Последние посты

Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
21 сент., 07:18
Қыз боп тудым, жүрем кейде жыным кеп, Жол жіңішке, арқалаған жүгім көп. Қуансам да, мұңайсам да жебеушім – Қара өлеңім, одан басқа түгім жоқ!Затым – әйел, неткен қиын сынақ бұл, Жанарымда жауабы жоқ сұрақ кіл. Әлем сыйған менің құйттай жүрегім Жалғыздықты жатырқаушы ед(і) жылап тұр.Ғашық болдым, айта алмадым, шерлендім, Сүю ләзім, Хауа туған жерденмін. Мен жаны – сыз, кеудесі – күз жандарды, Жырымменен жылытуға келгенмін.Көп еркелеп, сәл көбірек назданам, Еркелесем ез бесігім, өз далам. Өлең дейтін тағдырым бар, аяулы, Көп арудың маңдайына жазбаған.


Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
19 сент., 15:33изменён
Қосағың – бағың, Тек соны сағын. Тек соны пір тұт, Тек соған бағын.Қосағың – бағың, Тап соның бабын. Сыйла да сыйлан, Түскенше жағың.Қосағың – бағың, Шұғылалы шамың. Татқызар ләззат, Бал-шырын шағың.Қосағың – бағың, Қалаулы жарын. Кез еткен Алла, Бақытын, барын.


Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
19 сент., 04:12
переслано из @gashykzhan
Ғашық ❤️🩹 Оқыған: @gashykzhan Авторы:Ақжол Түменбай
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
18 сент., 16:26
Мен осынау жүрегіммен, жаныммен, Алау ыстық қаныммен, Бойымдағы барыммен, Ақ қаймағы бір қасықтай фәнидің Табынамын күлкісіне сәбидің.Сәбиі үшін тілемеп ем мың бақыт, Орай мені мәңгі ерімес тоң-мұзға, Өзге жанның жыры болған сол қызға.Кейде анама бесік жырын жырлатып, (Бұл сырымды еш бүкпесіз айта алам) Сәби болғым кеп кетеді қайтадан.Әзілдейді әз жеңгем: «Жұрт ұлына өбектейсің сонша кеп, Қайтер едің бұл өз балаң болса» деп.Қам көңіл көл секілденіп қаз келген, Бір серпіліп қалар мынау кең кеуде,
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
18 сент., 05:09
https://t.me/zhanasha_adisterTelegramҰстаздарға көмек | Жаңаша жандасу | Әдістер көрнекіліктер 2024Қазақтілі және әдебиет ұстаздары, басқада пән ұстаздарына көмек ретінде әр түрлі Әдіс тәсілдермен және Көрнекілік құралдармен бөлісіп отырамын. Сіздерде өз үлестеріңізді қоса аласыздар. Кітап іздегендер үшін: @kzkitaptar2023 T.me/zhanasha_adister
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
18 сент., 05:09

Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
18 сент., 04:28
Премиум Кітаптар тізімі. Осының бәрі электрон нұсқаларын бар жоғы 2000 тенгемен алсаңыздар болады😊👍1. Алланың ұлы есімдерінің сырлары 2. Отбасы бақытына апарар 30 жол 3. Жан тәрбиесі 4. Бекет(Д.Исабеков) 5. Өкпек жолаушы(Д.Исабеков) 6. Әйел сезеді, еркек елемейді 7. Имани гүл 8. Түйсігіңмен ойлай біл 9. Өміріңді өзгертетін 100 әдіс 10. Бақыттың кілті - Жанұя 11. AQSHA (Мұхит Сапарбаев) 12. Құпия (Қуаныш Шонбай) 13. Көк мұнар 14. Қызыл жебе 15. Сату ұят емес 16. Ең бақытты әйел 17. Неге мынаны маған ешкім айтпады 18. Ислам ғылымхалы
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
17 сент., 16:08
Жер жүзіне ер атағым жайылған, Жан емеспін оттан, судан тайынған. Қайраты мол қандыбалақ қыранмын, Күн болған жоқ жаудан жүрек шайылған.Еркін ырғып шыққам асқар Алтайға, Қырда тұрып садақ тартқам Қытайға. Талай тайғақ, тар кешуде таймаған Батыр жүрек, қайрат енді алдай ма?!Талмай, қайтпай, қамал бұзған кемеңгер, Арыстанға қарсы ұмтылған мендей ер. Бір барқылдақ жалпылдаған төбеттен Қорқар болсам, жұтсын мені қара жер!// Мағжан Жұмабаев - Жер жүзіне...
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
15 сент., 17:25
Әкенің көзінен ұқ, сөзбенен айтпағанын, Жаралап бір уайым жатса жанын. Қандай мұң жасырды екен жанарына, Не көрдің? Нені оқыдың… айт қарағым…Ақтадың ба үмітін… ақтамадың, Кейігенін көзден ұқ… мақтағанын… Үнсіз жақсы көреді, үнсіз сүйіп, Әкенің көзінен ұқ, айтпағанын.Көзінде тұр… айтуға батпаған үн, Көзінде тұр… жаққаның, жақпағаның. Әкең сенің оқиды жай, күйіңді, Кітаптың оқығандай ақ парағын.Қатал болса, білгейсің баптағанын, Бойыңнан іздегенін таппағанын… Көзінен оқы бәрін… тірлігінде, Қасыңда жүрмес мәңгі жақсы адамың.
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
13 сент., 15:33изменён
Қиындық қысса өкпеңнен, Мүмкіндік шіркін шектелген. Өзгере қоймас оп-оңай, Көзіңнің жасын төккенмен.Бәрібір жұртқа өшсең де, Тарығып өмір кешсең де. Өзіңе ғана керексің, Етпейді қажет еш пенде.Қиын күн төнсе төбеңнен, Тартады ұйық тереңнен. Тұйықтан шыға аларсың, Болғанда ғана өлермен.Адасса адам жолынан, Не шара келер қолынан? Кезіксе сол сәт жақсы адам, Ілескен дұрыс соңынан!


Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
11 сент., 16:04
Десем де соңыңызда із бар аман, Қимаймын тас қабірге сыз бораған… Домалап өрге тасым тұрса, қазір, Мықты ғой іргетасым – сіз қалаған.Алса ғой уақытында тұлға құнын, Сезесің жоқтығында шын қадірін. Әкеліп таудай ұлдар дүниеге, Жатырсыз төмпешік боп қырда бүгін.Арқамнан тірейтін-ау шалқайғанда, Арқамнан қағатын-ау марқайғанда. Әлемнің көп байлығын көзге ілмеуші ем, Әжемнің кеп алдына жантайғанда…Ең қызық кездер еді бала күнгі, Қонақтан әне әжеміз жаңа кірді! Жарықтық жанды «қатал» тәркілейміз, Қалтасын ақтарған қол – шабақ ілді!
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
9 сент., 15:21изменён
Болмаған сірә, кімде арман, Қызық қой шіркін сұм жалған; Арыны асау жүйрікті Қыл шылбырмен ұстайды Өз қылынан ширалған!!Болмаған сірә, кімде арман, Қызық қой шіркін сұм жалған; Самғаған көкте қырандар Шығарда жаны ақырғы Yзіліп көкте сыналған !!Болмаған сірә, кімде арман, Қызық қой шіркін сұм жалған; Ақылман жанға алыстан Жаулары түк те істемей, Жақыннан құртқан сырды алған!!!Болмаған сірә, кімде арман, Қызық қой шіркін сұм жалған;


Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
9 сент., 09:05
Күннің нақыл сөзі📚


Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
6 сент., 15:55
Бір байдың «Төрткөз», «Мойнақ» төбеттері, Өздері, ит болса да, әдепті еді. Түнде үріп, күндіз үрмей, жай жатататын Болады әдепті иттің әдеттері.Түс мезгіл екі төбет тойып жатып, Кемпір наз-өкпелерін қойып жатып, Ас үйдің алдындағы күн шуақта Сөйлесті әр нәрсенің басын шатып.Сөз қылды жақсылықты, жамандықты, Жомарттық, мырзалық пен сараңдықты. Достықтың, дұшпандықтың жайын сөйлеп, Қолға алды татулық пен араздықты.Тілмарсып сол уақытта айтты «Мойнақ»: «Менсіз-ақ қара, «Төрткөз», өзің ойлап. Дүниеде одан артық не нәрсе бар Тұрғаннан татулықпен күліп-ойнап?!
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
6 сент., 05:55
Ассалаумағалейкум қалайсыздар. Балық ататын. Сатылады келісімді бағаға. Адресс: Нукус +998932041378
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
6 сент., 05:55



Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
5 сент., 15:31изменён
Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.// Ахмет Байтұрсынұлы


Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
5 сент., 15:10
Құдайым, жолдас қылма жамандарға, Көзі тар, көңілі соқыр надандарға! Жақсылық етсең де бір, етпесең де, Жақпайсың кей ақымақ адамдарға.// Ахмет Байтұрсынұлы


Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
5 сент., 08:19
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дәулетті отбасында дүниеге келген. Тұлғаның туған мерзімін «5 қыркүйек 1872, мешін жылы» деп, нақты айтуымызға негіз болып отырған, ғұламаның 1929 жылы өз қолымен орыс тілінде жазған «Өмірдерегі» (Жизнеописание) және әр жылдары мемлекеттік мекемелердегі ресми сауалнамаларға берген нақты жауаптары. Атап айтсақ, Орынбор Мұғалімдер мектебін бітіргені туралы куәлікте, оның туылған мерзімі «5 қыркүйек 1872» деп көрсетілген. Сондай-ақ, «Анама хат» атты өлеңі де Ахметтің «1872 жылы» дүниеге келгеніне дәлел бола алады. Енді осы айғақтарға тоқталып, талдап таратсақ. Мәселен, Семей түрмесінен анасына жолдаған өлеңіндегі: «…Оқ тиіп он үшімде, ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам» деген жолдар, әулет басына түскен «1885 жылғы оқиғаны» меңзеп отыр. Мұрағат деректеріне сүйенсек, бұл Ахметтің
Қазақша әдеби кітаптар | Qazaqsha adebi kitaptar
5 сент., 08:19
Бүгін қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келгеніне 154 жыл толып отыр. Ол – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ол – қазақтың жүз жылда бір туатын ірі тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы.

