gram news
Аватар канала Tiek

Tiek

@tiekkz

Маңызды жаңалықтар Tiek.kz сайтында

ПроектыKK

369подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • Tiek

    22 сент., 13:54

    АСТАНАҒА 223 ДАНА IPHONE 18-ДІ ЗАҢСЫЗ КІРГІЗБЕК БОЛҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫАстанада кеденшілер шетелден ұялы телефондарды заңсыз әкелудің 10 дерегін анықтады. Жолаушылар багажында барлығы 223 iPhone 18 және 10 жұп AirPods болған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Жолаушылар тауарларды кедендік декларация толтырмай, «жасыл дәліз» арқылы өткізбек болған. Бір жағдайда жолаушының багажынан бірден 50 смартфон табылған. Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметінше, телефон әкелгендердің төртеуі жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Тағы төртеуі кәсіпкер ретінде тіркелмеген. Кеден заңнамасына сәйкес, жеке тұлға жеке пайдалануға арналған тауар ретінде бір адамға екі смартфоннан артық алып өте алмайды. Белгіленген мөлшерден асқан немесе жеке пайдалануға жатпайтын тауарлар декларациялануы тиіс. Тәркіленген смартфондар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Олардың иелеріне әкімшілік
  • Tiek

    22 сент., 13:44изменён

    СЕМЕЙДЕ АВТОЖУУ ОРНЫ ӨРТЕНДІСемейде Сосновая көшесіндегі автожуу орнында ірі өрт шықты. Жалын ғимаратты, жүк көлігін және екі жеке тұрғын үйді шарпыған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін оқиға орнында газгольдер жарылған. Қазір өрттің аумағы анықталып жатыр. Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Оқиға орнында су үздіксіз беріліп тұр. Өрт сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылған. Құтқарушылар қызыл жалынды ауыздықтап жатыр.
  • Tiek

    22 сент., 12:28

    Халық кеңесіне мүше болған экс-сенатор Геннадий Шиповских жаңа консультативтік органның жұмысына байланысты Tiek.kz сауалына жауап берді.
  • Tiek

    22 сент., 11:40

    ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫЕржан Ертаев Қазақстанның энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Энергетика министрлігінің Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
  • Tiek

    22 сент., 10:57

    НЗМ-ге ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫНазарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына «Өркен» білім беру гранты бойынша құжат қабылдау 23 қарашада басталады. Өтініштер 28 желтоқсанға дейін қабылданады. Құжатты eGov.kz порталы арқылы онлайн немесе НЗМ-нің қабылдау комиссияларына қағаз түрінде тапсыруға болады. Үміткерлерге арналған кешенді тестілеу 2027 жылғы 26 және 27 наурыз күндері өтеді. Құжат тапсыру тәртібі бойынша арнайы нұсқаулық та жарияланған.
  • Tiek

    22 сент., 08:24

    ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТЕДІПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Жиын 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.
  • Tiek

    22 сент., 07:22изменён

  • Tiek

    22 сент., 06:12

    ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗАТЫНДАР ЖАЗАЛАНАДЫПремьер-министр Олжас Бектенов түнгі уақытта қатты шу шығаратын көлік пен мотоцикл жүргізушілеріне қатысты шараларды күшейтуді тапсырды. Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов жыл басынан бері осындай 782 құқық бұзушылық тіркелгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 55 адам қамауға алынған. Сондай-ақ шу шығарған көлік пен мотоциклдер айып тұрағына қойылады. Премьер-министр мұндай әрекеттер тұрғындардың түнгі тынығуына кедергі келтіретінін айтып, осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полиция мұндай құқық бұзушылықтарды тәулік бойы анықтайды.
  • Tiek

