Последние посты

Qazaqstan.tv
23 сент., 18:36
📝Бүгінгі жағымды жаңалықтар тізбегі🌟Қазақстанның 5 қонақүйі алғаш рет MICHELIN Key арнайы белгісін алды Қазақстан бұл беделді гидтің географиясына алғаш рет енді.✈️Алматыдан Чунцинге қатынайтын әуе рейсі іске қосылды Рейстер аптасына екі рет орындалады.🖥NVIDIA компаниясының негізін қалаушы Дженсен Хуанг Астанаға келеді Ол AI Month айлығының арнайы қонағы болады.🥇Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті Қазақстан құрамасы Азия ойындарының төртінші күнінде 1 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.🎿Almaty SuperSki: Жаңа тау-шаңғы курорты 2028 жылы ашылады Жобаны жүзеге асырудың алғашқы кезеңі басталды.
Qazaqstan.tv
23 сент., 18:06изменён
✈️Алматыдан Чунцинге қатынайтын әуе рейсі іске қосылдыБүгін Алматы – Чунцин бағыты бойынша алғашқы тікелей рейсі ашылды. Жаңа бағыт бойынша әуе қатынасын Flyarystan әуе компаниясы іске қосқан.✅Рейстер аптасына екі рет орындалады: Алматы → Чунцин – сәрсенбі және сенбі күндері; Чунцин → Алматы – бейсенбі және жексенбі күндері.Билет құны бір бағытқа 92 000 теңгеден басталады.


Qazaqstan.tv
23 сент., 17:00
Қазақстан экономикасында соңғы жеті жылда қандай өзгеріс болды?Қазақстанда соңғы жеті жылда бірқатар негізгі макроэкономикалық көрсеткіш өсті. Осы кезеңде сыртқы қарыз 51 миллиардтан 35 миллиард долларға дейін азайса, халықаралық резервтер 27 миллиардтан 67 миллиард долларға жуықтады. Ал жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 715 мың теңгеден 1 миллион 665 мың теңгеге дейін өсті.Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің бірі – өңдеу өнеркәсібінің үлесінің артуы. 2026 жылдың алғашқы жартысында бұл сектордың ЖІӨ-дегі үлесі 14 пайызға жетті. Сонымен қатар сауда, құрылыс және көлік-логистика салаларында да өсім байқалады.
Qazaqstan.tv
23 сент., 15:01
Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы сайландыЖаңадан құрылған органның мақсаты мен міндеті қандай? Қандай өкілеттіктерге ие?Сонымен қатар Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы өтіп жатыр.Толығырақ дәл қазір тікелей эфирден өткізіп алмаңыз.
Qazaqstan.tv
23 сент., 13:35
📱Астана әуежайында заңсыз әкелінген 200-ден астам iPhone тәркілендіЕлорда әуежайындағы кеден қызметкерлері мобильді құрылғыларды заңсыз әкелудің 10 дерегін анықтады. Бір жолаушының жүгінен 50 смартфон табылған.Жалпы 223 iPhone 18 және 10 жұп AirPods тәркіленді. Мамандардың мәліметінше, жеке тұлға Қазақстанға кедендік төлемсіз екі смартфоннан артық алып кіре алмайды. Артық тауар декларациялануы тиіс.Тексеру кезінде төрт адамның жеке кәсіпкер екені анықталды. Тағы төрт адам смартфондарды кәсіпкер ретінде тіркемей әкелген.Тауарлар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Qazaqstan.tv
23 сент., 13:15
Ардақ Зебешев Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды
Qazaqstan.tv
23 сент., 12:53изменён
🔴Ақтауда балықтан уланған 9 жасар баланың жағдайы ауырАқтауда балықтан уланып, ауруханаға түскен 9 жастағы баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлер оған ауыр дәрежедегі ботулизм диагнозын қойған. Бала ауруханаға ес-түссіз жағдайда жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Оған ботулизмге қарсы сарысу да енгізілген.Еске салайық, 19 қыркүйек күні Басқұдық ауылында ысталған балық жеп уланған үш ересек пен кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылған болатын. Қалған науқастардың да жағдайы ауыр.
Qazaqstan.tv
23 сент., 12:00
✉️Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады🇰🇿🇸🇦Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады.Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.


