gram news
Аватар канала Qazaqparat

Qazaqparat

@qazaqparat_kz

Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

ПроектыUKНовостиПодтверждён Telegram

11,200подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • Qazaqparat

    22 сент., 18:02

    🥇Азиада-2026: Қадырбек Шынбаев ел қоржынына алтыншы алтын жүлде сыйлады Қазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды. Отандасымыз ерлер арасында (71кг) заманауый стилде өнер көрсетіп
  • Qazaqparat

    22 сент., 16:50

    🎥TikTok-та тараған видео: Қызылордада мысыққа қатыгездік көрсеткен ер адам жазаланды21 қыркүйек күні TikTok әлеуметтік желісінде ер адамның мысықты қинап, қатыгездік танытқаны туралы бейнежазба тарады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.⏺Полиция қызметкерлері жедел түрде бейнежазба бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген.— Қабылданған шаралар нәтижесінде жануарға қатыгездік танытқан адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол 43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Серік Кетенов болып шықты. Оған айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, — делінген хабарламада.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 15:40

    ❕Екібастұзда суды заңсыз алып келген шаруашылықтар анықталдыЕкібастұз қаласының прокуратурасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің су ресурстарын пайдалану кезінде заңнама талаптарын бұзғанын тіркеді.— Нәтижесінде 20 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Прокуратураның енгізген қадағалау актісін қарау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылды. Бюджетке су ресурстарын пайдаланғаны үшін 8 млн теңгеден астам қосымша төлем есептелді. Төрт ауыл шаруашылығы тауарын өндірушімен арнайы су пайдалануға арналған шарттар жасалып, тиісті рұқсаттар алынды, — дер хабарлады өңірлік прокуратурадан.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 14:38

    🇬🇧Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 1,63 млрд долларға жеттіҚазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1,63 млрд АҚШ долларын құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 83,7%-ға өсті. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында бұл көрсеткіш 1,25 млрд долларға жетіп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,5%-ға артты.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 13:24

    🇮🇹Рим 2036 немесе 2040 жылғы Олимпиаданы өткізуге өтінім бермек💬Италия астанасының мэрі Роберто Гуальтьери Римнің 2036 немесе 2040 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім беруге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Еуропа одағындағы меншікті тілшісі БТА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге Үндістан, Түркия, Чили және Индонезия қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы, Мажарстан, Мысыр, Канада, Сауд Арабиясы және Қатардан да өтінім түсуі мүмкін.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 12:44

    ⚡️Алматыда жыл басынан бері 6 үшем дүниеге келдіАлматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жуырда № 2 қалалық перинаталдық орталықта 27 жастағы алматылық келіншек үшем ұлды дүниеге әкелді.▫️Бұл ананың екінші жүктілігі екен. Енді ол төрт ұлдың анасы атанды. Үшемнің төрт жастағы ағасы бар.— Жүктілік трихориалды триамниотикалық түрде өткен, яғни, әр сәбидің жеке плацентасы мен ұрық қабы болып, үшеуі бір-бірінен бөлек дамыған. Сәбилер кесар тілігі арқылы дүниеге келді, — деп мәлімдеді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 12:20

    🇹🇷Түркияның Маниса қаласында мектеп маңында атыс болдыОқу орнының маңында болған атыстан 11 адам зардап шекті, күдікті ұсталды. Бұл туралы Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі хабарлайды.⏺Оқиға таңертең Маниса провинциясының Тургутлу ауданындағы Инджи Юзмез атындағы кәсіптік-техникалық лицейдің маңында болған. Атыс туралы хабар түскен соң оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жіберілді.Алдын ала мәлімет бойынша, атыстан 11 адам зардап шекті. Олардың барлығы жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 11:44изменён

    🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады🔹Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.🔹Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті.🔹Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.
  • Qazaqparat

    22 сент., 11:05

    🇺🇸АҚШ Таяу Шығыстың энергетика нысандарын қалпына келтіруге $5 млрд жұмсамақ💰Трамп әкімшілігі Таяу Шығыс елдеріне Иранмен соғыс кезінде зақымдалған энергетика инфрақұрылымдарын қалпына келтіруге көмектесетін жаңа қорға 5 миллиард доллар инвестиция салуды ұсынды, деп хабарлайды Reuters.Агенттіктің The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, арнаулы қор аймақ елдерінің мұнай мен газ тасымалдаудағы Ормуз бұғазына тәуелділігін азайтуға да жәрдемдеседі.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 10:22изменён

