gram news
KUSPEKOV OLZHAS channel avatar

KUSPEKOV OLZHAS

@kuspekov_olzhas_public

ҚР Құрылтай депутаты

ProjectsKKPolitics

13,700subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • KUSPEKOV OLZHAS

    22 Sept, 12:33edited

    Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмыс істеген кезеңде әскери қызмет өткерген азаматтардың әскерден кейінгі мүмкіндіктерін кеңейту мәселесіне де назар аударып едік.Сол жұмыстың нәтижесінде «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңға 50-1-бап енгізіліп, мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтарға бірқатар білім беру жеңілдіктері заң жүзінде бекітілді.Атап айтқанда, белгіленген талаптарға сай азаматтарға: — жоғары әскери және арнаулы оқу орындарына жеңілдікпен түсуге; — белгіленген квота шеңберінде азаматтық жоғары оқу орындарында білім грантын алуға; — әскери қызметтен кейін екі жыл ішінде ақылы негізде ҰБТ мен қабылдау емтихандарынсыз оқуға түсуге; — оқу жылында жатақханадан орын алуға басымдық беріледі.Бұл мүмкіндіктердің бүгінде нақты нәтижесін көріп отырғанымыз қуантады. Биыл 1 745 әскери қызметші мемлекеттік білім
  • KUSPEKOV OLZHAS

    22 Sept, 12:33

  • KUSPEKOV OLZHAS

    22 Sept, 10:11

    Бүгін төрт жыл мерзімге 126 азаматтан тұратын Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланды.Кеңес үш бағыт бойынша теңдей жасақталған: • 42 мүше - этномәдени бірлестіктерден; • 42 мүше - қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардан; • 42 мүше - мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден.Құрамда еліміздің барлық өңірінің өкілдері бар. Кеңес мүшелерінің 31,7%-ын әйелдер құрайтыны да назар аударарлық. Бұл - әйелдердің қоғамдық өмірге белсенді араласып келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш.Кеңес мүшелерінің орташа жасы - 49,3 жас. Құрамда тәжірибелі мамандармен қатар, жаңа көзқарас пен тың идея ұсынатын азаматтар да бар.Бұл - әртүрлі орта өкілдерін бір алаңға жинап, ел үшін маңызды мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік беретін кең ауқымды құрам.Құрамнан өзім бірге еңбек етіп жүрген әріптестерімді көргеніме де қуаныштымын. Әрқайсысының елдік мәселелерге өзіндік көзқарасы
  • KUSPEKOV OLZHAS

    22 Sept, 07:38edited

    Жапониядан келген қонақтармен Қорғалжында қоқиқаздарды бір сағаттай дүрбімен бақылап, табиғаттың бір сәтін үнсіз тамашаладық.Сол сәтте жапон халқындағы табиғатты асықпай бақылап, оның сұлулығынан эстетикалық ләззат табатын қасиетін байқадым. Бәлкім, бізге де осындай әдет жетіспейтін шығар. Күнде көріп жүрген дүниемізге көз үйреніп, оның қадірін байқамай қаламыз. Бала кезімізден атпен аралаған, талай рет жанынан өткен даламыздың өзі қаншама көркем. Тек соны көре білу керек.
  • KUSPEKOV OLZHAS

    22 Sept, 05:45

    PISA нәтижелерін жыл сайын шу етіп талқылап, кейін ұмытып кететініміз өтірік емес. Бүгінде қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтық әлі де өзекті.Жаңа Конституциямызда адами капитал мемлекеттің басты стратегиялық басымдығы және ел дамуының негізгі ресурсы ретінде бекітілді. Демек, білім мен ғылымға, мұғалім мен балаға салынған инвестиция - елдің ертеңіне салынған инвестиция.Егер Қазақстанды технологиялық әрі бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, ең алдымен адами капиталға мән беруіміз керек. Себебі мықты адами капиталсыз технологиялық, экономикалық және ғылыми биіктерді бағындыру мүмкін емес.Сондықтан PISA нәтижесі шыққан сайын рейтингке қарап қана қоймай, одан нақты сабақ алып, білім беру саясатына қажетті өзгерістерді дер кезінде енгізуіміз керек.
  • KUSPEKOV OLZHAS

    19 Sept, 07:22

    Бүгін әріптестеріммен бірге World Cleanup Day - Дүниежүзілік тазалық күніне орай ұйымдастырылған сенбілікке қатыстық.Бұл бастама «Таза Қазақстан» аясында еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр. Мыңдаған тұрғын мен ерікті ортақ іске атсалысып, өз аумақтарын ретке келтіруде.Табиғатқа жанашырлық осындай күнделікті қарапайым әрекеттен басталады. Таза әрі жайлы орта қалыптастыру - әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
    Image from a post by KUSPEKOV OLZHASImage from a post by KUSPEKOV OLZHAS
  • KUSPEKOV OLZHAS

