gram news
Аватар канала ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

@tapsirlerdin_tandaulysy

ПроектыKK

380подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    27 авг., 15:59

    1️⃣9️⃣.«Немесе олар қараңғылықтарға қамалып, күн күркіреп, найзағай ойнап жауған нөсерге тап болған адамдарға ұқсайды. Олар жай отының үрейінен өліп кетеміз бе деп, саусақтарын құлағына тығып алады». Яғни олардың күмәнға толы халдері тас қараңғылықтағы найзағайдың жарқылдап, жауынның астында қалған адамның халі тәрізді. Бұлттардың да ішінде тас қараңғылықтар, қатты найзағай жарқылдары мен күн күркіреуі бар. Міне, осы күн күркіреудің қорқынышынан сақтану үшін, саусақтарын құлақтарына тығады. Бұл - қатты қорқыныштың белгісі. Күн күркірі мен найзағайдан өліп кетеміз бе де қатты қорыққаны сонша осылайша әрекет еткеннен басқа амалы жоқ. «Алла капірлерді құрсаулап, қыспаққа алушы». Яғни Алла Тағала құдіретімен оларды қоршауға алғандықтан, олар енді Оның қалауы мен еркінде. Айналасынан жау қоршап, құтыла алмағаны тәрізді, олар да Алланың еркінен тыс шығып, құтыла алмайды.2:19https://t.me/ta
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    27 авг., 15:51изменён

    1️⃣8️⃣.«Саңырау, мылқау һәм көр соқыр. Сондықтан олардың кері қайтулары мүмкін емес». Олар саңырау тәрізді жақсылықты естімейді, мылқау тәрізді өздеріне пайдалы нәрсені сөз етпейді, көр тәрізді туралықты көре алмайды. Енді, олардың осы бір мүшкіл халдерінен арылып ақиқат пен жарыққа қайта оралулары да әсте мүмкін емес. Сондықтан да, олар адасқан жолдан әсте кері қайта алмайды.Алла Тағала олардың халдерін одан әрі ашықтай түсіп, екінші мысалды келтіріп былай дейді:2:18https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    27 авг., 15:47

    1️⃣7️⃣. «Олардың халі от жаққан адамға ұқсайды. От жалыны алаулап, айналаға жарық шашқанда, Алла олардың нұрын алып кетіп, оларды көзге түртсе, көргісіз тас түнек қараңғылықтарға тастайды». Олардың екіжүзді жағымсыз жағдайлары жылынып, жарық ету үшін от жаққан адамға ұқсайды. Сол от жанған кезде, артынша өшіп, тас қараңғыда қалып, қатты қорқынышқа тап болады. Яғни от енді жанып, айналасына жарық шашып, жылуын бере бастап, амандыққа енді жеттік дегенде, Алла оның отын алып қояды да, жарық жоғалып сала береді. Олар қараңғылықтар мен қорқыныш ішінде не істерін білмей, әрлі-берлі жүріп, ақырында тура жолды таба алмай дал болады.Ибн Кәсир былай дейді: «Алла мұнапықтар турасында осы мысалды баяндап, һидаяттың орнына надандықты, көрегенділіктің орнына көрлікті таңдауына қатысты олардың жарыққа мұқтаж болғаны үшін от жаққан адамға теңеді. От оның айналасын енді жарық қылып, оң мен солын енді
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    13 авг., 17:21изменён

    1️⃣6️⃣. «Олар тура жолдың орнына адасушылықты сатып алғандар. Бұл саудадан олар ешбір пайда таппады. Өйткені олар әу бастан тура жолда болмаған еді». Өйткені олар дінді таңдамай, бүлікті, азғындықты, пұтқа табынушылықты таңдады. Адасуды сатып алып, тура жолдың құнын төледі. Бұл саудада олар табыс таба алмады. Себебі олар екі өмірінен де, яғни дүние мен ақыретінен айырылды. Сосын Алла Тағала олардың қаншалықты зиянға ұшырағандарын мына екі мысалмен айқындап, баяндап береді.2:16https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    13 авг., 17:16

