gram news
Нұғман Оразұлы channel avatar

Нұғман Оразұлы

@nugmanorazuly

— ислам, кітап, ойлар. 🩵 инста: 19nugman 🐳 дұға каналым: https://t.me/soulbirdua ✈️ сұрақтар: t.me/anonimnyye_voprosy_bot?start=lg6zhj

ProjectsUKReligion

3,620subscribers

Open the Channel

Latest posts

  • Нұғман Оразұлы

    15 Sept, 19:40

    Өмір — аманат ретінде берілген бір қазына. Сол қазынаны айналадағы әртүрлі ұрылардан қорғап, дұрыс жолда пайдаланған адам көп нәрсе ұтады.
    5924744Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    9 Sept, 08:12edited

    Жүрегің қаламаған, көңілің жылымаған адамдардан алыс жүру керек.
    1,910745311Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    30 Aug, 08:30

    Егер қазір достарың, туысқандарың хабарласпаса, іздемесе, демек сен кедейсің немесе ақшаң жоқ. Шұғыл түрде байып кетуің керек немесе ақшаң көп болуы керек, сол кезде міндетті түрде хабарласады.
    1,850561716221Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    24 Aug, 17:14edited

    Сыр сақтау деген не екенін білесіз бе?Бір адамның «басқаларға айтпа»,- деген аманаты еді ол. «Өзіне айтып қойма»,- деп тарататын әңгіме емес! Ол адам сізді өзгелердің арасынан таңдап, «сен тыңдайсың, сен түсінесің ғой мені»,- деген үмітпен айтты. Ал сіз болсаңыз оны таратып, өте төмен, дұрыс емес әрекет жасадыңыз. Сырды жариялайтын адам көп нәрседен айырылады. Құрметінен, қадірінен, сенімінен, адамгершілігінен.Бір нәрсені түсіндім, әркімге бір сырды айтуға болмайды екен! Егер ішімде сөздерім толып кетсе, ешқашан сырларды жария қылмайтын, үнемі жанымда болатын, және қай уақытта болмасын бет бұрсам, «иә, айта ғой»,- дейтін Раббыма айтуым керек екенін түсіндім. Сырды жария қылатын адамдарға айтарым: — Бүгін сіз біреудің сырын сақтаңыз, ертең Аллаһ сіздің сырыңызды сақтайды.
    3,46058531Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    18 Aug, 22:35

    Жаман дос — жаңбыр жауғанда таппай қалатын қолшатыр сияқты. Ал жақсы дос — түн қанша қараңғы болса да, жарығын төгетін жұлдыз секілді.
    2,07061531Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    10 Aug, 20:28

    Осыдан 23 жыл бұрын дәл осы күні бір кішкентай бала дүниеге келген. Қазір сол бала осы мәтінді жазып отыр.Әлхамдулилләһ, тағы бір жас. Аллаһтан өткенімді кешіріп, келерімді хайырлы әрі берекелі етуін тілеймін.Бисмилляһ, 23 🩵
    2,280101129433Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    24 Jul, 19:39edited

    Адамдар сенімен қанша жерден «до конца» барамын десе де, максимум бара алатын жері — қабірдің есігі.
    3,310392422321Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    15 Jul, 12:41

    Нәзік бір ескерту:Өзіңді махаббатқа мұқтаж етіп сезіндіретін қарым-қатынастардан алыста. «Жоғалттым» деп ойлаған адамыңның бәрі шын мәнінде «жоғалту» емес. Егер біреуді сүю саған зиян келтіріп жатқан болса, ол махаббат ішіңде қала берсін. Себебі, махаббат — әр жараға ем бола бермейді. Кейде, сені дәл сол махаббат жаралайды.
    4,37085116421Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    10 Jul, 22:41

    Баршаңызға Аллаһ разы болсын!Барлығы рақметін айтып жатыр. Жалпы 27 штук таратылды. Осындай іске ортақ болған әрбіріңізге Аллаһтың нұры жаусын.Осындай қуаныш, эмоцияларды көргенде қалайша жақсылық жасауға ұмтылмайсың?! Біреу үшін «түк емес» болған нәрсе біреу үшін «көп нәрсе» болуы мүмкін
    Image from a post by Нұғман ОразұлыImage from a post by Нұғман ОразұлыImage from a post by Нұғман ОразұлыImage from a post by Нұғман Оразұлы
    3,010video5474432Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    9 Jul, 15:21