    22 сент., 06:03

    ҚАЗАҚСТАН ЖОЛДАРЫНЫҢ ТЕК 16%-Ы ТАЛАПҚА САЙҚазақстандағы жолдардың тек 16%-ы заманауи талаптарға сәйкес келеді. Ержан Сәденовтің айтуынша, елге бірінші санаттағы тағы 6 мың шақырым жол салу қажет. Мұндай жолдардың тиімділігі жоғары. Мысалы, Қарағанды мен Алматы арасындағы төрт жолақты тасжол пайдалануға берілгеннен кейін осы учаскеде қаза тапқандар саны 47%-ға азайған. Министр жол бойындағы қызмет көрсету сапасына да назар аударды. Оның айтуынша, елде демалыс орындары мен тамақтану нысандары аз. Соның салдарынан жүргізушілер жолда жеткілікті демалмай, рөлде ұйықтап қалуы мүмкін. Ержан Сәденов Көлік министрлігі мен «ҚазАвтоЖолға» бұл мәселені шешу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
  • Tiek

    22 сент., 05:58

    ЕЛДЕ КЕМІНДЕ 2 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ВЕЛОЖОЛ ҚАЖЕТҚазақстанда самокат жүргізушілеріне арналған жол инфрақұрылымы жеткіліксіз. Тамыз айынан бастап самокатпен тротуарда жүруге тыйым салынған. Енді олар жолмен немесе веложолмен жүруі керек. Министрдің айтуынша, ел бойынша кемінде 2 мың шақырым веложол қажет. Қазір оның 937 шақырымы ғана бар. Әсіресе бұл мәселе ірі қалаларда өзекті. Алматыда 12 мыңнан астам самокат бар, ал веложолдардың ұзындығы небәрі 89 шақырым. Ержан Сәденовтің айтуынша, әкімдіктер жаңа талаптарды орындауға қажетті жағдай жасауы керек.
  • Tiek

    22 сент., 05:55

    ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАНДАРҒА БАЛЛ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІНЖол ережесін өрескел бұзатын жүргізушілер үшін баллдық жүйе енгізу мәселесі қаралып жатыр. Жаңа жүйе әрбір құқық бұзушылықты және оның ауырлығын ескеруге тиіс. Министрдің айтуынша, айыппұлға қарамастан жол ережесін қайта-қайта бұзатын жүргізушілер бар. Сондықтан қайталанған және ауыр құқық бұзушылықтар үшін жүргізуші куәлігінің қолданылуын 1 жылға тоқтату ұсынылады. Ішкі істер министрлігі тиісті түзетулерді Құрылтайдың қарауына енгізуді жоспарлап отыр. Аталған жүйе әзірге енгізілген жоқ, қазір оны іске асыру тетіктері пысықталып жатыр.
  • Tiek

    22 сент., 05:46

    ЖЫЛДАМДЫҚТЫ БАҚЫЛАУ ТАҒЫ 16 ЖОЛДА ЖҮРГІЗІЛМЕККөліктің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі республикалық маңызы бар тағы 16 жол учаскесінде іске қосылады. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің айтуынша, жаңа жүйелерді жыл соңына дейін орнату жоспарланған. Қазір орташа жылдамдық 2800 шақырымды қамтитын 12 учаскеде бақыланады. Жаңа 16 учаске қосылғаннан кейін жүйе жалпы ұзындығы 5600 шақырым болатын 28 учаскеде жұмыс істейді. Жүйе көліктің екі нүкте арасындағы жолды жүріп өту уақытын есептеп, учаскедегі орташа жылдамдықты анықтайды. Белгіленген шектен асқан жағдайда, ереже бұзушылық автоматты түрде тіркеледі. Министрдің мәліметінше, мұндай жүйе орнатылған жолдарда ЖКО саны 10%-ға, қаза тапқандар 33%-ға, зардап шеккендер 12%-ға азайған. Жалпы биыл ел бойынша ЖКО 5%-ға, қаза тапқандар 15%-ға, зардап шеккендер 6%-ға төмендеген.
  • Tiek

