Последние посты

Olzhas Hanafin
21 сент., 11:32
переслано из @saezh_094
Имам Жазулидің р.һ “Дәләйл хойрот” (салауаттар жиынтығы) кітабы сатылымда😍😍😍🌸Бұл кітап 7 күнге бөлінген салауаттар жиынтығы. 💚Алла елшісіне ﷺ сүйіспеншілікті арттыратын кітап. 🍁Кімде-кім 40 күн қажеттіліктері өтеліп, қиындықтардың шешілуі үшін оқитын болса, Алла сұрағанын өтеп береді делінген. Түсімізде Пайғамбарымызды ﷺ көру мүмкіндігі. Ізгілер тәжірибесінен. 🪷Бұл дағдылы түрде тастамай, көп оқыған адамға берілетін береке!✅Кітап ішінде қосымша салауаттар және имам Бусойридің р.һ қасыйда бурдасы бар. ☀️Салауат айтуды дағдыға айналдырайық💰5900тг 📍Шымкент қ 📤почта басқа қалаға 📲87476819163 ватсап
Olzhas Hanafin
12 сент., 11:49
переслано из @saezh_094
Сатылымда🤩🤩🤩📚Қазынаға толы салауат 🖌️Автор: Абдулла Сиражуддин р.һ 🔎Аударған: Бағылан Шежімбай ұстазКітапта: 🍁Салауат айтудың пайдалары, үкімдері мен мән мағынасы, т.б салауатқа қатысты көптеген хадистер және салауат айту жайлы барлық тақырып қозғалған.🎙️Кітап ішінде Олжас Ханафин ұстаздың “салауат сырлары”дәрістері кюар код арқылы берілген.💰6200тг 📤почта ТЕГІН 📲87476819163 (ватсап) 📍Шымкент қ
Olzhas Hanafin
31 авг., 09:40
Мектеп оқушылары мен барша ілім талап етушілерге Алладан жеңілдік тілеймін. Біз оқуға бұйырылған үмметпіз. Оқыңыздар, шаршамаңыздар. Періштелер аяқтарыңыздың астына қанаттарын жайып жатқанын ұмытпаңыздар. Сіздердің дәрежелеріңіз жоғары. Құранда: “Алла Тағала сендердің ішінен иман келтіргендер мен ілім иелерінің дәрежесін көтереді”, - деп келген. Елімізге үздік мамандар керек. Бірақ жәй ғана үздік маман емес, Алланы таныған үздік маман. Себебі ілімнің ең алғашқысы Алланы тану.✍️Олжас Ханафин ұстаз р.һ
Olzhas Hanafin
23 июл., 03:40
переслано из @abilkaiyr_madiuly
Бүгін күні бойы Олжекең жайында не жазсам болады деп ойландым.Ештеңе ойыма келмеді.Екеуіміз аз ба, көп па бірге сүріппіз. Өмірдің әртүрлі кезеңдерін бірге өткізіп, бір бөлмеде тұрып, білім жолында бірінші курстан бірге оқып, шетелде бірге тұрдық.Қазір ол кісінің қайтқан күнінде жазар сөз таба алар емеспін.Махаббат тілсіз шығар. Сүйген адам сүйдім деп айта алмағаны сияқты, сағынған адам да сағындым деп айта алмаса керек. Шынайы дос болғың келетін адамды табу оңай сияқты көрінгенімен, олай емес. Алла арамызды қияметте қайта қоссын. Сіздің орныңызды басатын адам ақыры таппадық. Бақұл болыңыз
Olzhas Hanafin
22 июл., 15:51
переслано из @shezhimbaibaglanakshi
