Последние посты

Соққы және гол!
23 сент., 21:44
1️⃣2️⃣5️⃣ 0️⃣0️⃣0️⃣ қаралым!Сұмдық. Көп рақмет! ❤️https://youtu.be/ErKYLtFqllg?si=B95KB4D7E-lRp2xuYouTubeЖАП-ЖАҢА ШПИОН. Алло, Винисиус! Данияр Бекжанов IQ. Дидар реванш ала ма? Бөкей, Бекс, Әлімжан.Soqqy LIVE арнасына тіркеліңіз! Телеграм: t.me/soqqyjanegoal ЖАП-ЖАҢА ШПИОН. Алло, Винисиус! Данияр Бекжанов IQ, Бөкей, Дида, Бекс, Әлімжан. Дидар реванш ала ма?
Соққы және гол!
23 сент., 18:05
Көз тиіп кетті-ау…🇪🇸«Депортиво» Пьер-Эмерик Обамеянгтің оң жақ менискін жарақаттап алғанын хабарлады.🏥 Осыған байланысты 37 жастағы ойыншыға ертең Мадридте ота жасалады.🔁 Ал алаңға шамамен екі айдан кейін ғана оралады екен.


Соққы және гол!
23 сент., 16:29изменён
Давид Алаба «Удинезе» ойыншысы атанады⏳ Қос тарап бір маусымға жарамды келісімшартқа қол қоймақ.🇪🇸34 жастағы қорғаушының соңғы клубы «Реал» болған еді.


Соққы және гол!
23 сент., 15:50
Зинедин Зидан таңдаған капитандар белгілі болды⚽️ Килиан Мбаппе (106 матч) ▪️Осман Дембеле (67) ▪️Адриен Рабьо (66) ▪️Жюль Кунде (56).🇫🇷 Капитандарды таңдау кезінде Франция ұлттық құрамасындағы тәжірибесіне де басты назар аударған екен.


Соққы және гол!
23 сент., 14:15
Кристиан Эриксен клубсыз қалды❌ «Вольфсбург» пен 34 жастағы ойыншы мезгілінен бұрын келісімшартты бұзды. Өйткені Даниядағы отбасының жанында болуды жөн деп тапқан екен.🇩🇪 Эриксен «қасқырлардың» сапында 2025 жылдан бері (34 матч) ойнады.💔 Ал Украинаға қарсы матчта жүрегі екінші рет сыр беріп, талып қалған еді. Бірақ мансабын ресми түрде аяқтамады.


Соққы және гол!
23 сент., 12:23
QJ League – жасөспірімдер футболына арналған «чит-код» па?«Егер таланттардың өскенін қаласаң, олардың дайындығы мен жаттығулары кәсіпқойлардікіндей болуы керек.Ойыншы қанша жаста болса да, бір аптада төрт ойын өткізе алмайды. Ол бірінші ойынды жақсы ойнар, екіншісін де бірдеңе ғып өткізер, ал үшінші, төртіншісінде – болды, ол ойын болмай қалады. Бәріміз адамбыз ғой, шаршаймыз.QJ League жасағаны – дұрыс көзқарас, дұрыс ой. Бұл – 10 жылға, 20 жылға арналған жоба, жыл сайын жаңа таланттар шығып отырады. Футбол деген осындай нәрсе, болашаққа инвестиция салу керек», – деді А Сериясының чемпионы Changan Podcast-та.Келісесіз бе?https://www.youtube.com/watch?v=7a4CbWkz16Qhttps://www.youtube.com/watch?v=7a4CbWkz16Qhttps://www.youtube.com/watch?v=7a4CbWkz16QYouTubeКак Ибра разносил раздевалку и дубайские встречи с Роналдиньо | Александр Меркель | Changan PodcastКазахстанец в «Милане»: путь от академии «Штутгарта» до Лиги чемпионов рядом с Ибрагимовичем, Пирло и Роналдиньо. Полное интервью о карьере, травмах и сборной Казахстана. Меркель откровенно рассказал про детство в Алматы, тяжёлую адаптацию в Италии в 16…
Соққы және гол!
23 сент., 11:49
Юрген Клопп тәртіп орнатты❌ Матчалды жаттығу мен массаж кезінде телефон ұстауға болмайды. Сол уақытта Клопп ойыншылардың бір-бірімен сөйлескенін құп көреді.❌ Қонақүйде немесе құрама базасында шаш қидыруға болмайды. Мұндай жиынға дайын болып келу керек деп есептейді.❌ Ойыншылардың жақындарына базаға ерігіп келе беруіне рұқсат жоқ. Маңызды жағдайда ғана болады.⏰ Кешкі асқа шашырамай, бәрі міндетті түрде бір уақытта келуі тиіс.🇩🇪 Осылайша Юрген көкем командалық рухты күшейтіп, ойыншылардың тек матчқа назар аударғанын қалайды.


