gram news
Аватар канала Massaget NEWS

Massaget NEWS

@massaget_news

Танымдық материалдар: @massaget_kz

ПроектыUKСпорт

16,100подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • Massaget NEWS

    25 сент., 13:11

    Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет пікір білдірдіҚорғаныс министрі Дәурен Қосанов Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына көңіл айтты. Оның сөзінше, оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, кінәлі адамдар жауапқа тартылады.“Біз жауапкершіліктен жалтармаймыз”, – деді министр.
  • Massaget NEWS

    25 сент., 10:23

    Маңғыстауда қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы туған жерінде жерлендіКаспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан аға лейтенант Олжас Мұхтарұлының денесі бүгін Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Түркістанға жеткізілді.Түркістанда әскери қызметшіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    25 сент., 08:43

    ⚡Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары ұсталды«Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы кезінде 14 әскери қызметшінің қаза табуына қатысты іс бойынша Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі 5 лауазымды тұлға ұсталды.Олардың қатарында Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскерлері ротасының және «Қайсар» катерінің командирлері бар.Бесеуі де күдікті деп танылып, Ақтаудағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    25 сент., 08:05

    Маңғыстауда қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі Оралға жеткізілді25 қыркүйек күні Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денесі арнайы рейспен Оралға жеткізілді. Олар Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан.БҚО әкімдігінің мәліметінше, әскери қызметшілерді ақтық сапарға шығарып салу және жерлеу рәсімдері 26 қыркүйекте өтеді.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    25 сент., 07:22

    Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бірқатар лауазымды тұлға күдікке іліндіБас прокуратураның мәліметінше, олар ауа райын ескере отырып, әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеді және құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмады деген күдікке ілінген.Тергеу барысында 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынып, құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленді. Күдікке ілінгендердің әрекетіне құқықтық баға берілмек.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    25 сент., 06:01

    ⚡ Каспийде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылдыКаспий теңізінде іздестіріліп жатқан екі әскери қызметшінің денесі табылды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, сержант Мансұр Ғұмаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі бүгін, 25 қыркүйекте сағат 09:15 шамасында анықталған. Іздеу операциясы аяқталды.Осылайша, әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Теңізге кеткен 17 әскери қызметшінің үшеуі құтқарылған.
  • Massaget NEWS

    25 сент., 05:30

    Маңғыстауда зардап шеккен әскери қызметшінің жағдайы қалай?Каспий теңізіндегі оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың айтуынша, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.24 қыркүйектегі әскери оқу-жаттығу кезінде 12 қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жалғасып жатыр.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    25 сент., 04:55

    Маңғыстауда 12 әскери қызметшінің қазасы: екі бап бойынша тергеу жүріп жатырКаспий теңізі жағалауындағы әскери оқу-жаттығу кезінде 12 қызметшінің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу баптары бойынша жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайын үкіметтік комиссия да тексеруде.Нақтыланған мәлімет бойынша, үш әскери қызметші құтқарылған, тағы екеуін іздеу жалғасып жатыр.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    22 сент., 12:44

    TikTok-та мысықты қинаған ер адам жазаландыTikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде мысыққа қатыгездік танытқан ер адам жауапқа тартылды.Полиция күдіктіні анықтап, бөлімшеге жеткізді. Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамға айыппұл салынып, мұндай әрекетке қайталай жол бермеу туралы ресми ескерту жасалды.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
    490321Открыть в Telegram
  • Massaget NEWS

    22 сент., 11:12

    Елімізде такси жүргізушілеріне талап күшейтіледі Енді жүргізуші куәлігінен айырылған немесе жол ережесін жиі бұзатын адамдар таксиде жұмыс істей алмайды. Премьер-министр Олжас Бектенов такси компанияларына жүргізушілерді жұмысқа қабылдарда мұқият тексеруді
  • Massaget NEWS

