gram news
Аватар канала Жаңалықтар - Stan.kz

Жаңалықтар - Stan.kz

@stankznews

Біз әлемде және елде болып жатқан оқиғалар туралы хабар таратып, саяси және экономикалық оқиғаларға түсініктеме береміз. Осында маңызды ақпаратты, қызықты фото мен видео жіберуіңізге болады @stankzn

ПроектыKKНовости

16,091подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • Жаңалықтар - Stan.kz

    17 окт., 11:28

    Шымкентте 21 жасқа толмаған адамға энергетик сатқан дүкеншіге 216 мың теңге айыппұл салындыОқиға 8 қыркүйекте Тассай тұрғын алабындағы азық-түлік дүкенінде болған.Сатушы кінәсін мойындап, соттан жазаны жеңілдетуді сұраған.Алайда сот оған 216 250 теңге айыппұл салды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.t.me/stankznews
    279611Открыть в Telegram
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    17 окт., 09:41

    Атырауда вокзалды жөндеу кезінде жұмысшы бес метр биіктіктен құладыАтырау теміржол вокзалын қайта жаңғырту кезінде 42 жастағы жұмысшы бес метр биіктіктен құлап, ауыр жарақат алды.Ол ауруханаға жеткізіліп, нейрохирургия бөлімінде жатыр. Дәрігерлер ота жасауы мүмкін.Бір қызығы, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» басшылығы осы нысанда еңбек қауіпсіздігі талаптары сақталмайтынын айтып, құрылыс жұмыстарының ұйымдастырылуын сынға алған.t.me/stankznews
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    17 окт., 09:23

    Камбоджа премьер-министрі Қазақстанға келдіКамбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті Ақордада оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.Кездесуде тараптар сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, энергетика саласындағы ынтымақтастық және тікелей әуе қатынасын ашу мәселелерін талқылады.Тоқаев екі ел арасындағы байланысты нығайтуға ниетті екенін айтып, Қазақстан мен Камбоджа арасында тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.t.me/stankznews
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    17 окт., 07:02

    Трамп Ресейге қарсы қатаң санкцияларды уақытша тоқтаттыАҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мұнайын сатып алатын елдерге 500%-ға дейін баж салығын енгізуді әзірге кейінге қалдырды.Бұл шектеулер Ресейге қысымды күшейту үшін ұсынылған еді. Алайда олар Қытай, Үндістан және Түркиямен арадағы қатынасқа да әсер етуі мүмкін.Не белгілі?🔹Заң жобасында Ресей мұнайын сатып алатын елдерге қосымша баж салығын енгізу қарастырылған.🔹 Трамп бұл шараларды әзірге қолданбауға шешім қабылдады. Бірақ қажет болса, кейін енгізе алады.🔹 Президенттің шешімі АҚШ Конгресінде наразылық тудыруы мүмкін. Кейбір сенаторлар Ресейге қысымды күшейтуді талап етіп отыр.Яғни, санкциялар толық жойылған жоқ, тек уақытша тоқтатылды. Трамптың бұл шешімі АҚШ-тың Ресеймен және оның мұнайын сатып алатын елдермен қарым-қатынасына әсер етуі мүмкін.t.me/stankznews
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    17 окт., 06:35

    Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінедіБаспана кімге қалады, ал қалған несие қалай өтеледі?▪️ Пәтерді біреуі өзіне қалдыра алады. Ол екінші жұбайына үлесі үшін өтемақы төлейді. Ипотеканы бір адамның атына ауыстыру үшін банктің келісімі қажет болуы мүмкін.▪️ Пәтерді сатып, ақшаны бөлуге болады. Алдымен сатудан түскен қаражатпен қалған ипотека өтеледі, содан кейін ақша бөлінеді.▪️ Пәтерді сатпай, ипотеканы бірге төлеуге болады. Бірақ төлемге қатысты келіспеушілік туындаса, мәселе қиындауы мүмкін.Ал пәтер некеге дейін сатып алынған, мұраға қалған немесе сыйға берілген болса, ол ортақ мүлік саналмауы мүмкін. Егер ипотека некеге дейін рәсімделіп, кейін ортақ ақшамен төленсе, екінші жұбай өтемақы талап ете алады.Ал несие ше? Некеде алынған қарыздың бәрі автоматты түрде екіге бөлінбейді. Сот ақшаның отбасы қажетіне жұмсалғанын анықтайды. Ал бір тараптың жеке қажетіне жұмсалған кредиті оның өз жауапкершілігінде қалуы ықтимал.t.me/stankznews
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    17 окт., 04:02