Qazaqstan.tv
22 сент., 18:18
Күнді жағымды жаңалықтармен қорытындылайық!🎵Бозжырада «Адай» күйін орындаған күйші көпшілікті тәнті етті Күйші Сымбат Абдуахаптың әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасы көпшіліктің назарын аударды.⚽️Дастан Сәтпаев Қазақстан жастар құрамасымен кездесті Қазақстан U21 құрамасы 25 қыркүйек күні Англия жастар құрамасына қарсы ойнайды.⛺️Астанаға 6 айда 830 мың турист келген Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға көп. Оның ішінде 187 мыңға жуығы — шетелдік туристер.🎿Заманауи Almaty SuperSki кешенінің құрылысы басталды Жаңа курорт тәулігіне 10 мыңнан астам турист қабылдайды. Нысанды 2028 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр.🥇Азиаданың төртінші күнінде Қазақстан қоржынына тағы 4 медаль түсті Қазақстандық спортшылар 2 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.
Qazaqstan.tv
22 сент., 18:09
🌍Биыл әлем бойынша 690 млн турист шетелде саяхаттағанБҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында халықаралық туристік сапарлар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға, яғни шамамен 3 миллионға өсті.Туристік сапарлар Африкада 4%-ға, Еуропада 3%-ға, Америкада 2%-ға, Азия мен Тынық мұхиты аймағында 1%-ға артқан. Ал Таяу Шығыста бұл көрсеткіш 22%-ға төмендеді.Ұйымның бағалауынша, халықаралық туризмнің өсуіне геосаяси тұрақсыздық, инфляция және жол жүру мен тұру шығындарының қымбаттауы әсер етіп отыр.


Qazaqstan.tv
22 сент., 17:31
Хирург тамырды сақтап қалатын тың әдіс ойлап таптыОралда варикоз дертін, яғни аяқтағы ісінген қан тамырды кеспей, сақтап қалатын емдеу әдісін тапқан хирург тұрады. Өйткені, қан тамыры жүрек, бауырға ота жасалғанда аса қажет. Хирургтың тың әдісін үйренуге Жапония, Өзбекстаннан ғалым-дәрігерлер арнайы келді.Тынымсыз ізденіс пен қажырлы еңбектің арқасында құрметке бөленген хирургияның хас шебері жайлы толығырақ бейнематералда.
Qazaqstan.tv
22 сент., 17:09
🍏Алма бағындағы қыз: Елордада тұрғын үйдің қасбетіне жаңа мурал салындыЕлорданың Алматы ауданында Абылай хан даңғылы, 55 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің қасбетінде жаңа мурал салынды.«Онда алма бағында тұрған қыз бейнеленген. Қанық түстер мен жұмсақ сызықтар үй айналасындағы жасыл желекпен үйлесіп, жайлы көрініс қалыптастырған. Жарқын арт-кеңістік қалалық ортаның жаңа элементіне айналып, көшенің қалыптасқан келбетін өзгертіп, ауданға заманауи визуалды реңк қосты», - делінген Астана қаласы әкімдігінің хабарламасында.


Qazaqstan.tv
22 сент., 16:20
✈️ Air Astana Фукуокқа рейстерін қайта бастайды25 қазаннан бастап Алматы мен Астанадан Вьетнамның Фукуок аралына әуе рейстері қайта ашылады.🏝 Қазақстандықтар тропикалық аралға екі қаладан ұша алады.
Qazaqstan.tv
22 сент., 14:45

