Последние посты

Поэзия
9 сент., 16:03
Gúzda keldi seni ákelgen ertip, Ótti kúnler quwanıshqa bólenip Miywesi bar kóz jasımdı terbelip, Bıraq árman ózıń ele kelmediń.Sarı japraq kóz jetpeske shashıldı, Úmitlerim samał menen basıldı. Kewilimniń joli qaydan-aq tosıldı, Iye bolıp ashıq jardan kelmediń.Kúzge deyin saqlap edim kózlerdi, Este tutıp sol aytılǵan sózlerdi. Saǵınǵanda qıyın eken dart deydi, Kúz de keldi, biraq óziń kelmediń.Miyirman Utepov
Поэзия
9 сент., 15:26
Неге күзде қар жауады? Уақыт сонша жылдам ба? Неге өлең арналады? Қардан суық біржанға... Сезім қанша үмітті етті, Сөнді сонша сенімдер. Неге ерте суып кетті, Күндер, сосын көңілдер...
Поэзия
9 сент., 15:25изменён
Кім бар онлайн? Достар салынған посттарға реакция қалдырып, астына өз пікірлеріңізді жазып қалдырыңыздар😊👍 Дауыс чат ашып поэзия оқимызба? ❤
Поэзия
9 сент., 15:23
переслано из @kzkitaptar2023
Болмаған сірә, кімде арман, Қызық қой шіркін сұм жалған; Арыны асау жүйрікті Қыл шылбырмен ұстайды Өз қылынан ширалған!!Болмаған сірә, кімде арман, Қызық қой шіркін сұм жалған; Самғаған көкте қырандар Шығарда жаны ақырғы Yзіліп көкте сыналған !!Болмаған сірә, кімде арман, Қызық қой шіркін сұм жалған; Ақылман жанға алыстан Жаулары түк те істемей, Жақыннан құртқан сырды алған!!!Болмаған сірә, кімде арман, Қызық қой шіркін сұм жалған;
Поэзия
9 сент., 15:19
КҮЗМенің күзгі қураған жапырағым, Қайтқан құстар бізге салып жатыр әнін. Не істеймін? Амалсызбын, қапыдамын. Қош, аман бол, менің күзгі жапырағым.Күз маған ызғары мен үн қатты ғой, Талайдың бақыт құсын ұрлапты ғой. Сондықтан да «Күз маған ұнамайды» деп, Қалқаман Сарин ақын жырлапты ғой.Күз бізді айырды ғой ақ-қарадай, Қалардай енді қайтып бақ таба алмай. Шарасыз, қапыда қалып қойдым, Сырымды толығымен ақтара алмай.Күз жайында жазамын тым сұрапыл, Ойға шомып, ойланып, құртып ақыл. Осы күз, бақытымды алып кеттің,
Поэзия
9 сент., 15:10
Әдемі кетшіНеге келдің? Кеттің бе — келме енді, Дұрыс еді көзімнің көрмегені. Өшпейтін өкініш боп қалдың менде, Құдайдың дұрыс еді бермегені.Жаутаңдап жанарларым іздемесін, Өкпелейін көңілсіз күзге несін. Ұмыта бергенімде елесіңді, «Сағындым» деп тағы да сен келесің.Күз келсе, көңіліме мұң тұнады, Көңілсіз жүруіме кім кінәлі? Сағымды сындырғысы келген жандар, Өмірімнен аулақтау жүрсін әрі.Кет енді, келе берме өміріме, Қаяу салма жабырқау көңіліме. Жүрегімнен мейірім сұрамағын,
Поэзия
9 сент., 15:10
Сен үшінӘсем сөзін місе тұтпай өзгенің, Жылу сыйлар сенің ғана сөздерің. Жанарындай елегзіген еліктің, Сені іздейді мөлдіреген көздерім.Өзің едің жүрегімнің қалауы, Мына тағдыр неге қатал қарады? Ине сұғып алғандай ақ тәніме, Өң бойымды дуылдатып барады.Жүрегіме жасырынған жұмбағым, Аяладың сезімімнің гүл бағын. Сырласатын сағат сайын желіден, Хат алыспай кетуге еш қимадым.Асқар таудай биік едің қыраным, Тау суындай басылмаған құмарым. Қалай қиып бөледі екен осы өмір,
Поэзия
9 сент., 15:09
Күзбен сырласуМұңды шақта отырмын, күзгі бақта, Қайың, терек, қара ағаш, сырды сақта. Сағынышым сарғайған жапырақтай, Әбігер жауап таппай бір сұраққа.Үзілген жапырақтар құлай берді, Сыздаған көңілімде жылайды енді. Сөзіме сенер болсаң мына менің, Қоңыр күз хәл жайымды сұрай келді.Көп болды бізге бақта жүрмегелі, Қол ұстасып, қуанып, күлмегелі. Жазғы бақ өзің барда көрікті еді, Сен кеткен соң бәрі де гүлдемеді.Сезіміңді айтушы едің жасырмай?! Неге жүрмін сағынышым басылмай?! Жай күйімді сезінгендей сары күз,
Поэзия
9 сент., 14:06
Қайтып барсам марқайып мектебіме, Оралмайтын ол шаққа кеткенім бе? Кітап оқып отырамын үндеместен, Бояуы көп партаға жеткенімде.Қайтып барсам шырайлы сыныбыма, Жаным шіркін сол жақта жылыды ма? Қара талдың қасында қиялдарым, Қара жерге кеткендей құрыды ма?Қайтып барсам ұстаздың маңайына, Апайлардың ақ түсті арайына. Жалқаулыққа жол бермей ізденемін, Бағыт-бағдар көрсетіп талайыңа.Қайтып барсам сыныптас достарыма, Қуанар ем қатарға қосқанына. Барлығына көз жазбай хабарласып, Түртіп-түртіп қояр ем жоспарыма.