    🇰🇿🌐 Жұма күні елімізде және әлемде қандай оқиғалар болды🔶 Семейде жаңа туған сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған экс-полицей өмір бойына сотталды, ал баланың анасы жазадан құтылып кетті🔶 2027 жылдан бастап ер адамдар бала күтімі бойынша жәрдемақы ала алмайды🔶 Қазақстанда ескі көліктерді тапсырғаны үшін 750 мың теңге беріле ме, министрлік жауап берді🔶 Қазақстанның бірқатар өңірінде мүгедектігі бар азаматтарға 259 мың теңгеге дейін бір реттік төлем беріледі🔶 Павлодардағы №11 мектепте 4 оқушы партаның астынан тапқан таблеткадан уланып қалды, таблеткалардың еден жууға арналған, құрамында хлоры бар дихлор екені анықталды🔶 Қазақстанда кімдер жәрдемақыны міндетті түрде алады, Еңбек министрлігі үш санаттың талаптарын түсіндірдіt.me/stankznews
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    16 окт., 15:57изменён

    Санжар Боқаевқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды Бұл жолы Боқаев пен оның жиені Мадияр Қалменовке қатысты жаңа тергеу басталды. Мұны адвокат Айман Омарова мәлімдеді. Оның сөзінше, істі Қаржы мониторинг агенттігі бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    16 окт., 15:42

    Еңбек министрлігі атына туыстарының пәтері мен көлігі рәсімделген қазақстандықтарға ескерту жасадыЕгер туыстарыңызға тиесілі пәтерлер мен көліктер құжат жүзінде сіздің атыңызға рәсімделсе, бұл сіздің отбасыңыздың әл-ауқатын бағалау кезінде ескеріледі.Министрлік мәліметінше, ақпараттық жүйелер бұл деректерді автоматты түрде анықтайды.Мұндай жағдайда өзге адамның мүлкі көмекке мұқтаж отбасының әл-ауқатын бағалауға және әлеуметтік көмек тағайындауға әсер етпеуі үшін мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтерді түзету қажет.Ол үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне немесе әкімдікке жүгінуге, сондай-ақ электрондық қызметтерді пайдалануға болады.t.me/stankznews
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 17:48изменён

    💔🥀 Сот қызметкері қайтыс болды Көз жұмған азамат Аян Дүйсеков. Ол - Көкшетау қалалық соты әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған. Марқұмның туыстары бұл істі тыңғылықты тексеруді сұрап отыр. Себебі Дүйсеков соңғы айларда жұмыста "моральдық және психологиялық
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 17:40

    Шымкентте 8 жасар қыздың денесіне қол жүгірткен көпбалалы әке сотталдыСәуір айында болған сұмдық жайт көпқабатты үйдің бейнебақылау камерасына жазылған. Тергеу дерегінше, 56 жастағы ер адам ең алдымен қаршадай қызға шоколад алып беремін деп шақырған екен. Артынан еріп, лифтке кірген.Ол жерде де ақша ұсынып, жеткіншекті алып кетуге тырысыпты. Ақыры көнбеген соң лифтіден қашып шыққан оқушыны құшақтап, аймалаған.Үшінші қабаттан баспалдақпен жүгірген 8 жастағы қыз ақыры тоғызыншы қабатқа келгенде амалсыз тоқтайды. Көмек сұрап есіктерді қатарынан қаққан. Абырой болғанда пәтерде адам болып, тұрғындардың бірі шығыпты.Бұл іс сотта қаралып, айыпталушы 216 мың теңге айыппұлмен құтылған екен. Үкімге келіспеген жәбірленуші тарап қайта арызданып, ақыры әділдік орнады.56 жастағы көпбалалы әкенің азғындық әрекет жасамақ болғаны толық дәлелденіп, судья оған 7 жыл 6 айға түрме жазасын кесті.С
    367видео211Открыть в Telegram
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 16:09

