Последние посты

көзімнің қарашығы
28 мар., 17:52
танылуға емес, тануға ұмтыл. Алланы таны, себебі Оның сені танығаны – барлық танымнан биік. адамдардың бағасы уақытша, ал Алланың разылығы – мәңгілік. сөйле. жүздес. көр. айт. тыңда. ізде. өзіңді емес, шындықты ізде. себебі жарық — жарқырағаннан емес, сәуле шашқаннан көрінеді.
көзімнің қарашығы
11 янв., 14:16
бір-біріне шипа беретін адамдарды, Алла бір-бірінен айырмасын.
көзімнің қарашығы
22 дек. 2025 г., 11:02
Еркелейтін кісіңнен айрылғанда ғана сол кісіңнің қадір-қасиетін біле түседі екенсің әрі тіршіліктің өзі де салқын тартқандай болады екен.Асанәлі Әшімұлы «Майраның әні»
көзімнің қарашығы
20 дек. 2025 г., 23:43
Өзеуреген өткелсіз өзен боламын, Екпініме, сірә, бұл төзер ме адамым?! Сүймеші деп азар да безер боламын. (Бірақ сен сүй!)
көзімнің қарашығы
17 дек. 2025 г., 05:50
қалың жұрттың арасын шолып өтсең, кей пенденің бар ғұмыры төрт тағанға тіреліп тұр. бар таянышы, бар сырласы да сол төртеуі ғана: ұйқыға бас ұрып, асқа байланып, орынсыз қылжақпен уақыт оздырып, бітпес өсекпен күн өткізу. мұндай серікті табу үшін ғылымға бойлаудың да, университеттің шаңын жұтудың да қажеті шамалы. тер төгіп ізденбейсің, талаптанып оқымайсың, өмір де бұған бола маңдайыңа белгі соғып, кеудеңе марапат тақпайды.
көзімнің қарашығы
16 дек. 2025 г., 18:13
оқыған үздік елу кітабым: [ескерте кетейін: мотивация, психология және діни кітаптар тізімде жоқ 💝. өйткені бұл бағыттағы кітаптарды сирек, өте сирек оқимын]Таласбек Әсемқұлов — «Талтүс». Бексұлтан Нұржекеұлы —«Ерлі-зайыптылар» Алма Қыраубайқызы — «Жаным садаға». Ұларбек Нұрғалымұлы — «Дайағашшы». Асанәлі Әшімұлы — «Майраның әні». Зейнеп Ахметова — «Теңбіл тіршілік». Мұхтар Мағауин — «Мен». Мұхтар Мағауин — «Сары қазақ». Әнуар Әлімжанов — «Махамбеттің жебесі». Әбдіжәміл Нұрпейіс — «Соңғы парыз». Тұрсын Жұрбай — «Бесігіңді аяла…» Шерхан Мұртаза — «Ай мен Айша». Төлен Әбдік — «Парасат майданы». Ділдә Матайқызы — «Айналайындарым менің…» Ғабит Мүсірепов — «Кездеспей кеткен бір бейне». Баққожа Мұқай —Өмірзая». Қадір Мырза-Әли — «Иірім».
