gram news
Erteńmedia channel avatar

Erteńmedia

@ertenmedia

✓Қазақ тіліндегі ең танымал телеграм-арна. ✓Ашық ақпарат, анық талдау, астарлы пайым. ™ @kurilkabai_bot

ProjectsUKPolitics

10,500subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • Erteńmedia

    17 Sept, 05:46edited

    ⚡️Базарбек оқиғасынан кейінгі бір ай: жол апатынан зардап шеккен Нұржігіт үйіне оралдыЭкс-депутат Бақытжан Базарбек мінген көліктегі жол апатында ауыр жарақат алған 36 жастағы Нұржігіт Қошанов бір айдан астам уақытқа созылған емдеу курсынан кейін ауруханадан шықты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Дәрігерлер өміріне қауіп төніп, комаға түскен азаматтың беті бері қарағанын растап, оны үйіне жіберді.Тасжолдағы оқиғаның мән-жайыҚайғылы оқиға 15 тамыз күні Жамбыл облысы аумағынан өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолында орын алған.Нұржігіт Қошанов көліктердің жүруіне кедергі келтірмеуі үшін жолда көлік қағып кеткен малдың өлексесін шетке сүйреп шығармақ болған. Дәл осы сәтте оны экс-депутат Бақытжан Базарбек тақымдаған көлік қағып кеткен.Комада өткен күндер және ахуалдың жақсаруыАпаттан кейін Нұржігіт аса ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізіліп, ұзақ уақыт
    1,950video4516432Open in Telegram
  • Erteńmedia

    15 Sept, 06:47edited

    ⚡️Қазақ-қырғыз достығының қара жәшігі немесе Кенесарыға келгенде кілт үзілетін туыстық...Астанада оқып жүрген қырғыз қыздарының Кенесары ханның аруағына тіл тигізуі (бас сүйегінен шарап ішеміз, ред) Ақорда мен Бішкектің сыйластығына сызат түсіретін фактор деп жазады Ertenmedia.kz.Қос бойжеткеннің камера алдында көз жасын көлдетіп, кешірім өтінгенімен мәселе шешілмейді. Әлгілердің аузынан шыққан ауыр сөз көрші елдегі мем.идеологияның тікелей көрінісі деп ашық айта аламыз.Қазақ-қырғыз бір туған деcек те, екі елдің мектеп қабырғасынан бастап оқытылатын тарихында қарама-қайшылық жетерлік. Солардың ең күрделісі де, жанды жері де хан Кененің тұлғасы.Қазақ даласы үшін Кенесары – Ресейдің отарлау саясатына қарсы келген соңғы заңды хан, қасиетті қаһарман. Ал қырғыз тарихнамасында ол Ормон ханның жеріне, Сарыбағыш руларына жорық жасаған «қатыгез феодал», өз жерін қорғаған қырғыздардың
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    2,68062127762Open in Telegram
  • Erteńmedia

    11 Sept, 06:15edited

    ⚡️ Балаеваға түскен ауыр портфель: жаңарған Қауіпсіздік кеңесі немен айналысады?Президент Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі мен оның жаңадан жасақталған дербес аппараты туралы ережелерді бекітті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Жаңарған органның нақты міндеттері шегеленіп, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасарына жүктелген өкілеттік шеңберін айқындалды.Аида Балаеваның құзырына Тоқаевтың актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырыстарында қабылданған шешімнің мүлтіксіз әрі толық орындалуын қадағалау міндеті жүктелді.Бұдан бөлек мынадай стратегиялық бағыттар да Балаеваның бақылауында болады:❤️ Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін арттыру, заң мен тәртіпті сақтау саласындағы меморгандар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру;❤️ Ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    4,840291212622Open in Telegram
  • Erteńmedia

