өтеуші екендігін білдіреді. Байытуды тек Одан сұраған жөн. Алланың есімдерін жақсырақ түсіну үшін, бұл есім Оның «Әл-Мәни’» яғни: «Тыйым Салушы, Тоқтатушы» деген мағына беретін есімімен бірге келеді.Реакция білдіріп қойыңыз: ❤️😍😊
Ерлан Ақатаев
13 нояб., 03:03изменён
✨Қайырлы таң!❤️ Қасиетті Жұма күні берекесімен келсін!🤲 Алла әрбір дұға-тілегіңізді қабыл етіп, жүрегіңізге тыныштық, отбасыңызға береке, өміріңізге қуаныш нәсіп етсін.💚Қасиетті жұма қабыл болсын!🤲🏻Әмин!
Ерлан Ақатаев
12 нояб., 03:24изменён
✨Патриотизм дегеніміз 🎧Ұстаз Ерлан Ақатай
Ерлан Ақатаев
12 нояб., 03:23
✨Қайырлы таң!💚Жасаған әрбір кішкентай жақсылығымыздың өзі Алланың алдында үлкен сауапқа себеп болсын.🤲🏻Әмин
Ерлан Ақатаев
11 нояб., 12:08
Алланың көркем 99 есімдері88 / 99Әл-Ғаний Арабша жазылуы: ٱلْغَنِيُّ Транскрипциясы: [Әл-Ғаний] Көрсетілген мағынасы: Бай, ештеңеге Мұқтаж емесӘл-Ғаний (араб. ٱلْغَنِيُّ [Әл-Ғаний] – «Бай, ештеңеге Мұқтаж емес») – Алла Тағала бар байлықтың Нағыз Иесі. Ол ешкімге, ештеңеге де Мұқтаж емес, керісінше, жаратылғанның барлығы Оған мұқтаж.Реакция білдіріп қойыңыз: 😍😊❤️
Ерлан Ақатаев
11 нояб., 04:46изменён
✨Мүддәссир сүресіндегі жеті қасиет 🎧Ұстаз Ерлан Ақатай
Ерлан Ақатаев
11 нояб., 04:05
✨Қайырлы таң!💚Алла бізді біреуге ауыртпалық емес, қажет кезінде көмек болатын адамдардан етсін.🤲🏻Әмин
Ерлан Ақатаев
10 нояб., 12:36
Алланың көркем 99 есімдері87 / 99Әл-Джәми’ Арабша жазылуы: ٱلْجَامِعُ Транскрипциясы: [Әл-Джәәми’] Көрсетілген мағынасы: Біріктіруші, ЖинаушыӘл-Джәми’ (араб. ٱلْجَامِعُ [Әл-Джәәми’] – «Біріктіруші, Жинаушы») – Алланың бұл есімі Оны тек көңілге қонымды кәміл, керемет сипаттармен сипаттау керектігін көрсетеді. Алла Тағала Қиямет Күні баяғыда шіріп кеткен жаратқандарының барлығын, сондай-ақ, үлкен-кішілі амалдарының барлығын назардан тыс қалдырмай жинайды.Реакция білдіріп қойыңыз: 😊😍❤️
Ерлан Ақатаев
22 сент., 10:59
Алланың көркем 99 есімдері64 / 99Әл-Қайюм Арабша жазылуы: ٱلْقَيُّومُ Транскрипциясы: [Әл-Қайююм] Көрсетілген мағынасы: Тәуелсіз, бәрін ҰстаушыӘл-Қайюм (араб. ٱلْقَيُّومُ [Әл-Қайююм] – «Тәуелсіз, бәрін Ұстаушы») – Аллаһ ешкімге де, ешнәрсеге де тәуелді емес, ештеңеге мұқтаж емес, керісінше, бәрі Оған тәуелді және мұқтаж. Ол өзімен-өзі Бар, оның басы да, соңы да жоқ. Оның арқасында әлем өмір сүреді, өйткені ол әрбір жаратқанның өмірін сақтап тұрады. Ол бүкіл құбылысты жаратып, оларды толық басқарып тұрады.Реакция білдіріп қойыңыз: ❤️😍😊
Ерлан Ақатаев
22 сент., 06:25
✨Өткен өмірің айтуға лайықты болмаса, алдағы өміріңді айтуға тұрарлық етіп сүр.📌Нәжиб Махфуз
Ерлан Ақатаев