    Маа шаа Аллаһ, 15 минутта алғашқы 10к жиналды. Аллаһ тағала қабыл етсін. Негізі шамамен 30 адамға есептесек, 90к теңгедей керек екен. Бірақ, шарт емес, жиналғанына қарай тарата береміз. Жиналған қаражатқа продукты алып, жасамаймыз, дайын тамақтар сатып алынады.
    1,9102131Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    9 Jul, 14:35

    Өте керемет бір дұға:Я, Раббым хайырлы істі кешіктіруден, хайырсыз іске асығудан сақтағайсың. Уақытымның қадірін білгендерден ет!
    2,1704043Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    8 Jul, 11:24

    Кейде сен ойлаған жақсы сөзді ешкім айтпайды. Сондықтан кей жақсы сөзді алдымен өзіңе өзің айту керек.
    2,1504585322Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    7 Jul, 14:22edited

    Маа шаа Аллаһ, 15 минутта алғашқы 10к жиналды. Аллаһ тағала қабыл етсін. Негізі шамамен 30 адамға есептесек, 90к теңгедей керек екен. Бірақ, шарт емес, жиналғанына қарай тарата береміз. Жиналған қаражатқа продукты алып, жасамаймыз, дайын тамақтар сатып алынады. Кафе, асхана емес, өзіміздің жасаған тамақтардан сатып алып таратамыз. Оның ішінде тамақ, тәтті, сусыны деген сияқты.сұрақтар болса, үстін басыңыз.
    2,1702121Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    7 Jul, 12:45

    Ассаламу алейкум, қалайсыздар?Жұма күнгі үрдісіміз бар еді ғой, тағы болады ма деп сұрап жатқан жандар үшін: Егер иә, жасайық десеңіздер, осы жұма жасайық Аллаһ қаласа. Иә десеңіздер бір белгі беріңіздер. Маған да оңай емес, жасаған сайын 200-300 адам шығып жатыр.Аллаһ қаласа, арнаны қолға аламыз)
    1,9702314511Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    4 Jul, 11:47edited

    Кез-келген нәрсе өзінше әдемі, өзінше сұлу. Сен оны көре алмасаң, ол жоқ деген сөз емес.Әрбір нәрседе бір жақсылық бар.
    2,57043311Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    3 Jul, 19:28edited

    Адамдарды жоғалтудан қорықпаңыз, оларды разы етемін деп жүріп өзіңізді жоғалтып алудан қорқыңыз.
    3,66065117632Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    18 Jun, 19:29

    Сөздер қаламмен жазылады, сезімдер жүрекпен жазылады. Екеуінің арасындағы айырмашылықты тек қана ғашық адам түсіне алады.
    3,99064116111Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    17 Jun, 14:08edited

    Көп адамның ойынша садақа беру үшін міндетті түрде бай болу керек. Бірақ, мүлде олай емес. Қолыңда бар ақшаның бір бөлігін Аллаһ үшін садақа ету, мейлі ол мың теңге бола ма, жүз мың теңге бола ма, бастысы шын көңілден беруің. Бүгін қолыңдағы мың теңгенің жүз теңгесін бере алмасаң, ертең жүз мың теңгенің мың теңгесін беруің екіталай.Тіпті, садақа беру үшін бай болу былай тұрсын, ақшаның да керегі жоқ. Жәй ғана бір жақсылық, бір көмек, бір адамды қуантудың өзі садақа. Бауырыңа күліп қарау, жолдағы кедергіні алып тастау, жақсы сөз айту, т.б. айта берсең көп. Құстарға, мысықтарға су құйып беру, жем беру, нанның қиқымын беру болсын… Қолыңнан келетін нәрсемен әрекет ете беру керек, бай болғанда беремін, қартайғанда намаз оқимын деп жүре бермей. Кім біледі, қартаймайтын шығарсың, бай болмайтын шығарсың, тіпті ертең бар болуыңның өзі екіталай. Сондықтан, бүгіннен баста, бәлкім сен үшін ертең
    3,3703783221Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    16 Jun, 23:29

    Негізі, сіз әлемдегі ең бай адамсыз. Оны қазір дәлелдеп бере аламын:— Сізге келіп, «екі көзіңді берші, саған әлемнің бүкіл байлығын береміз», — десе, бересіз бе? Әрине, жоқ. Демек сіз байсыз. Аллаһ Тағала қаншама нығметті беріп қойды, бірақ біз оларды байқамаймыз.
    2,6506466321Open in Telegram
  • Нұғман Оразұлы

    14 Jun, 20:17

    hayat kısa, yol uzun, ben yorgunum.
    2,3204964222Open in Telegram