gram news
Аватар канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

@tv24kz_kaz

📌Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/tv24kz_rus 📮24KZ арнасының телеграм ботына жаңалықтарыңызды жіберіңіздер: https://t.me/news24kz_bot

ПроектыKKНовости

27,200подписчиков

Открыть канал

Последние посты

  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    19 окт., 15:33

    🚀 Қазақстан ғарыш технологиялары экспортын нөлден 70 миллион долларға дейін арттырды🛰️ Қазақстанның ғарыш саласы жаңа даму кезеңіне қадам басты. Соңғы жеті жылда ғарыш технологиялары экспорты нөлден 70 миллион долларға дейін өсті. Бұл бағытта спутниктік байланыс, Жерді қашықтан зондтау және ғарыштық деректерді өңдеу технологияларының маңызы артып келеді.🌍 Қазақстанның ғарыш саласы ұзақ уақыт бойы Байқоңыр ғарыш айлағымен танылып келді. Бүгінде бұл бағыттың ауқымы кеңейіп, ғарыш инфрақұрылымымен қатар, заманауи технологиялар мен зияткерлік қызметтерді дамытуға басымдық беріліп отыр.🔗 Толығырақ 👈👈👈
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    19 окт., 14:56

    💳 Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем көлемі жеті жылда 14 есе өсті📊 Қазақстанда банк карталары арқылы жүргізілген қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 2025 жылы 186,3 трлн теңгеге жетті. 2019 жылы бұл көрсеткіш 13,3 трлн теңге болған. Осылайша, жеті жыл ішінде төлем көлемі шамамен 14 есе артты.📱 Соңғы жылдары мобильді банкинг, QR-код арқылы төлем жасау және интернет-дүкендерде онлайн есеп айырысу күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Қазір тұтынушылар тауарлар мен қызметтердің ақысын смартфон арқылы төлеп, ақша аударымдарын қашықтан жүзеге асыра алады. Бұл төлем жасауды жеңілдетіп, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырды.🔗 Толығырақ 👈👈👈
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
    121111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    19 окт., 14:05изменён

    Президент – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады.📌 Толығырақ «24KZ» телеарнасының эфирінен көре аласыздар.
    163видео111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    19 окт., 12:50

    «Әр азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасаймыз деп уәде береміз»📌 Төтенше жағдайлар министрлігі департаменті директорының орынбасары Ерік Есмаханов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құтқарушыларды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.
    237видео111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    19 окт., 12:22изменён

    Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады🔹Президент – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады.🔹Жоғарғы Бас Қолбасшыға жауынгерлердің жай-күйі мен әскерді жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ ведомство органдарына және сарбаздарға жүктелген міндеттердің орындалуы туралы баяндалды.🔹Президентке әскердің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру және армияны дамыту бағдарламасы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ әскери әзірлік міндеттерін ескере отырып қаражатты қайта бөлу, инфрақұрылымды жарақтандыру және бөлімшелердің күнделікті қызметін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.🔹 Әскерді басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдау жеделдігін арттыру және сарбаздың маманданған бағытына қарай міндеттерді орындауға дайындығына айрықша мән берілді.
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
    2601111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    19 окт., 11:01

    ⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Дрозденконы II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    19 окт., 10:58

    Мемлекет басшысы Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады🔹Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігін дамытуда өңіраралық ықпалдастықтың маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысының өнеркәсіп және көлік-логистика салаларындағы айтарлықтай әлеуетіне тоқталып, Қазақстан аталған аймақпен тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге дайын екенін растады.🔹Президенттің айтуынша, Ленинград облысымен сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 400 миллион доллардан асқан.🔹Александр Дрозденко қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізді.🔹Губернатор Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың батырлығы мен қаһармандығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар олардың ерлігі туралы естеліктер көздің қарашығындай сақталатынына назар аударды.🔹Әңгімелесу барысында өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік және агроөнеркәсіп кешені салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    19 окт., 10:01изменён

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады.Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 18:40

    Елдегі жолдар мен көлік қозғалысы: не өзгереді?🅿️ Астана ақылы автотұрақтар көбейеді🚘 Алматыдағы автотұрақта көліктер көп тұрмауға тиіс🚕 Рөлі оң жақтағы көліктер такси бола алмайды: министр жаңа шектеулерді атады🔇 Түнгі тыныштықты бұзған жүргізушілерге бақылау күшейтіледі🛣️ Жол қауіпсіздігін күшейту шаралары🚦 Елордада көлік кептелісін азайтуға бағытталған 48 жоба жүзеге асады⚠️ Айыппұлға жеңілдік жоқ: жол ережесін қасақана бұзғандарға жаза күшейеді🚈 LRT желісі Алматының батысы мен шығысын жалғайды🌍 Әлемде көлік кептелісі қалай реттеледі?
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 17:10изменён

    Астана мен Алматы әлемдегі ең үздік 300 қаланың қатарына енді🏙️ Қалалар рейтингін Oxford Economics әзірлеген. Онда 1 000 қала қамтылған.📊 Үздіктер тізімінде Алматы 265-орынға жайғасса, ал Астана 281-орыннан көрінді.👥 Екі қала әсіресе адам капиталы бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Мәселен, Алматы әлем бойынша 66-орынға, ал Астана 98-орынға орналасты.
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 16:07

    📈 Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір жылда 13,4%-ға өсті📌 БЖЗҚ қазақстандықтардың 1 қыркүйектегі зейнетақы жинақтарының көлемін жариялады.💰 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 28,47 трлн теңгеден асты. 12 ай ішінде олардың көлемі 3,36 трлн теңгеге немесе 13,4%-ға өсті. Қаражаттың негізгі бөлігін міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтар құрайды. Сонымен қатар жарналардың басқа да түрлері, оның ішінде жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары бойынша да айтарлықтай өсім жалғасып отыр,Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 3,36 трлн теңге немесе 13,4%, – деп хабарлады БЖЗҚ.📌 Толығырақ 👈👈👈
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
    2774111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 15:00

