Последние посты

Шыңғысхан қари Садуов
23 мая, 16:05
Құран кәрімнің алдындағы парызымыз қандай? 1. Мухкам (мағынасы ашық аяттар)аяттарға амал жасау 2. (Құранның ішінде айтылған) Алланың азабынан қорқып, мейірімінен үміт ету 3. Муташабиһ (бірнеше мағына беретін аяттар) иман келтіру 4. Ішіндегі қиссалар мен мысалдардан өнеге алу Осыларға амал жасасақ, надандықтың қараңғылықтарынан ақиқат нұрына шығады.
Шыңғысхан қари Садуов
20 мар., 01:32
Айт күні жасалуы керек ізгі амалдар:• Ғұсыл алу • Жақындарды құттықтау • Ең жақсы киіммен, хош иіс себініп мешітке бару (ерлер) • Айт намазына бармастан алдын 1-3-5 (тақ) құрма жеп шығу. • Садақа беру • Көңілді жүру🙂Айт күні көңілсіз жүру – күнәлі амалдың бір түрі. Жүзіңдегі қуанышың білінсін🙌🏻🎉😍
Шыңғысхан қари Садуов
4 мар., 21:01
переслано из @dastan_kurmanbayev
Құранда бір ай оразаны “санаулы күндер” деп атайды. Өйткені, уақыт асыққанға тез, күткенге жай өтетін құбылыс. Оразаны әйтеуір тұтып құтылайын деген адамға: Рамазан — бақандай бір ай! Ал оның әрбір күнін, әрбір сәтін тиімді пайдаланып, барынша сауап жинап қалайыншы дейтін кісіге: Рамазан — бірақ-ай, тіпті “санаулы күндер” ғана
Шыңғысхан қари Садуов
22 февр., 02:01
Рамазан сөзінің мағынасы - “ыстық болу”, “қызу” дегенді білдіреді. Сол себепті хадисте, “Бұл айда Алла құлдарының күнәсін жандырғаны үшін, бұл ай “Рамазан” деп аталды” деп айтылады.
Шыңғысхан қари Садуов
22 февр., 01:56

Шыңғысхан қари Садуов
19 февр., 13:01
«Аллаға мақтаулар болсын!Біз Ол үшін санаулы сағат қана ораза ұстаймыз, ал Ол бізге бірнеше жылдардың күнәларын кешіреді😢».©️шейх Ғанзи
Шыңғысхан қари Садуов
4 янв., 06:45
Құранмен дамымаған адам – еш уақытта дамымайды.©️Ерлан ұстазМыңдаған кітап оқып, мыңдаған адаммен танысып,жүздеген блокнот толтырып, жүздеген елді араласаң да, рухани тұлға боп дамудың негізгі қайнар көзі – Құран кәрімде.Құран оқы, түсін, амалға асыр, тәпсір тыңда, құрандағы тұлғалармен таныс, оқиғаларын зертте, өміріңде пайдалан. Құранмен даму деген осы.
Шыңғысхан қари Садуов
16 окт. 2025 г., 06:21
переслано из @dastan_kurmanbayev
Ғалымдардың айтуынша, шайтанның адамды ең қатты азғыратын кезі Құранға ой жүгіртпек болған кезі. Өйткені пенде Құранның мағынасына үңілсе, барлық мәселесінің шешімін табады.
Шыңғысхан қари Садуов
14 окт. 2025 г., 14:00изменён
Абдулла ибн Масғуд шәкірттеріне Құран үйретіп жатқан уақытта, жанынан бір адам өтіп бара жатып, “бұлар не істеп жатыр?”,- деп сұрайды. Сол кезде Абдулла ибн Масғуд: “Бұлар Мұхаммедтің ﷺ мирасын бөлісіп жатыр”,- деп жауап береді.Хадис
Шыңғысхан қари Садуов
27 сент. 2025 г., 09:55
Алла елшісі құранды қалай оқитын? • Алғашқы сахабалар құраннан қалай әсер алды?
Шыңғысхан қари Садуов
27 сент. 2025 г., 09:55изменён
https://www.youtube.com/watch?v=IJTAPzy6KJQYouTubeАлла елшісі құранды қалай оқитын? • Алғашқы сахабалар құраннан қалай әсер алды?Бұл шығарылымда: – Алла елшісі Құранды қалай оқыды және қалай әсерленді? – Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли (Алла олардың барлығына разы болсын) Құранға қандай байланыс орнатты? – Құран олардың жүрегін қалай өзгертті? ⏱ Уақыт белгілері видеоның сипаттамасында.…
Шыңғысхан қари Садуов
27 сент. 2025 г., 09:55

Шыңғысхан қари Садуов
29 авг. 2025 г., 08:09
“Құран оқыңдар! Алла Құранды сыйдырған жүректі азаптамайды”.Хадис
Шыңғысхан қари Садуов
28 авг. 2025 г., 15:35

Шыңғысхан қари Садуов
28 авг. 2025 г., 15:34
https://youtu.be/E_E-ucyWtV0YouTubeҚұранды тәрк етудің салдары • ШЫҢҒЫС ҚАРИ САДУОВ • НӘБИ МАРАТҚұран – жүректің шипасы, өмірдің нұры. Онымен байланыс – береке, ал қол үзу – қасірет. Бұл сұхбатта Құранға иман келтірудің маңызы мен оны тәрк етудің салдары жайлы айтылды. 00:00 – Интро 01:33 – Таныстыру 02:09 – Жобаның және дәрістің маңызы 04:55 – Құранға…
Шыңғысхан қари Садуов
28 авг. 2025 г., 15:34
Көріп, қолдап кетіңіздер!🤲🏻
Шыңғысхан қари Садуов
28 авг. 2025 г., 11:32
Хусари маған: “Алланың құрметін (ақыреттен алдын) бұл дүниеде сезінгің келсе, Құранды басшылыққа ал” - деп өсиет қылды.Абдурашид Суфи
Шыңғысхан қари Садуов
28 авг. 2025 г., 11:29
Мен Хусаридің үйіне бардым. Үйі періштелердің үйіне ұқсайды. Бұл -Құранның берекеті.Абдурашид Суфи р.а
Шыңғысхан қари Садуов
26 авг. 2025 г., 08:59
«Құдық ішінен маржан іздегендей ойға кеттің ғой, Қарабура? – деді Ахмет. – Е, бұл өмірдің тұтқасы қай жағында, ашып-жабатын деп іздегенім ғой. – Күнделікті тіршілік өмір сүрудің айласы. Ал, бар оқу Алла Тағаланың “Құран Кəрімінде”. Соны зерттеп, əр «сөзіне мəн беріп, ақылға салсаң адаспайтын жолға сонда түсесің. Мекке мен Мəдинаға да көзді ашып-жұмғанша барып та қайтасын.»“Қарабура” кітабы
Шыңғысхан қари Садуов
25 авг. 2025 г., 12:22
“Құранды үнемі оқыңдар! Алланың атымен ант етейін, ол байлаулы түйеден де қатты қашады”. Пайғамбарымыз ﷺ Құранның ұмытылуын не үшін түйенің қашуына теңеді?! Себебі, үй жануарларының ішінде адамнан тез қашатын әрі ұстатуы қиын жануар түйе екен.