Соққы және гол!
23 сент., 10:26
Қызық болайын деп тұр🆕 Ұлттар лигасының А лигасындағы жаңа бапкерлер:🇩🇪 Юрген Клопп 🇫🇷 Зинедин Зидан 🇳🇱 Хави 🇵🇹 Жорже Жезуш 🇮🇹 Роберто Манчини 🇧🇪 Марк ван Боммел 🇭🇷 Славен Билич 🇨🇿 Санти Дения.🙂Ұлттар лигасының жаңа маусымы ертең басталады.


Соққы және гол!
22 сент., 17:36
Бұл жолы қалай болар екен?🇪🇸 «Барселона» жеті турдан кейін «Реалды» алты ұпайға артқа тастап кетті.🇪🇸«Бланкос» Ла Лига тарихында бір-ақ рет «блаугранадан» алты ұпай қала тұра чемпион атанған. Ол 2006/07 жылғы маусым еді.🇪🇸 24-турда «Барсада» 49, ал мадридтіктерде 43 ұпай болған. Бірақ соңында теңесіп (76), өзара ойындарға байланысты «Реал» топ жарды.


Соққы және гол!
22 сент., 16:30изменён
«Реал» Тебасқа қарсы шықты«Бiздiң клуб Ла Лига президентінің лауазымын пайдаланып, әр сөзінде «Реалды» үздіксіз қаралап, шабуыл жасауын мүлде төзуге болмайтын жағдай деп санайды. Ла Лига клубтарының мүддесін қорғауға жауапты тұлғаның «Реалға» қайта-қайта шүйлігіп, бізді өзінің қоғамдық шабуылдарының тұрақты нысанына айналдыруы алаңдаушылық туғызады.Осылайша ол турнирдің және Испания футболының беделіне нұқсан келтіруін жалғастырып жатыр.Ла Лигаға шұғыл түрде бейтарап әрі турнирді дамытуға қабілетті басшы қажет деп санаймыз. Лигаға өз лауазымын толық түсінетін адам керек. Өйткені Ла Лига президенті жарыстың иесі емес, ол оның құрамына кіретін және оған басқаруды сеніп тапсырған клубтарға қызмет ететін менеджер ғана. Клубтарға осы қызметке адал адам керек», – делінген клубтың ресми жазбасында.🗣️ Осыған дейін Хавьер Тебас көкемнің айтқаны:«Қыркүйек әлі аяқталмады да, ал олар


Соққы және гол!
22 сент., 14:34
Эмилиано Мартинес Уругвай құрамасына шақырту алды🤕 Федерико Вальверде жарақат алып, 2-3 аптаға қатардан шыққан еді.🔁 Осыған байланысты оның орнын Мартинес басатын болды.🇺🇾 27 жастағы ойыншы ӘЧ-2026 додасына барып, үш матчта да қосалқы құрамда отырған еді.


Соққы және гол!
22 сент., 12:53
«Ордабасы» Зайнутдиновке қызығушылық танытып отыр«Зайнутдиновке қызығушылық танытып отырмыз. Бірақ нақты келіссөз жүргізбедік.Оның жарақатын және «Динамода» ойын уақытының жоқтың қасы екенін ескереміз. Желтоқсан мен қаңтар айында бірнеше футболшы алуды жоспарлап отырмыз және Бақтиярды да қарастырамыз.Мықты ойыншы және шынымен қызығушылық бар, алайда өзімен де, «Динамомен» де ешқандай келіссөз жүргізіп жатықан жоқпыз», – деді Дархан Қызайбаев Sport24-ке берген сұхбатында.❌ Батека 2025 жылдың 19 қазанынан бері ойнамады.


Соққы және гол!
22 сент., 11:43
Месси көш бастап тұр🇪🇸 Маусымның бастапқы сегіз матчынан кейінгі ең нәтижелі «Барселона» ойыншылары:▪️2011/12. Лионель Месси – 18 гол+пас (9+9) ▪️2026/27. Рафинья – 17 (14+3) ▪️2026/27. Ламин Ямаль – 14 (8+6) ▪️2013/14. Лионель Месси – 13 (10+3) ▪️2014/15. Лионель Месси – 13 (6+7) ▪️2016/17. Лионель Месси – 13 (8+5) ▪️2017/18. Лионель Месси – 13 (12+1).✅ Жалпы «блауграна» осы маусымдағы барлық сегіз матчта жеңіске жетіп, 36 гол соқты.