    1️⃣5️⃣. «Алла оларды мазаққа ұшыратып, азғындай түсулеріне мұрсат беріп, мақсатсыз, мәнсіз сандалтып қоюда». Алла оларға алдымен мұрсат беріп, артынан келемеждегендері үшін ғибрат болатындай етіп сазайын береді. Ибн Аббас былай дейді: «Алла оларды алда жазаландыру үшін келемеж етіп жүре тұруларына мұрсат береді». Құранда осыған қатысты былай делінген: «Оларға мұрсат беремін. Бірақ менің жазам өте ауыр болады»¹⁸. Ибн Кәсир де былай дейді: «Бұл Алла Тағаланың келемеж бен айлакерліктің жазаланатынын білдірген хабар. Яғни «Алла оларды келемеждеп» сөзімен, олар жасағандарына өздері лайық екендігін көрсетуде. Алдыңғы және осы аятта «келемеж» сөзі қолданғанымен, мағынасы әр түрлі.Тәпсіршілер Құрандағы ескертуді (сөздері бірдей, бірақ мағыналары басқа) осылай тәпсірлеген. Мысалы, «Бір жамандықтың өтеуі дәл сондай жаза», «Кімде-кім сендерге шабуылдаса, сендер де оларға шабуыл жасаңдар» деуде.¹⁹
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    7 авг., 04:41изменён

    1️⃣4️⃣. «Егер иманға келгендермен кездесе қалса «біз де иманға келдік», — дейді». Мұсылмандарды көре қалғанда мұнапықтық және рияшылдықтары үшін дәл солардай мұсылманша қылық көрсете қалады, дос бола кетеді. «Ал шайтандарымен оңаша қалған кездерінде «Жоқ, сөзсіз біз сендермен біргеміз. Біз бар болғаны оларды мазақ етіп, келемеждеп қана жүрміз», — дейді». Ал адасқан мұнапық басшыларына және көсемдеріне барып, олармен оңаша қалғанда «Біз сіздердің діндеріңізді ұстанамыз. Сіздердей сенеміз. Біз оларға сырттай мұсылманша қылық көрсетіп, оларды келемеждеп жүрміз», – дейді. Алла Тағала оларға былайша жауап беруде:2:14https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    5 авг., 16:54

    1️⃣3️⃣. «Егер оларға ел ішінде иман келтірген адамдарға ұқсап иман келтіріңдер деп айтыла қалса, олар «мына иман келтірген ақымақтар секілді иман келтірейік пе?» – дейді». Мұнапықтар осы сөздерімен Сухайб Руми, Аммар ибн Ясир, Билал Хабаши және осыған ұқсас сахабаларды меңзеп, оларды мазақ қылған. «Иман келтірейік пе?» дегені осы келемежді білдіреді. Байдауи былай дейді: Мұнапықтар мұсылмандардың көзқарастарының жаңылыс екендігіне сенгендіктері немесе оларды менсінбегендіктері үшін оларды «ақымақ» деп атады. Өйткені мұсылмандардың басым көпшілігі кедей болатын. Сухайб және Билал секілді құлдар осы кедейлер арасында еді. «Біліп қойыңдар, негізінде нағыз ақымақтар – солардың өздері. Әйткенмен, олар мұны да біле алмауда». Өйткені жалған жолда жүргендер жарымес, ақымақтардың нақ өзі. Бірақ олар надандық пен адасқандықтың ішінде жүргендіктерінен мүлдем хабарлары жоқ. Алланың осы сөзі олардың
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    1 авг., 16:33изменён

    1️⃣2️⃣. «Әсте олай емес. Сөзсіз олар бұзақылардың нақ өзі. Алайда, олар оны сезе алмауда». Ей, адамдар! Абай болыңдар! Нағыз бұзғыншылар басқалары емес, осылардың өздері. Алайда, жүректерінен иман нұры өшірілгендіктен, олар оны сезіне алмауда. Бұл аятта адамның назарын аударатын «Әлә» және «иннә» сөздерімен бастаған. Сондай-ақ, баяндауыштың анықтық халде келуі және бастауыш пен баяндауыш арасында есімдіктің қосарланып келуі және олардың санасыздықтарын білдіру үшін «Алайда» сөзінің кіруі сөйлемнің мағынасын әсерелеп, күшейте түседі¹⁷.📍¹⁷ Байдауи, 1/ 122:12https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    30 июл., 15:26изменён

