Latest posts

Izgi Ayel
20 Sept, 14:16
Адамдарға жылы сөйлесең, отбасыңа одан да жұмсақ бол.Бөтендерге сабыр танытсаң, сол сабырыңа ең алдымен өз жақындарың лайық.Жұртқа бойыңдағы ең жақсы қасиеттеріңді көрсетсең, оны ең соңынан көретін өз отбасың болмасын.Өйткені жақсылығың отбасыңнан басталмаса, оның шынайылығы күмән тудырады.
Izgi Ayel
20 Sept, 01:38
«Егер ер азамат бір әйелді шын қаласа, оны ештеңе тоқтата алмайды.Арақашықтық та, жас айырмасы да, материалдық жағдай да, жұрттың пікірі де. Әйелдің бұрын тұрмыста болғаны немесе балаларының бары да, өз анасының өктемдігі де, жер бетіндегі басқа ешнәрсе де бөгет бола алмайды.Ер адамның батыл қадам жасап, кедергілерді еңсеру қабілеті таңғаларлық. Тек ол сол әйелді шынымен қаласа болғаны».
Izgi Ayel
18 Sept, 14:22
«Айналаңа өзіңнен де мықты адамдарды жина – сонда өзің де жетістікке жетесің».
Izgi Ayel
18 Sept, 14:20
«Иә, нанға асыққан адам оны қамыр күйінде жейді. Бірақ тым кешіккен адамға да күйген нан қалады…»Мағынасы: асықпа, бірақ созбалаңға да салма. Әр нәрсенің өз уақыты бар.
Izgi Ayel
16 Sept, 11:42edited
Егер Алланың саған дүние игіліктерін шектеп, сынақтарды көбейтіп жатқанын көрсең, Оның алдында қадірлі екеніңді біл.
Izgi Ayel
1 Sept, 19:42edited
Ақылың бар, бірақ әлі де кедей болсаң, бәлкім, алға жылжуыңа кедергі болып тұрған нәрсе – менмендігің.


Izgi Ayel
31 Aug, 17:21
«Қазіргі заманда жақсы, ізгі жар жоқ» дейтіндерге:«Өзің жүрген батпақтан шық. Өйткені ізгі қыздарды басыңды сұғып алған қоқыс жәшігіңнен таба алмайсың!»Ар-Рафиғи былай деген:«Өзі бұзық болған адам барлық қыз туралы жаман ойлайды».
Izgi Ayel
31 Aug, 08:26
Бала тәрбиесіне қатысты пайдалы дүниелерді оқығанда үнемі бір ой болатын:«Осылардың бәрі бір жерде жинақталып тұрса ғой…»Сол себепті ислам ғалымдарының бала тәрбиесіне қатысты құнды насихаттарын, еңбектерінен үзінділерді және пайдалы кеңестерді бір жабық Telegram арнасына жинап жүрмін. — аудио сабақтар; — PDF кітап; — және алдағы уақытта қосылатын жаңа материалдар болады.Қолжетімділік: 5000 ₸ — бір рет төлейсіз. Арна сізге шексіз ашық қалады.Қосылғыңыз келсе жазыңыз:87786363949
Izgi Ayel
30 Aug, 21:17
Махмұд Дәруиш былай дейді:Егер таңертең бақытты болып оянғың келсе, түнде кіммен сөйлесетініңе мән бер.
Izgi Ayel
30 Aug, 21:03
Ақымақ – не істейтінін айтып жүреді, мақтаншақ – не істегенін айтып жүреді, ал ақылды адам – ісін істейді де, ол туралы көп сөйлемейді.
Izgi Ayel
25 Aug, 20:12
«Әр адам өз ойларынан жеңіледі. Сондықтан олардың жүрегінде соншалық көп ауырсыну мен мұң болады.»— Жәлаладдин Руми
Izgi Ayel
22 Aug, 18:50
Шайтанға сенің тек күнә жасап жүруің маңызды емес. Оған ең маңыздысы– өзгерудің мүмкін емес екеніне сені сендіру.Егер сен осы өтірікке сенсең, күрес басталмай жатып-ақ аяқталады.