Бүгін яғни 22.07 Олжас Ханафин бауырымздың Раббысына қайтқан күн. Алла мейіріміне алсын.Біз Олжекеңмен бір медреседе тұрып,ілім талап еттік.Ол кісімен қатты араластым десем өтірік болады.Бір-біріміздің үйімізге барып шай іштік деп айта алмаймын.Себебі олай болмады.Алайда ,Олжекеңнің қолдауы мықты.Әлеуметтік желіде біздің жарық көрген кітаптарды бөлісуде,халыққа және студенттерге арналған курстарды жарнамалауда алдына жан салмай,отдуши қолдау істейтін. Ықыласы мықты жігіт еді.Ол кісі Раббысына қайтқан кезде ,қазақ руханиятында есімі қалсын деген оймен,қасымдағы бауырларыммен ақылдасып марқұмның жұбайына жолығып ,осы “Қазынаға толы салауат” кітабына сол кісінің көзі тірісінде түсірген дәрістеріне апаратын сілтеме қоюға рұқсат алдық.Себебі адам дүниеден өткен соң сауабы үздіксіз баратын амалдардың бірі ол -ілім. QR-арқылы өтіп көре аласыз. Әрбір дәрісті тыңдаған кісінің білімі
Olzhas Hanafin
22 июл., 06:03изменён
Бүгін 22 ші шілде Олжас Ханафин ұстаздың (Алла рақым етсін) дүниеден озған күні. Дұға жасап, құраннан бағыштап қоялық.Алла қабірін кең етіп, нұрландырсын.Жанын тыныштықта етсін. Алла өзінің шексіз мейіріміне бөлесін🤲
Olzhas Hanafin
22 июл., 05:59
Амр ибн Хурайс былай деген: Қашан бір адам Алладан қайтыс болған бауыры үшін дұға етсе, періште сол дұғаны қабірге алып: “Ей, бейтаныс қабір иесі! Міне саған қамқор бауырыңнан сыйлық келді” дейді.📖минхадж әл-қосыйдин
Olzhas Hanafin
14 июл., 13:49
Өмірде бәрі Алладан. Алла ашқан есікті кім жаба алады? Алла жапқан есікті кім аша алады?✍️Олжас Ханафин ұстаз (Алла рақым етсін)
Olzhas Hanafin
4 июл., 09:01
Я Аллаһым! Бізге иманды жақсы көруді нәсіп ет. Оны жүрегімізде әсемде. Және күпірлік, күнә мен қарсы шығуды бізге жек көрінішті етіп, бізді ақыл-есі дұрыс адамдардан қыл.
Olzhas Hanafin
4 июл., 09:00
Дұға құлдың негізгі сипаты. Дұға арқылы біз өзіміздің әлсіздігімізді сезініп, шынайы құл екенімізді түсінеміз.Алладан сұрамайтын адам нағыз кедей. Ал Алладан үнемі сұрайтын адам нағыз бай адам.Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)
Olzhas Hanafin
19 мая, 10:17
Әлеуметтік желіде көп уағыз тыңдау, пайдалы нәрсе оқу сізге рухани азықты толықтай бере алмайды. Құран оқу, Алланы еске алу, күнәға өкініп Алладан кешірім сұрау - міне, осы амалдар сізге шынайы рухани азық беріп құлшылық жасауға себеп болады.Егер жазбаны толық оқысаңыз, қәзір әлеуметтік желіні жабыңыз да, жоғарыдағы бір амалды жасаңыз. Бисмиллә!✍🏻Олжас ұстаз( рахимаһулла)
Olzhas Hanafin
19 мая, 07:10
Әлемнің барлық кітабын оқи тұра, бірақ Құран оқымасақ, ертең Аллаға қандай сылтау айтамыз? Алланың сөзінен артық Аллаға ешнәрсемен жақындай алмаймыз.✍🏻Олжас Ханафин р.һ
Olzhas Hanafin
19 мая, 07:06
Алланың хидаяты қашан берілетінін білмейсің. Сен бастысы тоқтама, Аллаға қарай жүре бер. Түбінде Алла сені тура жолда бекем етеді.✍🏻Олжас Ханафин р.һ
Olzhas Hanafin
18 мая, 01:20