    9 Sept, 10:35

    ⚡️ForteBank Қазақстандағы шағын және орта бизнеске қызмет көрсететін үздік банк атанды...ForteBank Asian Banking & Finance Retail Banking Awards 2026 халықаралық сыйлығының SME Bank of the Year – Kazakhstan номинациясы бойынша жеңімпаз атанды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Бұл марапат Банктің шағын және орта бизнесті қаржыландыруды дамытудағы және кәсіпкерлердің қаржылық құралдарға қолжетімдігін кеңейтудегі жетістіктеріне берілген жоғары баға.2026 жылы Forte кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы жұмысты күшейте түсті. «Даму» қорымен ынтымақтастық аясында кредиттерге кепілдік беру лимиті 102,8 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.Бұл механизм тұрақты бизнес-моделі қалыптасқан және өсу әлеуеті бар компанияларға қаржат алуға мүмкіндік береді. Бүгінде Банктің шағын және орта бизнеске арналған кредиттік портфелінің 72%-і өңірлік бизнеске тиесілі, ал бір кредиттің орташа мөлшері 202 млн теңге.Fort
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    7,53029115321Open in Telegram
  • Erteńmedia

    9 Sept, 09:17edited

    ⚡️Көк бөрінің рухы тірілген күн: Баян Мақсатқызы Тәңір танымын үлкен аудиторияға алып шықты...Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Тәңір танымы, адам еркіндігі мен «құлдық» санадан құтылу туралы тосын пікір білдірді деп жазады Ertenmedia.kz.Осыған дейін Тәңіршілдік көбіне тар шеңбердегі тарихшылардың, жекелеген ғалымдар мен маргиналды белсенділердің деңгейінде ғана сөз болып келген. Бұлардың дауысы қалың бұқараға жете бермейтін, ұсынған идеясы аудиториясының аздығынан алысқа ұзамай ұмытылатын еді.Діни жамағат әлгілерді «адасқандар» деп айыптап, қоғамдық пікірдің шетіне қарай ысырып отырды. Енді ме, енді осы алаңға атышулы Баян Мақсатқызы кіріп жатыр. Оның артында миллиондаған оқырман, әйелдер қауымы, шығармашыл жастар мен қалалық зайырлы элита тұр.Баян кез келген ұғымды сәнге, трендке, халықтың күнделікті талқылайтын тақырыбына айналдырудың хас шебері. Ол өзінің медиалық беделі
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    7,07010732151366Open in Telegram
  • Erteńmedia

    8 Sept, 12:21

    ⚡️Сауын сиыр дәуірінің ақыры: Әбілқасымова банктерді мемлекет қазынасынан ажыратып тастады...Қазақстанның қаржы нарығында соңғы жылдағы ең ауқымды реформа аяқталып, банктердің қызметіне түбегейлі өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова осы ретте сіз бен бізге қызықты болатын бірқатар сауалға жауап қатқан екен.Несие кімдерге берілмейді? Шамадан тыс қарыздануға тосқауылХалықты қарыз қамытынан сақтау үшін тұтынушылық несиенің берілу талаптары заң жүзінде қатайтылған. Мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға, сондай-ақ соңғы 3 жылда қарызы сот немесе банк арқылы кешірілген, не соңғы бір жылда қайта құрылымдау жасалып, бірақ төлемін өтей алмаған борышкерлерге жаңа несие беруге түбегейлі тыйым салынған.«Тәуекелі жоғары қарыз алушыларды несиелендіруге шектеу қойылды. Сондай-ақ 2027 жылдан бастап қарыз
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    6,520425422Open in Telegram
  • Erteńmedia

    8 Sept, 06:40edited

    ⚡️АЭС желеуімен келген бопса: «Росатом» қазақ уранына қатысты тосын талап қойды...Атышулы «Росатом» Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті отынмен қамтамасыз ету сылтауымен еліміздегі уран кен орындарын игеру бойынша ұзақ мерзімді кепілдік талап етуі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Мәскеу Қазақстанның стратегиялық шикізат нарығындағы ықпалын бірнеше онжылдыққа бекітіп алуға мүдделі.Тау-кен өндірісі саласының сарапшысы, бұған дейін «Қазатомда» еңбек еткен Телман Шүриев telegram-арнасында осыған қатысты маңызды деректі жария етті. Айтуынша, орыстар «Балқаш» АЭС құрылысы аясында Астанадан бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізуге ұмтылуда.Әңгіме уран кен орындарын барлау мен өндіру құқығының мерзімін күрт ұзарту туралы болып отыр.Сарапшы қазірдің өзінде көрші елдің отандық уран секторында айтарлықтай үлесі бар екенін, ал жаңа талап Ресейдің ықпалын тіпті арттыра түсетінін есептеп көрсеткен.
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    6,7104387655Open in Telegram
  • Erteńmedia