    22 сент., 10:34

    Елімізде такси жүргізушілеріне талап күшейтіледіЕнді жүргізуші куәлігінен айырылған немесе жол ережесін жиі бұзатын адамдар таксиде жұмыс істей алмайды. Премьер-министр Олжас Бектенов такси компанияларына жүргізушілерді жұмысқа қабылдарда мұқият тексеруді тапсырды.Сондай-ақ такси көліктерінің жағдайы мен жүргізушілердің қанша уақыт жұмыс істейтіні бақылауға алынады.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    22 сент., 09:20

    2–4-сынып оқушыларын бағалау тәртібі өзгереді23–30 қыркүйек аралығында мектептерде 2–4-сынып оқушыларына алғашқы аралық бағалау жүргізіледі. Тапсырмалар қазақ немесе орыс тілі, әдебиеттік оқу және математика пәндері бойынша беріледі.Бағалау жұмысы 40 минутқа созылады. Ең жоғары көрсеткіш: 2-сыныпта – 12, 3-сыныпта – 14, 4-сыныпта – 16 балл. Ал 1-сынып оқушыларына балл қойылмайды.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    22 сент., 08:21

    Алтыншы алтын: Қадырбек Шынбаев – Азия ойындарының чемпионы🥇🇰🇿Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында топ жарды.Ол аралас жекпе-жектен 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің (modern) финалында тәжікстандық Бехруз Хуршедзоданы 3:0 есебімен жеңді.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    22 сент., 07:51

    Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілдіМемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына кім енгенін мына жерден оқыңыз.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
    569311Открыть в Telegram
  • Massaget NEWS

    22 сент., 06:26

    🥇 Қазақстан қоржынына бесінші алтын түстіҚазақстандық ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен спортшы финалда Бахрейн өкілі Мұхаммед Нәбиевті 3:0 есебімен жеңді.Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде бес алтын медаль бар.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    22 сент., 04:57

    2027 жылы студенттердің стипендиясы өспейді2027 жылғы 1 қаңтардан бастап студенттердің мемлекеттік стипендиясы бұрынғы мөлшерде қалады.Бакалаврлар айына 52 372 теңге, педагогикалық мамандықта мемлекеттік тапсырыспен оқитындар 84 мың теңге алады. Магистранттарға 117 098 теңге, медицина саласындағы магистранттар мен резиденттерге 134 664 теңге, ал докторанттарға 262 500 теңге төленеді.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    21 сент., 13:20

    Ақтөбеде ер адам мектеп оқушысымен интим байланыста болды деген күдік ілінгенӨңірлік Полиция департаменті аталған дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүріп жатқанын хабарлады.Тергеу қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына байланысты істің өзге мән-жайы жарияланған жоқ.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    21 сент., 12:25

    Алматыда үш көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шектіАлматының Жетісу ауданындағы Солтүстік айналма жолда үш көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Chevrolet көлігімен соқтығысқан. Соққыдан Chevrolet инерциямен Volvo көлігіне барып соғылған.Жол апатынан бірнеше адамға медициналық көмек қажет болды. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    21 сент., 09:39

    Әсел Қанай Азия ойындарының күміс жүлдегері атандыҚазақстандық каратэші Әсел Қанай Жапонияның Айчи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды.61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз финалда қытайлық Ли Гунмен кездесіп, 8:2 есебімен қарсыласына жол берді.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS
  • Massaget NEWS

    21 сент., 07:16

    Маңғыстауда ысталған балық жеген отбасы жансақтау бөліміне түстіМаңғыстау облысында үй жағдайында дайындалып, тоңазытқышта ұзақ сақталған ысталған балықтан бір отбасы уланып қалды. Алдын ала болжам бойынша, оларға ботулизм диагнозы қойылған.Үш ересек адам мен бір бала ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген. Қазір олар өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, ем қабылдап жатыр.
    Иллюстрация к посту канала Massaget NEWSИллюстрация к посту канала Massaget NEWS