22 сент., 03:54изменён
✨Күнделікті уағыз✨Құранның дәрежесі 🎧Ұстаз Ерлан Ақатай
Ерлан Ақатаев
22 сент., 03:14
✨_Қайырлы таң!_❤️ Алла ата-анамызға денсаулық, ұзақ ғұмыр беріп, олардың разылығын алуды нәсіп етсін.🤲🏻 Әмин
Ерлан Ақатаев
21 сент., 12:38
Алланың көркем 99 есімдері63 / 99Әл-Хайй Арабша жазылуы: ٱلْحَيُّ Транскрипциясы: Әл-Хайй Көрсетілген мағынасы: Тірі, Мәңгі ТіріӘл-Хайй (араб. ٱلْحَيُّ [Әл-Хайй] – «Тірі, Мәңгі Тірі») – Аллаһ Тағала – Тірі және мәңгі Тірі болады, Оның өмірінің басы да, соңы да жоқ. Оның өмірі жаратқандарының ешқайсысына ұқсамайды. Ол өлмейді, ауырмайды, қайғырмайды да ұйықтамайды.Реакция қалдырып кетіңіз: 😍😊❤️
Ерлан Ақатаев
21 сент., 11:32
Сауаптан үміт етіп медресенің құрылысына ат салысқан барша жанға Алла разы болсын😊🤲_КЕШКІЛІК ДҰҒА_Уа, Алла! Денімізге саулық, тәнімізге күш, жанымызға тыныштық бере гөр. Ауру-сырқаудан сақтап, шипаңды нәсіп ете гөр🤲 Әмин!
Ерлан Ақатаев
21 сент., 04:15изменён
ЖӘННӘТІМ ҮШІН 500 ТЕҢГЕ💵✨Аптаның басын сауапты іспен бастаймын дейтін жақсы жандар керек😊Пайғамбарымыз ﷺ : «Күнді бастағанда садақа беру - пәлекеттердің алдын алады» деген.📌 Үлес қосу үшін сілтемеге өтіңіз⤵️ https://pay.kaspi.kz/pay/zxn0evd8📍Бұл қаражат медресе құрылысына, тыныс-тіршілігіне жұмсалады.Күндеріңіз берекеге, сәттілікке толы болсын🕌🤲🏻Kaspi.kzОплата продавцу МЕШІТ-МЕДРЕСЕ ҚҰРЫЛЫСЫПерейдите по ссылке, введите сумму покупки и оплатите
Ерлан Ақатаев
21 сент., 04:15
1,530Открыть в Telegram
Ерлан Ақатаев
21 сент., 03:40
🌿_Қайырлы таң, қадірлі жан!_Жаңа аптаның алғашқы күні құтты болсын! Апта сәттілікке, істеріңіз берекеге, жүректеріңіз тыныштыққа толы болсын.Алла әр бастамаңызға жеңілдік беріп, ризығыңызды молайтсын!🌸
Ерлан Ақатаев
20 сент., 10:06
Алланың көркем 99 есімдері(62 / 99)الْمُمِيتُӘл-Мумит Жан алушыӘл-Мумит (араб. الْمُمِيتُ [Әл-Мумиит] – «Жан алушы») – Аллаһтың бұл есімі Ол Өзінің барлық жаратқандарының маңдайына өлімді жазғандығын және ол ерте ме, кеш пе, әркімге келетіндігін білдіреді. Аллаһ Тағала – хақ өлімге Жалғыз Қайтарушы. Алланың есімдерін жақсырақ түсіну үшін, бұл есім Оның – «Әл-Мухйи» деген басқа есімімен бірге келеді, аудармада: «Жандандырушы, Тірілтуші, өмір Беруші» деген мағына береді.Реакция білдіріп қойыңыз: 😍❤️
Ерлан Ақатаев
20 сент., 07:22
Кісіге тіл тигізудің түрі көп. Соның бірі - ақымақ сұрақтар қою.Әдһам Шарқауи
Ерлан Ақатаев
20 сент., 04:21изменён
✨Күнделікті уағыз✨Ақиқатты жеткізуде кідіріс жоқ 🎧Ұстаз Ерлан Ақатай
Подписчики пишут боту, вы отвечаете реплаем, ваш аккаунт скрыт. Создаётся в одно касание.
Как это работает →