gram news
Аватар канала «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

@senimenbolashaqkz

Мүшелікке тіркелу сілтемесі / ссылка на анкетирование в членство РОО: https://docs.google.com/forms/d/1C5yoFcZ0NzxEfziRQ9jWMypzQ6GMCcD7MOsNIDD49h8/edit

ПроектыKK

975подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    14 сент., 09:45

    Бүгінгі тренд — кітап оқу! 🙌🏻Кітаппен бірге ой да өседі, сана да өзгереді.Кітап оқитын жастарымыз көп болсын! 📚
    64видео31Открыть в Telegram
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    13 сент., 03:49

    «Отан отбасынан басталады»«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер».Бала өмірге қажетті ең маңызды қасиет пен дағдыны ең алдымен ата-анасынан үйренеді.«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер». Әке – ұлға, ана – қызға үлгі.Баланың болмысы мен тәрбиесі отбасындағы өнегеден қалыптасады.«Атадан жақсы ұл туса, елінің қамын жер, Атадан жаман ұл туса, елінің малын жер».Бұл – ұрпақ тәрбиесінің ел болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін аңғартатын тағылымды сөз.Дұрыс тәрбие көрген, елін сүйген азамат туған жерінің қамын ойлап, қоғам игілігіне қызмет етеді.Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймыз!
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    11 сент., 14:20

  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    11 сент., 14:20

    📚 «KitapTime – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалінен фотосуреттерТолық ақпарат сілтемеде ⤵️✍️https://senimenbolashaq.kz/kk/news-media/news/chitayushaya-naciya-zalog-progressivnogo-myshleniya/📚 Фотографии с V общереспубликанского книжного фестиваля «KitapTime – 2026»Подробная информация по ссылке ⤵️✍️https://senimenbolashaq.kz/kk/news-media/news/chitayushaya-naciya-zalog-progressivnogo-myshleniya/📚 Photos from the 5th national book festival «KitapTime – 2026»Full information via the link ⤵️✍️https://senimenbolashaq.kz/kk/news-media/news/chitayushaya-naciya-zalog-progressivnogo-myshleniya/
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    11 сент., 12:19

    Оқитын ұлт - озық ойлы ұлттың кепілі11 қыркүйек күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «KitapTime–2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.Фестивальге «Сенімен Болашақ» РҚБ белсенді қатысып, кітап оқу мәдениеті мен адами құндылықтарды дәріптейтін ағартушылық бастамаларын көпшілік назарына ұсынды.Ауқымды іс-шараға бірлестіктің Құрылтайшысы, Идея Авторы Нұркен Жарылқапұлы Асанов қатысты.Бірлестік «Өзіңді тап, өзегіңе орал» ағартушылық бағыты аясында жарық көрген жалпы саны 500-ден астам 11 түрлі кітапты, сондай-ақ жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Senіmen Game» үстел ойынын таныстырды.Фестивальдің мазмұнын байытқан маңызды алаңдардың бірі – TEDx форматындағы ашық микрофон болды.Онда «Сенімен Болашақ» РҚБ-ның ағартушылық бағытының жетекшісі Жақыпбай Ақерке Асқарқызы «Оқитын ұлт – озық ойлы ұлттың кепілі» тақырыбында сөз сөйледі.Толығырақ пікірде ⤵️
    56видео21Открыть в Telegram
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    9 сент., 06:10

    Буллинг – жай ғана қалжың емес. Бұл балалықтың көңіліне түскен көлеңке.Әр бала өзін қауіпсіз сезінуге, қорықпай күлуге құқылы.Әр бала – болашақ азамат!Қоғамның қауіпсіздігі, қадір-қасиеті мен бақытты тағдыры бүгіннен басталады.Бір-бірімізге қатал емес, қамқор болайық! ___Буллинг — это не просто шутка. Это тень, омрачающая детство.Каждый ребёнок имеет право чувствовать себя в безопасности и смеяться без страха.Каждый ребёнок — будущий гражданин!Безопасность общества, достоинство человека и счастливое будущее начинаются сегодня.
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    5 сент., 03:48

    Қазақ даласында талай тілдің үні тоғысып, талай мәдениеттің бояуы үйлесіп, бір шаңырақ астында бірлік пен татулықтың берік негізі қаланды.Тілге құрмет, мәдениетке құрмет. Мәдениетке құрмет, адамға құрмет. Ал адамды, оның тілін, мәдениетін қадірлейтін орта – саналы қоғам.Бұл күннің ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі де терең мағынаға ие. Ол халқына әліпби сыйлады, тіл ғылымының негізін қалады, сөздің қасиетін ұлттың рухымен астастырды. Ахметтің ғұмыры ұлтқа қызмет етудің биік өлшемі, ал мұрасы ұрпаққа қалдырған мәңгілік аманат.Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлт бар жерде рух бар. Рухы биік елдің болашағы да биік.
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    1 сент., 13:33

