gram news
ABAI UNIVERSITY channel avatar

ABAI UNIVERSITY

@abai_univer

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ресми Telegram-арнасы

ProjectsUKEducation

11,800subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • ABAI UNIVERSITY

    22 Sept, 11:25

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СУДЕНТТЕР ФОРУМЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШТЫАбай университеті мен Шанхай педагогикалық университеті студенттерін бір ортада тоғыстырған «Тұрақты болашақты қамтамасыз етудегі білім берудің құндылығы» халықаралық студенттік форумы екі университет жастарына білім беру саласындағы өзекті мәселелерді бірге талқылауға, зерттеулер жасауға және жаңа академиялық байланыстар орнатуға жағдай туғызды. Үш күнге созылған халықаралық кездесу болашақ педагогтардың кәсіби көзқарасын кеңейтіп, екі ел студенттері арасындағы тәжірибе алмасуға жол ашты.Материалды толық оқу: https://abai.university/news/1791-mezdunarodnyi-studenceskii-forum-otkryl-put-k-novym-vozmoznostiam
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    21 Sept, 13:10

    Кештің ең керемет сәттері алда! Студенттер, сіздерді ерекше концертімізге шақырамыз! ✨ Музыка, көңіл-күй және ұмытылмас атмосфера — бәрі бір кеште! 🔥📍Барлығыңызды күтеміз!
  • ABAI UNIVERSITY

    21 Sept, 11:34

    УНИВЕРСИТЕТ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚЫРШЕХИР ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІАбай университетінің делагациясы Түркияға сапары аясында Қыршехир провинциясының губернаторы (уәлиі) Мұрат Сефа Демирюрекпен кездесіп, өңір басшысы мен білім беру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қыршехир Ахи Эвран университетімен бірлескен қосдипломды білім беру, академиялық ұтқырлық бағдарламаларын ілгерілету бойынша пікір алмасты.Толығырақ: https://abai.university/news/1780-delegaciia-universiteta-vstretilas-s-gubernatorom-provincii-kyrsexir
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    21 Sept, 06:53

    🎓 ҚОШ КЕЛДІҢ, СТУДЕНТ!Жаңа оқу жылын ерекше көңіл-күймен бастайық! 🔥 Сіздерді «Қош келдің, Студент!» атты мерекелік кешке шақырамыз! ✨Бұл кеште сіздерді: 🎤 керемет өнерпаздар 💃 ерекше атмосфера 🔥 көңілді бағдарлама және ең бастысы — ұмытылмас эмоциялар күтеді!⭐ Кеш жүргізушілері: Бағлан Әбдірайымов & SSS.Sabina🎙️ Қонақтар: Нұрмұхаммед Жақып, KешYOU тобы, Murat Yaprak және т.б.📍 М.Әуезов атындағы спорт кешені, Гоголь, 1 🗓️ 24 қыркүйек 2026 жыл ⏰ 15:20|19:30Студенттік өмірдің алғашқы кешін жіберіп алма! ❤️‍🔥 Кездескенше! 🎉
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    18 Sept, 16:34

    🎊Ару Алматы күні құтты болсын!
    1,030video91Open in Telegram
  • ABAI UNIVERSITY

    18 Sept, 13:48

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ-ЖИНАҒЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ⚜️Абай университетінде Шоқан Уәлиханов пен Абай Құнанбайұлына арналған халықаралық «Бабалар аманаты» көрме-жинағының 7-томының тұсауы кесілді. Жинаққа Қазақстандық Бабалар аманаты этнографиялық дизайн одағы мүшелерінің еңбектері бес тілде жарық көрді. Ұлттық өнерді ұлықтап, тарихи-мәдени мұраны сақтауды мақсат еткен игі шараға өнертанушы ғалымдар, мәдениет қайраткерлері және студенттер қатысты.Материалды толық оқу: https://abai.university/ru/news/1772-sostoialas-prezentaciia-mezdunarodnogo-vystavocnogo-sbornika
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    18 Sept, 11:13

    ТҮРКИЯ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АБАЙ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫТүркияның Қыршехир Ахи Эвран университетінің базасында Абай атындағы қазақ тілі, әдебиеті және мәдениеті ғылыми-зерттеу орталығының ашылу салтанаты өтті. Жаңа орталық екі елдің ғылыми, білім беру және мәдени бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл – Абай атындағы ҚазҰПУ мен Ахи Эвран университетінің халықаралық серіктестігінің жаңа белесі.Толығырақ: https://abai.university/news/1771-v-tureckom-universitete-otkrylsia-centr-abaia
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    17 Sept, 12:54

