Последние посты

Сөз:
25 нояб. 2025 г., 16:33
переслано из @negizdelgenjol
Лақап атымен аталып кеткен кей қазақ тұлғаларының шын есімдері Сәкен Сейфуллин — шын есімі: Сәдуақас Абай Құнанбайұлы — шын есімі: Ибраһим Ыбырай Алтынсарин — шын есімі: Ибраһим Шәкәрім Құдайбердіұлы — шын есімі: Шаһкәрім Шәкен Айманов — шын есімі: Шаһкәрім
Сөз:
25 нояб. 2025 г., 16:33
переслано из @negizdelgenjol
Лақап атымен аталып кеткен кей қазақ тұлғаларының шын есімдеріСәкен Сейфуллин — шын есімі: СәдуақасАбай Құнанбайұлы — шын есімі: ИбраһимЫбырай Алтынсарин — шын есімі: ИбраһимШәкәрім Құдайбердіұлы — шын есімі: ШаһкәрімШәкен Айманов — шын есімі: ШаһкәрімСәмеке хан — шын есімі: ШаһмұхаммедШоқан Уәлиханов — шын есімі: МұхаммедқанапияСегіз сері Шақшақов — шын есімі: МұхаммедқанапияҚаныш Сәтбаев — шын есімі: Ғабдулғани
Сөз:
1 апр. 2025 г., 15:02
Сөз: Торқа зат есім / сын есімЕң қымбат жібек мата; Жанға жайлы, сүйкімді; Жұмсақ - Дорогой шелк; Мягкий, комфортныйІштері Самарқант пен Бұқардан тоғыз керуенмен тасылған қырмызы қызыл кілем, дүрия, торқа жібектен тысталған мамық жастық, түбіт көрпелермен безенген 📖 І.Есенберлин, Көшпенділер. Алмас қылышТой жасап, торқа төсеп шабылмаған, Демек тойдың жабдығы табылмаған Өмір дейтін өзгермес мекеменің Алдында әжем мені қабылдаған 📖 М.Мақатаев, Бұзылған үйҚұдай қосқан косағым, топырағың торқа болсын, жар дегенде жалғыз ұлым, алдыңнан жарылқасын. Әкесінің кателігі сені кателестірмеді ұлым. Мынау елдің деніне саулық, басына байлық берсін! — Рақима алақанын жайып бетін сипады. 📖 О.Бөкей, Үш кезең
Сөз:
7 янв. 2025 г., 14:10изменён
💣 Сіздерге жаңалық: Сөзділ ойынында енді 5 әріп емес, 6 әріп жасырынОйнау үшін https://wordle.kz/Жаңалықты сіздерге дайындап, кодын жазған (@daniyar) Данияр Мұханов
Сөз:
24 янв. 2024 г., 12:01
Сөз: Ерек үстеуӨзгеше, бөлекше, дара. - Исключительный, особыйСалақ, олақ, ойнасшы, керім-кербез, Жыртаң-тыртаң қызылдан шығады ерек. 📖 Абай, Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбатБұл дүние кезек берер істі өңгелеп. Онан қорқып, обырлық қоймасаң да, Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек! 📖 Шәкәрім, АдамшылықБиылғы Май бір бөлек, Далаға шыққан. Бақтарда өнген гүл де ерек. 📖 М.Мақатаев, Мәңгілік жастық
Сөз:
18 мар. 2023 г., 12:01
Сөз: Сарымақ/Шөнжік зат есімЖолбарыстың күшігі - ТигренокСаптаяқтай еріндім, сарымақтай азулым 📖 Бұқар жырау шығармасынанАлдырған сарымағын өлекшіндей, азғындап шөктің, Сара, жылдан-жылға. 📖 Біржан мен Сараның айтысыШөнжіктер ысылдай, пысылдай жарысып, қу шандырды аяусыз созғылауға кіріскен. 📖 М.Мағауин, Шақан шеріБелгілі болғандай, шөнжік экспресс-пошта арқылы Халиско штатынан (Мексика) Керетапо штатына бармақшы болған. 📖 КТК арнасы, Тірі жолбарысты пошта арқылы жөнелтпек болғанДереккөз 1; Дереккөз 2; Дереккөз 3
Сөз:
15 янв. 2023 г., 11:14
Көп атала бермейтін түс, реңк атаулары мен соған қатысты сөздерБұл жазбада түстердің өзінен гөрі, түстерді атауға көмектесетін сөздер қамтылған.Бөлісіп, пікір алмаса отырыңыздар.
Сөз:
8 янв. 2023 г., 12:45
Сөз: Лазым (ләзім) модаль сөзЖөн, дұрыс, абзал. - Лучше, вернее, необходимо.Бұл дүниенің мысалы Ұшып өткен құспен тең, Өмірде көрген жақсылық, Ұйықтап өткен түспен тең, Атадан мирас ақылың, Түзік айтқан мақұлың, Ләзім болған іспен тең. 📖 Шал ақын, Бұл дүниенің мысалыӘуелден көңілімді бердім саған, Нәзік бел, қиғаш қасты, қалам бармақ, Жігітке лазым еді іздеп бармақ. 📖 Ақан сері өлеңінен
Сөз:
23 дек. 2022 г., 06:00
Көп атала бермейтін гүлдер атауыОсы жазбада аталған гүлдер: Сәлдегүл, таушымылдық (пион); Бақытгүл (хризантема); Қалампыр (гвоздика); Құртқашаш (ирис); Баршынгүл (гладиолус).