    Ертең ел тағдырын арқалайтын азамат – бүгін ата-анасының тәлімімен өсіп келеді. __Завтрашний гражданин - формируется сегодня за дверьми вашего дома.#СеніменБолашақ #адамиқұндылық #АзаматтықЖауапкершілік #ГражданскаяОтветственность
    114видео3Открыть в Telegram
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    1 сент., 03:08

    1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын!Білім – адамды биікке бастар шамшырақ, тәрбие – тұлғаны кемелдікке жетелер құндылық.Сапалы мемлекет білімді, ойы сергек, жүрегі ел деп соғатын азаматтардан құралады.Жаңа оқу жылы әр шәкіртке жаңа мүмкіндік, әр ұстазға шабыт, әр отбасыға қуаныш сыйласын!Білім жолыңыз ашық, болашағыңыз жарқын болсын!
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    25 авг., 14:28

    ӨЗІҢДІ ТАП, ӨЗЕГІҢЕ ОРАЛАзаматтық жауапкершілігі жоғары қоғам әр адамның ішкі құндылықтарынан бастау алады.Бірлестіктің маңызды тіректерінің бірі саналатын ағартушылық бағыт – адамның өз ішкі әлеміне үңіліп, өзін тануға бастайтын рухани сапар.Мұнда біз шынайы адами құндылықтарды арқау ете отырып, рухани болмысымызды жаңғыртуға, өзімізді тереңірек түсініп, қайта тануға әрекет етеміз.Бұл сыртқы әлемді өзгертуден бұрын, өзіңе үңіліп, ішкі дүниеңді қайта пайымдайтын сәт.Өзегіңе үңіліп, өзіңді қайта танитын уақыт келді! —— Общество с высокой гражданской ответственностью начинается с внутренних ценностей каждого человека.Просветительская работа – одна из важных опор нашего объединения, – это стремление познать истинную сущность, опираясь на знания, подлинные человеческие ценности и переосмысление своего внутреннего мира.
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    25 авг., 14:28

    ОЙ АЙТУ ЕМЕС, ОЙ ОЯТУ«Ой айту» – өз ойыңды жеткізуге деген ұмтылыс.«Ой ояту» – айтылған ойды адамның өз бетінше пайымдап, оны түсінікке айналдырып, сол түсінікті әрекетке бастауға деген ұмтылыс.Өзгеріс - ой жеке сенімге, ал сенім нақты іске айналған кезде басталады. —— «Ой айту» – стремление сказать свою мысль.«Ой ояту» – стремление, чтобы мысль побудила осмыслить услышанное и превратить знание в действие.Изменения начинаются тогда, когда мысль становится личным убеждением, а убеждение – поступком.
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    25 авг., 14:27

    ТЕКТІЛЕР ТУ КӨТЕРЕДІ«Тектілік» – тек шыққан тегімен, ата-бабаның даңқымен өлшенетін қасиет емес.Шын мәніндегі тектілік, адал еңбектен, елге қызмет етуден, азаматтық ұстаным мен жауапкершіліктен көрінеді.Ол ортақ мүдде жолында жұмылып, елдік мақсатқа бірге ұмтыла білудің биік үлгісі.«Ту көтеру» даңғаза ұран айтып, көптің алдына шығу емес.Ту көтеру - ең алдымен жауапкершілікті өз мойнына алып, бастаманы бірінші болып қолға алу.Нағыз тектілік өзіңнен бұрын елдің мүддесін ойлап, ортақ іске үлес қоса білуден басталады. —— «Ту көтеру» – это не выступать с громкими лозунгами.Это значит взять на себя отвественность.«Тектілік» – это качество, которое определяется не только происхождением и родословной.
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    25 авг., 14:27

    ДАСТАРХАНДА ӨСЕК ЕМЕС, ӨСИЕТ АЙТАЙЫҚДастархан – ұрпақтар тоғысатын, тәлім мен тәрбие берілетін, маңызды мәселелер талқыланып, салмақты шешімдер қабылданатын берекелі орта.Мұнда үлкеннің өнегесі айтылып, кішінің көкейіне тағылым сіңеді.Дастарханның қадірін сақтау - ортақ асқа ғана емес, ортақ әңгімеге, бір-бірін тыңдап, ой бөлісуге деген құрметті сақтау. —— Ценность дастархана – не только в гостепреимстве – за ним встречаются поколения, обсуждаются важные вопросы и принимаются решения.Это пространство – где среди близких людей насыщается не только тело, но и душа, формируется личность.
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    12 авг., 07:20