    18 Sept, 13:21

    ​​Апталық дайджест | 14–18.09.2026Дәстүрлі апта қорытындысын қайта жалғастырайық. Құрылтайдағы жұмыс аптасы да көзді ашып-жұмғанша өте шықты.Аптаның алғашқы күні Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің отырысынан басталды. Өздеріңіз білетіндей, мен осы комитеттің мүшесімін. Одан кейін партияның жиыны өтіп, алдағы кезеңдегі жұмыс бағыттарын айқындадық.Құрылтай отырысында ратификацияға қатысты екі заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Оның бірі Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттемелеріне өзгерістер енгізуге қатысты болса, екіншісі - Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім.Сонымен қатар Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру мәселесі де күн тәртібіне енгізілді.Аптаның маңызды мәселелерінің бірі - 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымы.
  • KUSPEKOV OLZHAS

    18 Sept, 12:00edited

    «Артық білім кітапта» дейді Абай атамыз. Шындығында, кітап оқыған адамның ойы тереңдейді, танымы кеңейеді, сөзі салмақтанады. Ал көп оқитын қоғамның талғамы мен талабы да биіктейді.Сондықтан Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Жылдың 10 үздік оқырманы» республикалық кітап оқу марафонын маңызды бастама деп санаймын. Бұл - кітап оқуды насихаттап қана қоймай, білім мен ізденісті өмір салтына айналдыруға үндейтін жоба.Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевтың мәліметінше, марафон еліміздің 195 ауданы мен 87 қаласын қамтып отыр. Жобаға алғашқы екі аптаның өзінде миллионнан астам адам тіркелген. Қатысушылар алты ай ішінде 15 кітап оқып, интеллектуалды сайыстарға қатысып, эссе жазып, оқыған шығармалары бойынша білімін сынайды.Республикалық кезеңде үздік шыққан 10 оқырманның әрқайсысына 10 миллион теңгеден сыйақы беріледі. Жеңімпаздар 23 сәуір - Ұлттық кітап күні
  • KUSPEKOV OLZHAS

    18 Sept, 07:34

    Бүгінде елімізде Назарбаев Зияткерлік мектептері (НИШ) мен кейбір жекеменшік мектептердегі 12 жылдық білім беру жүйесін қайта қарап, 11 жылдық форматқа көшіру мәселесі талқыланып жатыр.Бір қарағанда, бір жылды қысқарту оқушыға да, ата-анаға да жеңілдік сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ мәселенің екінші жағы да бар.12 жылдық білім беру жүйесі - халықаралық тәжірибеде қалыптасқан модельдердің бірі. Әсіресе халықаралық бағдарламаларда қосымша бір жыл оқушыны университеттегі білімге дайындап, белгілі бір академиялық талаптарды алдын ала меңгеруге мүмкіндік береді.Егер мектептегі бір жыл қысқарса, осы дайындықтың бір бөлігі университетке немесе Foundation секілді қосымша бағдарламаларға ауысуы мүмкін. Бұл - оқушы үшін қосымша уақыт, ата-ана үшін қосымша шығын деген сөз.Сондықтан мәселе тек «11 жыл ба, 12 жыл ма?» деген сұрақпен шектелмеуі керек. Мәселе мектептегі өзгерістің оқушының
    75video2Open in Telegram
  • KUSPEKOV OLZHAS

    18 Sept, 04:28edited

    ​​Почему важно замечать не только плохоеМы привыкли считать оптимизм просто чертой характера. Но наука показывает, что то, как мы смотрим на будущее, связано и с нашим здоровьем, и с готовностью действовать.В 2019 году ученые Гарварда совместно с коллегами проанализировали 15 исследований с участием более 229 тысяч человек. Более оптимистичный взгляд на будущее был связан с меньшим риском сердечно-сосудистых заболеваний и общей смертности.Другое крупное исследование, охватившее более 221 тысячи человек, показало любопытную вещь: отсутствие пессимизма может иметь для здоровья даже большее значение, чем наличие оптимизма.При этом плохое буквально цепляет нас сильнее. В 2023 году ученые из NYU, ETH Zurich и других университетов проанализировали 22 тысячи экспериментов с новостными заголовками, 5,7 млн кликов и более 370 млн показов. Одно дополнительное негативное слово повышало
  • KUSPEKOV OLZHAS