Qazaqstan.tv
22 сент., 13:29
📦Пошта және курьерлік қызметтер көлемі 57,2 млрд теңгеге жетті2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, бір жылда 1,1%-ға өскен. Оның ішінде 13,4 млрд теңгенің қызметі халыққа көрсетілген.Қызмет көлемінің ең жоғары үлесі: 📍Алматы қаласы - 58,7%; 📍Астана қаласы - 13,2%; 📍Қарағанды облысы - 3,2%.📈Нақты көлем бойынша да Алматы көш бастап тұр – 33,6 млрд теңге. Астанада бұл көрсеткіш 7,6 млрд теңге, Қарағанды облысында 1,8 млрд теңге болды.Ауылдық жерлерде көрсетілген пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 2 млрд теңгені құрады.📬Негізгі қызмет түрлеріне сәлемдеме, бандероль және хат-хабарларды қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ курьерлік жеткізу жатады.


Qazaqstan.tv
22 сент., 12:20
🇹🇷 Түркияда мектеп маңында атыс болып, 11 адам жараландыОқиға Маниса өңірінде таңғы сағат 08:00 шамасында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, зардап шеккен 11 адамның екеуінің жағдайы өте ауыр.Бір адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарағанымен, ол әзірге ресми расталған жоқ.Оқиға орнынан қашып кеткен күдіктіні полиция ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, ол осы мектептің 9-сынып оқушысы болуы мүмкін.
Qazaqstan.tv
22 сент., 11:45
Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Бочарованы қабылдады🔹Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті.🔹Мемлекет басшысы Ұйымның гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бағытталған заманауи, беделді әрі тиімді құрылым ретінде қалыптасуы аса өзекті екенін атап өтті.🔹Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.🔹Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.🔹Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.



Qazaqstan.tv
22 сент., 11:31
⚽️Дастан Сәтпаев Қазақстан жастар құрамасымен кездесті🇰🇿 Қазақстан U21 құрамасы 25 қыркүйек күні Англия жастар құрамасына қарсы ойнайды.Жастар құрамасы Англияның Хай-Уиком қаласында күзгі ойындар алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.Қазіргі таңда «Бернли» ойыншысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін ем қабылдап, алаңға оралу үшін қалпына келу жұмыстарын жалғастырып жатыр.Видео: kff_team
Qazaqstan.tv
22 сент., 10:50
📺Жаңа маусымда көрермен назарына мазмұны мен тақырыбы сан алуан жаңа телехикаялар ұсынылмақЖаңа туындыларда қоғам үшін маңызды мәселелер кеңінен қамтылады. Донорлық пен адам өмірін сақтап қалудың маңызы, қарапайым еңбек адамдарының тағдыры, отбасы құндылықтары мен ұрпақ сабақтастығы көркем оқиғалар арқылы өрбиді.▫️Сонымен қатар еліміздің көрікті өңірлері мен ауыл өмірі, киберқауіпсіздік, цифрлық ортадағы жауапкершілік, заң мен тәртіп қағидаттары да телехикаялардың негізгі тақырыптарының біріне айналады.📌Әр туындының айтары, кейіпкері, тағдыры бар. Жаңа маусым көрерменге тек қызықты оқиға ұсынып қана қоймай, бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелерге ой салуды, адамдық құндылықтарды дәріптеуді көздейді.🎬185 бөлімнен тұратын «Жоғалған есім», «Селт еткен сезім», «Донор», «Киберқалқан», «Кен жолы», «Адвокат Айсұлу», «Гүлдала» телехикаялары биыл




Qazaqstan.tv
22 сент., 10:01изменён
🎶Бельгиялық Лукас «Мен қазақпын» әнін домбырада орындадыФранцуз тілі пәнінің мұғалімі Лукас домбыраның үнін алғаш интернеттен естіп, ұлттық аспапқа қызығушылық танытқан. Кейін Қазақстаннан домбыра алдыртып, алматылық музыканттан онлайн сабақ алған.🇰🇿Қазақ мәдениетіне деген қызығушылығы арта түскен соң Лукас Қазақстанға қоныс аударған.Алматыдағы саябақтардың бірінде оның «Мен қазақпын» әнін домбырада орындаған видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ықыласына бөленді.📹: luciusapuleius74