    7 Sept, 14:38

    ⚡️Алтыннан қалған ащы дәм: Қырғыз жеріндегі Көшпенділер ойыны неге дау-дамаймен аяқталды...Қырғыз жерінде өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойыны үлкен дау-дамаймен және көпе-көрнеу әділетсіздікпен аяқталды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Жарыс нәтижесінде жүлдені күштеп жұлып алу әрекеті мен спорттық этиканың аяққа тапталуы дүбірлі доданың тарихына қара таңба болып басылды. Дала өркениетін жаһанға танытуды көздеген жоба ағайын елдердің сыйластығына сына қаққан ұсақ амбиция алаңына айналып кетті.Турнирдің ең сорақы көрінісі ресми медальдық есептегі ашық бұрмалау болды.Жарыстың соңғы күні Қазақстанның Спорт министрлігі құрамамыздың 32 алтын, 20 күміс және 22 қола, жалпы саны 74 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шыққанын ресми түрде жария етті. Жарыс қожайындары 30 алтынмен екінші орында тұрған еді.Сол-ақ екен қырғыздардың ұйымдастыру комитеті таблодағы
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    6,730142209554Open in Telegram
  • Erteńmedia

    7 Sept, 06:34edited

    ⚡️Сахна, сауда және сәлде: әнші-әртістер неге жаппай орамалын шеше бастады...Отандық шоу-бизнесте соңғы жылдары етек алған үлкен діни толқынның кері қайту процесі басталды. Кеше ғана тақуалықтың туын тігіп, мыңдаған оқырманға «нәпсіні тиюдің» уағызын айтқан әнші-әртістер, блогерлер тұмшаланған образдан бас тартып, бұрынғы зайырлы, сахналық кейпіне қайта оралуда деп жазады Ertenmedia.kz.Қазақ эстрадасының өкілдері кезінде орамалға неге жаппай жүгінді және бүгін неге оны дәл сондай жеделдікпен шешіп жатыр?Ең алдымен, әнші-әртістердің дінге келуі мен орамал тағуы таза рухани ізденістің жемісі болмағанын мойындау қажет. 2018–2022 жылдары елімізде әлемжелінің дамуымен қатар діндар аудитория да күрт артты.Миллиондаған просмотр жинау, көпшіліктің ықыласына бөлену дәл осы «ұят», «иман», «мұсылман әйел» архетипіне тікелей тәуелді болып қалды.Продюсерлер, маркетологтар әлгі трендті
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    6,32055332513117Open in Telegram
  • Erteńmedia

    5 Sept, 14:25edited

    ⚡️Кремльшіл риториканың кермек дәмі: Ахметова мен Вайстың үстінен іс қозғалды...Полиция атышулы Анастасия Ахметова мен желіде Вайс тегімен танылған Эльмира Кулакованың үстінен іс қозғады. Екеуі де ұлтараздықты қоздырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Бұған блогерлердің желідегі жазбаларынан кейін құқық қорғау органдарына түскен арыз-шағым себеп болған.Жұмсартып айтқанда, Ахметова мен Кулакова ұлтаралық қарым-қатынас, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы жанжал және мемлекеттер арасындағы текетіреске байланысты резонансты тақырыптарды жиі көтерген.Жазбасында Кремль мен Киев арасындағы соғысқа, тіл дауына және Қазақстандағы қоғамдық-саяси оқиғаларға баға берген. Титулды ұлқа тіл тигізген сәттері де аз емес. Күні кеше екеуі де тергеу амалын бастау үшін полицияға жеткізілді. Сот оларға әртүрлі бұлтартпау шарасын таңдаған екен.Бала-шағасы бар Анастасия Ахметова
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    5,09084436531Open in Telegram
  • Erteńmedia