    22 сент., 05:25изменён

    СОЛТҮСТІК ПЕН ШЫҒЫСТА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ БАСТАЛАДЫСолтүстік және шығыс өңірлерде жылыту маусымын ауа райына қарай 1 қазанға дейін бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Оның айтуынша, Павлодар облысында жылыту маусымы 14 қыркүйекте басталған. Энергия көздерінде маусымды бастауға қажетті 4,9 млн тонна көмір мен 127 мың тонна мазут қоры жасақталған. 4 энергия блогы, 30 қазандық және 19 турбинадағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ 17 мың шақырым электр беру желісін жөндеу толық аяқталған. Жоспарланған 377 шақырым жылу желісінің 366 шақырымы дайын, бұл 97%-ды көрсетеді. Үкімет ерекше бақылауға алған өңірлер қатарында Ұлытау, Абай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары бар. Петропавлдағы жылу магистральдарының дайындығы 95%, Степногорскіде 76%, Семейдегі үш жоба бойынша 70% деңгейінде. Семейде қажетті жабдықтарды жеткізу 26
  • Tiek

    22 сент., 04:45

    МҰНАЙ БАҒАСЫ ТӨРТІНШІ КҮН ҚАТАРЫНАН ТӨМЕНДЕДІНарықтағы бұл өзгеріске Таяу Шығыстағы шиеленістің бәсеңдеуіне қатысты үміт әсер етіп отыр. Бүгін Brent маркасының баррелі үш жарым долларға арзандап, 100 доллардан сәл асты. Ал америкалық мұнай бағасы 96 долларға жуықтады. Нарықтағы басты мәселе – Ормуз бұғазының қауіпсіздігі. Бұл теңіз жолы арқылы әлемдік мұнайдың едәуір бөлігі тасымалданады. Сарапшылардың мәліметінше, қара алтын экспорты біртіндеп қалпына келіп, тасымал көлемі соғысқа дейінгі деңгейдің шамамен 80 пайызына жеткен. Сауд Арабиясы Ормуз бұғазын айналып өтетін мұнай құбырын қайта іске қоспақ. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Йемендегі хусилермен байланыс жалғасып жатқанын айтып, Иран президентімен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Дегенмен, Таяу Шығыстағы жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр.
  • Tiek

    22 сент., 02:22

    АҚШ-ТЫҢ ІРІ ТЕЛЕАРНАЛАРЫ АҚ ҮЙГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ТАНЫТЫП, ТРАМПТЫҢ ШАРАЛАРЫН ТҮСІРУІН ТОҚТАТТЫАҚШ-тағы ірі телеарналар президент Дональд Трамптың ресми шараларын түсіруден бас тартты. Әдетте ABC, CBS, Fox News, NBC және CNN президенттің іс-шараларын кезекпен түсіріп, бейнематериалдарды басқа ақпарат құралдарымен бөлісіп отырған. Мұндай шешім қабылдауларына Трамп әкімшілігінің CNN, MS NOW және Politico журналистерін Ақ үй аумағына кіргізбей, олардың рұқсаттарын тоқтатқаны түрткі болды. Оның үстіне, Трамп бұл ақпарат құралдарын жалған ақпарат таратты деп айыптаған. Ал CNN, MS NOW және Politico Трамп әкімшілігін сотқа беріп, Ақ үйге кіруге қойылған шектеуді тоқтатуды сұрады.
  • Tiek

    22 сент., 02:03

    ИРАН ЭКОНОМИКАСЫ СОҒЫС САЛДАРЫНАН 10,1%-ҒА ҚЫСҚАРДЫИран экономикасы соғыс салдарын сезіне бастады. Ресми мәліметке сәйкес, наурыздан маусымға дейінгі аралықта елдің жалпы ішкі өнімі мұнай мен газ өндірісін қоса есептегенде 10,1%-ға төмендеген. Мұнай-газ саласын есептемегендегі құлдырау 4,6% болды.САНКЦИЯ ҚЫСЫМЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮКТІ АРТТЫРДЫИран бұған дейін де халықаралық санкциялардың қысымында болған. Ұлттық валютасы әлсіреп, инфляция өскен. АҚШ пен Израильдің әскери операцияларынан кейін экономикалық қысым күшейе түсті. Вашингтон Тегеранға қарсы жаңа санкциялар енгізді. Бұған жауап ретінде Иран соғыс салдарынан туындаған экономикалық мәселелерді үйлестіру үшін арнайы «Экономикалық соғыс орталығын» құрды.
  • Tiek