Алланың құзырында айлар саны 12. Олардың төртеуі харам айлар. Олар Мухаррам, Раджаб, Зулқағда, Зулхиджа айлары. Харам айы дегеніміз ол айда соғысу рұқсат емес және ол айларда жасалған күнәлі істер өзге айларда жасалғанмен тең емес, одан ауыр болады. Дәл сол секілді ізгі істер де.Харам айларында ораза ұстау сүннет.✍🏻Олжас Ханафин (Алла рақым етсін)
Olzhas Hanafin
18 мая, 01:19
Ибн Аббастан жеткен хадисте Пайғамбар ﷺ айтты:ما من أيَّامٍ العملُ الصَّالحُ فيهنَّ أحبُّ إلى اللهِ من هذه الأيَّامِ العشرِ . قالوا : يا رسولَ اللهِ ولا الجهادُ في سبيلِ اللهِ ؟ فقال رسولُ اللهِ صلَّى اللهُ عليه وسلَّم : ولا الجهادُ في سبيلِ اللهِ إلَّا رجلًا خرج بنفسِه ومالِه فلم يرجِعْ من ذلك بشيءٍ“Осы күндері жасалған салиқалы амал Алланың құзырында ең сүйікті. Яғни, зул хижжа айының он күні. Сонда сахабалар: Я Расул Алла! Алла жолындағы күрес те ме? Сонда Алла елшісі ﷺ: Алла жолындағы күрес те - деді. Тек сол жолға мал-дүниесімен өзі шығып, малынан да, жанынан да айырылған адамнан басқа”, - деді. (Бухари)Алла Тағала баршамызға осы түндерді құлшылықпен өткізуді нәсіп етсін🤲
Olzhas Hanafin
18 мая, 01:07
Аллаға жақын болуға 4 нәрсе кедергі болады:1. Шайтан 2. Нәпсі 3. Дүние 4. Адамдар1. Шайтанның азғыруынан Алладан шынайы ықыласпен пана сұрау арқылы және қарсы шығу арқылы құтыламыз.2. Нәпсіні ақылға бағындыру арқылы тоқтатамыз. Яғни нәпсінің әр қалауын орындай бермейміз.3. Дүниеге деген ашкөздіктен (зуһдпен)тәрк етумен емделеміз. Ол шамасы келетін адамға қатысты. Дүниесі онсыз да жоқ, оны тәрк еттім дегені зуһдқа жатпайды.4. Адамдармен араласуды азайту арқылы емделеміз. Бұл әрине егер оған адамдармен араласу күнәға баруына себеп болса ғана. Ал жалпы адамдармен араласып, оларға сабыр етіп өмір сүру, оңашаланып өмір сүруден қайырлы. (Бұл үлкен тақырып және әр адам жағдайына қарай жеке қаралады)📚 Тафсир ибн Жузай.Қосымша түсініктеме Шейх Мужирдің حفظه الله сол кітаптан өткен сабағынан алынды.✍🏻Олжас Ханафин (рахимаһулла)
Olzhas Hanafin
10 мая, 16:43
переслано из @bulyugalmaram
Марқұм Олжас Ханафин Ұстаз (досым) осы қасиеттен пәк еді (Алла рахымына алсын)
Olzhas Hanafin
10 мая, 16:43
переслано из @bulyugalmaram
34 жыл өмір сүріп бір нәрсеге нақты көзім жетті, Дос таңдағанда, қызғану мен көре алмау деген қасиеттен ада алыс болған кісімен достасқан жөн. Барлық ауру осы қасиеттен екен…Адам қызғанып, көреалмағаннан алдайды, арбайды, өсек айтып жамандайды, құласаң күліп, тұрсаң аяғыңнан тартады
Olzhas Hanafin
29 апр., 06:58
Кітап сатып алу ризықты арттырады.🔖ғалымдар тәжірибесінен ✍🏻Олжас Ханафин ұстаз (рахимаһулла)
Olzhas Hanafin
18 апр., 17:57
Бір ұстазым айтқан еді: “Самолет секілді болыңдар. Ол аспанда ұшқанда дауысы бізге бер жақтан естіліп, самолет болса аспанда ұшып бара жатады. Сендердің де амалдарың сондай болсын, адамдар ол жайлы біле бастаған кезде, сендер басқа іске кірісіп кеткен болыңдар”.✍🏻Олжас ұстаз(рахимаһулла)