    1️⃣1️⃣. Оларға «жер бетінде бұзақылық жасамаңдар» деп айтылса. Ибн Мәсғуд былай дейді: «Жер бетінде бүлік шығару - күпірлік және қарсылық ету деген сөз. Кімде-кім Аллаға қарсы шықса, онда оның жер бетінде бүлік шығарғаны». «Біз бар болғаны бейбітшілік орнатып жүрген жандар ғанамыз» - дейді. Олар: «Қайдағы бүлік? Ол біздің ісіміз емес. Біз бар болғаны бұзылғанды дұрыстап, жақсылық, ізгілік жасаушымыз. Бізге бұлай қарауларың, мұндай сөз айтуларың жөнсіз» - деп, байбалам сала кетеді. Байдауи былай дейді: Олар жүректеріндегі дерттің кесірінен бұзықты түзік деп ойлайды. Алла мұндай адамдар турасында былай дейді: «Сондай жаман ісі өзіне әдемі көрсетіліп, оны жақсы көрген біреу (жақсымен тең бе?)»¹⁶. Сондықтан Алла олардың осы жауаптарын екі күшейтпелі шыраймен басталған сөзбен кайтарып, былай дейді:📍¹⁶ "Фатир" сүресі, 8.2:11https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    27 июл., 16:26

    1️⃣0️⃣. «Жүректерінде бір дерт бар». Олардың жүректерінде күмән мен мұнапықтық бар. «Алла олардың дерттерін асқындыра түсуде». Алла олардың арамдықтары мен адасқандықтарын арттыра түссін. Бұл сөз дұға сөйлемі. Ибн Әшләм осы дерттің діни дерт екендігін, денедегі дерт еместігін айтып, былай дейді: «Мұнапықтық дерті адамдар арасында Ислам заманында шыққан бір күмән. Алла осы дертті жұқтырғандардың дерті мен күмәнін арттыра түседі»¹⁵. «Олар әрқашан өтірік айтып жүргендері үшін жан шыдатпас азапқа лайық». Мұсылман болғандарын дәлелдеп бағып, сыртқа пайдалы сөздер айтып, Бірақ іштей Алланың аяттарын келемеждегені үшін оларға жан шыдатпас ауыр азап бар. Сосын Алла Тағала олардың осы жиіркенішті қылықтары мен жаман халдерін баяндап былай дейді:📍¹⁵ Мухтасар Ибн Кәсир, 1/33.2:10https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    15 июл., 17:30изменён

    9️⃣. «Олар Алланы және иманға келгендерді алдамақ. Әйтсе де, олар өздерін ғана алдаумен әлек. Бірақ мұны сезе алмайды». Қанша іштей терістеп жоққа шығарып тұрса да, сырттай айлакерлік танытып, иман еткендей көрінуде. Сол надандық саналарымен Алланы алдағандарын және осы арқылы оның құзырында бір пайда табатынын және кейбір мұсылмандарды алдағандары тәрізді Алланы да алдай аламыз деп ойлайды. Алайда, олар Алланы алдай алмайтынын біле алмайды. Өйткені ешқандай нәрсе одан жасырын қалмайды. Ибн Кәсир былай дейді: «Мұнапықтық сырттай жақсы көрініп, іштей жамандықты жасыру деген сөз. Мұнапықтық ақидадағы мұнапықтық және амалдағы мұнапықтық болып екіге бөлінеді. Ақидалық жағына келсек, мұндай мұнапықтар мәңгілік тозақта қалады. Ал амал жағынан мұнапықтыққа келсек, бұл ең үлкен күнә болып саналады. Өйткені мұнапықтықтың сөзі ісіне, іші сыртымен сәйкес келмейді. Мұнапықтардың сипатын баяндайтын
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    13 июл., 05:37изменён

    8️⃣. «Адамдар арасында «Алла Тағалаға да, ақырет күніне де иман келтірдік» деп жүргендер бар». Олар тілдерімен Аллаға және оның пайғамбарына түскен аяттарды айқын растадық, сосын қайта тірілуге де иман еттік дейді. «Алайда олар шын ниетімен, иманға келгендер емес». Олар осы сөздерді сенім мен растауға келмейтін сөздермен жеткізуде. Байдауи былай дейді: «Бұлар мұсылмандар мен кәпірлер арасында қалған үшінші топ. Бұлар жүрекпен сенбесе де, ауыздарымен «сендік» дейді. Кәпірлердің ең жаманы және Алланың ең қатты қаһарланған пенделері міне осылар. Өйткені олар айла мен келемеждеу арқылы күпірлігін жасырып, оны иманмен араластырған. Сол үшін де Алла Тағала олардың жамандықтары мен надандықтарын кең түрде ашықтап берді. Оларды өздерінің жасағандарымен келемеждеді. Олардың надандық пен азғындықтарын әшкере етті. Олар туралы мысал келтірді».¹³📍¹³ Байдауи, Тәфсири, 1/11 б2:8https://t.me/tap
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    13 июл., 05:32изменён