Izgi Ayel
19 Aug, 13:29
Отбасылық өмірдегі табыстың бір сыры – жарыңмен оның жүрегі қабылдай алатын деңгейде қарым-қатынас жасау.Өйткені әйелдің нәзіктігі, сезімталдығы мен жұмсақтығына байланысты онымен сөйлесуде ақыл тілі әрдайым ең тиімді тіл бола бермейді.Оған керегі:жылы сөз; құшақ; қамқорлық; түсіністік; бірге болу, қолдау көрсету; жанашырлық; сезімдерін бағалау.Бұл қағида ер адаммен қарым-қатынаста да жақсы нәтиже береді.
Izgi Ayel
19 Aug, 09:15
Бір шәкіртім Имам Науауидің «40 хадисін» тереңірек түсінгісі келіп, сол хадистерді шархымен бірге ақылы түрде өтуімді сұрады.Соған байланысты осы 40 хадиске Ханафи ғалымдары жазған түсіндірмелерді іздеп, Мулла Әли әл-Қаридің «әл-Мубин әл-Муғин ли-фәһми әл-Арбағин» еңбегін таңдадым.Алдағы уақытта осы кітапты негізге алып, қажет жерінде басқа да шархтар мен еңбектерге жүгініп, Имам ән-Науауидің 40 хадисін жүйелі түрде талдап өтеміз(иғробында жасаймыз).Егер сіз де қосылғыңыз келсе, топқа қатысу құны– 10 000 тг. Төлем бір рет қана жасалады, сабақтарға қолжетімділік шектеусіз болады.Сабақтар Telegram желісінде аудио форматта өтеді. Сондықтан өзіңізге ыңғайлы уақытта тыңдап, асықпай білім ала аласыз.Сабақ қыздар мен ұлдарға да ортақ.Қызықтырса жазыңыз: 87786363949
Izgi Ayel
18 Aug, 12:03
Ұмыт қалған ерлі-зайыптылық сүннеттерінен:Бір көрпенің астында бірге ұйықтау. Бірге ғұсыл алу. Бір ыдыстан бірге ішіп-жеу. Әйелінің шашын тарау. Үй шаруасында әйеліне көмектесу. Әйелін жиі сүю. Әйелін қорғау және оның жанында болу. Оған сыйлық беру.
Izgi Ayel
18 Aug, 12:00
Кешіктіргені үшін Аллаға шүкір ет.Үйленудің кешігуі. Балалы болудың кешігуі. Жұмыстың кешігуі. Шипаның кешігуі. Армандарыңның орындалуының кешігуі. Ризықтың кешігуі.Расында, Ол сен үшін бұдан да ұлы бір нәрсені әзірлеп жатыр.
Izgi Ayel
18 Aug, 10:22
Саған қиын жол берілді, өйткені сол жолды соңына дейін алып шығатын қасиет сенің бойыңда бар.
Izgi Ayel
18 Aug, 10:19
«Көз — өзіне ұнағанды іздейді Ақыл — өзін түсінгенді іздейді Жүрек — өзін сезінгенді іздейді Ал рух — тек өзіне ұқсас рухты іздейді.»Шамсуддин әт-Табризи
Izgi Ayel
17 Aug, 13:23
Харам қарым-қатынасты жалғастыру күн сайын сенің өміріңдегі жақсылық пен берекеден үлесіңді азайтады.Сондықтан дәл қазір өзіңді қолға ал да, бұл есікті жап. Алладан жәрдем сұра. Өйткені оның өтеуі бұл дүниеде де, ақыретте де тым ауыр.
Izgi Ayel
17 Aug, 06:33
Араб тілінен сөздерді жаттайсыз, бірақ сөйлем құрай алмайсыз ба? Құран оқығанда аяттардың мағынасын өзіңіз түсінгіңіз келе ме?«Тамһид» кітабы бойынша дайын араб тілі сабақтарына қосылуға болады.Бұл сабақтарда араб тілін жай ереже ретінде емес, түсініп, сөйлеп, қолдануға үйренесіз. Біртіндеп Құрандағы таныс сөздер мен сөйлемдердің мағынасы да ашыла бастайды.Қазір осы сабақтарды оқып жүрген шәкірттерім нәтижесін көріп жатырСабақтар дайын форматта ұстазбен кері байланыс бар. Өзіңізге ыңғайлы уақытта оқи аласызТолық курс — 20 000 тгТек әйелдерге 🌷(дәріс беруші әйел ұстаз)Қызықтырса жазыңыздар:87786363949
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