    22 сент., 01:56изменён

    НЬЮ-ЙОРКТЕ ТАЯУ ШЫҒЫС МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫНью-Йоркте Түркия, Мысыр, Сауд Арабиясы және Пәкістанның сыртқы істер министрлері Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады. Кездесу БҰҰ Бас Ассамблеясының отырыстары аясында өтті. Тараптар аймақтағы қақтығыстар, Палестина және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты ұстанымдарын талқылады. Алайда кездесуден кейін нақты келісім немесе ортақ шешім жарияланған жоқ. Кездесу тараптардың дипломатиялық ұстанымдарын үйлестіруге бағытталған. Оның нақты нәтижесі БҰҰ Бас Ассамблеясындағы кейінгі пікірталастар барысында айқындалуы мүмкін.
  • Tiek

    21 сент., 12:35

    МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН ҚАДАҒАЛАУ КҮШЕЙЕДІҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржы ұйымдарын қадағалау тәсілін өзгертпек. Бұл туралы Алматыда өткен Орталық Азия микроқаржыландыру форумында агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді. Оның айтуынша, енді негізгі назар бұзушылықты анықтауға емес, тәуекелдің алдын алуға аударылады. Микроқаржы ұйымдарында тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйелері күшейтіледі. Сондай-ақ талаптарды қағаз жүзінде орындаумен шектелмей, тәуекелдерді басқару сапасын бағалайтын уәжді пайымдау тәсілі енгізіледі. Бұдан бөлек, микроқаржы және коллекторлық қызметте өзін-өзі реттеу тетігі қарастырылмақ. Қазір Қазақстанда 214 микроқаржы ұйымы жұмыс істейді. Соңғы бес жылда олардың активтері төрт есеге жуық өсіп, 1,7 триллион теңгеге жеткен.
  • Tiek

    21 сент., 11:52изменён

    ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ШЫН МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА БЕРІЛЕДІМемлекеттік әлеуметтік қолдау жүйесін мұқтаждық деңгейіне қарай өзгерту ұсынылдыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әлеуметтік көмек пен жеңілдіктерді шын мұқтаж азаматтарға бағыттау мәселесін баяндады. Бірінші кезеңде 36 төлемнің 14 түрі бойынша мемлекеттік қолдауды атаулы сипатқа көшіру үшін қажетті нормативтік база қалыптастырылмақ. Ал екінші кезеңде әкімдіктер көрсететін әлеуметтік көмектің 13 түрін мұқтаждық деңгейіне қарай 4 бағытқа біріктіру ұсынылды. 2027 жылдан бастап ардагерлерге де мемлекеттік қолдауды мұқтаждық қағидатына негіздеп көрсету жөнінде ұсыныс айтылды. Сонымен қатар ер адамдарға бала күтіміне байланысты демалыс беру, бөбекжайлардағы орын санын көбейту және бала күтімі кезеңінде әйелдерге көрсетілетін қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері қаралды.
  • Tiek

    21 сент., 06:47

    ИРАН ӘСКЕРІ АҚШ-тың ШАБУЫЛДАРДЫ ҚАЙТА БАСТАУҒА ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТҚАНЫН АЙТТЫИран әскері АҚШ-тың ел аумағына соққыларын қайта бастауға дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Иран қарулы күштерінің өкілдері хабарлаған.ТЕҺРАН ЖАУАП СОҚҚЫ БЕРЕТІНІН ЕСКЕРТТІ Иран тарапы АҚШ әскери әрекетін қайта бастаса, оған жауап беретінін мәлімдеді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп әскери қимылдарды қайта бастау мәселесін қарастырып жатқаны айтылды. Осы уақытта Катар тараптарды келіссөз үстеліне қайта оралтуға күш салып жатыр. Al Jazeera мәліметінше, аймақтағы жағдай шиеленісіп тұр.