    Тәтті тоқаш шығаратын компания өз зауытын Петропавлда салып жатыр. Негізгі өткізу нарықтарының бірі — Ресей. Бірақ жаңа зауыт Ресейде емес, Петропавлда бой көтерді. Себебі бұл жерден Сібірге, Қазақстанға және Орталық Азияға тауар жеткізу тиімдірек.💰 Инвестиция көлемі — 37,3 млрд теңге. 🏭 Жылдық қуаты — 15 мың тонна. 👷 Жоспар — 380 жұмыс орны.
    347видео2111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 14:14изменён

    💥 Семейде жарылыс болды🔥 «Северный» шағынауданындағы Сосновая көшесінде орналасқан көлік жуу бекетінде өрт шықты. Құтқарушылар келгенге дейін нысан аумағында газгольдер жарылған.🚒 Жарылыс салдарынан болған қызыл жалын жақын маңда тұрған жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үйді шарпыған.🧯 Қазір құтқарушылар өртті сөндіріп жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, үздіксіз су беру жұмысы жүргізіліп жатыр.Әзірге оқиғаның нақты себептері мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.📍 «24KZ» тілшісі жағдайды жіті бақылап, оқиға орнынан ақпарат таратады.
    367видео111111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 13:38

    💼 Қазақстанда шетелдіктерге арналған мамандықтар тізімі кеңейтіледі📋 Қазақстан шетел азаматтарына тұрақты тұруға рұқсат алуға мүмкіндік беретін мамандықтар тізімін кеңейтпек. Қазір тізімде 51 мамандық болса, оның санын 174-ке дейін жеткізу жоспарланып отыр.📄 Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында айтылған. Құжат «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылды. Ұсыныстар 6 қазанға дейін қабылданады.🔎 Толығырақ 👈👈👈📸 ЖИ арқылы жасалған
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
    3533111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 12:41изменён

    🏀 Азиада-2026: Қазақстан 3х3 баскетболдан Шри-Ланканы жеңді🇰🇿 Қазақстан әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші кездесуін өткізді.Қазақстандық баскетболшылар бұл жолы Шри-Ланкаға қарсы ойнады. Матч 21:8 есебімен жерлестеріміздің пайдасына аяқталды.📸 Нұрғали Жұмағазы
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
    38541111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 11:56изменён

    🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесті🔹Әңгімелесу барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды.🔹Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен жобаларды жүзеге асыру кезінде Ұйымға мүше барлық елдердің мүддесіне тең қараудың маңызына назар аударды.🔹Президенттің пайымдауынша, тіл саясиландыратын мәселе емес, керісінше адамдарды біріктіруге, өзара түсіністікке қызмет етуге тиіс.
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
    388221111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 11:40изменён

    🏀 Қазақстан Азия ойындарында Қытайға жол берді🇰🇿 Қазақстан әйелдер құрамасы 3х3 баскетболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы кездесуін өткізді.⛹️‍♀️ Қазақстандық баскетболшылар алғашқы кездесуінде Қытайға қарсы ойнады.🇨🇳 Ойында 18:12 есебімен қытайлықтар жеңіске жетті.🗓️ Ал Қазақстан әйелдер құрамасы екінші матчын бүгін, 22 қыркүйекте Шри-Ланкаға қарсы өткізеді.📸 Владислав Семенов
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
    37521111Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 10:52

    🚧 АҚТӨБЕНІҢ АЗАБЫНА АЙНАЛҒАН ЖОЛ ӨЗГЕРЕ МЕ?🛣️ Ақтөбе–Ұлғайсын. Бұл бағытта жиі жүретіндер жолдың жағдайын жақсы біледі. Ауыр жүк көлігі көп, қозғалыс тығыз, ал кей тұста тар жолдың өзі қауіпке айналады.🏗️ Енді осы күре жол түбегейлі жаңарып жатыр. Ақтөбе мен Ұлғайсын арасындағы бағыт кезең-кезеңімен 4 жолақты трассаға айналмақ.✅ Жол кеңейтіліп, қозғалыс қауіпсіз болмақ.❓ Жылдар бойы жүргізушілерді әбігерге салған жолдың қазіргі құрылысы қалай жүріп жатыр?🎥 «Жасампаз мекен» бағдарламасының жүргізушісі Риат Шони Ақтөбеге арнайы барып, жол құрылысын тексеріп қайтты.
    387видео3Открыть в Telegram
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 10:31

    🚕 ЖҮРГІЗУШІСІЗ ТАКСИ 2027 ЖЫЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫБұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында айтты.Қазір Алматыда алғашқы жүргізушісіз көлік сынақтан өтіп, қаланың цифрлық картасын қалыптастыруда. Пилоттық жоба Алматы, Астана және Қосшы қалаларында іске қосылған.Жүргізушісіз көліктерді пайдалануға қажетті нормативтік-құқықтық база да әзірленіп жатыр.
  • 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР

    22 сент., 09:46

    🥇Тағы бір алтын: Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен Азия ойындарының чемпионы атанды Отандық спортшы 71 келіге дейінгі салмақта (modern) тәжікстандық Бехруз Хуршедзодадан 3:0 есебімен басым түсті. Осылайша Қадырбек Шынбаев аралас жекпе-жектен ұлттық құрама
    Иллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАРИллюстрация к посту канала 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР