Latest posts

PARANOIA.KZ
12 Sept, 07:38
Путин кеше айтееееп-айтеееееп тастады. ЕО-ны сынға алды. "Әй, олар өз халқын неге итермелеп отыр? Әлбетте, Ресеймен соғысуға итермелеп отыр! Сол бағытта жұмыс істеуде. Украина аумағына Еуропа әскерінің кіргізілуі Ресеймен соғысу деген сөз", - дейді.
PARANOIA.KZ
12 Sept, 07:36
Ақпарат көздері Иранның Сарауан қаласында (Систан және Белуджистан аймағы) кескілескен шайқас болып жатқанын жазуда. Иран әскері мен белгісіз қарулы жасақтар арасындағы атыс таңға жуық басталып, әлі жалғасуда дейді БАҚ көздері. Қалада тікұшақтар ұшып жүр. Оннан астам жарылыс болған. Сарапшылар Иранның тұрақты әскеріне белудж жасақтары шабуыл жасауы мүмкін деп топшылайды. Атыс қаладағы абақтының маңында басталған.
PARANOIA.KZ
12 Sept, 07:27
Йемен, Сана қаласы. Хуситтер соңғы нәтижелі шабуылды тойлап жатыр.
PARANOIA.KZ
12 Sept, 07:12
Күні кеше Сауд Арабиясында стратегиялық маңызға ие "Шығыс-Батыс" мұнай құбырына соққы жасалды. Шабуыл салдарынан бірнеше адам қаза тауып, жараланды. Ал құбыр өз жұмысын уақытша тоқтатты. Саудия билігі шабуылды хуситтер емес, Ирак аумағындағы шииттік топтар ұйымдастырды дейді.



PARANOIA.KZ
12 Sept, 07:08
ABC News: Сауд Арабиясы хуситтерге қарсы ауқымды операция өткізуге дайындалып жатыр. Операция барысында Йеменнің заңды үкіметін жан-жақты қолдау, қару беру және хуситтер бақылайтын аймақты жаппай бомбалау іске асуы мүмкін.
PARANOIA.KZ
12 Sept, 07:02
Украина тарапы ресейлік тікұшақ жаудырған оқтан сытылып шығып, Armada Leader танкеріне соққы жасаған дронның видеосын жариялады. Жалпы танкерге бірнеше дрон соғылып, оның басқару кабинасы түбегейлі өртеніп кеткені айтылуда.
PARANOIA.KZ
12 Sept, 06:58
Болгарияда EMCO зауытына тиесілі оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Болгария қоймалары Украинаға оқ-дәрі жеткізетін логистика міндетін де атқарып келеді...



PARANOIA.KZ
12 Sept, 06:54
Украина Ресейдің бірнеше аумағын соққы астына алды. Таганрогтағы әскери әуежайда алапат өрт шыққан. Тольяттиде «КуйбышевАзот» химиялық зауытында жарылыстар болды. Жалпы қаланың бірнеше тұсында жарылыстар болған. Белгород, Курск аймақтарына да соққылар жасалды. Оккупациядағы аймақтарға шабуыл жасау жалғасты.




PARANOIA.KZ
10 Sept, 10:18
БАҚ: Ресей, Новороссийск. «Буян-М» кемесіне соққы жасалып, істен шықты. Кеме «Калибр» және «Оникс» зымырандарымен Украина аумағын атқылап келген еді.


PARANOIA.KZ
10 Sept, 09:52
forwarded from @usbanov
XXI ғасырдың соңына қарай жер бетінің 40 пайыздан астам бөлігін құғақшылық басуы мүмкін!Ғалымдардың дәл осындай зерттеу нәтижелері "Environmental Research Letters" журналында жарияланыпты.Қазіргі уақытта шөл, шөлейт және құрғақ далалық аймақтар құрлықтың шамамен 38,6 пайызын алып жатыр. 2071–2100 жылдарға қарай бұл көрсеткіш 39,3–40,3 пайызға дейін өсуі мүмкін. Бұл — қосымша 2,37 млн шаршы шақырым аумақ деген сөз.Зерттеушілердің болжамынша, бұл үдерістің зардабын ең қатты шегетін — Австралия материгі болмақ. Құрғақ аймақтардың ұлғаюы ауыл шаруашылығы жерлерінің қысқаруына, өнімділіктің төмендеуіне және су тапшылығының артуына әкелуі ықтимал.Ауадағы CO₂ концентрациясының өсуі бұл үдерісті ішінара баяулатуы мүмкін, өйткені өсімдіктер суды тиімдірек пайдалана бастайды. Дегенмен, бұл эффектінің әсері шектеулі, ал ғаламдық жылыну шөлдену процесін әрі қарай үдейте береді.