Соққы және гол!
22 сент., 10:40
Біраз демалатын болды🇪🇸«Реал» Феде Вальверденің сол жақ тобығын бүгін қосымша тексерістен өткізгенін мәлімдеді.🩻 Нәтижесінде 28 жастағы ойыншынікі үшінші дәрежелі жарақат екені белгілі болды.🔁 Вальверде қатарға шамамен 2-3 аптадан кейін оралады.


Соққы және гол!
22 сент., 08:30
переслано из @qjleague
🇮🇹 Ибраның киім ауыстыру бөлмесіндегі қаһары және Дубайдағы Роналдиньомен кездесулер| Александр Меркель | Changan PodcastАлександр Меркель Алматыда өткен балалық шағы, 16 жасында ата-анасыз Италияға бейімделудің қиындықтары, мансабының ең маңызды кезеңіндегі тізе буыны сіңірлерінің үзілуі, Сауд Арабиясы мен Ирандағы легионерлік өмірі, «Персеполиске» қарсы ойындағы үш қызыл қағаз және мансабын неге дәл Қазақстанда аяқтағысы келетіні туралы ашық айтып берді.Сондай-ақ QJ League, жас қазақстандық футболшылар Мақсат Абраев пен Дастан Сәтпаев және еліміздегі балалар футболының болашағы жайлы сөз қозғалды.🏆🏆🏆🇮🇹 Как Ибра разносил раздевалку и дубайские встречи с Роналдиньо | Александр Меркель | Changan PodcastАлексанYouTubeКак Ибра разносил раздевалку и дубайские встречи с Роналдиньо | Александр Меркель | Changan PodcastКазахстанец в «Милане»: путь от академии «Штутгарта» до Лиги чемпионов рядом с Ибрагимовичем, Пирло и Роналдиньо. Полное интервью о карьере, травмах и сборной Казахстана. Меркель откровенно рассказал про детство в Алматы, тяжёлую адаптацию в Италии в 16…
Соққы және гол!
22 сент., 06:52изменён
Рафекеңмен келісетіндер бар ма?«Алтын допты» Ламин Ямаль алуы керек.Бұл жерде жеке статистика, командалық трофейлер, алаңдағы шеберлік ескеріледі. Ал Ламинде мұның бәрі бар. Оның статистикасы керемет. Ол үш трофей жеңіп алды, оның ішінде әлем чемпионаты да бар», – деді Рафинья.✅ Осыған дейін 19 жастағы ойыншы 30 үміткердің қатарына қосылған еді.🌍 Ал марапаттау рәсімі 26 қазан күні Лондонда өтеді.


Соққы және гол!
22 сент., 05:10
18 жыл мұндай болмаған екен🏴 «Тоттенхэм» 2008/09 жылғы маусымнан бері бірінші рет бес турдан кейін соңғы орында келеді.❌ Лондондықтар әзірге бірде-бір жеңіске қол жеткізе алмады.🏴 Ал көш басында бес ойында да жеңіске жеткен «Ман Сити» тұр.


Соққы және гол!
22 сент., 04:09
Арнайы жейде дайындады🇦🇷 Лионель Месси Аргентина құрамасындағы қоштасу матчына киетін жейдесін паш етті.✅ 39 жастағы ойыншы алғашқы матчын 2005 жылы Венгрияға қарсы өткізген еді.❌ Ал «альбиселестедегі» соңғы матчы 6 қазан күні Буэнос-Айресте Бенинге қарсы болады.


Соққы және гол!
21 сент., 18:00
Құрамадағы өзгерістер🇫🇷 Уоррен Заир-Эмеридің орнына Магнес Аклиуш шақырту алды. Ал Робин Риссердің орнына Жан Бюте барады.🇮🇹 Федерико Димарко қатардан шығып, орнын Маттео Руджери басты.🇸🇮 🇪🇨 Сондай-ақ Пьеро Инкапье мен Беньямин Шешко да ұлттық құрамаларына көмектесе алмайды.


Соққы және гол!
21 сент., 15:43
«Атлетико» іске кірісті«Төрешілерге тиісуді қойыңыздар! Төрешілерге қысым көрсетуді дереу тоқтатыңыздар!», – делінген клубтың ресми парақшасында.🇪🇸🇪🇸 Осыған дейін «Реал» Мадрид дербиіндегі төрешіге шағым түсіріп, шешімдерінің қате екенін мәлімдеген еді.❌ Ал бірнеше дереккөз Мигель Анхель Ортис Арьястың матчтардан шеттетілуі мүмкін екенін хабарлады.