    📲WhatsApp 1 қазаннан бастап қазақстандықтардан хабарламалар үшін ақы ала бастайдыЕнді компаниялар WA Business Platform арқылы клиенттерге жіберетін хабарламалары үшін ақы төлеуге мәжбүр болады.Қазақстанда тариф шамамен 0,018 долларды, яғни әр хабарлама үшін шамамен 8 теңгені құрайды.Бұл ретте әр бизнес-нөмірге ай сайын 1000 тегін хабарлама беріледі.Мысалы, компания бір айда осындай 10 мың хабарлама жіберсе, оның 9 мыңы үшін ақы төлеуі қажет. Бұл шамамен 162 долларды немесе 72 мың теңгені құрайды.Бұл ретте клиенттер хабарламалар үшін ақы төлемейді. Өзгерістер WhatsApp Business Platform платформасын, сондай-ақ автоматты хабарламалар, CRM, чат-боттар және басқа да қызметтерді пайдаланатын кәсіпкерлерге қатысты.Қарапайым WhatsApp және API интеграциясы жоқ стандартты WhatsApp Business те жаңа тарифке жатпайды.t.me/stankznews
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 14:30изменён

    Семей қаласында автожуу ғимаратында жарылыс болдыТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер келгенге дейін газгольдер жарылған.Өрт жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үйге де таралған.Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.t.me/stankznews
    792видео1Открыть в Telegram
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 13:39

    💸2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді: Министрлік маңызды мәлімдеме жасады2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік беру тетігі өзгереді.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекет БЖЗҚ-ға нақты енгізілген зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.Қазір азамат зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған кезде енгізілген жарналар мен жинақ көлемі инфляцияны ескере отырып салыстырылады. Егер айырмашылық болса, ол республикалық бюджет есебінен өтеледі.2027 жылдан бастап бұл тәртіп өзгереді. Бұған салымшылардың зейнетақы активтерін басқарушы компания мен инвестициялық стратегияны өз бетінше таңдау мүмкіндігінің кеңеюі себеп болып отыр.Министрлік зейнетақы активтерін басқару жүйесі көпдеңгейлі мемлекеттік бақылауда қала беретінін атап өтті.t.me/stankznews
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 12:48

    Ер адам қызды емдік массажға шақырып, зорлады деген күдікке іліндіБұл жағдай Астанада болған. Жәбірленушінің айтуынша, ол қашып шығуға тырысқанда ер адам шашынан тартып, пышақпен қорқытып, қайтадан пәтерге сүйреп кіргізген. Қыз полиция келгеннен кейін күдіктінің босатылып кетуінен қорқып, оқиға орнында қалуға мәжбүр болғанын айтады. Полиция қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді.Толығырақ СІЛТЕМЕДЕН оқи аласыз!t.me/stankznews
    Stan.kz - бүгінгі жаңалықтар, соңғы жаңалықтарАстанада ер адам қызды емдік массажға шақырып, зорлады деген күдікке іліндіАстанада ер адам қызды емдік массажға шақырып, зорлады деген күдікке ілінді. Жәбірленушінің айтуынша, ол қашып шығуға тырысқанда ер адам шашынан тартып, пышақпен қорқытып, қайтадан пәтерге сүйреп кіргізген. Қыз полиция келгеннен кейін күдіктінің босатылып…
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 12:13