көзімнің қарашығы
16 дек. 2025 г., 13:42
тойлаймын сені әуенсіз бүгін, көкірегімдегі сөз боп қал. туған күніңмен, Тәуелсіздігім. бақұл болыңдар, боздақтар!(с) Ақжол Түменбай
көзімнің қарашығы
4 дек. 2025 г., 18:33
Әке—өзі қала көрмей,сені қалада оқытатын адам…❤️🩹
көзімнің қарашығы
5 нояб. 2025 г., 16:22
бақытыңды тапқаныңша қателес, қателіктің өзі кейде қате емес
көзімнің қарашығы
29 окт. 2025 г., 10:53
махаббат! ❤️🩹
көзімнің қарашығы
29 окт. 2025 г., 10:47
қыздар-ау! жігітті тәрбиелемейді. тәрбиелі жігітке тұрмысқа шығады.(с) Ержан Мырзабаев
көзімнің қарашығы
13 окт. 2025 г., 15:45
бір ұққаным–заманның өзі бұлағай тартып, жұрт жапатармағай жылтыраған дүниеге қызыққанда, менің жүрегім көненің көзін, баяғының бояуын, ескіліктің елесін сүйеді екен... ескі әуен естілсе, елең етіп, қисынсыз кітаптар белдеген шақта жатықтілді, сарғайған кітапты парақтап, алтын қордан риясыз, сүбелі сұхбатты тыңдап, жиырма жыл тарихы бар ауылдағы теледидардан көрген ескі киноларды кермек сағынышпен еске алып, ес түзеймін. қалам иелерінің кітабынан гөрі күнделігін, естелігін оқығанды ұнатам. мәселен, Рақымжан атаның естелігі, Әзілхан атаның жары Халима жайлы жазған, Әбіш атамыз жайлы жазған Клара апаның естеліктерін, Мұқағали атаның күнделігін, Асанәлі атаның «Майраның әні» атты кітабын парақтағанда, дегбірі қашқан тірліктен демеу тауып, дем бересің, демаласың. театрға барсам, көбіне Бекжан Тұрыс аға ойнайтын қойылымдарға барамын. бала күнімде жанұямызды бір дастархан басына жинайтын
көзімнің қарашығы
7 окт. 2025 г., 14:11
переслано из @arynqunanbai
біз – біреудің қабыл болған дұғасымыз…❣️
көзімнің қарашығы
25 сент. 2025 г., 02:41
көңіл көктемім бүр жарып 💕
көзімнің қарашығы
18 сент. 2025 г., 14:02
әлемде күн секілді жүректер бар. өзі күйіп, өзгені жылытуды біледі. жүрегіндегі қамқорлығына, мейірімі мен шуағына қайран қаласың… сосын ойланасың…қамқорлық – көрінбейтін қанат, ол иесін биікке көтереді, ал өзгені құламауға үйретеді. сырттай қарасаң – үнсіз, іштей сезсең – тұтас бір әлем ол жандар. жанында жүре бергің келеді. әңгімелескің келеді. ештеңе деп тіл қатпасаң да, жанында болғаныңа бақыттысың.өмірді көркем ететін – алақандағы жылу емес, жаннан шыққан жылымық. бір сөзбен дем беріп, бір көзқараспен демеу бола алған жандар барда дүние суып кетпейді. 🕯️сәуле іздесең – жүректен ізде. себебі жарық сырттан емес, іштен туады. ал жүрегі кең адамның көлеңкесі де – пана. бір шырақ – тұтас түнекті бұза алады. сен сол шырақ бол. немесе шыраққа жел боп тиме.
көзімнің қарашығы
27 авг. 2025 г., 12:01
ғұмырдан ғайып болмау үшін кейде өзіңді ғайып қыл... аз-кем дамыл табу. жаныңды тыныштыққа кенелту. тіршіліктің ұсақ күйбеңіне жұтылмау. зәрусің. зәруміз. демал.адам баласы бардың қадірін ұғу үшін кейде жоқтың дәмін татқан жөн. байтақ ғұмырдың баяндысы – толассыз қимылда емес, аз-кем тыныста. қанатын талдырған қыран да биіктен төмен құлап емес, саялы сайда дамылдап, күш жинап қайта самғайды. сол секілді жан да тынбай жүгірген күйкі тірліктен азат болып, тыныштықты бойына сіңірмей, шынайы бар болмысына жете алмайды.
көзімнің қарашығы
22 авг. 2025 г., 21:13
ауылдың ұялы қоңыр таңы артта қалып, қырдың самалын қимай қоштасқанмен, көңілдің көкжиегі бізді тағы алысқа жетелейді… ендігі беталыс – Алматының асқақ шаһары, талай үміттің тоғысқан ордасы болмақ. бұл сапар – шәкірттік ізбен жарыс жолын іздеген күннің жалғасы емес, студенттік дәуренде сабақ соңына асыққан шақтың көлеңкесі де емес, бұл – білімнен нәр алып, енді сол білімді өзгеге сәуле етіп шашатын ұстаздың алғашқы қадамы. кеше өзіме жол іздеген жан едім, бүгін өзгеге жол сілтемекпін… кеше жүрегімнің алауы арманға ғана жетсе, бүгін сол арманымды шәкірт жүрегіне үлестірмекпін… өзімізге – жүрегіміздің шамы сөнбесін, еңбегіміздің жемісі үзілмесін! өзгеге – біліміміз нұр болып жетсін, сөзіміз оқушының санасына сәуле болып қонсын. ұстаздың да, шәкірттің де жолы ашық, бағы берекелі, болашағы баянды болсын!