    12 тамыз - Халықаралық жастар күні құтты болсын! ___12 августа – с Международным днём молодёжи!
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    11 авг., 12:27

    АҢДАТПА!Құрметті оқырмандар!@sanaly_ata_ana_akademiasy-ның Instagram парақшасында «Баланы оқу жылының басталуына қалай дайындауға болады?» тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер: Камила Сағадатқызы «Сенімен Болашақ» РҚБ және «Саналы ата-ана Академиясы» психолог маманы.Күні: 12 тамыз, 2026 жыл Уақыты: 19:30
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    10 авг., 11:30

    📺 АБАЙ КҮНІНДЕГІ РУХАНИ СҰҚБАТБүгін – ұлттың рухани темірқазығына айналған, ойы терең, сөзі мәңгілік хакім Абайдың туған күні.Абай – уақытпен бірге ескірмейтін, қайта әр дәуір сайын жаңғырып, адамзатқа жол сілтейтін ұлы ойдың шамшырағы. Оның әр сөзі санаға сәуле, әр өсиеті жүрекке аманат.Осы айтулы күнде ағартушылық бағыттағы ізгі ісіміздің бір көрінісі ретінде екі республикалық телеарнада «Сенімен Болашақ» РҚБ ағартушылық бағытының координаторы Ақерке Асқарқызы Жақыпбай арнайы сұқбат берді.Сұқбаттың өзегіне бірлестігіміздің төл туындысы, Абайдың терең философиясын бүгінгі заманның құндылықтарымен сабақтастырған «Абай ғибратнамасы» кітабы арқау болды.#СеніменБолашақ #СеніменОқу #азаматтықсана #Абайкүні #Абайонкүндігі
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    4 авг., 11:22

    АҢДАТПА!Құрметті ата-аналар!@sanaly_ata_ana_akademiasy-ның Instagram парақшасында «Баланың цифрлық әдебі: әлеуметтік желідегі 7 алтын ереже» тақырыбында тікелей эфир өтеді.Спикер: Света Сәтбайқызы «Сенімен Болашақ» РҚБ және «Саналы ата-ана Академиясы» психолог маманы.Күні: 05 тамыз, 2026 жыл Уақыты: 19:30
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    29 июл., 13:15изменён

    Жақсылықтың бастауы – Жанашыр жүрек.Өзгенің тағдырына шынайы жанашырлық таныту – адамгершіліктің ең биік көрінісі.Әрбір бейжай қарамайтын азамат өз ортасының, қаласының және тұтас қоғамның дамуына серпін беретін күшке айнала алады.Жанашырлар – құндылықтарды дәріптеп қана қоймай, нақты әрекет ететін жандар. Пікірлес адамдар қауымдастығында әркім әлеуметтік бастамаларын жүзеге асырып, жауапкершілікке, өзара құрметке және келер ұрпаққа қамқорлық жасау қағидаттарына негізделген үлкен қозғалыстың бір бөлігіне айнала алады.Ресми тілдегі ақпарат пікірде ⤵️✍️ ___#сеніменболашақ #жанашыр #азаматтықжауапкершілік #гражданскаяответственность #единомышленники
    122видео3Открыть в Telegram
  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    29 июл., 06:18

  • «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі

    28 июл., 04:45

    Бес жыл: миссия мен мақсат жолында бірлікке ұйытқан бастамаКейде қоғамды өзгерту үшін үлкен мінбер де, шексіз мүмкіндік те қажет емес. Ең әуелі елге деген жанашыр жүрек, ұлтқа деген адал ниет, азаматтық жауапкершілік керек.Осы сеніммен 2021 жылдың 28 шілдесінде «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі дүниеге келді.Бес жылдың ішінде ұйым жай ғана қоғамдық бірлестік емес, азаматтық сананы оятқан қозғалысқа, ел тағдырына бейжай қарамайтын мыңдаған жанның ортақ алаңына айналды.Біз бір ғана қағиданы берік ұстандық:Саналы қоғам – сапалы мемлекет. Сапалы мемлекет – төрлі елдің кепілі.Бұл – жай ұран емес. Бұл – біздің жолымыз, ұстанымымыз, мақсатымыз.Жалғасы пікірде ⤵️✍️#сеніменболашақ #5жыл #азаматтықсана #азаматтықжауапкершілік #адамиқұндылық