    17 Sept, 12:52

    ​​С чтением ситуация самая тревожнаяБазового уровня читательской грамотности достигают только 36% наших 15-летних школьников. То есть ребенку сложно понять основную мысль текста, найти нужную информацию и сделать простой вывод.В среднем по ОЭСР (38 стран с передовыми экономиками) - 69%. Для сравнения: в Сингапуре - 86%, Ирландии - 84%, Южной Корее - 82%, и даже в постсоветской Эстонии - 83%.В математике ниже базового уровня - больше половиныТолько 44% казахстанских школьников достигают базового уровня.Это значит ребенку сложно применить базовые знания для решения простой практической задачи и понять, какое действие или формулу использовать.В среднем по ОЭСР это могут делать 65%.Учеников с самыми сильными знаниями – очень малоНо меня тревожит и другой показатель: самых высоких уровней достигает всего около 1% наших школьников против 8% в среднем по ОЭСР.Для сравнения: в
  • KUSPEKOV OLZHAS

    16 Sept, 10:27

    ​​Почти 97% должников по алиментам - мужчиныЗа первое полугодие 2026 года исполнительные производства по алиментам велись в отношении 232 758 должников.96,7% из них - мужчины. И как отцу четверых детей мне сложно понять эту цифру.У меня дочь и трое сыновей. Я понимаю, что люди разводятся. Отношения заканчиваются, семьи распадаются, между бывшими супругами бывают сложные конфликты. Но ребенок-то при чем?С женой можно развестись. С ребенком - нет После развода ты можешь больше не быть мужем. Но ты не перестаешь быть отцом. И твоя ответственность за ребенка не заканчивается вместе с браком.Алименты - это не про отношения с бывшей. Это еда, одежда, школа, лечение, кружки и обычные ежедневные расходы твоего ребенка. Поэтому фраза «я не хочу давать ей деньги» для меня вообще не аргумент. Ты даешь их не ей. Ты содержишь своего ребенка.Почему государство вообще должно заставлять
  • KUSPEKOV OLZHAS

    16 Sept, 06:17

    Бүгін Құрылтайда бірінші оқылымда екі заң жобасын ратификациялауға қатысты мәселелерді қарадық.Соның бірі - Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы Қазақстанның көрсетілетін қызметтер бойынша міндеттемелер тізбесіне өзгерістер енгізуге қатысты.Осыған байланысты ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Абайұлы Шаққалиевке жаңа ережелердің Қазақстанның ішкі нарығына әсері туралы сұрақ қойдым.Атап айтқанда, бұл өзгерістер отандық қызмет көрсетушілердің жұмысын шектеп, мемлекеттің нарықты реттеу өкілеттіктерін төмендетпей ме?Министрдің айтуынша, жаңа ережелер мемлекеттің ішкі нарықты реттеу құқығын шектемейді. Керісінше, IT, туризм секілді салалардағы қазақстандық компаниялардың шетелдік нарықтарға шығуына және қызметтер экспортын арттыруына мүмкіндік береді.
  • KUSPEKOV OLZHAS

    14 Sept, 12:44

    ​​Әскердегі тәртіп тек сапқа тұрумен өлшенбейді. Әскери қызметшінің күнделікті ішіп-жейтін асы да оның денсаулығы мен жауынгерлік дайындығына тікелей әсер етеді.Көкшетаудағы Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінде осы бағытта заманауи жүйе іске қосылыпты. Енді әскери қызметшінің табағындағы тағамды жасанды интеллект танып, оның мөлшерін, калориясын, ақуыз, май және көмірсу құрамын анықтай алады.Сонымен қатар әскери қызметші тамақтан кейін ас сапасына баға береді. Қай тағам жиі төмен бағаланса немесе көп мөлшерде желінбей қалса, бұл деректер кейінгі мәзірді қалыптастыру кезінде ескеріледі.Яғни ас мәзірі нақты дерек пен сарбаздың пікіріне сүйене отырып жетілдірілмек.«E-Qamqorlyq» жүйесі азық-түлікті сатып алу мен сақтаудан бастап, асханадағы санитарлық талаптар және қызметкерлердің медициналық рұқсаттарына дейінгі процестерді де цифрлық бақылауға мүмкіндік береді.Пилоттық жоба
  • KUSPEKOV OLZHAS

