Последние посты

QAZSPORTTV
22 сент., 12:58изменён
Үшінші жарыс күні аяқталды🇰🇿 Бүгін Қазақстан қоржынына төрт медаль түсті.🥇Еркінғали Бүркіталин - аралас жекпе-жектен чемпион. 🥇Қадырбек Шынбаев - аралас жекпе-жектен чемпион.🥉Бэлла Самашева - каратеден қола жүлдегер. 🥉Нұрқанат Әжіқанов - каратеден қола жүлдегер.📌 Жеңісті күндеріміз көп болсын!
QAZSPORTTV
22 сент., 12:50
переслано из @qazaqstantv
⚽️Дастан Сәтпаев Қазақстан жастар құрамасымен кездесті🇰🇿 Қазақстан U21 құрамасы 25 қыркүйек күні Англия жастар құрамасына қарсы ойнайды.Жастар құрамасы Англияның Хай-Уиком қаласында күзгі ойындар алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.Қазіргі таңда «Бернли» ойыншысы Дастан Сәтпаев жарақатынан кейін ем қабылдап, алаңға оралу үшін қалпына келу жұмыстарын жалғастырып жатыр.Видео: kff_team
QAZSPORTTV
22 сент., 12:39изменён
🏊 Астанада «Мүгедектігі бар адамдар» күніне орай «Су спорт түрлеріндегі инклюзия» атты іс-шара өтті🔹 Бәсекеге Астанадан 30-ға жуық қатысушы жиналды. Қатысушылар ескек есу және су спорты түрлерінен бақ сынап, командалық сайыстарға қатысты.📌 Жоба ерекше қажеттілігі бар жандардың спортпен тұрақты айналысуына, қоғамдық ортаға белсенді араласуына және дене дайындығын жақсартуына мүмкіндік береді.
QAZSPORTTV
22 сент., 12:08
👏🏻 Жеңістен биік адамгершілік🇰🇿 Мемлекет басшысы үнемі ұрпақты ойы таза, ниеті түзу етіп тәрбиелеудің маңызын айтып келеді. Жеңіс тұғырында тұрсаң да, қарсыласыңа деген құрмет пен жанашырлықты жоғалтпай, қандай жағдайда да адамгершіліктен айнымау - нағыз азаматқа тән қасиет.📌 Бүгін аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атанған Қадырбек Шынбаевтың әрекеті жұртшылықты тәнті етті.
QAZSPORTTV
22 сент., 11:08
🏒 ҚХЛ«Динамо М» (Мәскеу) - «Барыс» (Астана)📆 Бүгін ⏰ 21:20 🔴 LIVE🖥 «Qazsport» телеарнасынан тікелей көрсетілім.📌 Қазақстандық командаға бірге жанкүйер болайық!
QAZSPORTTV
22 сент., 10:39
🇰🇿 Нагояда еліміздің Әнұраны шырқалды🥇22 жастағы Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды.
QAZSPORTTV
22 сент., 10:31
🇰🇿 Жапония төрінде Әнұранымыз шырқалған сәт👏 Аралас жекпе-жектен сынға түскен отандасымыз Азия ойындарының финалында Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевтен басым түсіп, Қазақстан қоржынына тарихи алтын медаль салды.
QAZSPORTTV
22 сент., 08:35
🎙🥇Қадырбек Шынбаев: Еркінғали Бүркіталин ағаймен бірге бір жыл бұрын Азия ойындарында алтын аламыз деп мақсат қойғанбызҚадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атанды.Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақта (modern) жеңіс тұғырына көтерілді.Қадырбек алтын жүлде сарапқа салынған жекпе-жекте тәжікстандық Бехруз Хуршедзодадан 3:0 есебімен басым түсті.
QAZSPORTTV
22 сент., 08:12изменён
🇰🇿🥇 22 жастағы Қадырбек Шынбаев XX жазғы Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды👏 Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі аралас жекпе-жектен (ММА) modern дисциплинасында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.📌 ММА биыл Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Қадырбек Шынбаев осы спорт түрінен Азия ойындарының алтынын жеңіп алған екінші қазақстандық атанды.
QAZSPORTTV
22 сент., 08:08
🥇 Қадырбек Шынбаев Азия ойындарының чемпионы атанды🇰🇿 Қазақстандық спортшы Жапонияның Аичи-Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында аралас жекпе-жектен заманауи стиль бойынша алтын медаль жеңіп алды.📌 Финалда отандасымыз (71кг) тәжікстандық спортшы Бехруз Хуршедзоданы жеңді.