    🏢Астана вокзалдарындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталадыКөлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астананың вокзалдарындағы жөндеу және жаңғырту жұмыстарының қашан аяқталатынын айтып берді.🧷Вице-министрдің айтуынша, Астананың ескі вокзалындағы жаңғырту жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтап, нысанды пайдалануға беру жоспарланған.— Астананың ескі вокзалындағы жөндеу жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Вокзалдың аумағы 7 мыңнан 8,5 мың шаршы метрге дейін ұлғаяды. Жаңартылған нысан қазан айының соңында ашылады деп жоспарланып отыр, — деді Жәнібек Тайжанов Үкіметтегі брифингте.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 09:57

    ❕Түркістанда жол құрылысы материалдарының 50-ден астам сынамасы талапқа сай болмады💬Биыл Түркістан қаласында 100-ден астам көшені жөндеу жоспарланған. Жыл басынан бері «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары 49 көшеде 113 сараптама жүргізді.Инженерлер жол құрылысында пайдаланылатын топырақ, қиыршық тас, құм, цемент, битум, асфальтбетон қоспасы мен асфальтбетоннан 95 сынама іріктеп алды.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 09:25

    📸Жоңғар Алатауында таутекелер фототұзаққа түсіп қалдыЖоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы аумақтарында жүргізілген мониторинг кезінде бейнебақылау құрылғысына таутекелер (Capra sibirica) түсіп қалды.Биік таулар мен тік жартастар — таутекенің табиғи мекені. Ол күрделі жер бедеріне жақсы бейімделген және таулы экожүйедегі қоректік тізбектің маңызды бөлігі саналады.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 08:40изменён

    🥇Азиада-2026: Қадырбек Шынбаев ел қоржынына алтыншы алтын жүлде сыйладыҚазақстандық спортшы Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.Отандасымыз ерлер арасында (71кг) заманауый стилде өнер көрсетіп, ақтық сында Тәжікстан өкілі Хуршедзода Бехрузден 3:0 есебімен басым түсті.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 08:21изменён

    ✏️✏️✏️✏️✏️✏️✍️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды🟦Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 08:01

    🥇Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жеңісіне жетті🗣Отандастарымыз айналмалы жүйе бойынша сынға түсіп жатыр. Олар үшінші кездесуінде Таиланд құрамасын 14:13 есебімен жеңді. Оған дейін ел құрамасы Сингапурды 12:7 есебімен қапы қалдырып, Жапонияға 10:25 есебімен жол берген еді.Енді отандастарымыз 23 қыркүйекте Қытай, 24 қыркүйекте Өзбекстан құрамаларымен шеберлік байқасады.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 07:22изменён

    🧷🧷🧷🧷🧷✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 07:19

    ❕Алматыда жолаушылар троллейбусы өртендіАлматыдағы Әуезов ауданында жолаушылар троллейбусынан өрт шықты.Оқиға Әуезов ауданы Бауыржан Момышұлы мен Марғұлан көшелерінің қиылысында болған. Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, троллейбустың төбесіндегі электр сымдары жанып кетті.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 06:41изменён

    🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️🖊️✉️Мемлекет басшысы туған күніне орай Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстан дамудың даңғыл жолына түсіп, мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренада ел позициясын күшейту бағыттарында таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті.– Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге
  • Qazaqparat

    22 сент., 06:17

    🏆Бесінші алтын: Еркінғали Бүркіталин Азиада чемпионы атандыҚазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында топ жарды.Отандасымыз ерелер арасында (77кг) аралас жепе-жек спортынан дәстүрлі стил бойынша жары жолына шығып, Бахрейн спортшысы Мұхаммед Набиевті 3:0 есебімен қапы қалдырды.📌@qazaqparat_kz
  • Qazaqparat

    22 сент., 05:21изменён

    💼Қазақстанда климатқа төзімді үйлер салына маКлиматтың өзгеруі қалалардың қалай жоспарланып, салынатынына жаңа талап қойып отыр. Аптап ыстық, су тапшылығы, нөсер жауын сияқты тәуекелдер күшейген сайын Қазақстан қалалары оларға бейімделуге дайын болуы керек.❔Ол үшін құрылыс пен қала инфрақұрылымында қандай шешімдер қажет?🔗Kazinform тілшісі тақырыпты сарапшылармен бірге талдады📌@qazaqparat_kz