Последние посты

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
22 сент., 05:36
✍️Қазақстан Абу-Дабидегі халықаралық кітап көрмесіне қатыстыҚазақстан әлемдегі әдеби және мәдени жиындардың бірі саналатын Абу-Дабидегі 35-ші халықаралық кітап көрмесіне қатысты.Биыл көрмеге 95 елден 1200-ге жуық қатысушы жиналды. Бағдарлама аясында мәдени, әдеби және білім беру іс-шаралары өтіп, биылғы көрме «Парақта да, әлемді оқы» ұранымен ұйымдастырылды.Қазақстандық стендте отандық қаламгерлердің шығармалары, қазіргі қазақ әдебиеті, балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдар, ұлттық мәдени мұра туралы кітаптар және қазақстандық баспалардың жобалары таныстырылды.Көрме аясында Қазақстан өкілдері шетелдік баспалармен, әдеби агенттіктермен және мәдени ұйымдармен бірқатар кездесу өткізді. Тараптар қазақ әдебиетін шет тілдеріне аудару, авторлық және баспа құқықтарын халықаралық нарықта ілгерілету, сондай-ақ ортақ әдеби-мәдени жобаларды қолға алу мәселелерін талқылады.Айта
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
22 сент., 05:36

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
21 сент., 08:41
✍️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойып, білім мен тәрбие жүйесінде кітаптың рөлін күшейтуді негізгі мақсат ретінде көрсеткен болатын.ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев аталған жарлық аясында жүзеге асып жатқан «Жылдың он оқырманы» республикалық жобасы аясындағы кітап оқу марафоны еліміздің барлық өңірінде өтіп, 195 аудан мен 87 қаланы қамтитынын, қатысушылар сегіз санат бойынша бақ сынайтынын айтты. Жобаға мектеп оқушылары, студенттер, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар, жазушылар, журналистер және басқа да ниет білдірген азаматтар қатыса алады.Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында тұрақты кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сыни және аналитикалық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кітапты барлық жас және әлеуметтік топтар үшін білімнің маңызды көзі
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
21 сент., 08:41изменён

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
19 сент., 05:27
✍️«Шабыт берген Алматы!» поэзия байқауының жеңімпаздары анықталды.Алматыда Қала күніне орай ұйымдастырылған «Шабыт берген Алматы!» республикалық поэзиялық шығармалар байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Нүкенов, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов, жазушы Смағұл Елубай бастаған ақын-жазушылар, мәдениет және өнер саласының мамандары, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.Байқау Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Өтінімдер 15 шілде мен 29 тамыз аралығында қабылданып, байқауға еліміздің әр өңірінен барлығы 269 шығарма келіп түсті. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 7,5 млн теңге.Шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов байқаудың маңыздылығына тоқталып, оның Алматы қаласы әкімінің бастамасымен ұйымдастырылғанын атап өтті.
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
19 сент., 05:27

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
19 сент., 05:19изменён
Смағұл ЕЛУБАЙ, Қазақстанның Халық жазушысы:“ҰЛТ ЖАҢҒЫРУЫН КӨЗДЕГЕН ЖОБА”
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
18 сент., 16:49

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
18 сент., 16:44

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
18 сент., 16:38

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
18 сент., 16:01

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
18 сент., 15:55

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
18 сент., 12:49
✍️ҚОҒАМДЫ БІРІКТІРЕТІН РУХАНИ КҮШ«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонының қысқа мерзім ішінде миллионнан астам қазақстандықты қамтуы – елімізде кітап оқуға, әдебиетке деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасының қоғам тарапынан кең қолдау тауып отырғанының айқын көрінісі.Осы маңызды жобаны жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтыңбастамасына Қазақстан Жазушылар одағы жан-жақты қолдау көрсетеді. Өйткені кітап оқу – белгілі бір саланың немесе жекелеген азаматтардың ғана міндеті емес, қоғамның барлық мүшесіне, соның ішінде мемлекеттік қызметте жүрген азаматтардың бәріне ортақ іс. Мемлекеттік қызметкердің кітап оқуы – оның кәсіби білімі мен дүниетанымын кеңейтумен қатар, елдің
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
18 сент., 12:49

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
18 сент., 12:42
Құрметті қауым! Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың зерделі ұлт қалыптастыру бастамасына баршамыз атсалысайық!
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
18 сент., 05:10
✍️Бүгін жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серік Асылбекұлы мерейлі 75 жасқа толып отыр.Серік Асылбекұлы 1951 жылы 18 қыркүйекте Қызылорда обылысының Қармақшы ауданындағы Ленин ауылдық советіне қарасты Қарақ деген жерде дүниеге келген. 1968 жылы Қазалы ауданының Қазалы ауылындағы №100 Кеңтүп» қазақ орта мектебін, 1973 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор.1973-2001 жылдары орта мектепте мұғалім, мектеп директорының оқу істері жөніндегі орынбасары, республикалық әдеби баспалар мен журналдарда редактор, бас редактор, Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде жетекші маман болып қызмет атқарды. 2001-2008 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының аға оқытушысы,
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
18 сент., 05:10

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
17 сент., 05:30
✍️«Әдебиет – ізгіліктің бастауы»Тараз қаласында әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, өлкетанушы Сәмен Құлбарақтың 70 жас мерейтойына арналған шығармашылық бенефис кеші өтті.Әдебиет пен ұлттық руханиятты, ел тарихы мен туған жер тағылымын арқау еткен тағылымды кеш қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығын, қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан үлесін кеңінен танытуға арналды.Кешке “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы Б.Жақып қатысып, қаламгерге Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкеновтің арнайы құттықтауы мен сый-сияпатын табыстады. Кеш барысында қарымды қаламгердің шығармашылық мұрасы кеңінен ұлықталып, «Мұхаммед Хайдар» атты тарихи романы салтанатты түрде таныстырылды.Тарихи романда XVI ғасырдың көрнекті тұлғасы, атақты тарихшы, жазушы, қайраткер, қолбасшы Мырза Мұхаммед Хайдар
ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
17 сент., 05:30

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ
16 сент., 05:11
✍️Бүгін белгілі ақын, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Шаһизада Әбдікәрімов мерейлі 70 жасқа толып отыр.1956 жылы 16 қыркүйекте Қызылорда облысы Қармақшы ауданы «Жаңажол» ауылында туған. ҚазМҰУ- дың журналистика факультетін бітірген. Қармақшы аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінде әдеби қызметкер, Байқоңыр қалалық телекомпаниясының төрағасы, республикалық «Қазақстан - 1» теле-дидарының Қызылорда облысы және Байқоңыр ғарыш кешеніндегі меншікті тілшісі, Қызылорда арнайы экономикалық аймағы теле- дидарының төрағасы қызметтерін атқарған.Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас ақындардың «Көктем тынысы» кітабына енген. 1983 жылы «Қарлығаш» ұжым-дық кітабында өлеңдері жарық көрген. «Байқоңыр», «Төрткүл», «Сүлей-дария» өлеңдер жинағының авторы.Қырғыз ақыны Акбар Рысқұловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. 2001 жылы «Байқоңыр» өлеңдер жинағы қырғыз тілінде жарық көрді. ҚР