    АЯТТЫҢ ТҮСУ СЕБЕБІИбн Аббастан былайша жеткен: «Бұл аяттар Абдулла ибн Убай ибн Сәлул, Муаттиб ибн Кушайр және Жид ибн Қайс тәрізді әһлі кітаптың мұнапықтары жайында түскен. Олар мұсылмандармен кездесе қалса иман еттім деп, растаған болып көріну үшін: «Біз Мұхаммедтің сипаттары мен ерекшеліктерін кітаптарымызда көрудеміз» дейтін.¹²📍¹² Фахр-и Рази, Тәфсирул Кәбир, 6 б. https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    12 июл., 17:30изменён

    ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАЛДАУخَادِع1. [Хади’у] айла, тұзақ және рияшылдық мағыналарына келеді. Негізгі түбірі «жасыру» дегенді білдіреді. «Заман» пәлекет пен қайғы-қасіретті жасырғаны үшін оған да осы «хадиа» деген атау берілген.مَرَضٌ2. [Марад] науқас, ауру деген сөз. Амандық, денсаулықтың антонимі. «Марад» не дененің ауруы тәрізді физикалық болады, не болмаса мұнапықтық, көре алмаушылық және рияшылдық тәрізді рухани болады. Ибн Фарис: «Адамдардың денсаулығын құртатын қандай да бір себепке немесе мұнапықтыққа, не болмаса қандай да бір нәрседегі кемістікке осы «марад» сөзі қолданылады» - деген.لَا تُفْسِدُوا3. «Бүлік шығармаңдар». Бұл аяттағы «бүлік» араб тілінде «фәсад» деген сөз. Бұл туралықтан адасу, таю, бүлдіру деген туралық сөзінің антонимі.السُّفَهَاء4. [Суфаха] сөзіне келсек, бұл «сәфих» сөзінің көпше түрі. «Сәфих» надан, тар ойлайтын және бір нәрседен қаншалықты зиян
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    10 июл., 17:35

    БҰЛ АЯТТАРДЫҢ АЛДЫҢҒЫ АЯТТАРМЕН БАЙЛАНЫСЫАлла Тағала сүресінің басында алдымен мұсылмандардың, одан кейін кәпірлердің сипаттарын айтса, енді келесі аяттарда мұнафықтардың сипатын айтады. Бұлар үшінші қауымды құрайтын және күпірліктерін жасырып, сырттай мұсылман көрінгендер. Алла бұлардың болашақтағы қасіреттерінің үлкендігіне және зияндарының көптігіне назар аударту үшін бұл аяттарда ұзағынан тоқталған. Сондай-ақ, мұнафықтардың жағдайын тереңірек баяндап, рухтарындағы адасқандық пен қараңғылықтарын түсіндіру, әрі осылардың халдері арқылы болатын пәлекетті көрсету үшін екі мысал келтіреді.https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    10 июл., 17:31

    ШЕШЕНДІК ӨНЕР1. «Ал күпірлікте табандағандар болса, оларды ескерттің не, ескертпедің не бәрібір, олар иман келтірмейді» аятында хазіреті Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) кәпірлердің иманға келуін күтпеуі айтылған. Бұл сөйлем олардың күпірлікте тым астамшылыққа барғандықтан, иманға келу деген қасиеттерінен мүлдем жұрдай болғандықтарына назар аудартады.2. «Алла олардың жүректерін мөрледі» сөзінде де бір ғажайып сыр бар. Алла ақиқатты қабыл етпегендіктері үшін, жүректерін азаттыққа шақырған пайғамбарларын тыңдамағаны үшін құлақтарын, туралық нұрын көрмегендігі үшін көздерін жауып, өздеріне пайдалы болған қандай да бір нәрсенің кіруіне кедергі болатын бір жабумен бітеп, үстіне мөр басқан ыдысқа теңеді¹¹. Бұл теңеуді «истиара тасрихия» деп атайды.📍¹¹ Әбу Хаууа. әл-Бахру Мухит. 1 т 51 б.https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    9 июл., 17:33

    7️⃣. «Алла олардың жүректеріне мөр басқан». Алла олардың жүректеріне мөр басқандықтан, олардың жүректеріне нұр кірмейтіні секілді иман нұры да әсте кірмейтін болады. Тәпсіршілер былай дейді: «Хатм» деген сөз «жауып, мөр басу» дегенді білдіреді. Ендеше, былай болмақ: Жүректеріндегі күнәлары көбейгенде, олардың парасаттылық нұры өшіп кетеді. Бұдан былай жүректеріне иман кіре алмайтыны секілді күпірлік те жүректерінен сыртқа қарай шыға алмайды. Алла Тағала былай дейді: «Есесіне күпірлігі үшін Алла сол жүректерге мөр басқан»¹⁰. «Құлақтарына және көздеріне перде қойылған». Сондықтан туралық нұрын көре алмайды, ақиқатты есіте алмайды, ұғып түсіне алмайды. Өйткені олардың көздері мен құлақтары бейне бір қара перделермен жабылғандай. Сол себепті ақиқатты көріп, оған ілесе алмайды, есітіп оны ұға алмайды. Әбу Хайян былай дейді: «Алла олардың хақты естігісі келмегендіктері үшін құлақтарын,
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    5 июл., 17:20

    6️⃣. «Ал күпірлікте табандағандар болса». Әй, Мұхаммед! Алланың аяттарын теріске шығарған және сенің пайғамбарлығыңды өтірік деген әлгі кәпірлер бар емес пе, міне соларды «оларды ескерттің не, ескертпедің не бәрібір». Оларды мың жерден ескерт, бәрібір дегеніңе сене қоймайды. «Олар иман келтірмейді». Тектен текке иман етеді екен деп өзіңді шаршатпа. Бұл аятта қауымы оны өтірікке шығарғанына сабыр етіп, Пайғамбарын жұбату, көңілін тынышталдыру үшін айтылған сөз. Сосын Алла Тағала олардың иман етпеулерінің себебін былайша ашықтайды:2:6https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    4 июл., 17:32изменён

    ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАЛДАУكُفْر1. [Куфр] Күпір - сөздікте «нығметті жабу» дегенді білдіреді. Кәпірге нығметті мойындамай, оны жауып, жоққа шығарғаны үшін «кәпір» деп айтылған. Дәнді топыраққа көмгенге кәпір деп айтылуы да осы тұрғыдан. «Диханшылардың да қатты ұнатқан өсімдігі тәрізді» аятында да осы мағынада. Түн де қараңғылығымен барша нәрсені жапқаны үшін «кәпір» деп аталған.تُنذِرْ2. [Тунзир] қорқытып хабар беру, ескерту деген сөз. Егер бұл хабарда қорқыту болмағанда, бұл сөз ескерту емес - жария ету, хабарлау болып қалар еді.خَتَمَ3. [Хатәмә] сөзіне келсек ішіне бір нәрсе кіріп кетпес үшін жауып, үстіне мөр басу деген сөз. Кітапты хатым ету де, оны толықтай оқып шығып бітіргенді білдіреді. Сондықтан Құранды «хатым етті» деп айтады.غِِشَاوَةٌ4. [Ғишауат] сөзіне келсек бұл сөз «перде» дегенге келеді. Арабтар бір нәрсенің үстін жапқанда «ғашшаһу» деп айтады. Қиямет мағынасына
  • ТӘПСІРЛЕРДІҢ ТАҢДАУЛЫСЫ (صفوة التفاسير)

    3 июл., 18:05

    КЕЛЕСІ АЯТТАРДЫҢ АЛДЫҢҒЫ АЯТТАРМЕН БАЙЛАНЫСЫАлла Тағала мұсылмандардың сипаттарын айтқан соң, екі сынып арасындағы айырмашылықты айқын көрсету үшін, келесі аяттарда кәпірлердің сипаттарын баяндайды. Негізінде жақсылар мен жамандарды салыстыру және бақыттылар мен бақытсыздар арасындағы айырмашылықты көрсету тұрғысында Құранның әдісі де міне осы. Өйткені заттар қарама-қайшылықтары арқылы білінеді.https://t.me/tapsirlerdin_tandaulysy