PARANOIA.KZ
10 Sept, 09:06
БАҚ: Йемен. Хуситтер үкімет жасақтарына қарсы ауқымды шабуылға шығуда. Хуситтік күштер батыс, оңтүстік-батыс бағытта алға жылжуда. Ол үшін хуситтер бірнеше мың әскерді мобилизациялаған. Қазір стратегиялық маңызға ие порттарды алу үшін шабуылды үдетті.Үкімет жасақтары хуситтік күштерді бомбалауды арттыруда. Артиллериямен атқылап жатыр.



PARANOIA.KZ
10 Sept, 08:10
Трамп Республикалық партия алдағы сайлауда Сенатта да, Өкілдер палатасында да жеңіске жетсе, кәмелеттік жасқа толған АҚШ-тың әр азаматына 5 мың доллар төлейтінін айтуда. Оны "Трамптың дивиденді" деп атамақ.
PARANOIA.KZ
10 Sept, 08:08
МАГАТЭ-ның басқару кеңесі Иранның ядролық досьесін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне қарау үшін ұсынды. Араға 20 жыл салып, осы қатаң шара қабылдануда. Өйткені Иран өзінің байытылған уранға қатысты нысандарын тексеруден өткізуге қарсы болуда. Батыс елдері Иранның басқа бір құпия нысанда ядролық қару жасауға ұмтылуы мүмкін екенін айтуда. Енді БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізуі ықтимал.


PARANOIA.KZ
10 Sept, 08:04
Financial Times: Иран криптовалюталық нарықты жеңілдетуде. Қазір Иранның экономикасы өте үлкен қысымға ұшырауда. Осы сәтте Иран сыртқы сауданы әлсіретпеу үшін криптовалютаны бақылауды әлсіретті. Енді шекаралық саудада Tether мен Bitcoin қолданылуда. 2025 жылы Иран 10 млрд долларға жуық сауданы криптомен жасады.


PARANOIA.KZ
10 Sept, 08:01
South China Morning Post: Қытай Ресеймен бірлесе іске асыруға тиіс жобаның бірі «Сібір күші-2» газ құбыры. Ресей бұл құбырдың салынуына аса мүдделі. Алайда қазір Бейжің бұл жоба бойынша келіссөзді тоқтатып қойды. Келіссөздің тоқтауына газ бағасы себепкер болуда. Қытай газ бағасы Ресей тұрғындары төлейтіндей деңгейде, яғни өте арзан болуын талап етуде. Ал Ресей керісінше газдың бағасы Қытай тұрғындары төлейтіндей болуы тиіс дейді. Бұл кемі екі есеге қымбат деген сөз.
PARANOIA.KZ
10 Sept, 07:37
forwarded from @mezgilkz
‼АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің 8 қыркүйектегі телефон арқылы сөйлесуі Украинадағы соғысты тоқтатуға қатысты жаңа сигнал берді.⬇Толық: https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=2&id=8919mezgil.kzТрамп Путинге не ұсынды: Бейбітшілік пе, экономикалық «сый» ма?
PARANOIA.KZ
10 Sept, 06:14
“Мадияр” қыркүйектік алғашқы аптасында оккупациядағы Қырымға соққыны арттырып, газ және электр станцияларын соққыға алғанын мәлімдеді. Сонымен бірге логистикаға жасалған шабуыл да артқан.
PARANOIA.KZ
10 Sept, 05:09
Украина дрондары Махачқалаға соққы жасады. Порт маңында өрт шыққан. Қалада бірнеше ғимаратқа дрон түскен.

PARANOIA.KZ
9 Sept, 19:19
Сочи. Дәп қазір Украина дрондармен соққы жасауда.
PARANOIA.KZ
9 Sept, 19:10
Ресей билігі Мәскеу князі Дмитрий Донскойдың қабірін тамыз айында қазған еді. Оның Архангельск соборында жерленгені бұрыннан белгілі болса да, саркофаг XIX ғасырдан бері ашылмаған және еш зерттелмеген болатын. Енді саркофагты ашып, Донскойдың сүйегін зерттеуді
Related Channels
Other channels in the same section of the catalogue.
