Последние посты

Sheksizdik
22 сент., 18:15

Sheksizdik
22 сент., 13:58изменён
#2 Ал бірден бас тартып «Мен істемеймін» («I don't») деп тұжырымдаған адамдар «жоқ» деп айтуда және өз шекараларын қорғауда әлдеқайда нәтижелі болады. Себебі бұл жауап саналы түрде айтқан адамды, өтініш білдіріп тұрған адамға да ешқандай позиция ашпайды.Бұл тіркес тәуелсіз, талқыланбайтын жеке бастың ережесін орнатады (мысалы, «Мен кешкі сағат 6-дан кейін қосымша жобаларды алмаймын» немесе «Мен мұны бүгін істемеймін»).Негізгі түйін: Жеке тұлғалық сипатта (identity based) тілмен бас тарту - әлеуметтік тартыстар мен ішкі келіспеушіліктерді жояды.Бірақ кейбір ұлулар 🐌 жоқ дегенді түсінбейді иә... ол да бар.
Sheksizdik
22 сент., 13:55
#1 Бұл мақалада ғалымдар сөздің артында жасырылған психологияны, және оның әсерін зерттеген болатын.Өтініштерді жасауды қаламаған және өз ойын "мен бұл өтінішті жасай алмаймын" - деп жауап беретін адамдар, ақыры оған жиі беріліп жасап жатады.Ғалымдар бұл нәтижені былай түсіндіреді: Егер адам "жасай алмаймын" - деп айтса, ол оның шынымен жасай алмайтынын емес, бірақ "Менде сыртқы/ішкі фактор бар жасауға кедергі болып тұрған" вот осыны білдіреді дейді. "Жасай алмаймын" деу, адамды автоматты түрде "кеңесуге болады" позициясына қояды. Ал бұл өз кезегінде қарсылық тудырып, келіссөз жүргізуге және ішкі қақтығысқа итермелейді.
Sheksizdik
22 сент., 13:32изменён
📚 “Мен істей алмаймын” (I can't) және “Мен бұлай істемеймін” (I don't) арасындағы айырмашылықты зерттеген доктор Ванесса Патрик пен Хенрик Хагтведттің (2012) ғылыми еңбегі мінез-құлық психологиясындағы ең танымал жұмыстардың бірі.
Sheksizdik
22 сент., 13:29
Шо там “жоқ”-деу оңай кетіп жатыр ма ? 😃
Sheksizdik
22 сент., 02:08
Қайырлы күн 🌅бүгінгі күннің демеушісі: “Жоқ” деп айтуға болатын кезде “көрерміз,мүмкін” деп айтпаңыз🤝.
Sheksizdik
21 сент., 15:26
📝 “Осы сәтте өмір сүру” практикасы. Reddit жазбаларынан.1. Серуенге 30-40 мин шығу. Серуен кезінде айналаңыздағы әрбір кіші детальға назар салыңыз. Ағаштың жапырақтарына, үй қабырғаларының “трещиналарына” уопщ мелкий детальдарға. Бұл әдіс қиялға жауапты мидың DMN-бөлігін фокуста (яғни осы шақта) ұстайды.2. Серуенді аяқтаған соң блокнотты алып, жүрген жолыңыздың картасын салыңыз. Онда қалай жүрдіңіз, нені байқадыңыз, кімдерді кезіктірдіңіз, қандай детальдар есте қалды бәрін жазып шығасыз. Бұл әдіс миды шлактан тазартып, креатив және есте сақтау жұмысын іске қосады.+ one habit on ur list (ofc if u positive)
Sheksizdik
21 сент., 13:29

Sheksizdik
21 сент., 13:23изменён
Егер бастаған ісіңіз ұнамай, қиынға соғып жатса - жалғастырыңыз!Біз бір істі бастаған сәтте, көп жағыдайда мынадай бір қызық оқиғаға тап боламыз: Кеше ғана мен әлемді жаулап алатындай энергия сезген едім, ал қазір бір сағат емес, тіпті 10 минуттың өзінде қиналып, дискомфорт сезінудемін. Енді не істесем екен, бәлкім ертең жалғастырармын ?Жоқ! Қиналыңыз... Себебі бұл сәтте сіздің aMCC - бөлігіңіз өсуді бастап кетті. aMCC - сіздің ерік-жігеріңізге, "бір істі бастаса жарты жолда тастап кетпейді" деген, ертең артыңыздан еретін сөздерге жауапты.Және оның өсуіне бірақ қана условие керек! Сіз бастаған істе прям қиналу керексіз. Прям ішкі дауысыңыз "таста болды, газель айдаймыз" деу керек. Бірақ сіз тастамай оны жалғастырасыз. Қарапайым мысал: Алғашқы бастаған жаттығудың соңғы подходы денеге, төзімділікке өте ауыр түседі. Бірақ қиналуға қарамастан, жаттығуды аяғына дейін жеткізуді адам
Sheksizdik
21 сент., 12:53
🧠 aMCC - The anterior mid-cingulate cortex.