    14 Sept, 11:02

    Өз әскерімізді қамтамасыз ете алмасақ, ертең біреудің әскерін асырауымыз мүмкін.Әскер - елдің ертеңіне деген кепілі. Кезінде мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы батыл қадамдар жасалды. Енді әскери қызметшілердің де еңбегін нарық талабына сай бағалайтын уақыт келді.Әрине, мұндай өзгеріс үлкен батылдықты, нақты есепті талап етеді. Бірақ мәселе біздің әскеріміз туралы болып отыр. Біздің сарбаздарымыз. Біздің қорғанысымыз. Сондықтан өз әскеріміздің жағдайын жасауға міндеттіміз.
  • KUSPEKOV OLZHAS

    12 Sept, 06:52

    Бүгін арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында сенбілік өткізіп, балалармен бірге ағаш отырғыздық. Бірге тал егіп, суарып, орталықтың ауласын көркейтуге өз үлесімізді қостық.Бүгінгі еккен әр талымыз ертең саялы бәйтерекке айналсын.
  • KUSPEKOV OLZHAS

    11 Sept, 10:59

    «Ашық алаң» бағдарламасында еліміздегі кәсіптік білім мен азаматтардың табысы туралы сөз қозғадық.Бүгінде кәсіптік білім де, жоғары білім де адамның ертең жоғары жалақы алуына кепіл болып отырған жоқ. Бұл - ойланатын мәселе. Себебі білім алған азаматтың еңбегі лайықты бағаланбаса, оның орта табыс қақпанынан шығуы да қиындай түседі.Мұның салдары жастардың таңдауынан да көрінеді. Бұған жақсы мүмкіндік іздеп, шетелге жұмыс істеуге кетіп жатқан жастарымыз дәлел. Сондықтан кәсіптік білім беру саласына айрықша көңіл бөлуіміз қажет.Әрине, бұл бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Бағыт та, стратегия да дұрыс. Бірақ білім беру мен еңбек нарығындағы өзгеріс бір күнде нәтиже бермейді. Бұл - уақытты, жүйелі жұмысты және тұрақты бақылауды талап ететін ұзақ жол.Ал осы аптада Құрылтай жұмысы да өз қарқынымен жалғасуда. Алғашқы фракция отырыстары өтіп, комитеттердің жұмысы да қолға алынды.
  • KUSPEKOV OLZHAS

    10 Sept, 11:30

    ​​По неофициальным оценкам, в Казахстане работают порядка 25-30 тысяч риелторов, при этом до 70% рынка находится в тени.Ежегодные потери бюджета от теневой деятельности оцениваются примерно в 22 млрд тенге.В Казахстане пока нет обязательных квалификационных требований и единого обязательного механизма допуска к профессии.Национальный стандарт риелторских услуг существует, но сегодня его применение остается добровольным.Фейковые «базы квартир», скрытые комиссии, непонятные договоры, отсутствие четкой ответственности - со всем этим люди продолжают сталкиваться на рынке. При этом речь идет о сделках стоимостью в десятки миллионов тенге.На мой взгляд, принцип должен быть простым: сначала подтверждаешь квалификацию - потом получаешь право сопровождать сделки граждан.Для этого нужны требования к квалификации, обучение и аттестация, а также единый открытый реестр специалистов.Чтоб
  • KUSPEKOV OLZHAS

    10 Sept, 04:18

    ЕЛЕНА РЫБАКИНА - ӘЛЕМНІҢ БІРІНШІ РАКЕТКАСЫ! 🇰🇿🎾Тарихи сәт! Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалында Париж-2024 Олимпиадасының чемпионын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.Осылайша, қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілді. Мақтан тұтамыз! Қазақстандық теннис үшін тағы бір тарихи белес!
  • KUSPEKOV OLZHAS

    9 Sept, 06:51

    Еліміздегі әскери инфрақұрылым талапқа сай ма?Шыны керек, әскери қызметшілер үшін инфрақұрылым - маңызды мәселелердің бірі. Өйткені сарбаздың қызмет ету жағдайы, қауіпсіздігі мен дайындығы тікелей әскери нысандардың жағдайына байланысты.Бүгінде еліміздегі әскери қалашықтар, казармалар, оқу-жаттығу полигондары мен басқа да нысандар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Жаңа әскери нысандар да бой көтеруде. Мәселен, биыл Ақтөбе облысында жаңа әскери бөлімнің әкімшілік-штаб кешені, казармалар, асхана және мәдени-демалыс орталығы пайдалануға берілді.Дегенмен, барлық нысанның жағдайы бірдей деп айтуға әлі ерте. Кейбір әскери қалашықтар мен ғимараттар сонау Кеңес дәуірінен бері тұр. Бұл - бір күнде шешілетін мәселе емес, ауқымды әрі ұзақ мерзімді жұмыс.Әскер мықты болуы үшін оның материалдық базасы да мығым болуы керек. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру уақыт талабы