Сөз:
20 нояб. 2022 г., 12:01
Сөз: Қомсыну етістікАзсыну, көңілі толмау, менсінбеу, жақтырмау. - Считать недостаточным, пренебрегать, не одобрять.Қарайды да алтынға, Қомсынады "аз ғой",— деп, "Қыстау керек, үй керек, Сән-салтанат, расход көп. 📖 Абай, Жарлы бай (Крыловтан)Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, Әзірге қолдан келген осы барым. Қанағат азға деген, жоққа сабыр, Қомсынып қоңырайма, кұрбыларым! 📖 А.Байтұрсынұлы, ЗамандастарымаНәрсем болса бергендей
Сөз:
13 нояб. 2022 г., 07:30
Сөз: Жалқын зат есімАлаулаған жалын - ПламяБұған тиген су перінің салқыны, Салқыны емес, бейне оттың жалқыны Қол-аяғын от ішінде қалқиды. Бойыңды улап, басылған екен қарқыны 📖 Ж.Аймауытов, Қара бақсыАшық аспан астында мыңдаған сары жалқын алау асыр салып билеп жүр. 📖 Ә.Кекілбаев, Бір уыс топырақАлаулаған, алқызыл жарық. Екі ұшты еді тағдырымыз біздің де. Жалқын сәуле шашып еді батқан күн, Жас баладай, мәз-мейрам боп шаттандың,
Сөз:
9 окт. 2022 г., 06:00изменён
Сөз: Десте зат есім1. Оралған егіннің бумасы; 2. Буда, шоқ, топ; 3. Деректер шоғыры (инф.) - 1. Свернутый стог сена (тюк, рулон); 2. Стопка, пачка, группа; 3. Пакет данныхҚайран біздің жеңгейлер! Өскен ерен, Егін орып, бау байлап, дестелеген. 📖 М.Мақатаев, Қайран жандарЖиналған көп әлеумет, Тыңдасаң кепті шертейін. Әңгімені дестелеп, Түйдегімен кертейін 📖 С.Сейфуллин, Ұйымдағы әрбір азамат — жалшының қорғаушысыОсы дестелеп ору деген бір пәле басты қатырды. - Нұржан Тәженді қолтықтап, оңашалау апарды. 📖 З.Шашкин, Өмір тынысы
Сөз:
25 сент. 2022 г., 12:15
Көп атала бермейтін тағы бірнеше балық атауыОсы жазбада аталған балықтар: Бекіре (осетр); Жайын (сом); Қаракөз (вобла); Қарша (килька); Сүйрік (стерлядь) және Майбалық (шпроты).Дүкен базарда жүргенде айта жүрейік, біз бастамасақ сол қалпы "орысшыл" боп қала бермекпіз.
Сөз:
18 сент. 2022 г., 07:00
Сөз: Мелдек зат есімКеңірдек, тамақ - Горло, глоткаМелдектеу — шамадан тыс тою (объедаться)Асыл шөп, жасық шықтың иісі аңқып, Батқандай мелдегінен нұрға қалқып. 📖 С.Торайғыров, ШілдеАлбан – мейман келсе мелдектеп, берекесі кіре түсетін қонақжай ел 📖 Ш.Мұртаза, Қызыл жебеӨтірік қияпазданып, мелдегінен шыға тойып, ықылық атып отырған адамдай, қолымды тамаққа батыра алмаймын 📖 С.Жүнісов, Өшпейтін іздерКүшіктің бөлтірікке айналар кезінде оларды қансоқтыға мелдектетіп, жондандырып өргізбек болды
Сөз:
6 авг. 2022 г., 16:03
Көп атала бермейтін құрал-сайманОсы жазбада аталған құрал-сайман: Зімпара, егеуқұм (наждак),білікше (валик), бұрандама (болт), сомын (гайка), бұрамашеге (шуруп), зілбалға (кувалда), бәрбі, үскі, бұрғы (дрель, сверло), дәнекерлегіш (паяльник), төс (наковальня)
Сөз:
30 мая 2022 г., 12:01
Сөз: Саф (сап) сын есімТаза, кіршіксіз, мөлдip, қоспасыз - Чистый, кристальный, без примесейСаф алтыннан айбалтаң, Шұға еді жанқалтаң 📖 Сүйінбай шығармасынанОнымен сезімді тазалыққа иіргендігіңді кәміл ыхласыңды көрсетіп, ішімнің сафлығының соңында халық көрер, сыртымды да пәк етемін һәм көзге көрінбейтін ағзаларымды да пәк етемін 📖 Абай, Отыз сегізінші қара сөзСаф күмістей жарқырап Тыныш жатқан тұнық су. 📖 М.Жұмабаев, Жазғы таңСап даналық жолының өзі екі айырық болады: бірі ғаламның адам ақылы жетерлік те, жетпестік те жағын зейінге салады. 📖 А.Байтұрсынұлы, Əдебиет танытқыш
Сөз:
3 мая 2022 г., 12:00
Көп атала бермейтін дәмдеуіштерОсы жазбада аталған дәмдеуіштер: Аскөк (укроп), даршын (корица), насыбайгүл, райхан (базилик), күнзе (кориандр) және көкнәр (мак)