    📌 ЖАСТАР ПСИХИКАCЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ✅ Абай университетінің Астана қаласындағы Білім беру институтында профилактикалық семинар өтті. «Өмір құндылығын дәріптеу арқылы жастардың психикалық денсаулығын нығайту» тақырыбын қамтыған профилактикалық семинар жастардың психикалық денсаулығын сақтау, эмоционалдық әл-ауқатын нығайту және суицидтік мінез-құлықтардың алдын алуға бағытталды.Материалды толық оқу: https://abai.university/news/1763-v-astane-prosel-seminar-po-psixiceskomu-zdoroviu-molodezi
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
    92921Open in Telegram
  • ABAI UNIVERSITY

    17 Sept, 10:13

    ПРИЕМ ДОКУМЕНТОВ НА ВОЕННУЮ КАФЕДРУ ПРОДОЛЖАЕТСЯ!Обучающиеся бакалавриата Университета Абая могут подать документы на военную кафедру до 30.09.2026. Проведение профессионально-психологического тестирования и проверка физической подготовки пройдут в период с 19.10 по 30.10.2026. Студенты могут обучаться как по гранту, так и на платной основе.Список необходимых документов указан в карусели 📌
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    17 Sept, 10:12

    ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА!Абай университетінің бакалавриат бөліміндегі білім алушылар Әскери кафедраға 30.09.2026 дейін құжат тапсыра алады. Кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу мен дене шынықтыру дайындығын тексеру 19.10 – 30.10.2026 аралығында өтеді. Студент грант және ақылы бөлімде оқи алады.Қажетті құжаттар тізімі карусельде көрсетілген📌
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    16 Sept, 13:05

    ПУСАН ШЕТ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІМЕН СЕРІКТЕСТІК ОРНАТЫЛДЫМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілеп бастаған ресми делегациясы Пусан шет тілдері университетінің президенті Чан Сун Хынмен кездесті. Қос тарап екі университет арасындағы академиялық және ғылыми серіктестікті дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.Толық оқу үшін: https://abai.university/news/1751-ustanovleno-partnerstvo-s-pusanskim-universitetom-inostrannyx-iazykov
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    16 Sept, 13:03

    📢СТУДЕНТТІК ҰЙЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ⚜️Бүгін Абай университетінде студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті. Білім ордасындағы 49 студенттік ұйым көпшілікке өзін таныстырып, «балмұздақтарды» өз қатарларына қосылуға шақырды. Жоғары оқу орнының табалдырығын аттаған 3 мыңнан астам білім алушы қалаған ұйымына тіркеліп, өз таңдауларын жасады.🔹Материалды толық оқу: https://abai.university/news/1755-v-universitete-abaia-prosla-iarmarka-studenceskix-organizacii
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    11 Sept, 14:27

    🔰МЕМОРАНДУМНАН КЕЙІН: РЕКТОР НӘТИЖЕЛЕРМЕН ТАНЫСТЫ⚜️Бүгін Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректор Болат Тілеп «Есік» музей-қорығына арнайы барып, екіжақты меморандумға байланысты атқарылып жатқан іс-шаралармен танысып қайтты. Онда университет басшылығына өндірістік тәжірибе кезінде Абай университеті студенттерінің тапқан археологиялық қазба жәдігерлері көрсетілді.Биылғы 16-наурызда қол қойылған келісім аясында атқарылған жұмыстар жөнінде де ақпарат берді. Айта кететін жайт, Абай университетінің студенттері биылғы өндірістік тәжірибе кезінде археологиялық қазба жұмыстармен айналысып, музей қазынасына 33 жебенің басы мен аттың жүгені детальдарын қосқан. Осыған байланысты Болат Тілеп ең алдымен университеттің Тарих-құқық факультетінің 1-курс студенттеріне өндірістік тәжірибе жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырғаны үшін музей-қорық ұжымына алғыс білдірді.Материалды толық оқу: https://abai.university/news/1729-posle-memoranduma-rektor-oznakomilsia-s-rezultatami
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    11 Sept, 13:39

    ТҮРКИЯЛЫҚ ҒАЛЫМ ШЕБЕРЛІК ДӘРІС ӨТКІЗДІБүгін Абай университетінде Түркиядан арнайы келген Селжұқ университетінің зерттеуші ғалымы Митат Кандемирдің «Беткіқабаттың формалистік композициялары» тақырыбында шеберлік сағаты өтті. Шараныңнегізгі мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, заманауиөнер бағыттарымен таныстыру және халықаралық кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.Материалды толық оқу: https://abai.university/news/1727-tureckii-ucenyi-provel-master-klass
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
    17422Open in Telegram
  • ABAI UNIVERSITY