Поэзия
9 сент., 14:06
Ғашықтық💔"Ғашықпын" деп айтуға батыл бармай, "Ғашықпын" деп айтады батыр қандай. Жігеріңді соған шыңдап, дайындалып, Секілденіп қаруым оқталғандай."Ғашық" деген 5 әріпті, биік шың, Бұл шыңда тек... Шын ғашықтар жиылсын. Саған қарайм(ын) сол шыңға қарағандай, Сол биіктей қол жетпейтін қиынсың.Бұл сезімді кез келген сезінбеген, Ойнауға да болмайды сезімменен. Мұхтар атам айтқандай он мың жаннан, Екі адамға ғана бұндай сезім берген.Ғашық болу-недеген қызық сезім, Барлық жүрек ойлайды ғашық кезін.
Поэзия
9 сент., 10:48
Поэзияны жақсы оқи аламын дейтін, қыз жігіттер жазыңыздар 👍 @ozanchikk осында боламын. Жіберіңіздерші поэзия оқитындар өз туындыларыңызды, оқыған аудио, видеоларыңызды😊👍
Поэзия
9 сент., 10:45изменён
Біз екеуміз бағындыра алмай кеткен белес күн , Сезіміме ерік бердім ,жүрегіммен кеңестім Сені ойға алып жырлар жаздым әндер жаздым ақ парақты толтырып… Әттең бырақ сен мендік мен сендік Емеспін……….Сағынудан сарылудан жүрек үнсіз күрсінді, Сенбейсіңбе ? тыңдап көрші сол жақтағы дүрсілді …. Сеніменен өткен күнім бақытты күн секілді, Сенсіз өткен күндерімде біртүрлі…Бір күндері сұрайсыңба хәлімді, Мүмкін менің түсінерсің жанымды. Тағдырыңнын тоғыспасын білсеңде менімен Неге ұрладың көзімдегі жалынды, Неге ұрладың менің жастық шағымды….Қыз жүрегі міне осылай күйге енді, Өмір бізге үйретеді күйгенді ,сүйгенді
Поэзия
9 сент., 10:43
ҰБТАқ парақта тағдыр емес, таңдау бар, Бір сұрақта мың арманның салмағы бар. Қорқыныш та қасымда үнсіз тұрса да, Жүрегімде «қолымнан бәрі келеді» деген сенім бар.Бір жыл емес — еңбегімнің ізі бұл, Әрбір түн мен әрбір таңның үні бұл. Бүгінгі бір кішкентай қадамым Ертеңгі үлкен арманымның жолы бұл.Уайымдама, жүрегім, сен шаршама, Еңбегіңді күмәнменен алшақтама. ҰБТ — өмірдің соңғы нүктесі емес, Арман жаққа бастар алғашқы баспалдақ қана.— Асилхан Шұғыла
Поэзия
9 сент., 10:43
БАЛАЛЫҚ АРМАНБала күннің бір арманы бар еді, Аспан жаққа қол созатын әр күні. «Өскен кезде…» деп басталған сол арман Жүрегімде қалып қойды әлі де.Кішкентай кез — үлкен әлем секілді, Әрбір күннің өз ертегісі бар еді. Уақыт өтіп, бала арман алыстаса да, Жүрегімде оның үні бар еді.Балалықтың ақ арманы жоғалмас, Жылдар өтсе, көңіл одан қол үзбес. Кейде адам есейгенін сезсе де, Бала күнгі жүрек қайтадан өлмес.— Асилхан Шұғыла
Поэзия
9 сент., 10:43