QAZSPORTTV
22 сент., 07:54изменён
🇰🇿 Қадырбек Шынбаев заманауи стильде 71 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, алтын медаль үшін бақ сынайды📺 Тікелей эфир: https://qazsporttv.kz/kz/live
QAZSPORTTV
22 сент., 07:36изменён
Член сборной Казахстана по настольному теннису Алан Курмангалиев оценил выступление команды в матче против Бахрейна, который принёс Казахстану путёвку в четвертьфинал Азиады-2026Впереди - встреча с хозяевами турнира, сборной Японии. О предстоящем противостоянии и возможности взять реванш рассказал сам спортсмен.
QAZSPORTTV
22 сент., 07:24изменён
Мужская сборная Казахстана по настольному теннису сыграет в четвертьфиналеНаши спортсмены уверенно обыграла Бахрейн в 1/8 финала - 3:0.Первым победу оформил Алан Курмангалиев — 3:0. Следом Кирилл Герасименко также выиграл свою встречу всухую — 3:0.В решающем матче Санжар Жубанов провёл напряжённую пятисетовую встречу и вырвал победу — 3:2. Заключительная партия завершилась со счётом 18:16.В четвертьфинале Казахстан встретится со сборной Японии — страной-хозяйкой этой Азиады. Матч начнётся в 16:20 по времени Казахстана.🇰🇿 Желаем удачи нашей команде!
QAZSPORTTV
22 сент., 07:17изменён
🥋 Берік Хасенов: Спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті🇰🇿 Каратеден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Берік Хасенов Азия ойындарындағы команданың өнерін қорытындылады.✅ Бас бапкер спортшылардың көрсеткен нәтижесіне көңілі толатынын жеткізді.Айта кетейік, қазақстандық каратешілер ХХ жазғы Азия ойындарында 5 медаль жеңіп алды:🥇 Жоламан Биғабыл 🥇 Софья Берульцева 🥈 Әсел Қанай 🥉 Бэлла Самашева 🥉 Нұрқанат Әжіқанов
QAZSPORTTV
22 сент., 07:06изменён
🤺 Галым Нурумов: В предстоящих командных соревнованиях выложимся на максимум🇰🇿 Казахстанский фехтовальщик Галым Нурумов подвёл итоги выступления на Азиатских играх.Галым Нурумов и Тимофей Семенов завершили индивидуальные соревнования по фехтованию на рапире на стадии топ-16.
QAZSPORTTV
22 сент., 06:56
🎙 Дамира Жапарова Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасының қақпашысыҚазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Вьетнамды 29:25 есебімен жеңді.🇰🇿 Қазақстандық гандболшылар осылайша жарыстағы үшінші кездесуінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.📌 Келесі ойынын 23 қыркүйекте Гонконг құрамасына қарсы өткізеді.
QAZSPORTTV
22 сент., 06:51
🇰🇿🥉 Нұрқанат Әжіқанов: Жапонияға алтын алу үшін келген едік🥋 Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында каратеден қола медаль еншілеген отандасымыз сұхбат берді.
QAZSPORTTV
22 сент., 06:51изменён
🎙 Севара Реджеметова гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы🇰🇿 Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнам командасын 29:25 есебімен жеңді.Бұған дейін отандастарымыз Қытай құрамасына 24:34, Оңтүстік Корея гандболшыларына 18:42 есебімен жол берген еді.📌 Қазақстан құрамасы келесі ойынын 23 қыркүйекте Гонконгқа қарсы өткізеді.
QAZSPORTTV
22 сент., 06:37изменён
🇰🇿🥉 Нұрқанат Әжіқанов каратеден Қазақстан қоржынына қола медаль салды🥋 Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден Қазақстан қоржынына 5-медаль түсті.📌 Кумите бағдарламасында -75 кг салмақта ел намысын әлем чемпионатының жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы Нұрқанат Әжіқанов қола медаль еншіледі. Отандасымыз кіші финалда Филиппин өкілі Батиканды айқын басымдықпен жеңді. Есеп: 10-1.
QAZSPORTTV
22 сент., 06:31изменён
🇰🇿🥉 Нұрқанат Әжіқанов каратеден Азия ойындарының қола жүлдегері атандыХХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық каратеші Нұрқанат Әжіқанов филипиндік Алуин Батиканнан басым түсіп, қола медаль медаль еншіледі.Осылайша, Қазақстан құрамасы каратеден Азия ойындарында 5 жүлдеге ие болды.🥇 Жоламан Биғабыл 🥇 Софья Берульцева 🥈 Әсел Қанай 🥉 Бэлла Самашева 🥉 Нұрқанат Әжіқанов
Подписчики пишут боту, вы отвечаете реплаем, ваш аккаунт скрыт. Создаётся в одно касание.
Как это работает →