көзімнің қарашығы
13 авг. 2025 г., 16:52
Жұмыс қамын күйттеп, пұшайман халде біраз күн сенделдік, қалқам. Қағаз-құжатымызды, осы уаққа дейін жеткен бірен-сараң жетістіктерімізді даярлап, ізденіс сапарына бел байлаған шақта, HR-NOBD дейтұғын қақпағы бар портал аяқ астынан қақсап қап, керегімізге жарамады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін әлгі. Биыл оқу бітірдік, тәжірибе жағы кемшіл болса да, талап пен ыждағатта мін жоқ, өнер-білімге ынтықпыз. Шәкірт зейінін ашып, көңіл көзін оятуға, ел кәдесіне жарар қызмет қылуға әзірміз.💌ұсыныстарға ашықпыз!
көзімнің қарашығы
10 авг. 2025 г., 06:39
«қазақша кітап қымбат» деп даурығатындар көп. бірақ сол шағым айтқандардың өзі ең алдымен дүкен сөресінен мұқабасы жылтыраған, аты айқайлап тұрған, бағасы қымбат, бірақ ішкі жүгі жұтаң, жауыр кітапты алып шығады. бұл кітап емес, достар. осындай қоғамды құрған өзіміз, бұндай жауыр кітаптардан бас тартатын да өзіміз. рухани байытатын, ойға ой қосатын, сананы асқақтататын туынды ғана нағыз кітап атануға лайық. кітаптың ішінде оқырманның ақысы бар, соны ұмытпайық. жазуы бар нәрсенің бәрі кітап емес.өткенде Өтеген Оралбайдың «Серпер сезім» кітабын оқыдым: жазушы екенсің, әрине, жаз! бірақ бір асқар шыңдарға қарап, арыңмен жаз, барыңды сал! шебер жаз! жақсы жаз! жаман жазасың екен, жазба! жазушылықты оңай кәсіпке, әсіресе құлқынның кәсібіне айналдырма! Толстой айтқан: «жер жырт, етік тік,тағы бірдеңе етіп тамақ асыра, бірақ жазушылықты кәсіпке айналдырушы болма!» тағы сол Толстой айтқан:
көзімнің қарашығы
8 авг. 2025 г., 02:26
жас түлектерге ашығын айтайын. арманың мына үш мамандық болса, қазірден қоя сал: орман шаруашылығы балық шаруашылығы өсімдік шаруашылығыбіздің қоғамда грант деген – алтын билет. «болса болды» деп, пәтуәсіз, өз жаныңа жат мамандыққа түсуден құдай сақтасын! «ұпайың қанша?», «түсемін бе, түспеймін бе?» деген жалғыз сұрақ. ал «мен неге түсемін? не үйренемін? ертең кім боламын?» деген сұрақтар бізде жетімсіреп жүр.бір таныс оқушы есімде. бір жыл бұрын келді. «Ақнұр әпке, мәтінді түсінбеймін, оқу сауаттылығынан көмектесіңіз» деді. оқу сауаттылығы ҰБТ-дағы ең жеңіл пән екенін айтсам да, балада қысылу жоқ. анасы өтініп сұрағасын, бір айдай дайындаттым. алғашқы әңгімеден-ақ аңғардым – балада арман жоқ, мақсат жоқ, тек бір есеп бар: «елу балл алсам да грантпын ғой» деген. бітті.бүгін сол қызымыз «грантқа түстім» деп сүйіншіледі. қуанып сұрасам, орман шаруашылығы екен. мәз өзі. бұл мүлдем