ҚҰСҚанат қаққан жалғыз құс аспанда, Еркіндікті іздеп ұшты қияға. Көкке қарап, мен де үнсіз ойландым: Адам неге байланады дүниеге?Құсқа мекен — шексіз көк аспаны, Бізге мекен — жүрек соққан бір әлем. Қанат болса, қорықпайсың биіктен, Арман болса, адаспайсың бұл жолдан.Кейде құс та шаршап қонар бұтаға, Демін алып, қайта ұшар қияға. Адам да бір сүрінгенде тоқтамай, Қайта қадам басуы тиіс алға.Ұш, жүрегім, қанатыңды талдырма, Арманыңды біреулерге алдырма. Көк аспандай кең болсыншы көңілің,
Поэзия
9 сент., 10:40
Бет-бейнеңді көруден ада болдым. Жанымды жазылмастай жара қылдың. Ұйықтарда өзіңді көп ойладым, Өлсем де суретіңе қарап өлдім.Сарсаңға көп саласың неге мені? Өзің деп сорлы жүрек жүдеп еді. Өзіңді көрмей қалсам көзім шықсын, Соқыр ат секілденген шідерлеулі.Қарамай мұңдарымның салмағына, Ән арнай беріппін-ау ардағыма. Деп жүргенде болашақ жан жарым-ау, Жанымның жарым болып қалғаны ма?Самал боп сезімімді бойлап өттің, Көз ілмей өзіңді көп ойлап өттім. Мен сені өмірлік жар қылам деп ем, Сен мені өмір бақи бойдақ еттің.
Поэзия
9 сент., 10:05
Ақын інігеАлдыңа егер жолдар шықса жолақсыз, Көмек сұрап, хаттар жазба, толассыз. Ақын болып бастадыңба жолыңды, Өз бетіңше ойлан, бітір қомақты іс.Сен сыйлайсың ақын, аға, бауыр деп, Ақын болған - өзім үшін ауыр леп. Сен сияқты болмас едім, деп айтсаң, Шағар едім уайымыңның тауын кеп.Еліктеме, маған және өзгеге, Әр ақынның мақсаты бар көздеген. Сендер енді жанып жатқан отсыңдар, Өшіп-сөніп күлге айналдық біз деген.Бұл ақын деп қарасады сізге ауыл, Баспа, мұң бар біздер салған ізде ауыр. Шабыт қалай шақырамын деме сен,
Поэзия
9 сент., 10:04
Мұқағалиға арнауҚазақтың кең даласындай дарынды едің, Жырыңмен талай жүрекке жарық бердің. Мұңайған жанның сырласы боп өмірде, Қуанған елдің қуанышын бөліп көрдің.Қара өлеңнің қасиетін қастерледің, Қазақтың бар тағдырын дәптерледің. «Аққулар ұйықтағанда» сыр шертсең сен, Талай жанның жүрегін тебіренттің.«Үш бақытым» деп ұлтыңды биік қойдың, Туған жердің әр тасын сүйіп өттің. Тіліңді де, халқыңды да жүрекпен сүйіп, Мәңгі өлмес жырларыңды мирас еттің.Хан Тәңіріндей асқақсың жыр әлемінде, Атың қалды қазақтың жүрегінде. Өлеңіңнен қуат алған ұрпақ бүгін,
Поэзия
9 сент., 09:04
Дәл осы фотоны Тредс (Threads) барлар Пост қылып салып бере аласыздарма боладығоя🥹❤ Поэзия қызығушылар болса осында тіркелеміз депше сондай мағынада. Мен осында поэзия оқитындар болсын, жас ақындар болсын қолдап жүрмінғой, сіздерде маған деген қолдауларыңыз
Поэзия
9 сент., 09:03изменён
Достар тіркелеміз десеңіздер,мен Телеграм онша пайдалана алмаймын.Тек Ватсап кіремін десеңіздер.Ватсаптада Поэзия группамыз бар: WhatsApp Poezia group👇https://chat.whatsapp.com/Hmuhz7RzI5BHj0PH9uziXp?mode=ac_tПоэзия оқитын жандар, жас ақындар болсын тіркеліп алыңыздар. Ортақ пікір алмасатын орта👍😊