    5 Sept, 06:39edited

    ⚡️Погондағы әкімдер дәуірі: Ақорда өңірлерге генералдарды түсіре бастады...Алматы облысына Шыңғыс Әріновтың әкім боп келуі үлкен үйдің кадр саясатында талғам мен таңдау өзгеріп жатқанын айғақтайды деп жазады Ertenmedia.kz.Біздіңше, Тоқаев «өркениетті, Болашақты бітірген, Батыста оқыған, экономикалық тілде сөйлейтін» технократтардың өңірлік реализмге келгенде дәрменсіз екенін түсінген сынды.Премьер Бектеновтың алдында еxcel-мен есеп беріп, әдемі презентация жасауды жетік меңгерген әлгіндей топ өңірге барған бойда жуңглиге түскендей пәңгіріп қалады. Ақордаға әзір иерархияға қатаң бағынатын, жергілікті элитамен ешқандай тамыр-таныстығы жоқ, бұйрықты екі етпейтін кадрлар ауадай қажет.Ескі Қазақстаннан мұраға қалған тозған инфрақұрылым, топан су, жылу маусымындағы апат мен басқа да форс-мажордың тұсында елді бейбіт күннің саясатымен басқару мүмкін емес. Ашығын айтқанда, кейбір өңір
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    5,030772918432Open in Telegram
  • Erteńmedia

    4 Sept, 12:35edited

    ⚡️Депозит бәйгесі аяқталуға жақын: банктер салым мөлшерлемесін төмендете бастады...Банктер базалық мөлшерлеменің төмендеуіне ілесіп, депозиттердің табыстылығын азайта бастады. Тамызда бірден 11 банк салым шарттарын қайта қараған. Шілдеде мұндай қадамға небәрі төрт қаржы ұйымы барған еді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz депозитке кепілдік беру қорына сілтеп.Төмендеу депозит нарығының басым бөлігін қамтыды. Жинақ салымдарымен қатар, ақшаны еркін алып, қайта толықтыруға мүмкіндік беретін мерзімсіз депозиттердің де табысы азайып келеді.Үдеріс Ұлттық банк шілдеде базалық мөлшерлемені 17 пайыздан 16,75 пайызға түсіргеннен кейін жеделдеген.Мерзімсіз депозиттердің орташа табыстылығы 14,19 пайыздан 14,08 пайызға төмендеді. Нарықтағы ең жоғары мөлшерлеме бірден 0,9 пайыздық тармаққа қысқарып, 15,95 пайызды құрады.Толықтыруға болатын мерзімді салымдардың да бұрынғы тартымдылығы бәсеңдей
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    5,340226532Open in Telegram
  • Erteńmedia

    4 Sept, 05:23

    ⚡️Тоқаевты қорғаған офицер енді облысты басқарады. Әріновке Алматы өңірі сеніп тапсырылды...Президент Тоқаев Шыңғыс Әріновті Алматы облысының әкімі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Әрінов әзірде ғана қызметінен босатылған Марат Сұлтанғазиевтің орнына келді. Сұлтанғазиев Алматы облысын 2022 жылғы маусымнан бері басқарған.42 жастағы Шыңғыс Әрінов бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды. Ол жаңадан жасақталған Үкімет құрамына енген жоқ. ТЖМ басшылығына министрліктің бұрынғы аппарат басшысы Мұрат Мұханов тағайындалды.Әріновтің еңбек жолының басым бөлігі Мемлекеттік күзет қызметімен байланысты. Ол 2006–2022 жылдары аталған құрылымда офицерлік қызметтен басшылық лауазымға дейін көтерілді.2022 жылы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары әрі Президентті қорғау қызметінің бастығы болды. Төтенмин-нің тізгінін 2024 жылғы ақпанда ұстады.
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    5,2702383322Open in Telegram
  • Erteńmedia