    "Мысықты құлағынан тістеп отырған"21 қыркүйекте TikTok стримде ер адамның мысықты қинаған видеосы тарады. Кадрдан азаматтың мысықты құлағынан тістеп тұрғанын көруге болады. Оның үстіне ол 1 000 роза жіберсе ғана мысықты босататынын айтқан.Қызылордалық полиция ер адамды ұстады. Ол Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған әкімшілік айыппұл салынған.Ал мысық тірі, зардап шекпеген.t.me/stankznews
    896видео65421Открыть в Telegram
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 11:38изменён

    📌Енді жүргізушілерге ережені бұзған сайын айыппұл салынбақМұны премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Оған қоса ол ережені жиі бұзатын жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшерін арттыруды ұсынды."Мұндай жүргізушілерге айыппұл төлеген кезде жеңілдік берілмеуі керек. Керісінше, құқық бұзушылық саны артқан сайын айыппұл мөлшері де бірнеше есе өсуі қажет", – деді ол.Үкімет басшысы жолда жиі жасалатын құқық бұзушылықтарды атады:🔶 қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүру; 🔶 қос тұтас сызықты кесіп өту; 🔶 жылдамдықты арттыру.t.me/stankznews
    9107442Открыть в Telegram
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 10:37

    Белгілі тревел-блогер Ахмед Хаггагович Астанада полиция қызметкерлерімен бірге түскен видеосымен желіде қызу талқыға түсті. Кадрларда блогер полицей қызды қолына көтеріп алып, онымен бірге айналып билеген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде әп-сәтте тарап, қолданушылардың
    929видео1453321Открыть в Telegram
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 09:07изменён

    🇰🇿🥇 Бүгін қоржында қос алтынОның бірін аралас жекпе-жек шебері Еркінғали Бүркіталин, екіншісін Қадырбек Шынбаев әкелді.Еркінғали 77 келіге дейінгі салмақта Бахрейн спортшысы Мухаммад Набиевпен кездесті.Ал Шынбаев 71 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Бехруз Хуршедзодамен бақ сынасты.Осылайша екі спортшымыз да алтын медаль иеленді.Бұл еліміздің Азиада-2026-дағы алтыншы алтын медалі.Осы жеңістен кейін Қазақстан медальдар кестесінде үшінші орынға көтерілді.t.me/stankznews
    994854111Открыть в Telegram
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 08:08

    😍📉 Алматы мен Астана әлемдегі ең үздік 300 қаланың қатарына ендіҚалалар рейтингін Oxford Economics әзірлеген. Онда 1 000 қала қамтылған. Ал сол көрсеткіш ішінде Алматы 265-орынға, ал Астана 281-орынға жайғасты. Екі қала әсіресе адам капиталы бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Мәселен, Алматы әлем бойынша 66-орынға, ал Астана 98-орынға орналасты.Оның үстіне Алматы мен Астана Орталық Азиядағы қалалар арасында көш бастады. Олар посткеңестік кеңістіктегі ірі қалалардан жоғары орын алды. Атап айтқанда, Тбилиси – 287, Киев – 304, Мәскеу – 313, Баку – 323, Санкт-Петербург – 454, Бішкек 461-орынға жайғасты.t.me/stankznews
    1,020732221Открыть в Telegram
  • Жаңалықтар - Stan.kz

    22 сент., 07:23изменён

    ⚡️ Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілдіПрезидент Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды.Кеңес құрамына барлығы 126 адам енді. Олардың арасында бұрынғы депутаттар, экс-министрлер, кәсіпкерлер және қоғам белсенділері бар.Олар:🔶 "Қазақтелеком" басшысы Бағдат Мусин;🔶 бұрынғы экология министрі Ерлан Нысанбаев;🔶 экс-депутаттар Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, Нұртөре Жүсіп және Нұртай Сабильянов;🔶 Президент кеңесшісі Бауыржан Омаров;🔶 Спорт саласының өкілдері Бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп, Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Гаджи Гаджиев, Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко және Гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова;🔶 Құқық қорғаушы Ләззат Қалтаева, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, журналистер мен өңірлік мәслихат депутаттары.
    1,110442111Открыть в Telegram