    11 Sept, 11:58

    «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖАЛПЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫНА ҮШ КҮН ҚАЛДЫ2026 жылы 16 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Жарлық бойынша «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы бекітіліп, балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың орнықты дағдыларын қалыптастыру бағытын көздейді. Тұжырымдама аясында 15-қыркүйектен бастап «Кітап оқитын ұлт» жалпы республикалық кітап оқу марафоны басталады. Оған Абай университетінің Ғылыми кітапханасы да өз үлесін қосуды жоспарлап отыр.Материалды толық оқу: https://abai.university/news/1726-do-obshhestvenno-respublikanskogo-marafona-citaiushhaia-naciia-ostalos-tri-dnia
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
    28711Open in Telegram
  • ABAI UNIVERSITY

    10 Sept, 11:48

    АҚПАРАТТЫҚТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІБүгін Абай университетінде жаңа Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллектфакультетінің ресми ашылу салтанаты өтті. Заманауи технологиялардың заманы дәуірлеген уақытта құрылған факультет жаңа буын педагогтарындаярлауды мақсат етеді.Материалды толық оқу: https://abai.university/news/1713-sostoialos-otkrytie-fakulteta-informacionnyx-texnologii-i-iskusstvennogo-intellekta
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    10 Sept, 11:39

    ӘСКЕРИ БОРЫШЫН ӨТЕГЕН 13 САРБАЗ АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ОҚУҒАТҮСТІЕлімізде 2023 жылдан берімерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға білім беру гранты бағдарламасы іскеқосылған. Бағдарлама арқылы ЖОО-ға грант негізінде және ақылы бөлімге ҰБТ тапсырмайоқуға түсе алады. Аталған жеңілдіктержастардың әскери борышын өтеуге ынталандыру мен олардың кәсіби дамуынамүмкіндіктер жасау мақсатында даярланған. Биыл Абай университетіне әскериборышын өтеген 13 азамат «Сарбаз 2.0» жобасымен оқуға қабылданды.Материалды толық оқу: https://abai.university/news/1714--FNKxm
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    9 Sept, 12:18

    ⚜️АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – МҮМКІНДІКТЕР МЕКЕНІ🔰Еліміздің тұңғыш университеті – Абай атындағы ҚазҰПУ қаншама талантты жастың қанат қаққан ордасы. Ғасырға жуық тарихында 250 мыңнан астам педагог маман даярлап, отандық білім беру саласын дамытуға айрықша үлес қосып келеді. Оқу орнының түлектері педагогика саласында ғана емес, мәдениет пен руханият, өнер мен мемлекеттік қызметте де табысты еңбек етеді. Оған исі қазаққа белгілі қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар, кәсіпкерлер мен өнер майталмандары дәлел.Абай университеті әрбір студенттің бейімі мен шығармашылығына қолдау білдіреді. Ең алдымен ұлт ұстаздарын даярлауда ұлы Абайдың «Толық адам» ілімін университеттің стратегиялық даму тұжырымдамасы ретінде бекіткен. Оның негізінде «Ыстық қайрат – физикалық даму, Нұрлы ақыл – интеллектуалды даму, Жылы жүрек – рухани даму» қағидалары жатыр.Университетте 57 студенттік ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 35 шығармашылық, 10 спорттық үйірме, 6 театр мен 6 еріктілер ұйымы бар.
    696video1Open in Telegram
  • ABAI UNIVERSITY

    9 Sept, 11:48

    ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТКЕН ЖАҢА БЕЛЕСЖоғары оқу орнының ғылыми-зерттеу әлеуетін танытатын, оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми еңбектерін жариялайтын «Хабаршы» журналы маңызды рөл атқарады. Оның Ғылыми және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ККСОН) ұсынатын басылым қатарына қосылуы – университет хабаршысының салмағын арттыра түседі. Соған сәйкес, Абай университетінің хабаршы журналының бірі «Юриспруденция сериясы» аталған тізімге еніп, ғылыми басылым ретінде айқын көрсеткішке ие болды.Материалды толық оқу: https://abai.university/news/1711-novyi-rubez-rassiriaiushhii-gorizonty-nauki
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
  • ABAI UNIVERSITY

    9 Sept, 11:16

    ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС МӘЖІЛІСІ ӨТТІАбай университетінде Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтіп, былтырғы оқу жылында атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланды. Жиын барысында білім беру сапасын арттыру, цифрлық трансформация, әлеуметтік даму саясаты, ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту және университеттің алдағы даму бағыттары сөз болды.Материалды толық оқу: https://abai.university/news/1710-proslo-pervoe-zasedanie-ucenogo-soveta-v-novom-ucebnom-godu
    Image from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITYImage from a post by ABAI UNIVERSITY
    51621Open in Telegram