    4 Sept, 04:25

    ⚡️Тоқаев Алматы облысының әкімін орнынан босатты: жаңа басшы кім болуы мүмкін?Президент Тоқаев Марат Сұлтанғазиевті Алматы облысының әкімі лауазымынан босату туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Өңір басшылығындағы ауыс-түйіс атқарушы билікте жүріп жатқан ауқымды кадрлық ротацияның заңды жалғасы. Күні кеше Үкімет құрамы жасақталған. Өз кезегінде Алматы облыстық мәслихаты Қонаев қаласында барлық деңгейдегі депутаттардың кезектен тыс жиналысы өтетінін хабарлады.Мәслихат депутаттарының дауыс беруіне Мемлекет басшысы ұсынған үміткерлер шығарылмақ.Дереккөздер мәліметінше, аймақ әкімі лауазымына басты үміткердің бірі ретінде жақында Төтенмин қызметінен босатылған Шыңғыс Әріновтің кандидатурасы қарастырылып жатыр.Марат Сұлтанғазиев несімен есте қалды?Сұлтанғазиев Алматы облысын 2022 жылдың 11 маусымынан бері, аймақ Алматы облысы және Жетісу облысы болып тарихи
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    7,060776227611Open in Telegram
  • Erteńmedia

    3 Sept, 10:48edited

    ⚡️Үкіметке жасалған жеңіл рестайлинг: Тоқаев Бектенов командасының өзегін сақтап қалды...Сонымен, Бектенов басқаратын үкіметтің құрамы толық бекітілді. Президент Тоқаев атқарушы биліктің негізгі сүйегін сақтап қалды деп жазады Ertenmedia.kz.Жаңа кабинеттегі 25 лауазымның 16 пайызы ғана ауысты, бұл ма, бұл бар-жоғы 4 ведомство.Экономикалық, қаржылық, күштік, аграрлық және әлеуметтік блок түгелдей бұрынғы басшылардың бақылауында.Басты өзгеріс сыртқы саясат, ақпарат, экология мен төтенше жағдай саласын қамтыды:• Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істерге қайта оралып, дипкорпустың тізгінін қолға алды.• Мәдениет және ақпарат министрлігіне Аида Балаеваның орнына Арман Қырықбаев келді.• Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тізгінін ұстады.• Төтенше жағдайлар министрі қызметіне 41 жастағы Мұрат Мұханов тағайындалды.Үлкен үйдегілер премьер Бектенов
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    3,160965322Open in Telegram
  • Erteńmedia

    3 Sept, 08:48edited

    ⚡️Салық саясатының командирі: Жұманғарин жаңа Үкіметте де негізгі рөлде қалды...Қазақстандағы салық реформасының әкесі атанған, осы кампанияға тағдырын тіккен Серік Жұманғарин Үкіметтегі орнын сақтап қалды деп жазады Ertenmedia.kz.Осыған дейінгі министрлер кабинетінің ең басты дерті жауапкершіліктен қашу, маңызды шешімді созбаққа салу және саяси тәуекелге бармау еді. Үлкен кісінің дәуірінде шенділердің басым бөлігі абайлап сөйлеп, сәтсіздіктің салмағын өз мойнына алмауға тырысатын.Тоқаевтың тұсында «екінші тынысы» ашылған Жұманғарин керісінше, қоғамның бүкіл ашу-ызасын өзіне қабылдайтын фигура болып тұр. Ақордаға барлық саяси репутациялық соққыны өзіне сорып алатын абсорбер шенеунік әзір ауадай қажет.Салық саясаты сияқты аса сезімтал салада агрессивті аудиториямен, бизнеспен, тіпті парламенттегі депутаттармен ашық әрі дөрекілеу пікірталасқа түсуге дәті жететін бір адам болса, ол
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    3,0101396421Open in Telegram
  • Erteńmedia