Sheksizdik
21 сент., 05:39
Рилс қараудың орнына не жасауға болады:1. Скетчбук сызу, немесе блокнот жүргізу 👍2. Тыныштық уақытын пайдалану (просто отырып әр айналаңыздағы дыбыстарға, түстерге , детальдарға назар салу)3. Серуендеу немесе кардио жаттығулар бастап кету.4. Кез-келген нәрсені жасау тек сіздің 6 сағаттық экрандық уақытыңызды хотябы 5 сағатқа дейін түсіре алатындай.🗣️Қалай бастайсыз? Таулар кішкентай тастан басталғандай, сізде кішкентай қадамнан бастаңыз. Өзіңізге “бес минут қана кітап оқиын, бес минут қана….” деп мидың дофаминдік ломкасын алдаңыз 😈.(Бұл проф.Сузукидың кеңесінен)
Sheksizdik
21 сент., 05:24изменён
Профессор Уенди Сузуки, қалай айтсам екен мидың супер-мега ғалымы (Интернет қолданып кеңестерімен бөліскенге рақмет).Бұл кісі - өмірінің көп бөлігін миды зерттеуге арнаған. Мен секілді әшин мақала оқи салып емес, прям миды түртіп, бәлкім кесіп дегендей. Суретте как раз біреудің миын ұстап отыр.Профессор Сузукидың айтуы бойынша: Біз 2010 жылдардың диджитал вайбына көшу керекпіз, себебі мына телепон біздің миды “пісіруде - popcorn brain”. Күнделікті 2 сағаттан көп телефон экранына қарау (рилс қарап) миды пісіреді және оның размерін кішірейтуге өз үлесін қосуда. Нәтижесінде адамның есте сақтау қабілеті жылдар бойы 1.5х еселеп азаюда.Рилс қараудың бірден-бір үлкен зияны: Адамның ұзақ мерзімге іс-әрекет жасай алу қабілетін толық құрту. Прям толық! Себебі бір рилс = көп сапасыз дофамин. Сапасыз дофамин > Ұзақ жұмыс жасау қабілеті. Ал Ұзақ жұмыс жасау сапалы дофаминді тек 5-6 сағаттан
Sheksizdik
21 сент., 05:06
Барлықтарыңызға Қайырлы күн🤝Кеше біраз уақыт бойы мен бірнеше мақалаларды қарап шыққан болатынмын. Сондағы мақсатым а) Клиникалық мақалаларды табу, себебі олар эксперимент, анализ бәрін адамнан аладыб) клиникалық мақалалардың қорытындысы/қаймағы ретінде жалпы адамның бойына (денсаулығы, миының саулығы, есте сақтау қабілетіне т.б) қандай кеңес/практика ең пайдалы?Қысқа жауабы (ең мықтысы): 1. Физикалық, кардио (жүгіру, жүру) жаттығулар. Немесе көп қозғалу (тер шығатындай).2. Азанғы уақытта күн жарығын жиі көру (Күн астында жүру емес, ол бөлек).3. Ұйқы және жақын адамдар, достармен араласып тұру (анти-соц болмау, интровертпен шатастырмаңыз).Осы 4-нің сапасын арттыруға кіріссеңіз впринципе біраз нәрсе шешіледі, біраз нәрсені байқай бастайсыз.
Sheksizdik
19 сент., 15:45
🧠 Мидың мына бөлігі (aMCC) сіздің соңғы секундтағы "жалғастырғаным жөн бе, жоқ әлде қайтадан бәрін тастап кетейін бе" деген үлкен тұлғалық мәселеге жауап береді.Біз нейропластиканың мини-журналын бітірдік. Келесіде тақырып aMCC-тің сырлары болмақ😌
Sheksizdik
19 сент., 15:15
🫢
Sheksizdik
19 сент., 15:12изменён
🙈🙊 Қалай ойлайсыздар осындай мақалалардың маңызы қаншалықты үлкен және вообще олар не үшін жазылып жатыр ?Мен бір оқиғаны білемін. Осындай психологтарды шақырып, олардың ғылыми мақалаларын зерттеп ӘЛЕМДІК деңгейде үлкен соғыстар ұйымдастырып, одан бөлек бір елдің тас-талқанын шығарғанын.Біз кітаптар оқимыз, ал алып институттар мақалаларды зерттейді. Қазіргі Иран, бұрынғы Ирак, Палестина барлығы бір ғана мақаланың және оны асыруға деген ерік-жігердің нәтижесі. Мысалы мына мақала - Таяу Шығыстағы соғыстың артында тұрған бірден-бір себеп.
Sheksizdik
19 сент., 14:55
#4 Бұл сізге шынайы өмірде қалай көмектеседі?💭 Бұл зерттеу күнделікті өмірде шешімдер мен басқаруға қатысты сізге жақсы психологиялық қару береді:1. Стратегиялық уақыт: Бастықтан, профессордан, клиенттен немесе отбасы мүшесінен жаңа өтініш, жалақыны өсіруді немесе маңызды шешім сұрағанда, олардың аш, асығыс кезінде немесе күннің соңында жақындамаңыз. Адамдар шаршаған кезде олардың автоматты реакциясы ментальды күшті үнемдеу үшін «жоқ» деу болады. Маңызды әңгімелерді таңертең ерте немесе түскі астан кейін жоспарлаңыз.2. Өзіңізді шаршаудан қорғаңыз: Күннің екінші жартысында шаршағаныңызды сезсеңіз, миыңыз ауыр, күрделі тапсырмаларды (оқу, жазу немесе жаттығу) автоматты түрде қабылдамай, пассивті әдеттерге (әлеуметтік желіде отыру, зиянды тағам жеу, қиын мәселелерден бас тарту) көшіп кетеді.3. Жоспарлаған үзілістер жасаңыз: Ерік-жігер мен зейін шексіз емес. Шынайы ментальды
Sheksizdik
19 сент., 14:50
#3 Зерттеу нәтижелері тамақ пен демалыс кестесімен дәл сәйкес келді:Сессияның басында (яғни сот тойған кезде): Тұтқындардың шартты түрде босату шешімі шамамен 65% өсті болды.Үзіліске жақындағанда (яғни аш әрі шаршаған кезде): Сотталғанды босату көрсеткіші біртіндеп төмендеп, 0% -ға жуықтады.Ал жеңіл тамақтан немесе түскі астан кейін бірден: Босату көрсеткіші қайтадан 65%-ке күрт көтеріліп, сот қазылары қайтадан шаршай бастағанда қайта төмендеді.Сот қазылары миындағы қуат таусылғанда, олар жұмысты тоқтатпады, тек ең оңай ментальды жолды таңдады: «жоқ» деп айтып, өзгеріссіз қалдыру.
Sheksizdik
19 сент., 14:47изменён
#2 Теория бойынша, судья өз шешімін тек қатаң фактілерге: заңға, тұтқынның жүріс-тұрысына және бұрынғы қылмыстық тарихына 100% негіздеуі тиіс дұрыс қо? Біз бұны формальность дейміз.Алайда ғалымдар: адам миының ұзақ жұмыс кезінде шешім қабылдаудың шаршауына және биологиялық тежелуге (аштық, ментальды қажу) ұшырайтынын тексергісі келді.Себебі шешім қабылдау - ол өздігінен бір жұмыс, ми үшін тем более:Сот адамдарға «Иә» деу (Яғни сотталғанды босату): Жоғары ментальды күшті талап етеді. Сот істі мұқият оқып, түзелді ме жоқ әлде әлі сол баяғы ма, еще негіздеме жазу бар, ал егер тұтқын кейін қайта қылмыс жасаса, жеке жауапкершілікті өзіне алуы керек.«Жоқ» деу (яғни түрмеде қалдыру): Оңай әрі қауіпсіз қадам. Бұл статус-квоны сақтайды, аз құжат жұмысын талап етеді және судья үшін қоғамдық риск тудырмайды.Уопщм қоса кететін басты фактор: Сот қазыларда, жұмыс уақытында екі стандартты
Sheksizdik
19 сент., 14:37
#1 Адам таңдауын өзгертуге болады! Тек бір жақсы момент керек. (Бұл мақала нетворкинг скиллға +20% береді)Мақала нәтижесі: Түрмедегі 1100 сот ісінен құралған. Онда ғалымдар 8 білікті судьяның, сотталған адамдарды босату-босатпау туралы шешімдері не нәрсеге негізделген вот соны зерттеді.