    2 Sept, 15:25

    ⚡️Құрылтайдың бір жылдық чегі. 145 депутатқа 22,53 миллиард теңге жоспарланды...2027 жылы Құрылтай қызметін қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 22,53 млрд теңге бөлу жоспарланған. Шартты түрде есептегенде, 145 депутаттың әрқайсысына 155,3 млн теңгеден келеді. Экономист Әнел Дәулетғалиева жаңа парламенттің шығынына қатысты осындай есеп ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Маманның айтуынша, 155,3 млн теңгені депутаттың жалақысы немесе қолына берілетін қаражат деп түсінбеу керек. Көрсеткіш Құрылтайдың жалпы бюджетін депутат санына бөлу арқылы шығарылған.Жалпы сомаға депутаттардың жұмысын ұйымдастыруға арналған барлық шығын кіреді. Олардың қатарында әкімшілік аппаратты ұстау, коммуналдық төлемдер, көмекшілердің еңбекақысы, кеңсе тауарлары мен депутаттардың тұратын жеріне жұмсалатын қаражат бар.Құрылтай қызметіне:2027 жылы – 22,53 млрд теңге;2028 жылы – 22,85 млрд теңге;20
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    3,04027129751Open in Telegram
  • Erteńmedia

    31 Aug, 15:08

    ⚡️Ең қиын емтиханнан өткен адам: Ерлан Қарин елдегі екінші лауазымға қалай жетті....Саясаттанушы Данияр Әшімбаев тамыздың соңғы сәтіндегі кадрлық ауыс-түйісті бұрынғы саяси бағыттың жаңа конституциялық қалыпқа бейімделуі деп бағалады. Пайымынша, жаңарған құрылымда Ерлан Қарин саяси үйлестірушіге, Олжас Бектенов атқарушы биліктің тірегіне, ал Аида Балаева қауіпсіздік блогындағы маңызды тұлғаға айналған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Әшімбаев Тоқаевтың кадрлық шешімге келгенде болжап болмайтын әсер қалыптастыруға тырысатынын атап өтті. Соған қарамастан тамыздағы тағайындаудың астарынан сабақтастық байқалады.Саясаттанушы Ерлан Қариннің кейінгі жылдағы мансабын қазіргі саяси жүйеде сирек кездесетін тұрақты өсудің мысалы деп отыр. Ол Президенттің кеңесшісі, көмекшісі, мемхатшы, мемкеңесші, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен кейін вице-президент атанды.Әшімбае
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    3,3701554411Open in Telegram
  • Erteńmedia

    31 Aug, 09:24edited

    ⚡️Үкіметтен Қауіпсіздік кеңесіне: Балаеваның саяси траекториясы күрт өзгерді...Президент жарлығымен Аида Балаева Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол жаңадан енгізілген лауазымды иеленіп отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Балаева күні кешеге дейін премьер-министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі қызметін қатар атқарып келді.Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымы Қазақстанның мембасқару жүйесіне жаңа қызмет ретінде енгізілді. Тоқаев мұндай тағайындау жасалатынын Құрылтайдың алғашқы отырысында хабарлаған еді.Ал біз бұған әлі де тоқталамыз. Бізге жазылып алыңыз👇✈️ https://t.me/ertenmedia
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    3,2902093332Open in Telegram
  • Erteńmedia

    31 Aug, 08:22

    ⚡️Ақорданың миы мен моторы: Тоқаев Қарин мен Бектеновті неге таңдағанын ашып айтты...Президент Тоқаев Ерлан Қарин мен Олжас Бектеновтің елдегі жоғары мемлекеттік қызметке лайық деп танылу себебін айтты. Мемлекет басшысы Қариннің стратегиялық пайымын, ал Бектеновтің Үкімет басындағы тәжірибесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.Құрылтай отырысында Президент вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. Тоқаев оның мемлекеттік басқару саласында ұзақ жыл еңбек еткенін және елдегі ауқымды реформаларды жүзеге асыруға тікелей атсалысқанын айтты.«Ерлан Қаринді ел жақсы біледі. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл жұмыс істеген, білімі терең, тәжірибесі мол, нағыз отаншыл азамат. Ауқымды реформаларды іс жүзінде жүзеге асыруға қатысты. Мемлекеттің ұзақмерзімді стратегиясы мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму келешегін айқын түсінеді. Сондықтан Ерлан
    Image from a post by ErteńmediaImage from a post by Erteńmedia
    2,77016146553Open in Telegram